ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің сыңарлары ыңғайлас,
біртектес оқиға, іс-әрекеттерді немесе бір мезгіл ішінде жүзеге асып
жатқан іс-қимылдарды, оқиғаны білдіреді. Бұл мағыналар және, да, де жалғаулықтары арқылы беріледі. Мысалы: Бұл хабарды үй іші үн қатпай тыңдады да, тегіс томсарып қалды. Ол тап беріп шелекке жетті де, білегін сыбана беріп, кір-кір қолын қолтығына шейін бойлата қымыздың ішіне салып жіберді (М.Әуезов «Абай жолы»).
Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер мезгілдік
жағынан қатар болған оқиғаларды немесе бірінен соң бірі ілесе болған
оқиғаларды хабарлайды. Мысалы: Қансонарда тазы ертіп түлкі аулай шығып еді, жолдағы қалың жықпылдардың ешқайсысына бұрылмай, салып ұрып құрдасының үйіне келді. Тілеудің мұрты жыбырлай жөнеліп еді, құрдасының көзіндегі жасты көріп кідіріп қалды(М.Әуезов «Абай жолы»).
Ал мезгіл бағыныңқылы сөйлемдерде сабақтасқан екі
сөйлемнің бағыныңқысы басыңқыдағы істің орындалу мезгілін
көрсетіп тұрады. Мысалы: Зылиқа баланы уатып келгенше, шай құюсыз, шыны аяқтар иіріліп қалды (Ғ.Мұстафин «Миллионер»).