К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет76/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
қоймайды  екен.    Аңырайып  тұра  бере  ме  осылай!  Бір  сөздің  басын 
ауырта беріп не керек? (Ғ.Мүсірепов. Жат қолында) 
Сонымен    жалпы  тіл білімінде,  соның ішінде  қазақ  тіл  білімінде 
жақты  категория, субъект – бастауышқа негізделген жақты сөйлеммен 
және  жіктік  жалғауымен,  етістіктердің  және  басқа  да  сөз  таптарының 
грамматикалық  түрленуімен  байланысты  деп  санаймыз.  Жақты 
категорияға  жіктелу  қабілеті  бар  зат  есімдер,  оның  ішінде 
антропонимдер,  субъектіні  білдіретін  есім  сөздер,  заттың  сапалық 
белгі, сипатын білдіретін сын есімдер жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің 
баяндауышы  болған  жағдайда  (мысалы,  сен  ақылдысың,  мен  жуаспын 
т.б.),  сын  есімнің  кейбір  салыстырмалы  және  күшейтпелі 
формасындағы сөздер (мәселен, көрші балаға қарағанда сен кішірексің, 
сіз  бүгін  өте  әдемісіз,  сендер  үлкендеусіңдер  және  т.б.),  кейбір  сан 
есімдер  (біз  бесеуміз,  сендер  екеусіңдер,  мен  қатарда  біріншімін) 
жатқызылады  деп  есептейміз.  Ал  жақсыз  категорияға  бастауышы 
болмайтын,  субъектісіз  жақсыз  сөйлемді,  сонымен  қатар  жіктелу 


143 
 
қабілеті  жоқ,  субъект  мәнінде  қолданыла  алмайтын  сөздерді 
жатқызамыз. 
  Синтаксис  саласындағы  келесі  қарастыратын  мәселе  – 
құрмалас  сөйлем      жүйесіне  тән  «мезгілдік  мағына»,  «мезгілдік 
қатынас» ұғымдары.  
Мезгіл  мағынасы  жалпы  тіл  білімінде,  қазақ  тіл  білімінде 
грамматикалық  шақ  категориясына,  мезгіл  үстеуге,  пысықтауыштық 
қатынасқа  құрылған  сөз  тіркестеріне,  мезгіл  мәнді  сөйлемдерге 
қатысты    зерттелген.  Мәселен,  Қ.Есеновтің  «Құрмалас  сөйлем 
синтаксисі»  еңбегінде  мезгілдік  мағына  сабақтас  және  салалас 
құрмаластардың төңірегінде, З.Ерназарованың 1993 жылы жарияланған 
«Көсемше  оралымды  сөйлемдегі  мезгілдік  арақатынас  жайында»  атты 
мақаласында мезгілдік қатынастар сөйлемнің деңгейлік сипатына қарай  
қарастырылған.  Сондай-ақ  қазақ  тіл  білімінде    мезгіл  мағынасы 
«таксис»  және  «темпоральдылық»    деген  логикалық  категориялармен 
байланыста 
 
қарастырылған. 
Бұл 
жерде 
З.С.Күзекованың 
монографиясын атап кетуге болады.   
  
«Темпоральдылық»    кең  мағынасында  концептуалды  категория 
ретінде  қарастырылады,  оның  негізінде  әртүрлі  морфологиялық, 
синтаксистік,  лексикалық  және  мезгілді  белгілеудің  басқа  да  тілдік 
құралдарына негізделетін қалып пен әрекеттің мезгілдік сипаты жатыр.    
Таксис пен темпоральдылық ұғымдарын біріктірген кезде, мезгіл 
бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерінің  басыңқы  және 
бағыныңқы  сыңарларында  белгіленетін    екі  жағдайдың  өзара 
байланысын 
бейнелейтін 
семантикалық 
категорияны 
(мезгіл 
категориясын) түсіне аламыз. 
Орыс  тілінде  мезгілдік  мағына,  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас  сөйлем,    «таксис»  ұғымдық  категория      шеңберінде 
А.В.Бондарко, 
Р.О.Якобсон, 
В.В.Храковскийдің 
еңбектерінде 
қарастырылған. Мәселен, «таксис характеризует факт по отношению к 
другому  сообщаемому  факту  и  безотносительно  к  факту    сообщения. 
Зависимый  временной  таксис  характеризует  событие  не  относительно 
момента  речи,  а  относительно  факта  или  события,  содержащегося  в 
придаточной части» деп түсіндірілген [1;101].   
           Ғылымда  мезгіл  категориясына  қатысты  жалпы  қабылданған 
пікірлер мен  мезгіл ұғымын талдап берген  категориялар арақатынасы  
жөнінде  мәселелер  бойынша  бірыңғай  пікірлер      жоқтың  қасы  деуге 
болады. 
          
Орыс  тіл  білімінің  зерттеушілері    А.В.Бондарко,  Ю.С.Маслов,  
Е.И.Шендельс, 
К.Т.Рысалды, 
З.К.Ахметжанова, 
М.Б.Нуртазина,  
Н.Г.Шаймерденова және тағы басқа  ғалымдар тіл жүйесінде мезгілдік 
семантикалық 
категориялардың 
функционалдық-семантикалық 
ерекшеліктерінің  негізінде  мезгіл  грамматикалық  категориясы 
жасалатынын зерттейді.  


144 
 
           Сол  себепті  «мезгіл  белгілеуші»  ұғымдарды    кешенді  тұрғыдан 
(морфологиялық  мезгіл,  темпоральдылық,  таксис,  хронотоп)  талдау 
қазақ  тілінде  зерттеу  нысанасы  болғанымен,  оны    әрі  қарай 
синтаксистік  мезгіл    тұрғысынан  талдап  көрсету  маңызды  мәселе  деп 
ойлаймыз.    
  Мезгіл 
мағынаның 
синтаксистік 
қатынас 
ретіндегі 
функционалдық- семантикалық ерекшеліктерін зерделеп, оның  салалас 
пен 
сабақтас 
сөйлемдердің 
аясындағы 
өрісін, 
мағына 
айырмашылықтары 
мен 
ұқсастықтарын 
салыстыру, 
құрмалас 
сөйлемнің 
предикатив 
сыңарларының 
арасындағы 
мезгілдік 
қатынастарды анықтау мақаламыздың міндеті болып табылады. 
           Мәселен,  құрмалас  сөйлем  жүйесінде  мезгіл  мағынасын 
білдіретін  мезгілдес  (ыңғайлас)  салалас  сөйлем,  мезгіл  бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем, мезгілдік іргелес салалас сөйлем мен үлестес сабақтас 
құрмалас  сөйлем;    себеп  мағынасын  білдіретін  себептес  салалас  пен 
себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем;  мағыналық  жағынан  ұқсас 
келетін  қарсылықты  салалас  сөйлем  мен  қарсылықты  бағыныңқылы 
сабақтас  сөйлем,  сондай-ақ  шарттық  қатынасты  білдіруге  арналған 
шарттық  іргелес  салалас  сөйлем  мен  шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмалас сөйлемдер бар екендігі белгілі. 
Алайда  жоғарыда  аталған  құрмалас  сөйлем  түрлері,  жалпы 
алғанда,  мезгілдік,  себептік,  қарсылықты,  шартты  мағыналық 
қатынастарды  білдірсе  де,  олардың  жасалу  тәсілдері  әр  қилы  және 
іштей  өзіндік  мағыналық  ерекшеліктерге  ие.  Демек  олар  мағына 
жағынан да сай келе бермейтіні анық.   
          Зерттеудің  нысанасы  ретінде  алынған  мезгіл  мағыналық  қатынас 
құрмалас сөйлем жүйесінде, алдымен, жалғаулықты салаластың ішінде 
ыңғайлас (мезгілдес) салаластың, екіншіден, жалғаулықсыз салаластың 
ішінде  мезгілдік  іргелес  салаластың,  үшіншіден,  мезгіл  бағыныңқы 
сабақтас  құрмаластың,  төртіншіден,  үлестес  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдердің 
семантикасына 
тән 
екендігі 
белгілі. 
Алайда 
құрмаластардағы  сыңарлар  арасындағы  мағыналық  қатынастың 
жасалуы әртүрлі.  
   Сөйлемдердің мағына жағынан ұқсастық ерекшеліктері қазақ тіл 
білімінде    синтаксистік  конструкциялардың  синонимдігі  төңірегінде 
зерттелген.  Бұл  бағытта  ғалым  М.Серғалиевтің  «Синтаксистік 
синонимдер»  атты  еңбегін  атап  кетуге  тиіспіз.  Бұл  еңбекте 
синтаксистегі мезгіл  мағынасына қатысты мағлұматтар ыңғайлас мәнді 
сөйлемдер  синонимиясы  мен  мезгіл  мәнді  сөйлемдер  синонимиясы 
төңірегінде айтылып, мезгілдің түрлі кезеңдері бойынша сөйлемдердің 
синоним болу мүмкіндіктері қарастырылған. 
Сөйлемдер  синонимиясы,  оның  ішінде  ыңғайлас  мәнді  сөйлемдер 
синонимиясын сипаттайтын болсақ, ыңғайлас салалас сөйлемдердің бір 
тобы  оқиға,  қимыл,  процестің  бірінен  соң  бірінің  болғанын  білдірсе, 


145 
 
екінші  бір  тобы  іс-әрекеттердің  бір  мезгілде,  қатар  жүзеге  асқанын 
білдіреді.  Осы  екі  басты  белгіні  ескерсек,  салаластардың  бірімен 
бірінің  арасындағы  синонимдік  қатынаста  жүйе,  тәртіп  барын  байқау 
қиын  емес.  Синонимділіктің  шарты  бойынша  салаластардың  бұл  екі 
тобы  өзара  синоним  бола  алмайды,  әр  түрінің  өзі  ішінде  синонимдік 
қатар  жасаулары  қисынды.  Сөйтіп,  ыңғайлас  салалас  сөйлемдер,  ең 
алдымен, өз ішінде бірімен-бірі синоним болады. 
 
 Мезгіл  мәнді  сөйлемдер  синонимиясы  жайлы:  «Бұл  сөйлемдерде 
уақыттың  әртүрлі  кезеңдеріндегі  оқиғалар  әңгіме  арқауы  болып 
отырады. 
 
Мәселен, 
оқиғаның 
болмай 
тұрғандығы, 
оның 
созылыңқылығы, сондай-ақ болғаннан кейінгі кезеңі». 
 
  Қазақ  тіліндегі  мезгіл  мағынаның  сабақтас  және  салалас 
құрмаластардағы семантикалық реңктеріне тоқталып көрелік. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет