Нуклеин қышқылдары тірі организмдер үшін өте маңызды күрделі
полимерлер. Жануарлар организмдерінде нуклеин қышқылдарының екі түрі
болады. Олар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) жəне рибонуклеин
қышқылы (РНҚ). Нуклеин қышқылдарының мономерлері — нуклеотидтер.
Əрбір нуклеотидтің негізін пентоза қанты (дезоксирибоза немесе рибоза)
қүрайды. Қанттың бір жағына пурин немесе пиримидин негіздері, ал оның
екінші жағына фосфор қышқылының қалдығы — фосфат жалғасып,
байланыстар түзеді. ДНҚ нуклеотидтерін дезоксирибоза қанты, пурин
негіздері (аденин жəне гуанин), пиримидин негіздері (цитозин жəне тимин)
жəне фосфат құрайды. Ал РНҚ нуклеотидтері рибоза қантынан, пурин
негіздерінен (аденин жəне гуанин), пиримидин негіздерінен (цитозин жəне
урацил қышқылы) жəне фосфаттан құралған. ДНҚ белоктармен байланысып,
жасуша ядросындағы хромосомаларды құрайды. Хромосомалар тұқым
қуалаушылық ақпараттарын сақтап, олардың ұрпақтан ұрпаққа берілуін
қамтамасыз етеді жəне жасушалардағы белоктардың биологиялық түзілуін
(синтезін) реттейді. Ал РНҚ бедоктардың синтезіне қатысады. ДНҚ тек
жасуша ядросында, ал РНҚ ядро ядрошығында жəне цитоплазмада болады.
Белоктардың түзілу процесін іс жүзіне асыруға РНҚ -ның үш түрі қатысады.
Олар: ақпараттық РНҚ (аРНҚ), тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) жəне
рибосомалық РНК, (рРНҚ). Бұлардың барлығы да ДНК, молекулаларының
беұлпаде түзіледі. Бірақ, олар əр түрлі қызметтер атқарады. аРНК, ядро
хромосомалары
құрамындағы ДНК,
-дан
жасуша
цитоплазмасында
түзілеұлпа белоктар молекулаларының құрамы туралы ақпараттарды
цитоплазмадағы рибосомаларға жеткізеді. тРНҚ белоктардың түзілу
процесіне
керекті
цитоплазмадағы
амин
қышқылдарын
арнайы
ферменттердің көмегімен өздеріне жабыстырып алып, рибосомаларға
тасымалдайды. рРНК,-ның қатысуымен синтезделуші белоктардың қүрамына
сəйкес
рибосомаларда
жеткізілген
амин
қышқылдарынан
белоктар
молекулалары түзіледі. Жасушада зат жəне энергия алмасуларына белсенді
қатысатын бос нуклеотидтер де болады. Оларға аденозинүшфосфорлы
қышқыл (АТФ) жəне аденозинекіфосфорлы қышқыл (АДФ) жатады.