199
Дистальды қатардағы тілерсек сүйектер: I тілерсек сүйек (I
заплюсневая кость) — os tarsi primum —
жылқыда II тілерсек сүйекпен
бірігіп кеткен. Қалған жануарларда жеке сақталған,
II тілерсек сүйек (II заплюсневая кость) — os tarsi secundum —
жылқыда I тілерсек сүйекпен,
күйіс қайтаратын жануарларда III тілерсек
сүйекпен бірігіп кеткен.
III тілерсек сүйек (III - заплюсневая кость) — os tarsi tertium —
күйіс
қайтаратын жануарларда II тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.
IV тілерсек сүйек (IV - заплюсневая кость) — os tarsi quartum —
барлық жануарларда V тілерсек сүйекпен, ал
күйіс қайтаратын
жануарларда бұған қоса орталық тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.
104 - сурет. Артқы аяқ басының сүйектері. В — сиыр, Г — жылқы.
1 — өкше сүйек, 2+3 — біріккен төртінші жəне бесінші тілерсек сүйектер, 4 —
тұсамыс сүйек, 5 — топай сүйек, 6 — тұяқ сүйек, 7 — асық, 8 — орталық тілерсек сүйек, 9
— бірінші тілерсек сүйек, 10 — екінші тілерсек сүйек, 11 — үшінші тілерсек сүйек, 12 —
екінші жіліншік сүйек, 13 — үшінші жіліншік сүйек, 14 — төртінші жіліншік сүйек, III
үшінші бақай, IV төртінші бақай.
V тілерсек сүйек (V - заплюсневая кость) — os tarsi quintum —
барлық
жануарларда IV тілерсек сүйекпен, ал
күйіс қайтаратын жануарларда
бұған қоса орталық тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: