К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Ұлы мәртебелі уақыт. Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам



Pdf көрінісі
бет20/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
 
9 Ұлы мәртебелі уақыт. Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам 
жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды 
салыстыру. 
 
Уақыт. Мезгіл 
- Қай уақытта ұйқыдан тұрасыз? 
- Таңертеңгі сағат 7-де. 
- Қай уақытта ұйықтауға жатасыз? 
- Түнгі сағат 11 шамасында. 
- Жылдың қай мезгілінде демаласыз? 
- Жазда, (күзде, күз мезгілінде . . . ) 
- Дәріс қай күндері болады? 
- Сәрсенбіде, жұмада. 
- Қашан жол жүресіз? 
- Келесі аптада (келесі айда, бір аптадан кейін, . . . ) 
- Қай кезде кездесеміз? 
- Түс кезінде (таңертең, ымырт кезінде, ...) 
 
Тапсырмалар:
9.1.Оқып түсініңіз, айтып үйреніңіз.
9.2. Уақыт, мезгілге байланысты сөз тіркестерін сөйлесімде қолданыңыз: тал 
түс, түс ауа, ымырт, келесі аптада, келесі айда, сәуірде, ұзақ
уақытқа, түс кезінде, ақшам кезінде.
 
Ұлы мәртебелі уақыт 
Уақыт алтыннан қымбат. 
Мақал. 
 
Адам уақытқа тәуелді. Адамның еңбегі, қызметі, жасаған өмірі – бәрі 
уақытпен өлшенеді. Жетістікке жеткен адам тек еңбекқор, жауапты адам ғана 
емес, ол - уақытын тиімді пайдаланған адам.
Барлық адамға, қарапайым адамға да, патшаға да тәулігіне 24 сағат қана 
уақыт беріледі. Осы 24 сағатты кім қалай жаратады? Ол сол адамның өзіне 
байланысты. Қазақ халқында «жақсыменен өткізген жарты күнің жаманның 
өтіп кеткен өміріндей» деген сөз бар. Дұрыс айтылған. Адам, біріншіден, өз 
күнін дұрыс жоспарлай білуі керек. Екіншіден, жақсы адамдармен көбірек 
араласуы қажет. Жақсы адамның қасында жүрсең, үйренерің көп болады.


25 
Адамның барлығы дүниеге сәби, пәк күйінде келеді. Туылған 
нәрестелердің барлығы періште. Жылдар өтеді, отбасы, мектеп, ересектер 
өмірі, қартаю. Бірақ қарт адамның барлығы бір емес. Барлығы бірдей дана, 
елге сыйлы адам емес. Неге? Қателік қай жерден кетті? 
Кей сұрақтардың шешімін табу қиын. Кей қайғыны көтеру мүмкін емес. 
Қасыңдағы адамдар кей қиындықты жеңуге көмектесе алмайтын кездер 
болады. Осындай сәттердегі жалғыз емші – уақыт. Я, уақыт-емші. Бұл 
уақыттың тағы бір қасиеті.
Мысал әңгіме
Ертеде бір патша өз өнерінің хас шебері, атақты суретшіні шақыртып, 
тапсырма беріпті. «Жер бетіндегі адамдардың ішінен ең таза, ең пәк, күнәсіз 
адамның суретін салып әкел» деп. Суретші көп ойланыпты. Ақыры, дүние 
есігін ашқанына көп болмаған, періште сәбидің суретін салып әкеліпті. Патша 
риза болыпты. Бірақ екінші тапсырмасы алдыңғысынан қиын еді. «Адамзат 
баласының ішіндегі ең нашар, ең жауыз, ең сұмпайы адамның суретін салып 
әкел» депті бұл жолы патша. Суретші күн ойланады, түн ойланады, айлар 
өтеді, бірнеше ондаған жыл өтеді. Соншалықты жаман адамды табу қиынға
соғады. Ақыры шынымен де нашар, шынымен де адам болмайды деген
ұсқынсыз, күнәһарды табады. Сол байғұстың суретін салып отырғанда, әлгі 
нашар адам суретшіге қарап отырып еңіреп жылайды дейді. «Сен неге 
жылайсың?» деген сұраққа ол «сенің осыдан қаншама жыл бұрын салған 
періште, пәк сәбиің мен едім ғой. Қазіргі салып отырған ең жаман адамың да 
мен болғаныма күйінемін» депті.
Бұл мысалдан шығатын қорытынды: уақыт адамды басқарады. Сен 
қандай адам болып өмірден өтесің? Белгілі бір деңгейде ол сенің өзіңе де 
байланысты. Өзіңдегіні бағалай білмесең, уақыт сені қандай қылатынын 
ескер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет