Қазына, Алтын, Мұрат, Мақсат, Ақыл, Бақыт, Маржан, Самал,
Махаббат және т.б. Ал Мейрам мырс етіп күліп жіберді (Ғ.Мұстафин.
Қарағанды) деген сөйлемде Мейрам кісінің аты, келесі Мейрам күніне
арналған жорығымыз ойға алған нысанадан әрірек барып түсті
(Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемде жалпы есім. Сол сияқты Жыр маржанын
(маржан сөзі жалпы есім, не? сұрағына жауап береді) жүрегімнен
теріңдер (М.Хәкімжанова. Жаңа жыл), ал Маржан, Маржан, қарағым!
Күлімдейді қабағың (С.Сейфуллин. Маржан) қолданысында жалпы
есімнен жасалған Маржан сөзі жалқы есім, кім? сұрағына жауап беріп
тұр.
Ал 1967 жылы шыққан ғылыми грамматикада жалпы есімдер
жайлы көбінесе абстракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер және өзге
тілдердегі сияқты қазақ тілінде де жалқы есім болатын сөздердің
типтері санамалы ғана, ал жалпы есім болатын сөздер әлдеқайда мол
деген пікірлер айтылған [6; 49].
«Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде (1968) жалқы мен
жалпы есімдер жөнінде өз жорамалын білдірген ғалым – Ә.Болғанбаев.
Ол кісі атында да азды-көпті жалпылық қасиет бар деген пікірге келген.
Мысалы, Ахмет пен Иван дегендер жеке адамға меншіктеп берілген ат
болса, осы есімдердің өзі өмірде біреу (жалқы) болмай, толып жатқан
адамға ортақ ат болып қолданылуына қарай, кісі аттарының өзі шартты
түрде алынған жалқы есім болып шығады деген. Қарағай деген сөз
барлық қарағай біткен біртектес ағашқа тән ортақ атау болса, Иван
деген кісі аты бір қаладағы 90 мың адамға қойылған ортақ есім, ал
айырмасы қарағай деген сөзде белгілі ұғым, мағына болса, Иван
дегенде ешқандай ұғым жоқ яғни жеке дара затты басқа заттардан
айыру үшін қойылған бір белгі деп түсіндірген [12;6-7].
Ғалымның кісі атында да азды-көпті жалпылық қасиет бар,
жалқы есім шартты түрде алынған деген пікірі біздің ойымызша,
дәйекті емес. Себебі адамдарға ат қойылған кезде белгілі бір есімдердің
жиі қойылу жағдайы адам атауларының (Әйгерім, Абай, Айгүл т.б.)
жалпылығын емес, көп екендігін, жиі қойылатындығын көрсетеді.
38
А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында жалпы есімдерге
тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін
зат есімдер, жалқы есімдерге мағына жағынан белгілі бір ұғымды
білдірмейтін, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін
қойылған белгі – ат ретінде жұмсалушы сөздер жатады деген анықтама
берілген [13;139].
Оқулықтың кейінгі өңделген басылымдарында да осы пікір
қайталанады. Тіл білімінде бұл пікір жөнінде ғалымдар көзқарастары
қарама-қайшы болып келеді. Біздің ойымызша, жалқы есім тікелей
объектімен, денотатпен қатысты болғандықтан көбінесе деректі, белгілі
зат атаулары болып есептелсе, жалпы есім тікелей ұғыммен қатысты
болғандықтан деректі де, дерексіз де зат атаулары бола алады. Жалпы
есім жалпы мағынамен қоса белгісіз мағынаға да ие деп есептейміз.
Ф.М.Мұсабекованың «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы»
(1976) еңбегінде әрбір жалқы есімнің қолданылуының тілде
қалыптасқан белгілі заңдылығы бар екендігі жайлы пікір айтылған
[14;13].
Ә.Төлеуовтің келесі «Сөз таптары» атты зерттеу еңбегінде
(1982) жалпы есімдерді мағыналарына қарай жинақты, жіктемелі деп
екіге бөлген. «Бірыңғай тектес заттарға жалпылама қойылатын
атауларды (мал, ағаш, құс, аң) жинақты жалпы есім десек, осы
жинақты зат есімдерге енетін сөздердің ішінен бөлінетін, дараланатын
сөздерді жіктемелі жалпы есім деп атаймыз: сиыр, қой, жылқы, ешкі,
түйе сияқты жіктемелі жалпы есімдерді жинақтап, бір сөзбен мал
десек, жиде, терек, қарағай, емен, тал тағы басқаларды жинақтап,
ағаш дейміз, - деген ғалым Ә.Төлеуов [15 ;10].
Ғалым еңбегінен жинақты және жіктемелі жалпы есімдер деп
бөлудің бар екенін көреміз.
Г.Ш.Бекенованың (2002ж.) кандидаттық диссертациясының
бірінші тарауында жалқы есімдердің семантикасы жайлы пікір,
тұжырымдамаларға талдау жасалған. Жалқы есім мен объект (реалия)
арасындағы қарым-қатынасты кесте түрінде көрсеткен [16;18-21].
Жұп сыңардан тұратын зат есімнің ішкі семантика-
грамматикалық топтары түркітануда қандай дәрежеде қарастырылды
дегенге келейік. Кейбір шыққан еңбектерде арнайы зертттелмесе де,
осы мәселе туралы сөз қозғалған тұстар бар.
Сонымен, қазақ тілінің жалқы және жалпы есімдері
лингвистикалық табиғаты, қолданылу ерекшеліктері бойынша бір-
біріне қарама-қарсы есімдер. Жалқы есімдер ұғыммен тікелей
байланысы жоқ. Жалқы есім нақты, деректі, жеке затпен байланысты.
Дара, жеке заттар әрқашанда белгілі. Дерексіз зат жалқы есім бола
алмайды. Алайда дерексіз ұғымды білдіретін жалпы есімдер жалқы
есім қатарына өтетіні белгілі құбылыс. Мұндай жолмен жасалған
жалқы есімдер аталым кезінде бойындағы ұғымнан арылады. Жалпы
39
есімдер, керісінше, ұғымға да ие, мағынаға да ие. Деректі де дерексіз де
бола алады. Жалпылама қасиетке ие болғандықтан белгісіз де болады.
Жалқы есімнің негізгі қызметі жеке объектілер мен субъектілерді
даралап, ерекшелеп және ажыратып көрсету болса, жалпы есімдердің
қызметі - ұқсас белгілері негізінде бірыңғай заттарды ерекшелемей,
жинақтап атау. Жалпы есімдерде нақтылық, даралық жоқ. Жалпы
есімнің берілген қасиеттері жалқы есімде жоқ және жалқы есімнің
аталған ерекше белгілері жалпы есімде жоқ. Сондықтан тіл білімінде
бірі екіншісіз айтылмайтын, әрқашанда салыстырмалы түрде
қарастырылатын, ортақ ұқсастықтары бар (зат атаулары) жұп ұғымдар.
Зат есімдері төңірегінде қарастырылатын тағы да бір мәселе -
Достарыңызбен бөлісу: |