К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

беріктілікті  білдіретін  мағына  бар  екендігін  көрсеткен  (Іңкәр,  Ажар, 
Арыстан, Қайсар, Алмас  т.б.) [8;95]. 
Ғалым 
бұл 
еңбегінде 
Т.Жанұзақов, 
А.А.Уфимцева, 
К.А.Левковская, 
А.В.Суперанская, 
М.В.Никитин 
 
және 
т.б. 
ғалымдардың  еңбектеріне  сілтеме  жасай  отырып,  жалқы  есімдердің 


36 
 
мағына  құрамында  денотаттық  мағынасын  бар  екендігін,  олардың  да 
тілдің  лексикалық  құрамынан  орын  алатындығын  дәлелдеген.  Жалқы 
есімдердің негізгі  белгілерінің  бірі  -  даралаушы,  ажыратушы  қызметін 
ерекше көрсетіп кеткен.          
К.Аханов «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1955) деген оқу 
құралында зат есімдердің жалқы, жалпы мағыналарына талдау жасаған. 
Мысалы,  өзен,  қалам  деген  сөздердің  әрқайсысы  бір  ғана  затқа 
тағылған  ат  еместігін,  ұқсас  нәрселердің  барлығына бірдей  айтылатын 
жалпылама сөздер екендігі, өзен деген сөз арқылы тек белгілі бір өзенді 
ғана  атап  қоймаймыз,  жалпы  өзен  атаулыны  атаймыз  деген.  Оның  бер 
жағында ол өзен терең бе, таяз ба, ұзын ба, қысқа ма, ағысы қатты ма, 
баяу ма – ол жағы тәптіштелмей, әйтеуір өзен атаулының бәрін бірдей 
жалпылама түрде атап, сондай-ақ, қалам деген сөз тек белгілі бір ғана 
қалам  дегенді  білдіріп  қоймайды,  жалпы  қалам  атаулыны  білдіреді 
деген қорытынды жасалған [9;4-5]. 
К.Ахановтың бұл көзқарасы бүгін де өміршең. Біздің ойымызша, 
жалпы есімдер жалпы заттарға қойылған атау болғандықтан, белгісіз де 
болады. Жалпылық мағынамен қатар белгісіз мағынаға да ие, нақтылық 
жоқ жерде белгісіздік алға шығады. 
Ә.Төлеуовтің  «Қазақ  тіліндегі  есім  категориясы»  (1963)  деп 
аталған  еңбегінде  зат  есімдердің  жұп  құрайтын  кейбір  мағыналық 
ерекшеліктеріне қатысты пікірлер бар [10;6]. 
Семантика-грамматикалық  құрылысы  мен  тарихи  көнелігі, 
тұрақтылығы  жағынан  жалпы  есімдерге  қарама-қарсы  қойылған 
атауларды  профессор  Т.Жанұзақов  «Қазақ  тіліндегі  жалқы  есімдер» 
(1965)  деген  лингвистикалық  зерттеуінде:  «Тілдегі  жалқы  есімдердің 
асыл  түбі  жалпы  есім  сөздерден  жасалған.  Сондықтан  да,  олардың 
түпкі  мағынасы айқындауға болады», - деп жазады [11;4]. 
Зерттеуші осы еңбегінде, диалектикалық логика жалпы ұғым мен 
дара  ұғым  арасында  белгілі  дәрежеде  айырмашылықтың  барлығын 
айқын  көрсетеді  деп  жазады.  Дара  ұғымды  білдіретін  тілдегі  жалқы 
есімдер  –  белгілі,  деректі  заттардың  атаулары  болып  саналатыны 
ескертілген.  Жеке  ұғымды  білдіретін  сөз,  жалпы  ұғымды  білдіретін 
сөзге  қарағанда  дара  заттың  сапасын,  белгісін,  қасиетін  әлдеқайда 
толығырақ  көрсетеді  деген  ғалымдар  көзқарасын  құптайды.  Көптеген 
кісі  аттарының  мағынасы  жасырын,  белгісіз  болса,  кейбіреуінің 
мағынасы  дәлірек,  белгілілеу  тұрады  деген.  Мұндай  құбылыстың, 
әсіресе,  төл  сөзімізден  жасалған  кісі  аттары  бойында  көбірек  екендігі, 
мәселен,  Алтын,  Азамат,  Азат,  Асқар,  Сұрапалды,  Бақыт,  Құтжан, 
Жанар,  Шолпан  мысалдарымен  дәлелденген.  Бұлардың  бастапқы 
мағынасы 
кісі 
атына 
ауысқанда 
жоғалғанмен, 
санада 
тез 
жойылмайтындығын, 
үйреншікті 
мағынаның 
кенет 
ұмытылмайтындығын  сөз  етеді.  Жалқы  есімдердің,  оның  ішінде  кісі 


37 
 
аттарының, өзіндік ерекшелігі бар, айрықша құрылымдық тип екендігін 
ескерткен [12;90-93]. 
Ғалым  пікірінде  берілген  жалқы  есімдер  атауыш  сөздерден 
(алтын, азамат, бақыт, шолпан – зат есімнен; азат, асқар, құтжан – сын 
есімнен;  сұрапалды,  жанар  -  етістіктен)  жасалғандықтан  мағыналары 
белгілі  болып  тұр.  Ал,  керісінше,  кейбір  есімдер  (Сәбит,  Мұқтар, 
Әлкей,  Ахмет  және  т.б.)  мағыналары  белгісіз  болып,  олардың 
мағынасын кез-келген адам біле бермейтіні анық. 
Жалқы  есімдер  пайда  болу  жағынан  жалпы  есімдермен 
салыстырғанда  екінші  орындағы  атау  болып  есептеледі.  Тілде  жалпы 
есімдерден  жасалған  жалқы  есімдер  саны  көп.  Мәселен,  Мейрам, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет