ə)тік ішек лимфа түйіндері (In. rectales) тік ішектің жоғарғы бетінде
жатады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл лимфа түйіндерінің мөлшері 2,0-10,0
мм, саны 10-30 шакты. Сиырда түйіннің мөлшері 0,5-3,0 см, ұсақ малдар
мен шошқада тым майда болып келеді.
б)артқы тесік — анустың лимфа түйіндері (In. anales) тері астында,
анустан жоғары орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндердің мөлшері 3,0-12,0 мм,
саны — 3-16; сиырда бұлардың мөлшері 0,3-5,0 см -ге дейін жетеді. Ұсақ
малдар мен шошқада бұл түйіндер майда болып келеді, олар анустың екі
қапталында жатады.
НЕГІЗГІ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ
Лимфаны бүкіл жануарлар организмдерінен жинап, венаға кұйылуын
қамтамасыз ететін негізгі лимфа тамырларына: бел цистернасы, көкірек өзегі,
оң лимфа бағаны, бел, ішек жəне кеңірдек өзектері жатады.
Көкірек өзегі (грудной проток) — ductus thoracicus — құрсақ
қуысындағы бел цистернасынан басталатын ең ірі лимфа тамыры. Бұл өзек
лимфаны бастың, мойынның, көкірек қабырғасының оң жақ жартысы жəне
оң аяқтан басқа, жануарлар денесінің 3/4 бөлігінен жинайды.
Көкірек өзегі көкірек қолқасының оң жағында жатады. Қолқа доғасының
алдында ол өңеш пен кеңірдектің сол жақ бетіне өтіп, S əрпі тəрізді иілім
жасайды да, бірінші қабырғаның алдыңғы жиегі тұсында кеңейіп барып,
алдыңғы қуыс венаға немесе күретамыр венасының соңғы ұшына жалғасады.
Бел цистернасы (поясничная цистерна) — cisterna chyli — диафрагма
аяқшаларының аралығында, қолқаның жоғарғы жағы мен оң қапталында,
алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Оның пішіні ұзынша
келген сопақ қапшық тəрізді. Бел цистернасына бел, каудальды шажырқай
жəне медиальды мықын лимфа түйіндерінен лимфаны жинайтын: бел лимфа
бағандары мен ішек бағаны кұяды. Ішек бағаны лимфаны қарын мен ішектің
лимфа түйіндерінен қабылдайды.
447
Достарыңызбен бөлісу: |