К. М. Абишева, С. К. Омарова


жекелік  және  көптік  ұғымы



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
жекелік  және  көптік  ұғымы.  Өмірде,  объективтік  шындықта  бір 
заттан көп  затты  ажырата білу  ерте  заманнан келе  жатқан құбылыс. 
Жекелік  және    көптік  ұғымдар  заттың  аз  немесе    көптігін  білдіре  
отыра,  затқа    және  құбылысқа    тән  белгі    болып  есептеледі.  Жұп  
құрайтын  бұл  категориялар  әрбір  тілде    өз  ерекшеліктеріне    ие.  Біз  
қарастырып  отырған  мәселе  жайлы  зерттеулерге    шолу    жасасақ 
жекелік  категориясына    қарағанда,  екінші    сыңары  яғни  көптік 
категорияға    ғалымдар  көп  көңіл  бөлген.  Көптік  мағынаны    білдіру  
үшін  қолданылатын  көптік  жалғауының  тарихы  мен  қазіргі    қалпы  
салыстырмалы – тарихи зерттеулерге арқау болып, бұл жөнінде  түрлі 
пікірлердің айтылып жүргенін байқаймыз. 
Қазақ  тіл  білімінде    Ә.Хасенов  көптік  мағына  және  сан 
категориясымен  тығыз  байланыста  болатын  жинақтық  категориясы 
жайлы мәселені көтерген болатын. 
А.Д.Данияров  қазақ  тілінде  контекске  байланысты  жекелікті  де, 
көптікті де білдіріп жинақтық мағынасында: ел, мал, дүние, қой, сиыр, 
жиынтық  мағынасында:  құрт,  шыбын  т.б.  қолданылатын  сөздер 
жөнінде пікір айтқан. 
         Бұл жөнінде профессор А.Ысқақов та пікір айтқан. Ол жинақтық 
мағыналы  зат  есімді  көптік  мәнді  есімдер  деп  атайды.  Көптік  мәнді 
есімдер затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атап, атау 
тұлғада  тұрып,  өзі  арқылы  аталатын  заттың  біреуін  емес,  жиынын 
топтап атайды дейді [13;141]. 
Сондай-ақ  жалқы  есімдердің  көптік  жалғауларымен  келуі 
жинақтылық, топтау мәнін беретіні тілде белгілі құбылыс. 
Қазақ  тілі  білімінде  жалпы  есімдерді  мағыналарына  қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет