К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
құбылыстарын: 
1) аспан-дене зат құбылыстары (ЗҚ): (күн, ай, көк-аспан, жұлдыз, 
күн тұтылу, ай тұтылу және т.б.);  
2) метеорологиялық ЗҚ: (жаңбыр, қар, бұлт, құйғын, бұршақ т.б.); 
3)  су-өзен  (гидрологиялық ЗҚ):    (су,  өзен,  көл,  бұлақ,  теңіз,  мұз, 
саз т.б.); 
4)  климаттық  ЗҚ:    (қуаң,  жұт,  құрғақшылық,  суық,  жылы,    аяз, 
қапырық т.б.); 
5) 
жыл-мезгілдік ЗҚ: (жаз, күз, қыс, көктем т.б.); 
6)  жарық-сәуле ЗҚ: (жарық, от, өрт, шоқ, жалын, ұшқын, шұғыла 
т.б.); 
7)  географиялық ЗҚ: (жер, шаң, тоз, топырақ т,б.); 
8)    мезгіл  шақ  ЗҚ:  (таң,  түс,  кеш,  күндіз,  ымырт,  іңір,  қараңғы, 
жыл, ай, шақ т.б.);  
9)  акустикалық  ЗҚ:  (жаңғырық,  күркіреу,  тамшылау,  ысқырық, 
тарсылдау, бұрқырау т.б.)  - деп ажыратқан [19;17-18]. 


42 
 
Н.Базылханұлы  «Табиғат  құбылыстары»  деген  терминнің  жалпы 
мағынасын  адам  мен  оның  айналасындағы  жансыз  (биорганикалық), 
жанды  (органикалық)  табиғи  барлық  болмыс  универсум  атау  деп 
түсіндірген.  Ал  лингвистикалық  тар  мағынада  моносемантикалық 
атаулардың  лексикалық  ең  шағын  тобын  яғни    адамның  бас  сезім 
мүшесі  арқылы  тура  сезе  білетін,  төл  табиғаттағы  жансыз  заттар  мен 
оның  түрлі-түрлі  құбылыс,  қозғалыс  өзгерістерінің  тілдегі  атаулары 
деп  табиғат  құбылыстарының  жалпы  атауларын    9  топқа    бөліп,  
жіктеген. 
Зат  есімнің  лексика-грамматикалық  тобының  келесі  жұп 
құрайтын  түрі  -  деректі  (конкретті)  және  дерексіз  (абстракты) 
есімдер.  Бұл  категориялар    тіл  білімінде  жұп  қалпында  арнайы 
зерттелмесе  де,  ара  жігі  ажыратылып,  ғалымдар  назарынан  тыс 
қалмаған.  Тіл  білімінде  бұл  ұғымдар  жөнінде  оқу  құралдарында  азды-
көпті болжамдар кездеседі және қалыптасқан тұжырымдар ішінара дау 
туғызбайды.    
Белгілі  ғалым  А.  Байтұрсыновтың  «Тіл  құралында»  (1914)  зат 
тегінің    екі  түрлі  болатынын  көрсеткен.  «Біреулері  –  көзге    көрінетін, 
денеге    сезілетін,  құлаққа  естілетін,  мұрынға    иіскелетін,  тілге 
татылатын  деректі  заттар.  Екіншілері  -  көзге  көрінбейтін,  құлаққа  
естілмейтін,  мұрынға    иіскелмейтін,  тілге  татылмайтын,  денеге 
сезілмейтін,  адам  ақылмен  ғана    білетін  дерексіз  заттар.  Деректі 
заттардың  есімін  көрсететін  сөздер,  мысалы:  жер,  су,  ай,  күн,  дауыс, 
дыбыс,  ән,  күй,  иіс-  қоңыс,  дәм,  ащылық,    тұщылық,  жылулық, 
суықтық  уа  ғайрилары.  Дерексіз  заттардың  есімін  көрсететін  сөздер,  
мәселен:  бақ,  бәле,  жан,  өлім,  ой,  мінез,  ұят,  реніш,  қуаныш  уа 
ғайрилары.» - деген анықтама берілген [20;199-200].  
Оқулықтарда 
Ахмет 
Байтұрсыновтың 
пікірлері, 
нақты 
анықтамалары  берілмеген  себепті,  оның  тұжырымдарын  толық  беруді 
дұрыс  деп  есептедік.  Бұл  ұғымдар  жөнінде  М.Томанов,  Ғ.Айдаровтың 
жоғарыда аталған еңбектерінде де қысқаша мәліметтер бар.  
Тіл  білімінде  деректі  зат  атаулары  мен  дерексіз  зат    атауларына  
берілген  анықтамалар  біртектес,  ұқсас  (А.Байтұрсынов,  А.Ысқақов, 
Н.Оралбаева,  Ғ.Айдаров).    Көзбен  көріп,  қолмен  ұстайтын  нақты 
нәрселерді  де,  көзбен  көріп,  қолмен  ұстауға  келмейтін,  тек  ойлау 
арқылы  аңғарылатын  абстракты  құбылыстарды  да    білдіреді  деген 
бірыңғай анықтамалар жиі ұшырасады.     
Нақты және  абстракты зат есімдер сонау түркі ескерткіштерінің 
ішінде “Күлтегін  ескерткішінде” де  кездеседі. 
Кедім – киім / КТ б.,33/ 
Қылыч – қылыш / КТ б. 45/ 
Қой – қой  / КТ б. 12/ 
Қапығ – есік, қақпа / КТб., 39/ 
Йарақ –жарақ, қару /КТб. 33/ 


43 
 
Емгек –еңбек /КТб., 19/ 
Біліг – білік /КТ м., 7/ 
Бұң – мұң, қайғы /КТ м., 8/ 
Кут – құт / КТ б., 29, 31/ 
Күч – күш /КТ б., 10,  30/      [31; 83] 
Берілген  мысалдар  деректі    ұғымды  да,    дерексіз  ұғымды  да  
білдіріп тұрғаны анық.  
Көне    түркі    тілдерінің  грамматикасын  салыстыра  зерттеушілер 
түркі    тілдерінің  лексикалық  қорындағы  байырғы  лексика  нақты 
ұғыммен  байланысты  болып  келеді  де,    интеллектуальды  лексика, 
абстракты  және  мәдени  ұғымды  білдіретін  сөздер  көбіне  басқа 
тілдерден көне, жаңа дәуірлерде ауысқан деген пікірлер  айтқан [21; 9]. 
Мысалы,  профессор  Р.Сыздықова:  “Қазақ  тіліндегі  араб,  ішінара 
парсы  сөздері, әсіресе, дерексіз ұғым атаулары  (абстракт есімдер) мен 
оқу-білім,  мәдениет  сияқты  салаларға  қатысты  сөздер  тілімізге  араб, 
иран  халықтарымен  тікелей  қарым-қатынастың  нәтижесінде  енбеген, 
олар  негізінен  орта    ғасырлардан,  сонау  ХІІ  ғасырдағы  Яссауи 
хикметтерінен  бастап,  күні  кешегі  “Ләйлі  –  Мәжнүн”  поэмасының 
түркі    тілдеріндегі  жырланышы    арқылы  келген  деген  тұжырымның 
қисыны  бар”  –  деген  [22;173].  Ғалым  Ә.Нәжіптің  пікірлерін  еске  ала 
отыра осындай тұжырымға келеді. 
Абстракты  және  конкретті  зат  есімдердің  пайда  болуы,  дамуы, 
өзгерістерге  ұшырауы  жөнінде  ғалымдар  болжамдары  біртектес    деп  
айтуға  болады.  Көпшілік  ғалымдар  Р.А.Будагов,  А.Ысқақов, 
І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев  абстракт  зат  есімдер  конкретті  зат  есімдердің 
негізінде, солардан (деректі)  кейін шықты деп айтқан.  
Сөздегі  деректілік  пен  дерексіздік  жайлы  пікір  айтқан 
Р.А.Будагов адам санасы  алдымен  конкретті заттар мен  құбылыстарға  
бағытталып,  тек    соңынан  ғана    өзінің  тарихи  даму    процесінде  аса  
күрделі және  дерексіз көріністерді топшылайды деген. Мысал ретінде 
жалпы  (родовые)  ұғымды  білдіретін  жұмбақтар  орыс  фольклорында 
жоқтың қасы да және өте  сирек (“өсімдік”, “жануар”, “құс”), ал  нақты 
заттар  мен    ұғымдарды  білдіретін,  мәселен,  “алма”,  “қой”,  “тауық” 
және т.б. жұмбақтар жиі кездесетінін айтады. 
Ғалым:  “На  вопрос  “что  над  нами  вверх  ногами?  Ответ  гласил: 
“муха”  или    “таракан”,  но  отнюдь  не  “насекомое”.  Видовые  понятия  
преобладают здесь над родовыми, частные – над  общими, конкретные 
– над  абстрактными”,- деген [23; 23]. 
Дерексіз  сөздердің  даму    мәселесі  тілдің  тарихи    даму  
мәселесімен  ұштасады  деген  ойға    келген  ғалым  Р.А.Будагов. 
Қоғамдық  дамудың  аса    жоғары  сатысында  тұрған  тілдер  абстракт 
ұғымдарға  бай  болса,  кеш  дамыған  тілдердің  абстракт  сөздер  қоры  аз 
деген [23; 24]. 


44 
 
Сөз  мағынасының  ішкі  құрылысына  тарихи  талдау  жасай  отыра, 
абстракті сөздердің пайда болуын көрсеткен. 
Профессор  Р.А.Будаговтың  «Очерки  по  языкознанию»  (1953) 
зерттеуі  бойынша    адам  санасы  нақты      заттар  мен  құбылыстарға  
бағытталып,  өзінің  тарихи  даму  үрдісінде  неғұрлым  күрделі    және  
абстракты    көріністерге    ие    болады  екен.  Ғалым  абстракты  сөздер 
туралы:  «Слова,  которые  во  многих  современных  языках  кажутся  нам 
чисто  абстрактным,  независимыми  от    реальной    действительности  и 
практического опыта человека, исторически возникли именно из этого 
практического  опыта  и  реальной    действительности»,  -  деп  айтылған 
пікірімен жоғарыда айтылған  болжамдар қуатталады [23;48]. 
Абстракты  және  конкретті  зат  есімдер  мәселесін  О.Есперсен 
«Философия грамматики» (1958) еңбегінде  де  көтерген. Конкретті зат  
есімдерге    «реальды  нәрселердің  атауы»  деген  термин  пайдаланса, 
абстракты  зат  есімдерді  «ұғымдардың  атауы»  деп  ерекшелендіреді. 
Деректілік  және    дерексіздік  тек  қана    зат    есімдерге    қатысты    емес, 
басқа    да  сөз  таптарына  қатысты  болатынын  анықтайды.  Мәселен, 
«ауыр  тас»  тіркесі  конкретті    болса,  «ауыр  жұмыс»  тіркесі    абстракты 
деп мәлімдейді [24;151-152]. 
О.Есперсеннің  пікірінде  берілген  екі  мысалды  салыстыратын 
болсақ, ауыр тас тіркесі тура мағынада жұмсалып тұрса, ауыр жұмыс 
ауыспалы мағынаны беріп тұр. Демек, сөз тіркесі тура мағынада тұрып, 
деректі  ұғымды  білдірсе,  ауыспалы  мағынадағы  сөз  тіркесі  дерексіз 
ұғымды білдіреді. Мәселен, алтын жүзік - алтын адам, қисық терек - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет