К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет46/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   607
Əндоплазмалық тор — қабырғасы биологиялық жарғақтармен
шектелген цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың жəне
түтікшелердің торлы жүйесі. Бұл органелланы К.Р.Портер 1945 жылы ашты. 
Жасуша цитоплазмасында эндоплазмалық тордың түйіршікті (гранулалы)
жəне түйіршіксіз (агранулалы) түрлері кёздеседі. Эндоплазмалық тор 
түзілген белоктар мен басқа заттарды
жасуша

бөліктеріне


немесе

жасушадан


организмнің 
басқа
құрылымдарына тасымалдайды. 

Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтары қабырғасының гиалоплазма


жағындағы беұлпаде рибосомалар орналасады. Олар организмнің басқа 
жасушалары құрылымдарына қажет, жасушадан сыртқа (экспортқа)
шығарылатын 
белоктарды,
биологиялық 
жарғақты
жасауға

керекті
интегральды белоктарды, əр түрлі 


12 — сурет. Ұйқы безі жасушасы гранулалы эндоплазмалықторының 

электрондыграммасы


ферменттерді 

жəне
белокты

секреттерді
түзуге

катысады.


Эндоплазмалық тор тугікшелері қуысынын ені — 20 нм. Ал күрделі белоктар 
(гликопротеидтер мен липопротедтер) эндоплазмалық тор қуысында түзіледі.
Агранулалы (тегіс) эндоплазмалық тор жарғақтарында рибосомалар 
болмайды, тор түтікшелерінің ені кеңдеу (50-100 нм) келеді. Ол жасушадағы
липидтер мен көмірсулардың (стероидтар мен гликоген түзіледі) алмасуына 
жəне ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр
жасушалары - гелатоциттерде) қатысады. Бұлшық, ет талшықтары мен ет 
жасушаларындағы (миоциттер, кардиомиоциттер) тегіс эндоплазмалық торда
жиырылу процесіне керекті кальций қорланады. 


Гольдж кешенін (ішкі торлы аппарат немесе пластинкалық кешен) 1898
жылы К.Гольдж жүйке жасушаларын ауыр металлдар тұздарымен (күміс, 
осмий) бояу арқылы, оның цитоплазмасынан торлы аппаратты көрген.
Кейіннен бұл кешен жануарлардың барлык жасушаларынан табылған. Ол 
жасуша
цитоплазмасында, 
ядро
немесе

центросома


маңында, 
эпителиоциттерде ядро мен жасушаның апикальды беті аралығында
орналасады. 
Электронды
микроскоппен 
қарағанда
Гольдж

кешені
биологиялық жарғақпен шектелген, бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан 


жалпақ қапшықтардан құралған. Цитоплазманың белгілі бір аймағында
орналасқан пластинкалық кешенді диктиосома — деп атайды. Жасуша 
цитоплазмасында осындай бірнеше аймақ болуы мүмкін. Əр бір
диктиосоманы бір - бірінен ені 25 нм гиалоплазмалық аралықтармен 
бөлінген, топтаса орналасқан 5-10 жалпақ қапшықтар құрайды. Олардың
шеткі жағында жарғақтармен шектелген ұсақ көпіршіктер орналасады. 
Кешендегі қапшықтардың пішіні иіліңкі, сырткы жағы дөңес, ішкі беті ойыс
келеді. Бөлінді (секрет) бөлеұлпа жасушаларда диктиоссоманың ядро 
жағындағы ұшын — проксимальды, ал плазмолеммаға қараған жағын
дистальды бөліктер — деп атайды. Гольдж кешенінде эндоплазмалық торда 

57
түзілген өнімдер жинақталып, өңделіп жетіледі. Түзілген белоктарда 


химиялық өзгерістер жүріп, олар күрделі көмірсулар жəне липидтермен


қосылып, мукопротеидтерге, гликопротеидтерге, липопротеидтерге айналып, 
дəншелер,
кепіршіктер 
реұлпаде
жасушадан 
сыртқа
шығарылады. 
Пластинкалық кешеннің шеткі ұштарында көпіршік тəрізді органеллалар —
лизосомалар түзіледі. Гольдж кешенінің биологиялық жарғақтары гранулалы 
эндоплазмалық тордың қатысуымен түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет