К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Алдын-ала даярлау кәсіпорнының көкөніс цехында жартылай



Pdf көрінісі
бет56/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117
6.5. Алдын-ала даярлау кәсіпорнының көкөніс цехында жартылай 
фабрикаттар өндіруді ұйымдастыру 
Алдын-ала даярлау кәсіпорындарының 1 т және одан жоғары көкөністер 
өңдейтін 
көкөніс 
цехтары 
ұйымдастырылады. 
Бұл 
цехтар 
басқа 
кәсіпорындармен келісімі негізінде жұмыс істейді. 
Техникалық шарттар мен технологияллық нұсқаулар ауа қатысында 
қараймайтын аршылған сульфиттелген картоп, тазаланған балғын аққауданды 
қырыққабат, аршылған сәбіз, қызылша, пияз жартылай фабрикаттарын 
даярлауды қарастырады. 
Көкөністерді өңдеудің технологиялық үрдісі ірі көкөніс цехтарында 
орташа 
және 
аз 
қуатты 
цехтарда 
сияқты, 
бірақ 
ол 
көбірек 
механикаландырылған. Ірі алдын-ала даярлау кәсіпорындарының көкөніс 
цехында көкөністерді өңдеу үрдісін тездету үшін екі технологиялық желі 
орнатады: механикаландырған картоп өңдеу желісі (ПЛСК-63) және (ЛМО) 
тамыржемістерді өңдеу желісі (сәбіз, қызылша). 
Картоп өңдеу желісінде үздіксіз өндірістік үрдісті қамтамасыз ететін 
жабдықтар қолданылады: көлбеу транспортерлар, виброжуу машинасы, КНА-
600М үздіксіз әрекеттегі картоп тазалағыш, инспекциялау және толық тазалау 
конвейері, сульфитациялауға арналған машина, автоматты таразы (6.5-сурет). 


94 
Тазалау бөлмесі 

 
 
 
 Толық тазалау бөлмесі
 
 
 
 
Сулфиттеу және мөлшерлеу бөлмесі
6.5-сурет. Картопты тазалау және сульфиттеу желісі: 
1-контейнер аударғыштың көтергіші; 2-бункер; 3- қабылдау науашалары; 4- көлбеу жүктегіштер; 5-тарату қоректендіргіші; 6- вибрациялық 
жуу машинасы; 7- лай тұндырғыш; 8- тас ұстағыш; 9- картоп тазалау машинасы; 10-езінді жинағыш; 11- толық тазалау контейнері; 12- 
орындықтар; 13-сульфиттеуге арналған машина; 14- өлшгіш автоматты мөлшерлегіш; 15-сыйымдылық.


95 
Бұл желіде колибирленген картоп виброжуу машинасына беріледі, тас 
ұстағыштан өтеді, картоптазалау машинасында тазаланады, инспекция және 
толық тазалау конвейеріне түседі де, сульфитация үшін машинаға бағытталады 
да таразы мөлшерлегішіне түседі. Картопты сульфиттеу 5 минут бойы 0,5-1%-
дың натрий сульфиті ерітіндісімен жүргізіледі. Бұл әдіспен өңделген картоп 2-
7°С температурада 48 сағат бойы ауа қатысында қараймай сақталады (немесе 
15-16 температурада 24 сағат). 
Картопты механикалық өңдеуден түскен қалдықтар крахмал алу үшін 
крахмал бөліміне түседі. 
ЛМО ағынды желісінің өнімділігі 300-500 кг/сағат. Технологиялық үрдіс 
ерекшелігі тамыржемістерді жуған соң пеште 1000°С температурада термиялық 
күйдіреді, содан соң душ қондырғыларында тамыржеміс бетінен қабығын 
жуады. 
Қалған өндірістік үрдістер (толық тазалау, өлшеу, буып-түю) ПЛСК-63 
желісінде сияқты, сульфитация үрдісін жүргізбей жүзеге асады. 
ЛМО желісінде пиязды өңдеу күйдіруден басталады, содан соң 
технологиялық үрдіс жоғарыда көрсетілгендей жүреді. ЛМО желісі 
қолданылмайтын көкөніс цехтарда пияз қолмен аршылады. Әр жұмысшыға 
арнайы үстел мен тартпа жүйесімен жабдықталған жұмыс орны 
ұйымдастырылады. 
Дайындалған көкөніс фабрикаттарын қаптамаға салып, маркілейді де, 
экспедицияға жібереді. 
Цехта еңбекті ұйымдастыру. Кішігірім көкөніс цехтарында жұмысты 
өндіріс меңгерушісі, ірі көкөніс цехтарын цехбастығы немесе бригадир 
ұйымдастырады.
1-ші және 2-ші разрядты тазалағыштар көкөністерді өңдеу және жартылай 
фабрикаттарды даярлау бойынша барлық операцияларды орындайды. 
Өндірістік бағдарламаға сәйкес күн бойы тағамдарды өткізу мерзіміне 
байланысты көкөніс жартылай фабрикаттарын өндіру графигі құрылады. 
Жұмыс күні соңында жауапты жұмысшы шығындалған шикізат пен 
өндірілген жартылай фабрикаттар туралы есеп береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет