80
Екіншілік эктодермадан тері эпидермисі, майтабан, мүйізді тері
туындылары: тері түктері (қыл, қылшық, жүн, түбіт, қауырсын, мамық),
мүйіз тұяқ, тырнақ, мүйіз, тері бездерінің паренхимасы (май, тер, сүт
бездері), ішек түтігінің алдыңғы жəне соңғы бөліктерінің
эпителий ұлпасы
мен олардың қабырғалық бездері, тыныс алу жүйесінің кіреберіс бөлігінің
эпителий қабаты дамиды.
Энтодермадан ас қорыту мүшелерінің эпителий
қабаттары мен қабырғалық жəне қабырғадан тыс ас қорыту бездерінің
паренхимасы, тыныс алу жүйесі мүшелерінің
эпителий қабаттары мен
қабырғалық бездері жетіледі.
Мезодерма дерматомынан терінің нағыз тері
(дерма) қабаты,
мезодерма склеротомынан омыртқа бағанасының сүйектері
мен шеміршектері,
мезодерма миотомынан қаңканың бұлшық ет ұлпасы,
мезодерма нефрогонадотомынан несеп-жыныс мүшелерінің эпителий
қабаттары мен олардың қабырғалық бездері,
мезодерма спланхнотомынан
сірлі қабықтар (өкпеқап, жүрекқап жəне
енқаптағы сірлі қабықтар, ішперде)
жəне олардың туындылары (париетальды жəне висцеральды жапырақтар,
шарбылар, байламдар, шажырқайлар, үңгілер), жүректің миокард жəне
эпикард
қабықтары,
бүйрекүсті
безінің
қыртысты
заты
дамиды.
Мезенхимадан бірыңғай салалы ет ұлпасы, қан, лимфа, ретикулалы, май,
борпылдақ жəне тығыз дəнекер
ұлпалары, шеміршек жəне сүйек ұлпалары
дамып жетіледі.
Органогенез сатысында ұрықжапырақшаларынан дамыған ұлпалар
қызметтік жағынан бір-бірімен өзара тығыз əрекеттесе байланысып,
мүшелерді (ағзаларды, органдарды) құрайды. Құрылысына сəйкес жануарлар
организміндегі мүшелер əр түрлі: түтікше, паренхималы қомақты,
қабатты
мүшелер болып ажыратылады. Организмде белгілі-бір қызметті атқаратын
мүшелер бірігіп, мүшелер жүйелерін құрайды. Эмбриогенездің бұл сатысын
системогенездеп атайды.
Системогенез сатысында іштөлі мен ішбалапан организмдерінде
құрылысы құрделі, бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаратын мүшелер
жүйелері (сүйектер, бұлшық еттер,
тері жабыны, ас қорыту, тыныс алу, зəр
бөлу, аталық жəне аналық көбею, жүрек-тамырлар, эндокринді бездер,
жүйке, сезім мүшелер жүйелері)
қалыптасып, сыртқы пішіні мен ішкі дене
құрылысы ересек дарақтарға ұқсас ұрық дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: