К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет43/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Тапсырмалар
3.1. Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, мағынасын түсініңіз. 
3.2. Әр жаңа сөзбен бірнеше сөз тіркесін құраңыз. 


54 
3.3. Етістік+-ма-йын-ша, -ме-й-ін-ше, -па-й-ын-ша, -пе-й-ін-ше тіркестеріне 
10 мысал келтіріп, аударыңыз. 
3.4. Сөйлемдерді бірнеше нұсқада аяқтаңыз.

Адамдар өнертабыстарды пайдаланбайынша, . . .

Саксофонды ойлап таппайынша, . . .

Өнертапқыштар өз үлестерін қоспайынша, . . .
3.5. Мәтінді мазмұндаңыз.
3.6. «Қазіргі заман өнертабыстары». Ақпарат жазып әкелу.
3.7. ????????????? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі. Есімшенің анықтауыштық 
қызметі. 
 
Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі 
"Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз 
тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар 
болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек" 
Н.Ә.Назарбаев 
2017 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру" мақаласы жарияланды. Осы мақалада көтерілген өзекті 
мәселелердің бірі – «100 жаңа есім» жобасы. "100 жаңа есім" жобасы - 
Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі 
жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобаның мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына 
қомақты үлес қосқан адамдарды жариялау, лайықты жерлестерімізді 
көпшілікке таныту, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. 
Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі боп жүрген азаматтарды 
тануымыз керек. Оларды тек танып қана қоймай, жастарға үлгі ету қажет. 
"Әрбір адам - ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы 
тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның 
мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады" - дейді бұл туралы 
Елбасымыз.
Іріктеу 100esim.el.kz сайтына онлайн дауыс беру арқылы жүзеге 
асырылды. Үміткерлер, негізінен, қоғамдағы барлық саланың өкілдерінен. 


55 
Олар - дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер 
қайраткерлері, т.б. өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар. Аталған жобаға 
қатысушылар саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Биылғы, 2019 жылы 
жалпы тізімде 2100 адам тіркелген.
Тапсырмалар: 
4.1. Мәтінді оқыңыз. 
4.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. 
4.3. Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз: өзекті мәселе, жеке 
роман, үлгі боп жүрген адамдар, жобаға қатысушылар, адамның 
мүмкіндіктері, жерлестерімізді тану, үлгі ету. 
4.4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз, жауаптарын жазыңыздар. 
4.5. Есімшені еске түсіріңіздер. Есімшенің анықтауыштық қызметіндегі 
мысалдарды теріп жазыңыздар. мысалы: көтерілген мәселе. 
4.6. Никита Амоскин мен Мыңжылқы Бердіқожаевтармен танысыңыз.
4.7. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз. 
4.8. «100 жаңа есім» жобасы туралы әңгімелеңіз. 
4.9. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет