К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ҚҮРСАҚ ЖƏНЕ ЖАМБАС ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ



бет524/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ҚҮРСАҚ ЖƏНЕ ЖАМБАС ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ 


ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ 

1. Белдің қолқалық лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) — lc.
lumbalis aorticum — қолқа мен артқы куыс венаның жоғарғы жағында 
орналасады. Кейде омыртқааралық тесіктер маңында жатады. Лимфа
түйіндері лимфаны бел аумағынан, несеп-жыныс мүшелерінен, қолқадан 
жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл орталықтағы лимфа түйіңдерінің саны
— 30-160, олардың мөлшері 0,3-3, 5 см. Сиырда 12-25 лимфа түйіндері 
болады, олардың мөлшері 0,5-2,0 см. Шошқада бұл орталықта 8 -ден 20 -ға
дейін лимфа түйіндері болады. Итте бұл орталықтың түйіндері тұрақты 
болмайды.

2.Мықын-қүйымшақ лимфа орталығы (подвздошно-крестцовый
лимфоцентр) — lc. ilio-sacrale — мықын жəне орталық құйымшақ 
артерияларының ажырайтын жерінде орналасады.

а)медиальды мықын лимфа түйіндері (In. iliaci mediates) сыртқы
мықын артериясының басталар тұсында, айналмалы терең мықын 
артериясынын алдыңғы жағында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны бел
аумағынан, құрсақ қабырғасынан, артқы аяқтан, несеп-жыныс мүшелерінен 
жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерінің саны —- 3-25, олардың
мөлшері 0,2-5,5 см. Сиырда лимфа түйінінің ұзындығы 0,5-5 см -ге тең
олардың саны — 1-2, ұсақ малдарда да 1-2 лимфа түйіні болады. Шошқада
лимфа түйінінің саны — 23. Итте медиальды мықын лимфа түйінінің 
мөлшері 6 см -дей болады.


443
ə)латеральды мықын лимфа түйіндері (In. iliaci laterales) айналмалы


терең мықын артериясының каудальды жəне краниальды тармақтарға
ажыраған жерінде, сербекке жақын орналасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет