Ерекшеліктері. Жылкыда бұл түйіңдердің саны — 14-20, мөлшері 0,2-
2,5 см. Итте бұлар он екі елі ішек маныңда орналасады. Бірақ, сирек
кездеседі. Қалған жануарларда болмайды.
г)қарын лимфа түйіндері (In. gastrici) өнештің қарынға ашылатын
жерінен (кардиальды бөлігінен) карынның кіші иінін бойлай орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда 15-35 түйін болады. Күйіс қайтаратын
жануарларда карын лимфа түйіндері оң жəне сол мес қарын, дорсальды
жəне вентральды ұлтабар, сондай-ақ, қарынның барлык бөлімдерінде
кездеседі. Шошқада бұл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте олар кейде болады, көбіне болмайды.
д)ұйқы безі жəне он екі елі ішек лимфа түніндері (In. pancreaticо-
duodenales) он екі елі ішектің басталар ұшында орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,2-2,0 см 5-15 түйін болады. Күйіс
қайтаратын жануарларда бұл түйіндердің сандары тұрақты емес.
Шошкада 8-9, ал итте тек 1 ғана түйін кездеседі.
Краниальды шажырқай лимфа орталығы (краниальдый брыжеечный
лимфоцентр) — la mesenlerioim cranialis — ащы жəне жуан ішектердің
шажырқайларында орналаскан лимфа түйіңдерін бір топка біріктіреді
а)краннальды шажырқай лимфа түйіндері (In. mesenterici craniales)
— құрсақ қолқасынан краниальды шажыркай артериясының ажырайтын
тусында орналасады. Бұлар лимфаны бел цистернасына өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылкыда 70-80 лимфа түіндері болады. Олардын
мөлшері 0,3-4,0 см.
ə)аш ішек лимфа түйіндері (In. jejunales) аш ішек шажырқайында
орналасады.
Ерекшеліктері. Жылкыда түйіндердің саны — 35-90, олардын
мөлшері 0,3-6,0 см болып, шажырқай түбіріне жақын жатады. Күйіс