К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Жұмыс уақытын топтық (бригадалық) суретке түсірудің б



Pdf көрінісі
бет110/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   117
Жұмыс уақытын топтық (бригадалық) суретке түсірудің бірқатар 
ерекшеліктері бар. Фотокартаның беткі жағына барлық зерттелетін 
жұмысшылар мен олармен орындалатын жұмыстар туралы мәліметтер 
енгізіледі.
Егер топта үш жұмысшыға дейін болса, онда жұмыс уақытын суретке 
түсіруде индивидуалды суретке түсіру сияқты жүргізеді, ал бақылау бланкісі 
біріктірілген индивидуалды бақылау бланкілері болып табылады. Жазба әр 
жұмысшы бойынша жеке, ағымды уақыт бойынша жүргізіледі.
Топ саны үш жұмысшыдан артық болса, тең аз уақыт аралығы сайын
жазба индекстік белгілеулермен жүргізіледі. (бес адамға дейін 2-3 мин сайын, 
бес адамнан жоғары - 5 минут сайын). Бұл кезде индекстік белгілеулер жұмыс 
уақыты шығындарын олардың жіктелуінен қарағанда бөлшектеп көрсетеді. 
Мысалы, «дайындық-аяқтау уақыты» элементі құрамына құралды алу (Т
пи
); 
тапсырмамен танысу (Т
оз
); бригадирмен сөйлесу (Т
рб
): жабдықты түзету (Т
но

және т.б. уақыт шығындары бөлігуі мүмкін. Бұндай жазба мысалы 8.4-кестеде 
келтірілген. 
Жұмыстың әрбір элементінің ұзақтығы оның қайталану жағдайларының 
интервал шамасына көбейту арқылы табылады. Мысалы, егер Т
пи
элементі 8 рет 
бақыланса, оның ұзақтығы аусымына 8×3=24мин құрайды.


211 
8.4-кесте 
Жұмыс уақытын топтық суретке түсіру 
Ағымды уақыт 
Жұмысшы нөмірі 
сағат 
минут 





Аусым басталуы -7 сағат 00 минут 

03 
ПИ 
РБ 
ПП 
ПП 
НО 

06 
ПИ 
РБ 
ПИ 
ПИ 
РБ 

09 
ОЗ 
ОЗ 
ПИ 
ПИ 
НО 
7 және 
т.б. 
12 
Р 
Р 
НО 
НО 
Р 
Белгіленуі: ПП-жұмысқа кешігіп келу; Р-жедел жұмыс 
Содан соң аталуы бір шығындаррды жинақтау жүргізіледі де, барлық 
өңдеу мен бақылау нәтижелерін талдау қарастырылған әдіс бойынша 
жүргізіледі. Есептеулер жалпы топ бойынша (жұмыс уақытының нақты және 
нормативті балансын құрумен қоса) жүргізілуі мүмкін. Онда қорытындысы 
топтың жұмыс уақытының жинақтық аусымдық қоры болады, біздің жағдайда 
480 мин×5 адам=2400 адам-минут. 
Бригадалық суретке түсіру кезінде зерттеу мақсаты бригадада жұмысты 
бөлу рационалдылығын, жұмысшылардың біртекті жүктелуін анықтау болып 
табылады. Сондықтан барлық есептеулер жалпы топ бойынша, сол сияқты 
әрбір бригада мүшесі бойынша жеке жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет