К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Экспедиция жұмысын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет76/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

Экспедиция жұмысын ұйымдастыру. Жартылай фабрикаттар, аспаздық 
және конгдитерлік өнімдер басқа кәсіпорындарға экспедиция арқылы 
өткізіледі. 
Ірі 
алдын-ала даярлау 
кәсіпорындарда 
әдетте 
бірнеше 
экспедициялары бар: 
 жартылай фабрикаттарды өткізетін экспедиция
 аспаздық өнімдерді өткізетін экспедиция 
 кондитерлік цехтағы экспедиция
Экспедиция алдын-ала даярлау, аспаздық және кондитерлік цехтар 
жанында орналасқан. Экспедиция құрамы мен ауданы кәсіпорын қуаты мен 
өндірілетін өнім ассортиментіне байланысты. Экспедиция құрамына келесі 


151 
болмелер кіреді; тапсырысталды қабылдау үстелі; көкөніс, ет, балық жартылай 
фабрикаттары аспаздық және кондитерлік өнімдерді қысқа мерзім сақтауға 
арналған тоңазыту камералары; кондитерлік өнімдер қоймалары; тасымалдау 
қаптамасын қабылдау және әрәктеу бөлмесі; жартылай фабрикаттар, аспаздық 
және кондитерлік өнімдерге арналған қаптамаларды жуу бөлмесі; қастамаларды 
сақтау бөлмесі; экспедитор бөлмесі. Тапсырыс үстелінде жартылай 
фабрикаттарға, 
аспаздық 
және 
кондитерлік 
өнімдерге 
тапсырыстар 
қабылданды. Тапсырыстар телефон арқылы қабылданып, кәсіпорын аты
тапсырысқа берілген өнімдер, олардың саны мен бағасы көрсетіліп, бланкке 
енгізіледі. 
Қабылданған тапсырыстар орындау үшін өндірістік цехқа жіберіледі. 
Әрбір өнім партиясын жөнелту шығын накладнаясымен рәсімделеді. 
Экспедициялық қаптаманы маркіленіп томбалайды. Қаптама жарлығында 
өндіруші-кәсіпорын аты, өнім аты мен саны, массасы өндірілген күнімен 
өтткізу мерзімі көрсетіледі. 
Ыдыстарды жуу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Жуу бөлмесе 
плита үстіне қойылатын ыдыстарды, асханалық және тарату құралдарын жууға 
арналған. Жуу бөлмесі өндірістік цехтармен ыңғайлы байланыста болу керек. 
Жуу бөлмесінде қолданған ыдыстарға арналған подтоворниктер, таза ыдыстар 
мен құралдарға арналған сөрелер, жуу ваннасы орнатылады. Асханалық 
ыдыстарды екі секциялы ваннада келесі ретте жуады: 
 тағам қалдықтарынан механикалық тазалау; 
 40°С төмен емес температурада жуғыш заттарды қосып суда щеткамен 
жуу; 
 65°С төмен емес температурлы ағынды суда шаю; 
 торлы сөрелерде кептіру. 
Ыдыстарды жуу бөлімінің шамамен жобасы 6.34-суретте көрсетілген.
Жұмыс көлеміне байланысты ыдыстарды жуу бір немесе екі ыдыс 
жуушымен жүргізіледі. 
Ыдыстарды тағам қалдығынан тазалау үшін ағаш қалақшалар, металл 
щеткалар, қырғыштар қолданылады. Өңдеген соң құралдарды, асханалық 
ыдыстарды, цех ішілік қаптаманы кептіреді де, арнайы бөлінген орында 
сөрелерде сақтайды.Ас үй ыдыстары мен құралдарын ыңғайлы сақтау аспаздар 
жұмысын жеңілдетеді, белгілі бір өндірістік операцияға қажетті ыдыстарды 
таңдауға кететін уақытты қысқартады. Бұндай стеллаж мысалы 6.35-суретте 
келтірілген.


152 
6.34-сурет. Асүй ыдыстарын жуу бөлімінің жобасы: 
1-жүкқойма; 2-жуу ваннасы; 3-таза ыдысқа арналған стеллаждар; 4-өндірістік үстел.
6.35-сурет. Ыдыстар мен құралдарға арналған құрама стеллаж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет