. . . . . . :: ::
:: :: :: :: ::
. . . . . Жаппай бақылау мәліметтерін өңдеу барысында жұмыс уақытының әрбір
шығын түрі бойынша белгіленген сәттер саны есептеліп, олардың жалпы сәттер
санында меншікті үлесі орнатылады. Жұмыс уақытының нақты балансы аусым
уақытының әрбір шығын түрі бойынша сәттердің меншікті үлесіне
пропорционал тарату арқылы құрылады (8.7-кесте)
214
8.7-кесте
Жаппай (сәттік) бақылау мәліметтері бойынша жұмыс уақытының нақты
балансын құру
Уақыт шығындары
белгіленуі
Сәттер
саны
Жалпы уақыт
үлесі,%
Уақыт, мин
Дайындық-аяқтау жұмысы
ПЗ
12
6
29
Жедел жұмыс
ОП
150
75
360
Ұйымдастырушылық қызмет
көрсету
ОРГ
6
3
14
Техникалық қызмет көрсету
ТЕХ
14
7
34
БАРЛЫҒЫ
Т
см
200
100
480
Содан соң мәліметтерді өңдеу және тталдау қалыпты әдіспен жүзеге асады.
Жұыс уақытын өзін-өзі суретке түсіру – жұмысшының өзімен жұмыс
уақыты шығындарын, оларды тудыратын себептерін тіркеу. Оны жүргізу үшін
жұмыс уақыты шығындары көп учаскені таңдау және жұмысшылардың көп
санын қамту керек. Өзін-өзі суретке түсіруге жауапты тұлғаларды бөліп алып,
алдын-ала сәйкес бланкті толтыру туралы нұсқау жүргізу керек (8.8-кесте).
Өзін-өзі бақылаушыларда қалам, сағат, жұмыс уақытының тіркелетін
шығындарының шамамен тізімі болуын қадағалау керек.
Өзін-өзі суретке түсіру бланкісінің оң жағы индивидуалды суретке түсіру
бланкісі сияқты толтырылады. Бақылау парағы соңында жұмысшының
айқындалған шығындарды жою туралы ұсыныстарына орын қалдыру керек.
Жұмысшылар өзін-өзі суретке түсіру барысында тікелей шығындарды ғана
емес, кездейсоқ, өндірістік емес жұмытарды орындауға кеткен шығындарын
көрсету керек.
8.8-кесте
Жұмыс уақытын өзін-өзі суретке түсіру парағы
Жұмыс уақыты
шығындарының
аталуы
Үзілістер уақыты
Үзіліс себебі
басталуы
аяқталуы
ұзақтығы
Жұмыс уақыты шығындарын жою бойынша ұсыныстар
күні_____________ қолы________________
Цех әкімшілігінің қорытындысы
күні_____________ қолы________________
Өзін-өзі бақылау материалдары жұмыс уақыты шығындарын жіктеуге
сәйкес жүйеленеді. Осы өзін-өзі түсіру суреттері мәліметтерінің жинақтық
картасы құрылады, әрбір шығын түрі бойынша барлық бақылау уақытында
шамасы мен меншікті салмағы анықталады. Жинақ картасын және
жұмысшылар ұсыныстарын талдау нәтижесі бойынша жұмыс уақытының
шығындары мен рационалды емес шығындары жою жөнінде ұйымдастыру-
техникалық шаралар құрылады.
215
Өзін-өзі суретке түсіру кезінде жұмысшы кінәсінен жұмыс уақыты
шығындары көрсетілмейді, сондықтан толықақпарат алу үшін өзін-өзі суретке
түсіруді жаппай суретке түсіруді жүргізумен үйлестіру керек.