К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет563/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Молекулалы қабат – үлкен ми сыңары қыртысының сыртқы қабаты.
Молекулалы қабатты төменгі қабаттардағы нейроциттердің өсінділерінен 
түзілген жүйке талшықтары жəне олардың аралықтарындағы ұзынша келген
ұсақ нейроциттер құрайды. 


Сыртқы дəншелі қабат орташа диаметрі 10 мкм пішіні жұлдызша,
пирамида төрізді келген нейроциттерден тұрады. Олардың дендритгері 
молекулалы қабатқа, ал аксондары жартынай ми жабынының ақ затына, ал
қалғандары молекулалы қабатқа өтіп сол жердеп талшықтар торабын түзуге 
қатысады.
Пирамидалы қабат пішіні пирамида төрізді нейроцитгерден тұрады.
Олардың мөлшері осы қабаттың сыртқы жағынан ортасына қарай 10 мкм -
нен 40 мкм -ге дейін өзгереді. Нейроциттердің үшкір төбесінен шыгатын
дендриттері молекулалы қабатқа өтіп, сонда аяқталады. Бүйірлік дендриттері 
көрші нейроциттер деңдриттерімен өзара байланысады. Пирамида тəрізді
нейроциттердің аксондары жүйке жасушалары табандарынан төмен қарай 
шығып, майда нейроциттердің өсінділері ми қыртысының өзінде синапстық
байланыстар жасайды. Ал ірі нейроциттердің аксондары миелинді жүйке 
талшықтарына айналып, ми жабынының ақзатындағы ассоциативті немесе
комиссуральды өткізгіш жолдарды түзуге қатысады. 


Сыртқы дəншелі қабат ми қыртысының көру аймағында жақсы
жетілген. Бұл қабатты майда пирамида тəрізді жəне жұлдызша нейроциттер 
кұрайды. Олардың өсінділері көбіне көлденеңінен орналасады.

478



205 - сурет. Үлкен ми сыңары жабынының цитоархитектоникасы (А) мен 


миелоархитектоникасы (Б) I - молекулалы қабат, II - сыртқы дəншелі қабат, III - 

пирамидалы қабат, IV — ішкі дəнешіл қабат, V - ганглионды қабат, VI — 

полиморфты қабат
1 - пирамида тəрізді нейроцит, 
2 - жұлдызша нейроциттер, 3 - полиморфты нейроциттер, 4 - тангенциальды бағытта
тұтаса орналаскан жуйке талшыктары 5 -афферентті бағытта өтетін жүйке талшықтар. 6 – 
эфферентті бағыттағы жүйке талшықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет