нуклеопротеидтер — деп аталады.
Жануарлар организмдерінде белоктар көптеген қызметтер атқарады.
Олар:
1.
пластикалық қызмет, белоктар жасушалардың барлық
биологиялық жарғақтарын құрауға қатысады; 2. катализдік қызмет,
организмдегі биохимиялық реакцияларды іс жүзіне асыратын ферменттердің
барлығы — белоктар; 3. қорғаныс қызмеұлпа аткаратын иммунды денелер
— белоктар; 4. тыныс алу кызметі, гемоглобин жəне миоглобин күрделі
белоктары газ алмасуға қатысады; 5. қимыл-қозғалыс қызметі, жануарлар
организмдерімің
мүшелеріңдегі,
ұлпаларындағы,
жасушаларыңдағы
қозғалыстарды іс жүзіне асыратын құрылымдар белоктардан (актин, миозин,
тубулин) тұрады; 6. қуат (энергия) көзі, керекті жағдайда белоктар энергия
көзі реұлпаде (глюконеогенез) пайдаланылады.*
Липидтер — химиялық құрамы мен құрылысы жəне қасиеттері жағынан
əр түрлі болып келеұлпа күрделі органикалық қосылыстар. Олардың үлесіне
протоплазма массасының 2 - 3% -ы тиеді. Липидтерді көміртектен, оттектен
жəне сутегтен тұратын үш атомды спирт глицерин мен май қышқылдары
құрайды. Олардын орташа молекулалық массасы 1000 -ға тең. Липидтер
молекулаларының қасиеттері жағынан бір-біріне қарама-карсы екі полюсі
болады. Олардың су жəне белоктармен байланысқа түспейұлпа полюсін
гидрофобты (грек, hydor — су; phobos — коркыныш, корку) полюс, aл су
жəне белоктармен əрекеттесіп, байланысқа түсеұлпа полюсін гидрофилді (грек, hydor - су; philia - жаксы көру) полюс - дел атайды.
Липидтердің атқаратын қызметтері: 1. пластикалық қызмет, жасуша
құрылысындагы барлық биологиялық жарғақтардыц қүрамына кіреді; 2.
энергия қоры, тотығу реакциясы кезінде липидтен энергия көп мөлшерде
бөлінеді; 3. биологиялық белсенді заттар қүрамына кіреді, стероидты
гормондарды түзуге қатысады.
Көмірсулар да липидтер сияқты көміртектен, оттектен жəне сутегтен
тұратын күрделі органикалық қосылыстар. Олар протоплазма массасының 1-
1,5% -ын құрайды. Көмірсулардың орташа молекулалық массасы 200-ге тең.
Көмірсулардың мономерлеріне глюкоза жəне фруктоза моносахаридтері
(грек, monos — бір; sakchar — қант) жатады. Екі мономер қалдықтарынан
құралған көмірсуларды дисахаридтер (грек, dys, лат. dis — екі; sakchar —
қант) — деп атайды. Бұларға жануарлар мен өсімдіктер организмдерінде
болатын: сахароза, лактоза, мальтоза, трегалоза жатады. Ал көптеген моно-
49
сахаридтерден құралған көмірсуларды полисахаридтер (грек, polis — көп;
sakchar
—
қант)
—
деп
атайды.
Оларға:
гликоген,
крахмал,
мукополисахаридтер,
целлюлоза
(жасұнық,
клетчатка)
жатады.
Моносахаридтер мен дисахаридтер суда ериді, ал полисахаридтер суда
ерімейді.
Көмірсулардың қызметтері: І. пластикалық қызмет: а) көмірсулар
белоктар
жəне
липидтермен
бірге
қосылып,
жасуша
жарғақтары
құрылымдарының; ə) нуклеин қышқылдарының; б) дəнекер ұлпалары
жасушааралық заттарының құрамына кіреді; 2. белсенді биологиялық
заттарды құрауға қатысады, гепариннің құрамына кіреді; 3. энергия қоры,
тотығу реакциясы кезінде көмірсудан энергия бөлінеді.