Ерекшеліктері. Жылқыда бірінші қабырғаның лимфа түйіндері терең
мойын каудальды лимфа түйіндерімен бірігіп жатады. Сиырда ұзындығы
1,0-2,5 см, ұсақ малда 0,8-1,0 см болып келген 2-3 лимфа түйінінен
құралады.
Шошқада бұл түйін бірінші қабырғаның төссүйекпен
байланысқан жерінде жатады. Итте болмайды;
3)қосымша қолтық лимфа түйіндері тек итте ғана кездесуі мүмкін.
Бұлар шынтақ төмпегінде, арқаның тым жалпақ жəне терең кеуде бұлшық
еттерінің аралығында 3-4 -інші қабырғалар тұсында орналасады. Лимфаны
қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;
4) кеуде лимфа түйіндері кеуде бұлшық еттерінің маңында орналасады.
Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;
5) жауырынасты лимфа түйіндері жауырынның астында орналасады.
Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;
6) шынтақ лимфа түйіндері шынтақ буыны маңында, иықтың екібасты
бұлшық еті мен үшбасты бұлшық еттің медиальды басы аралығында
орналасады. Тек жылқыда ғана кездеседі. Лимфаны алдыңғы аяқтан жинап,
қолтық түйіндеріне өткізеді.
АРТҚЫ АЯҚТЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
І.Тобықасты лимфа орталығы (подколенный лимфоцентр) — lc.
popliteum — балтыр бұлшық етінің латеральды басы мен санның екібасты
бұлшық етінің аралығанда орналасады. Лимфаны сирақ пен бақай
аумақтарынан жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,3-2,5 см болатын 3-12 майда
лимфа түйіндері қатар жатып, ұзындығы 3 - 5 см -дей тізбек құрайды.
Сиырда бұл түйін 3,0-4,5 см, ұсақ малдарда 2,0-2,5 см болады. Шошқада
бұл түйін беткей жəне терең лимфа түйіндері болып екі топқа бөлініп
жатады. Беткей лимфа түйіндерінің тобы мөлшері 0,5-2,0 см, тері астында,
анық (сафена) артериясының бойында, санның екібасты жəне жартылай
сіңірлі бұлшық еттердің аралығында орналасады. Терең топтың лимфа
439
түйіндері сирек кездеседі. Бұлар молшері 0,5-1,0 см -дей 1-2 лимфа
түйіндерінен тұрады. Олар негізінен балтыр бұлшық еті маңында жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |