К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет516/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

МОЙЫННЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ 
1.Беткей 

мойын лимфа орталығы (поверхностный шейный
лимфоцентр) — 1с. cervicale superficiale — иық буынының алдыңы жағында 
орналасады. Сыртынан иық-бас бұлшық етімен жабылған. Лимфа орталығы
лимфаны мойынның артқы бөлігінен, көкірек керегесінің алдыңғы жағынан 

437
жəне алдыңғы аяқтан жартылай жинайды. Лимфаны мойынның оң жағында 


кеңірдек өзегіне, ал сол жағында көкірек өзегіне құяды.


Ерекшеліктері. Жылқыда бұл орталықтағы майда лимфа түйіндерінің
(0,2-4,0 см) саны 60 -тан 130 -ға дейін жетеді. Лимфаны мойыннан, алдыңғы 
аяқтан, иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды да, оны мойынның
каудальды лимфа түйіндері мен оң лимфа бағанына өткізеді. Сиырда негізгі 
лимфа түйінінің ұзындығы 7-10 см. Бұл орталықка жауырынның алдыңғы
жағында трапеция тəрізді бұлшық еттің астында жатқан 5-10 дорсальды 
лимфа түйіндері де кіреді. Шошқада лимфа орталығы дорсальды жəне
вентральды лимфа түйіндерінен тұрады. Олар мойындырық сайында, иық 
буынынан шықшыт сілекей безіне дейін созылып жатады. Лимфаны
қосымша бас лимфа түйіндерінен қабылдайды. Лимфа вентральды лимфа 
түйіндерінен дорсальды лимфа түйіндері тобына, одан əрі алдыңғы қуыс
венаға тікелей құяды. Итте бұл орталыктағы лимфа түйіндерінің саны — 1-4, 
мөлшері 7,5 см -дей.
2.Терең мойын лимфа орталығы (глубокий шейный лимфоцентр) —
lc. cervicale profundum — үш лимфа түйіңдері топтарынан тұрады. Олар: 


1)краниальды лимфа түйіндерінің тобы көмекей мен жұтқыншақтың
артқы жағында, кеңірдекте орналасады; 


2)ортаңғы лимфа түйіндерінің тобы кеңірдекте орналасады;

3)каудальды лимфа түйіндерінің тобы бірінші қабырғаның алдыңғы
жағында жатады. 
Терең мойын лимфа орталығы лимфаны жұтқыншақтан, көмекейден,
кеңірдектен, өңештен, мойьшның вентральды бұлшық еттерінен, жартылай 
көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі мен иық белдеуі бұлшық еттерінен
жинап, оны лимфа көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына немесе кеңірдек 
бағанына өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет