К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Жұлын ганглийінің нейроциті цитоплазмасындағы Гольдж кешені



бет47/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

13 — сурет. Жұлын ганглийінің нейроциті цитоплазмасындағы Гольдж кешені 

(Алмазов пен Сутулов бойынша, 400 есе үлкейтілген, осмиймен боялған)
1 - ядро (ішіндегі ядрошық), 2 - цитоплазма, 3 - Гольдж кешендері. 


Лизосомалар немесе еріткіш органеллалар — қабырғасы жарғақпен
шектелген, 
қуысында
ас

қорыту
ферменттері 


-
гидролазалардың 

(протеиназалар, нуклеазалар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар,


сульфатазалар жəне т.б.) 50 шақты түрлері жинақталған, мөлшері 0,2-0,4 мкм 
ұсақ көпіршіктер. Лизосомалар ферменттері күрделі биополимерлер мен
істен шыққан жасуша құрылымдарын қышқыл ортада белсенді
ыдыратады. Лизосомаларды 1949 жылы де Дюв ашқан. Жануарлар
жасушасында лизосомалардың құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірінен 
анық ажыратылатын 3 түрі кездеседі. Олар: біріншілік лизосомалар,
екіншілік лизосомалар жəне телолизосомалар (қалдық денешіктер). 


Біріншілік лизосомалар — мөлшері 0,2 - 0,5 мкм, қуысындағы
ферменттік заттары біркелкі, белсенді қышқыл фосфатазаға бай, ұсақ 
жарғақты көпіршіктер. Бұлар гранулалы эндоплазмалық тордың шеткі
ұштарында түзіледі. 


Екіншілік лизосомалар біріншілік лизосомалардың жасушадағы басқа
заттармен қосылуы нəтижесінде түзіледі. Екіншілік лизосомалардың 2 түрі 
болады. Егер біріншілік лизосомалар фагоцитоз немесе пиноцитоз кезінде
жасушаға 
енген
бөгде

заттармен


қосылатын 
болса,
онда

олар


фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар, ал істен шыққан жасушаның
өз органеллаларымен байланысқан жағдайында аутофагосомалар — деп 
аталады. Екіншілік лизосомалар ферменттерінің көмегімен қосылған
заттардың күрделі биополимерлерін мономерлерге ыдыратып, жасуша 
гиалоплазмасына өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет