К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет580/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Интерорецепторлар тітіркеністерді организмнің ішкі мүшелерінеқ қан 
жəне лимфа тамырларынан, əр түрлі ұлпалардан қабылдап, көбіне орталық
жүйке жүйесінің қыртысасты орталықтарына жеткізеді. 


Проприорецепторлар сүйектердегі, бұлшық еттердегі, буындардғы
тітіркеністерді қабылдайды. 


Экстерорецепторлар 
сыртқы

ортадан
келетін

тітіркеністерді
қабылдайды. Бұл рецепторлардың құрылысы күрделі болып келгеңдіктен, 
оларды сезім мүшелері (organa sensum) деп атайды. Сезім мүшелері: бірінші 

сезімтал 
немесе

нейросенсорлы 
жəне

екіншісезімтал 
немесе

эпителиосенсорлы сезім мүшелері болып екі топқа бөлінеді.

Біріншісезімтал сезім мүшелерінде тітіркеністерді тікелей жүйке
жүйесінің 
құрылымдары
қабылдайды. 
Ал

екіншісезімтал 

сезім 

мүшелерінде тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер қабылдап,
жүйке толқыньшан сезімтал нейроциттерге өткізеді. Экстерорецепторларға 
көру, есту жəне иіс, дəм, тері сезімі мүшелері жатады.
КӨРУ МҮШЕСІ 


Көру мүшесі немесе көз (орган зрения) көру талдағышының шеткі
қабылдағыш бөлімі. Талдағыштың өткізгіш жолы қызметін көру жүйкесі 
атқарады. Орталықтары аралық жəне ортаңғы мида, ал қыртысты орталығы
үлкен ми қыртысының шүйде бөлігінде болады. Көру мүшесі көз шарасында 
(аңғалақ) орналасқан, біріншісезімтал (нейросенсорлы) сезім мүшесі. Көз көз
алмасынанқорғаныс жəне көмекші құрылымдардан тұрады. 


Көз алмасын (bulbus oculi) көз алмасының қабықтары мен оның
ішіндегі сəулесындырғыш мөлдір орта құрайды. Қызметіне байланысты көз 
алмасынын құрылымдарын үш бөлімге бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет