ҚАН ЖАСАУ ЖƏНЕ ИММУНДЫҚ ҚОРҒАНЫС МҮШЕЛЕРІ
Қан жасау жəне иммундық қорғаныс мүшелерінде (кроветворные и
иммунозащитные органы) қан жасушаларының тұзілу процесі жүреді.
Сонымен
қатар,
бұлардағы
макрофагтар
мен
иммундыхабардар
(иммунокомпонентті) жасушалар организмге түскен бөгде заттар мен
бөлшектерді,
микроорганизмдерді,
тіршілігі
тоқтатан
жасушалар
қалдықтарын жою арқылы қорғаныс қызметін де атқарады. Аталған
мүшелерде қан мен лимфаның қоры уақытша сақталады.
Қан жасау жəне иммундық қорғаныс мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі
майы, айырша без (тимус), көкбауыр (талақ), лимфа жəне гемолимфа
түйіңдері,
лимфо-эпителиальды
құрылымдар
(бадамшалар,
ішек
лимфатүйіншелері), кұстардағы фабриций қапшығы, тері, өкпе жатады.
Қызметіне байланысты қан жасау мүшелерін орталық жəне шеткі мүшелерге
бөледі. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы мен
тимус, қустардағы фабриций қапшығы, ал шеткі мүшелерге көкбауыр, лимфа
түйіндері, лимфо-эпителиальды қурылымдар жəне құстардағы тері мен өкпе
жатады.
Эмбриондық
даму
кезеңінде
сарыуыз
қапшығы
қабырғасында
мезенхимадан жетілген көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар
орталық қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанып, бөліну арқылы көбейіп,
жетіліп, маманданып, жануарлар организміндегі қантүзілу процесін іс жүзіне
асырады. Сүйектің қызыл кемігі майында діңгекті жасушалардан алдымен
қан жасушаларының ізашар бастама жасушалары дамиды да, олардан
эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары жетіледі. Ал ретикулалы
ұлпа мен макрофагтар жасаған қолайлы микроортада Т жəне В
лимфоцитгердің ізашар жасушаларынан иммундыхабардар Т жəне В
лимфоцитгер түзіліп, қан арқылы Т лимфоциттер тимуска барып, антигенге
тəуедді жасушаларға айналады. Одан соң, Т жəне В лимфоциттер шеткі қан
жасау мүшелеріне өтіп, оларда көбейіп маманданады да, организмдегі
иммундық қорғанысты қамтамасыз ететін эффекторлы (əсерлі) жасушаларға
айналады.
449
Қан жасау мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқарып,
организмдегі қанның морфологиялық құрамы мен иммундық тұрақтылығын
(гомеостаз) қамтамасыз етеді. Қан жасау мүшелері құрылысы жағынан
паренхималы мүшелерге жатады, яғни олар паренхимадан жəне стромадан
тұрады. Сүйектің қызыл кемігі майының,телиальды құрылымдардың
стромасын ретикулалы (торлы), ал тимус пен фабриций қапшығының негізін
торлы-эпителиальды
ұлпа
құрайды.
Аталған
строма
ұлпаларының
жасушалары (рети-кулоциттер, өсінділі тармақты эпителиоциттер) мен
макрофаггар, қан жасау мүшелеріндегі қантүзілу процесінің жүруіне тым
қажет қолайлы микроортаны жасайды. Ал, қан жасау мүшелерінің
паренхимасын миелоидты (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары,
моноциттер жəне лимфоциттердің ізашар бастамалары түзіледі) жəне
лимфоидты (Т - жəне В - лимфоциттер, плазмоциттер түзіледі) ұлпалар
құрайды.
Қан
жасау
мүшелеріндегі
қойнауша
капиллярлар
мен
посткапиллярлық венулалардың ерекше құрылысы, осы мүшелер арқылы
ағып өтетін қан мен лимфаның ағысын баяулатып, дамып жетілген қан
жасушаларының қан жасау мүшелерінің паренхимасынан тамырлар арнасына
өтуіне қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар эмбриогенезінде қантүзілу процесі үш кезеңнен өтеді. Олар:
1) мезобластикалық кезенде қанның алғашқы ізашар діңгекті жасушалары
сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қалыптасады, 2) гепато -
Достарыңызбен бөлісу: |