К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет82/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117
Тоңазытылатын витриналар салаттарды, тісбасарларды, десерттерді, 
коктейльдерді, сусындарды көрсетуге және қысқа мерзім сақтауға арналған.


165 
Витриналар вертикалды, горизонталды болуы мүмкін. Тоңазыту күшімен 
типімен (статикалық, желдетілетін), толтыру ауданымен, сөре түрі мен 
санымен, фронтальды шыны пішінімен, өзін жібіту мүмкіндігімен 
ажыратылады.. Витриналар мамандануы бойынша да ажыратылуы мүммкін 
(кондитерлік витриналар, теңіз өнімдеріне арналған витриналар). Тоңазыту 
витриналары ашық және жаық болуы мүмкін. Ашық витриналарды өткізгіштігі 
үлкен кәсіпорындарда қолданған жөн.
Кондитерлік витрина жеке жабдықтар тобына біріктіріледі, олар 
кондитерлік өнімдерді көрсетуге және сақтауға арналған. Бұндайй витриналар 
өлшемімен, тоңазыту жүйесімен, дизайнымен ерекшеленеді, горизонталь
вертикаль түрде және витрина-шкаф түрінде болуы мүмкін. Оларда ұсталатын 
стемператураның стандартты көрсеткіштері +3°С-тан +8°С дейін. 
Мамандардың айтуынша кондитерлің аитринаның жоғарғы сөресі қалыпты 
тоңазытылмайды, сондықтан оған кондитерлің витринаға орналастыруға 
болатын, бірақ арнайы тоңазытуды қажет етпейтін өнімдерді, мысалы, 
печеньені орналастырған жөн.
6.18.4. Бейтарап элементтер 
Бйтарап элементтер, яғни тағамға ешқандай температуралық әсер етпейтін 
элементтер – үстелдер, сөрелер. Олар әдеттер тот баспайтын болаттан 
жасалады, ашық және персонал жағынан ашылатын – ыдыс, қосалқы 
жабдықтар және т.б. сақтауға арналғын орнымен жабық болуы мүмкін. Бұндай 
элементтер тағамдар мен сусындарды тарату ретіне қолданылуы мүмкін, 
сондай-ақ қосымша жабдықтарды – микротолқынды пештерді, тостерді және 
т.б. орнату үшін қолданылуы мүмкін, сондықтан розеткалармен жабдықталады.
Бейтарап элементтердің ассортименті мен саны кәсіпорынның жалпы 
концепциясынан және оның мәзірінен анықталады. Заманауи бетарап 
модульдер алуан түрлі және ыңғайлы, тұтынушылар мен персоналдыуң барлық 
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, кейбір тарату желілерінде келесі 
бейтарап элементтер кіреді: әртүрлі конфигурациялы кассалық модульдер, Су 
құюға арналған модульдер, нанға, аспаптарға арналған модульдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет