К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Қаптама айналымын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет36/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

4.2. Қаптама айналымын ұйымдастыру 
Қаптама айналымы қабылдау, ашу, сақтау және қайтарудан тұрады. 
Қаптаманы қабылдау. Тауармен бірге түскен қаптама тауар сияқты 
нормативті құжаттармен жабдықтау келісімі шарттарына сәйкес материалды 
жауапты тұлғамен қабылдану керек. Саны бойынша қабылдау қаптаманың 
нақты болуын текскруден және оны ілестірмелі құжат мәліметтерімен 
салыстырудан тұрады. Қаптаманың қабылдау кезінде сертификаттың болуына, 
сонымен қатар қаптама маркіленуіне, МЕСТ талаптарына сәйкестігіне көңіл 
бөлу керек. Қаптаманың сапа бойынша қабылдау кезінде оның бүтіндігін, 
сыртқы түрін тексеруді, ақауларға; зақымдану, ластану және т.б. көңіл бөледі. 
Келіп түскен қаптама сапасының МЕСТ талаптарына ілестірмелі құжаттарға 
сәйкестігін айқындайды. 
Қаптама сапасын сәйкесіздігі айқындалған кезде қабылдауды тоқтатып
акт құрады. 
Егер түскен қаптаманың нақты саны, сапасы, бағасы және маркілену 
ілестірмелі құжаттар (тауар-көліктік накладная, счет-фактура ) мәліметтеріне 
сәйкес келсе онда материалды жауапты адам оған қол қояды да, қаптаманың 
қабылдау мөрі қойылады.
Қаптаманы ашу сапасын сақтау үшін арнайы құрал саймандарымен 
жүргізіледі (4.2-сурет). 
Жәшік және бөшкелерді дұрыс ашу 4.3-суретте көрсетілген. Қаптарды 
арнайы орақ тәрізді пышақтармен ашады.
Қаптама арнайы бөлінген қоймада немесе жеке тұрғын бөлмелерде 
штабельді немесе стеллажды әдіспен сақталады. Өзінік иісі бар қаптаманы 
жеке сақтайды. Қаптарды мұқият шаңынан тазалап, кептіреді де, құрғақ 
бөлмеде стеллажда сақтайды. 
Қаптаманы қайтару реті жабдықтау келісім шартында қарастырылу 
керек. Белгілі бір жабдықтаушының, инвентарлы көп реттік қаптамасы оған 
келісімде қарастырылған кепіл бағасы бойынша қайтарылады. Тауар құнына 
қосылған қаптама құны қаптама материалы ретінде қаптама қабылдау 
орындарына қайтарылады. Тауар құнына қосылмаған қаптама жабдықтаушыға 
қайтару керек, бірақ оның реті келісімде қарастырылу керек. 
Егер жабдықтау келісімімен қаптама құны тауар құнына қосылмаса, онда 
қаптама құнын тауар алушы тауар құнының устінен келісілген бағамен толық 
төленеді, жәнеде келісімде қаптаманы жабдықтаушыға міндетті түрде түсу 
бағасымен қайтару қарастырылу керек. 
Қайтарылатын қаптама сапасы төмендесе төмен бағамен қабылданады 
немесе тауаралушы айыппұл төлейді.Бұл келісім шартта қаралу керек.
Қаптамаға төлеу туралы мәселелер жабдықтау келісімінде қарастырылу 
керек.


54 
4.2-сурет. Қаптаманы ашуға арналған құрал-саймандар: 1-балта-балға; 2-түтікті шеге 
суырғыш; 3,5-балға-шеге суырғыш; 4-қысқыштар; 6-бөшкелерден құрсауларын алғыш; 7-
ағаш балға; 8-ағаш набойка; 9-томоганк; 10-шеге суырғыш-қайшы; 11-ыдысты ашуға 
арналған темір шыбық; 12-фигуралы рычаг; 13- металл набойка; 14- қап ашуға арналған 
пышақ. 


55 
4.3-сурет. Ыдыстарды ашу әдістері: а-жәшік; б-бөшке. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет