К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Аспазшы-таратушы еңбегін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет79/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
Аспазшы-таратушы еңбегін ұйымдастыру. Жалпыға ортақ өзіне-өзі 
қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда (асхана, кафе) 
таратуда 4 разрядты аспазшылар жұмыс істейді. Өндірістік кәсіпорындағы, оқу 
орнындағы кәсіпорын асханаларында тағамдарды даярлаған аспазшы таратады. 
Аспазшы-таратушылар негізгі және қосымша жұмыстарды орындайды. 
Негізгі жұмысы – өнімдерді порцияға бөлу, оны безендіру және тұтынушыға 
жөнелту, қосымша жұмысы – жұмыс орнын дайындау, дайын өнімді алу және 
т.б. 
Таратушының жұмыс орнында сол жағында ас ыдыстары үйіліп немесе 
тәрелкелерге арналған сығу қондырғысымен арба қойылады. Дайын аспаздың 
өнімімен сөре-мармит таратушының оң жағында немесе алдында орналасу 
керек. 


162 
Тағамдарды жөнелту үшін арнайы тарату құралдары: сиымдылығы 0,5 
және 0,25 л бірінші тағамдарды порцияға бөлуге арналған өлшемді қасықтар, 
10, 20 және 30 г сиымдылықты қаймаққа арналған өлшемді қасық, 50, 75, 100 г 
сиымдылықты соустарға арналған қасық, 150, 200 г сиымдылықты макарон 
өнімдері, сусымалы және тұтқыр ботқаларға, картоп езбеге арналған қасық
қолданылады. Дайын өнімдерді жөнелту үшін қалақшалар, қысқыштар, т.б. 
қолданылады. Тәтті тағамдарды жөнелту кезінде 0,2 л сиымдылықты ожаулар, 
кондитерлік қалақшалар мен қысқыштар, өлшемді қасықтар және т.б. 
қолданылады. 
6.18.1. Тарату желісіне кіретін жабдықтар 
Таратудың сыртқы түрі аса маңызды, бірақ таңдау кезінде мамандар 
ұсынылатын тағамдар ассортиментін, кәсіпорынның орташа өткізгіштігін, 
сонымен қатар қызмет көрсету түрін ескеру қажеттілігін айтады. Өзіне- өзі 
қызет көрсету кезінде жинақталып құрастырылған модульдер тұтынушы 
жағынан ашық, ал сервисті кезде олар мөлдір қалпақтармен жабылған, 
тұтынушылар тек тағамдардың түрін көре алады, ал оны тек персонал ғана 
алып береді. Осы позициялар есебінен қажетті модульдердің сыртқы түрі мен 
саны таңдалады. Тікелей залда тағам даярлауға қажетті жабдықтарды 
қарастырмасақ, онда кез келген, модульді немесе жеке құрамдас бөліктерден 
жинақталған тарату желісі үш түрлі жабдықтардан тұрады, олар өнімге әсер ету 
мүмкіндігі бойынша ажыратылады: бұл бейтарап әсер, сақтау немесе ұсыну 
(бейтарап жабдық), қыздыру және температураны қалыпты ұстау (жылулық 
жабдық), тоңазыту және температураны қалыпта ұстау (тоңазыту жабдықтары) 
болуы мүмкін.
Жылулық элементтер құрамына көжелер мен ыстық тағамдарға арналған 
мармиттер, үстелге қойылатын және стационарлы, жылулық витриналар кіруі 
мүмкін. Тоңазыту мәселесін сусындарға, салаттарға, тісбасарлар мен 
десерттергеарналған тоңазыту сөрелері мен витриналар, арнайы кондитерлік 
витриналар және т.б.; бейтарап элементтерге –таратуға арналған үстелдер мен 
жабдықтар, инвентарь, құрғақ заттар, ас үй керек жарақтарын сақтауға арналған 
шкафтар. Сонымен қатар желілер қосымша элементтермен жинақталу мүмкін, 
оның ішіне модульді шешімдердің қажетті конфигурациясын құруға арналған 
бұрылмалы модульдер, кассалық аппараттарға арналған сөрелер, ыдыстарға,ас 
аспаптары мен подностарға арналған диспенсерлер және т.б. жатады, олардың 
барлығы нақты мақсаттарға, бөлме конфигурациясына және т.б. байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет