75
атайды. Зигота түзілген бойда, бір жасушалы ұрықта зат алмасу процесі
күшейеді. Сперматозоид мойнымен жұмыртқа жасушасы цитоплазмасына
бірге енген центросоманың белсенді қатысуымен зигота митоз арқылы бөліне
бастайды да, эмбриогенездің бөлшектену кезеңіне өтеді. Овоциттерде
центросома болмайды.
Сүтқоректі жануарларда ұрықтың болашақ
жынысын сперматозоид
ядросындағы жыныс хромосомасы анықтайды. Овоциттердің ядроларында
тек X жыныс хромосомасы, ал ұрықтануға қатысатын сперматозоидтар
ядроларының 50% -ында Ү, ал қалған 50% -ында X хромосомалар болады.
Егер ұрықтану процесі кезінде овоцит пен ядросында Ү хромосомасы бар
сперматозоид қосылатын болса, онда зигота ядросында ХҮ
жыныс
хромосомаларының жиынтығы болады да, еркек жынысты ұрық, ал
ұрықтануға ядросында X жыныс хромосомасы бар сперматозоид қатысса,
онда зигота ядросында XX жыныс хромосомаларының жиынтығы болып,
ұрғашы жынысты ұрық организмі дамиды. Сүтқоректі жануарларда
ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына тек бір ғана сперматозоид енеді де,
ұрықтану қабығы жедел түзіліп, басқа сперматозоидтардын енуіне мүмкіндік
бермейді. Бұл процесті
моноспермия — деп атайды.
Құйрықты қосмекенділерде,
бауырымен жорғалаушыларда, құстарда
ұрықтану кезінде ұрықтану қабығы баяу түзіліп, жұмыртқа жасушасына
жүздеген сперматозоидтар енеді. Бұл процесті
полиспермия — дейді.
Бұлардың ішінен ұрықтануға тек бір сперматозоид ғана қатысады.
Қалғандары ыдырап, қоректі заттың қызмеұлпа атқарады. Құстарда,
керісінше, жұмыртқа жасушалары ядроларыңда не Z жыныс хромосомасы, не
W жыныс хромосомасы, ал барлық сперматозоидтар
ядроларында тек Z
жыныс хромосомалары болады. Демек, бұл жануарларда ұрықтың жынысын
жұмыртқа жасушаларындағы жыныс хромосомалары аныктайды.
Ұрықтану нəтижесінде аналық жəне аталық геномдар қосылып, белгілі
бір қоршаған ортада дамуға бейімделген жаңа организм пайда болады. Ұрық
организмі ата-енесінің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие болғанымен,
онда аталық жəне аналық хромосомалардың өзара əрекеттесуінен ата-енесіне
ұқсамайтын жаңа қасиеттер пайда болып, жануарлар ұрлақтарында көптүрлі
жаңа генофовдар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: