К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет72/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Гаструляция — бластула жасушаларының одан əрі көбеюімен, өсуімен,
жетіліл бағытты орын ауыстыруымен жəне сапалы айырмашылықтар мен 
өзгерістердің
жүруімен 
сипатталатын
күрделі

биохимиялық


жəне

морфогенетикалық процесс. Эмбриогенездің гаструляция кезеңі алғашқы


кездеріңде бластуланың бір қабат жасушаларынан туратын бластодермадан 
екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық— гаструла дамиды. Оның
сырқы ұрықжапырақшасы — эктодерма (грек, ektos — сыртқы; derma — 
қабық, тері), ішкі ұрық жапырақшасы — энтодерма (грек, endon — ішкі...
қабық). Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың 
аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда жəне

мезодерма (грек, mesos — аралық, ортаңғы ... қабық) дамып жетіледі.


78
Гаструланың дамып жетілуі бластуланың құрылысына байланысты. 


Сондықтан, əр түрлі жануарларда гаструляция процесі турліше жүреді.


Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады: 


1. Инвагинация — қынаптану. Қандауыршаның (ланцетник) шар
төрізді іші куыс бластуласының бір қабат бластомерлерден құралған 
бластодерма түбінің қабырғасы, ішіндегі қуысы бластоцельге қарай,
бластодерма төбесіне қарама-қарсы бағытта майыса еніп, пішіні қынапқа 
ұқсас қапшық тəрізді екі қабат гаструлаға айналады. Оның сыртқы қабатын
эктодерма, ішкі қабатын энтодерма, энтодерманың ішінде пайда болған 
қуысын біріншілік ішек қуысы немесе гастроцель (грек, gaster - қарын ...
куысты) — деп атайды. Ал гастроцельдің сыртқы ортамен қатысатын тесігін 


біріншілік ауыз немесе бластопор (грек, бластос жəне poros — тесік) —
дейді.

2. Эпиболия — қаптап өсу. Бластуланың төбесін кұрайтын ұсақ
бластомерлер жедел бөлініп, түбіндегі ірі бластомерлерді сыртынан қоршай 
өсіп қаптап, ұрық екі қабат гаструлаға айналады. Эпиболия таза күйінде
сирек қылтанды құрттарға тəн.


3. Иммиграция — ішке көшу. Бластодерма түбінің бластомерлері
көбейіп, бластоцельге, яғни бластула куысының ішіне қарай өсіп, сыртқы 
эктодерманың астындағы ішкі ұрық жапырақшасы — энтодерманы тузеді.
Иммиграция таза күйінде ішекқуысты жəндіктерге тəн. 


4. Деламинация — жасушалар қабаттарына жарылу. Бауырымен
жорғалаушылар, құс дискобластуласының ұрық табақшасы жəне сүтқоректі 
жануарлар ұрық түйінінің (эмбриобласттың) бластомерлері, тангенциальды
(бластуланың сыртқы беұлпае параллельді жүреді) бөліну арқылы 
көпқабатты ұрыққа айналады да, өз кезегінде екі кабат тақташаға
(пластинкаға) жарылып, сыртқы эктодерманы жəне ішкі энтодерманы түзеді. 
Ұрықжапырақшаларының арасында гастроцель пайда болады. Жануарлар
əлемінде жоғарыда баяндалған гаструляция процесінің түрлері таза күйінде 
сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет