К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет174/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері: Жылқыда көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің
ұштары жуандау, ал каудальды жиектері доғалдау болып келеді. Краниальды 
буын өсінділері тек бірінші омыртқада ғана жақсы жетілген. Диафрагмальды
омыртқа — он бесінші. 


Сиыр, қой, ешкі көкірек омыртқаларының жоталық өсінділері жалпақ,
олардың каудальды жиектері өткір қырлы болып келеді. Диафрагмальды 

167
омыртқа — он үшінші. Омыртқа доғасында, оның каудальды жиегіне қарай 


жақын орналасқан бүйірлік омыртқа тесігі (foramen vertebrale laterale)


болады.

Шошқа көкірек омыртқалары денелерінде вентральды қыр болмайды.
Жоталық өсінділері жалпақ, олардың ең ұзыны бірінші омыртқада болады. 
Диафрагмальды омыртқа — он бірінші. Омыртқа доғасынан көлденең
өсінділер шығатын тұстан бүйірлік омыртқа тесігі көрінеді. 


Иттің көкірек омыртқалары денелерінде вентральды қыр болмайды.
Жоталық өсінділері жуандау, олардың алдыңғылары имектеу келеді. Соңғы 
омыртқаларда қосымша омыртқа өсінділері болады. Диафрагмальды омыртқа
— он бірінші. 


Қабырғалар (ребра) — costae — көкірек керегесі бүйір
қабырғаларының қаңқасын құрайды. Олар екі бөліктен: сүйек қабырға (os 
costalis)
жəне

қабырға шеміршегінен (cartilago costae) тұрады.
Қабырғалардың жоғарғы омыртқалық ұштарындағы қабырға бастары мен 
төмпекшелері
көкірек

омыртқалардың


денелерімен 
жəне
көлденең 

өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Ал, төменгі төссүйектік


ұштарындағы қабырға шеміршектері төссүйекпен жалғасады. Төссүйекпен 
тікелей жалғасқан алдыңғы 7-8 қабырғалар — төссүйектік (стернальды)
немесе нағыз қабырғалар, ал төссүйекпен тікелей байланыспайтын 
қабырғалар — астернальды немесе жалған қабырғалар — деп аталады.
Жалған қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен жапсарласа бірігіп, 


қабырға доғасын (arcus costalis) құрайды. Дөңес келген қабырға басы (caput
costae) көкірек омыртқа денесіндегі қабырға ойысымен байланысып, қабырға 
басының буынын түзеді. Қабырға басы қабырға мойны (collum costae)
арқылы қабырға төмпешігінен (tuberculum costae) бөлініп тұрады. Қабырға 
төмпешігі
көкірек

омыртқасы


көлденең 
өсіндісінің
буын

бетімен
байланысып, қабырға төмпешігінің буынын жасайды. Кдбырға денесінің 


сыртқы бетінде қабырға бұрышы (angulus costae) жақсы байқалады, Қабырға
денесінің кранио-дорсальды жиегінде бұлшық еттер бекитін еттік сай (sulcus 
muscularis), ал каудо-медиальды жиегінде қан тамырлары мен жүйкелер
өтетін тамырлы сай (sulcus vascularis) болады. Қабырғалардың саны көкірек 
омыртқалары санына сəйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет