Нематодалардың даму биологиясы әртүрлі өтеді. Нематодалардың
арасында геогельминттер, олар тік жолмен, аралық иесіз дамиды, және де
биогельминттер кездеседі, олардың дамуында аралық ие қатысады. Көп
нематода түрінде резервуарлық иелер болады.
Нематода аналықтарының бөлек түрлері жыныс тесіктері арқылы
жұмыртқаларың немесе личинкаларың шығарады, сол себебтен оларды
жұмыртқа салушылар немесе тірі туатындар деп айтады. Бөлінген
жұмыртқаның ішінде дамыған личинка немесе бөлек келген бластомералар
болады. Жұмыртқалар немесе личинкалар сыртқы ортаға нәжіспен немесе
несеппен шығады. Егерде жұмыртқа ұрықпен сыртқы ортаға шықса,
жұмыртқада ереже түрінде бірінші сатылы личинка дамиды. Алғашқыда
личинка жұмыртқа қабығын тастайды немесе инвазиялық сатысына дейін
жұмыртқада дамиды.
Тірі туатын нематодалардың личинкалары соңғылардың орналасу жері
байланысына қарай қарын-ішек жолы арқылы немесе көз бөліндісімен
сыртқы ортаға бөлінеді, немесе қанға түседі, одан қан сорғыш жәндіктердің-
аралық иелердің ағзасына барады. Трихинелла паразиттерді бөлек айтып кету
керек. Трихинелла аналықтары ішектің кілегей қабатына терен еніп, тірі
личинкаларың көп саның сонда туады, олар қан арқылы бұлшықетке жетіп
капсуламен қапталады. Осы жағдайда бір жануар соңғы және аралық ие
болып саналады. Трихинелланың алғашқы дамуы басқа жануардың денесінде
өтеді.
Нематода личинкалары сыртқы ортада (жұмыртқада, топырақта, шөпте) -
геогельминттер екі-үш рет түлейді немесе аралық иенің организмінде –
биогельминттер инвазиялық сатысына жетеді.
Паразиттік нематода класына 8 подотряды жатады: Oxyurata,
Ascaridata, Strongylata, Trichocephalata, Spirurata, Filariata, Dioctophymata,
Rhabditata.Олар ветеринарияға өте маңызды.
Бақылау сүрақтары:
1 Қандай морфологиялық ерекшелер нематодаларға өте мінезді?
2 Нематодалар қандай қүрттардың түріне жатады?
3 Нематодалардың неше подотрядтары бар?
4 Қандай белгілер арқылы нематода жұмыртқаларың ерекшелейді?
5 Нематодалар малдың қай жерінде мекендейді
83
Тақырып 28 Жылқы оксиурозы
Сабақтың мақсаты: Оксиуроз қоздырушысының құрылысымен, даму
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Жылқы оксиурозы – Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың
Oxyuris egui қоздырушысымен шақырлады, жануарлардың үлкен бүйен
ішегінде паразиттейді. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және
құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан
басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар – есектер, зебралар. Оксиуроз бүкіл
жерде кездеседі.
Қоздырғыш. Ауыз қуысы алты шетті, қысқа ауыз капсуласына
(кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өнештің артқы жағында
бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6 – 15 мм. Құйрығы жалпақ, бір
жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ.
Аналықтын ұзындығы – 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы
жінішке,
ұзын,
вульва
дененің
алдынғы
жағында
орналасқан.
Жұмыртқалардың мөлшері 0,085 – 0, 099 х 0,040 – 0,045 мм, түссіз, жартылай
мөлдір, асимметриялы, полюстін бір шетінде – «тығын» сияқты болады.
Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады.
Даму циклi. Дамуы аралық иесіз өтеді. Шағылысқаннан кейін
аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар құрылып піседі.
Жұмыртқаларға толған аналықтар нәжіспен бірге сыртқа шығады, жартсы
жерге түседі де жұмыртқаларың нәжістің үстіне салады, ал жартсы құйрық
астының кілегей қабаты қыртыстарында үсталып қалады. Перианальді
қыртыстар арасында жұмыртқаларың салады. Жұмыртқаларын салып
болғасын аналықтар өліп қалады. 2 – 3 күн өткесін олардың ішінде
личинкалар дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің
үстіндегі аналықтары 1 - 2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды.
Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады.
Ішекке түскен жұмыртқалардан личинкалар шығады, 3 – 4 апта өткесін толық
жынысты паразиттерге жетеді.
Эпизоотологиялық деректер. Оксиурозбен көбісіне бір жасқа
толмаған құлыншақтар және кәрі жылқылар аурады. Дымқыл, лайлы
қоралар, толық емес азықтандыру оксиурозды таратуға жол береді. Жиі
жылқылар азықты жерден жегенде тез зақымдалады, ауру жылқылардың
саны қыс – көктем мерзімінде (қараша айынан бастап мамыр айына дейін)
жиі білінеді.
Патогенез. Ішектің жуан бөлімінде оксиуристардың көп саны жиналып
кілегей қабатың жарақаттайды, токсиндерді бөледі. Сондықтан, ішекте
катаральді қабыну дамиды. Перианальді қыртыстар аумағында аналықтар
және олармен бөлінген жұмыртқалар қышыма тұдырады. Сол нәтиже арқылы
құйрық аумағында дерматиттер пайда болады.
Диагнозді клиникалық белгiлерi және перианальді қыртыстарынан
қырынды алып қояды.
84
Емi. Оксиуроз кезінде эффективті препарат пиперазиннін тұздары:
адипинат, фосфат немесе сульфат. Препаратты дымқыл жемғе көсып береді,
дозасы 0,1 г/кг, екі рет, интервал бір тәулік.
Шетелдің эффективті препараты: 20 % -тық тетрамизол грануляты, 10% - тық
мебенвет грануляты.
Алдын алу шаралары. Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға
3 - 4 рет, 1 – 1,5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин
қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды
таратуына тым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқы
ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді.
Бақылау сұрақтар:
1 Оксиуроз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғышын атаныз?
3 Қандай жол арқылы дамиды, паразит қайда мекендейді?
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ?
5 Диагнозды қалай қояды?
Тақырып 29 Қоян пассалурозы
Сабақтың мақсаты: Пассалуроз қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою әдістерімен
таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Қоян пассалурозы – Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus
ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы
қояндардың соқыр және жуан ішекте мекендейтін нематодалар. Инвазия
барлық жерде таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда 40–
90% – ға дейін қояндардың басы зақымдалады, бір баста инвазияның
интенсивтігі 10 млн. жетеді.
Қоздырғыш. Нематодалардың пішіні ұршық тәрізді. Кішкентай ауыз
қуысының түбінде үш тісі орналасқан. Өнештің бульбусы шар тәрізді.
Аталықтың ұзындығы 3,8 – 5,0 мм, құйрығы біз сияқты, спикуласы біреу.
Аналықтың 7,75 - 11,0 мм, құйрығы жінішке. Вульва дененің алдынғы
жағында ашылады. Жұмыртқалары ұсақ, асимметриялы, бір жақ шетінде
тығыны болады.
Даму циклi. Passalurus ambiguus–тың даму биологиясы оксиуридтік
түрімен өтеді. Аналықтар шағылысқаннан кейін жұмыртқалар нәжіспен бірге
жерге, төсенішке, құйрық аумағының жүн үстіне түседі. Жұмыртқаларың
салғаннан кейін аналықтар тез өліп қалады. Инвазиялық сатысына дейін
жұмыртқалар 24-48 сағаттан кейін жетеді. Жұмыртқалардың дамуы
перианальді жиирмаларында өтеді. Қояндар инвазиялық жұмыртқаларды су
мен немесе азықпен жұтып зақымдалады; ішекте жұмыртқалардан
85
личинкалар шығып 11-15 күн өткесін толық паразиттерге дамиды.
Пассалурустардың қоян ішегіндегі өмір ұзақтығы 60 - 70 күн.
Эпизоотологиялық деректер. Пассалурозға қояндардың барлық
жастары бейімді болады. Ауру жылдың барлық мерзімінде кездесе береді.
Пассалурозбен қояндар өз өзінен зақымдалуы мүмкін; ауру қояндардың
құйрық аумағында қышыма болғандықтан, олар қасиды, тілмен жалайды, сол
кезде пассалурустардың піскен жұмыртқаларың жұтады. Қояндар қорасының
антисанитарлық жағдайы пассалуроз таралуына жол береді.
Патогенез. Пассалурустардың механикалық және токсикалық әсерінен
қояндардың жуан ішегінде катаральді қабыну байқалады; көжектерде –
қарын аумағының ауырсынуы, іш өту, дене температурасы қотерілуімен
білінетің колиттер дамиды.
Клиникалық белгiлер минезді емес. Құйрық аумағында тырнап
тастаған жерлер, қызарулар байқалады. Ауру қояндар мазасыз болады,
қышыма білінеді, қабырғаларға, ұйшіктеріне құйрығың қасиды.
Диагнозді перианальді қырынды әдісі арқылы және микроскопиялық
ректальді зерттеулер өткізіп қояды.
Емi. Өте жақсы препараттар - фенотиазин және пиперазиннің тұздары.
Фенотиазинді 2 күн бойы береді, дозасы 1-1,5 г/кг. Пиперазиннің түздарың
ересек қояндарға бір рет береді, дозасы 1,0 г/кг; көжектерге – 0,75 г/кг, екі
рет, екі күн бойы. Фенотиазинмен пиперазинді дымқыл жемге қосып, 18-24
сағат аш қарын ұстап береді.
Алдын алу шаралары. Күн сайын қертені, суқүйғышты, клетканы
жақсылап тазартады немесе ыстық сумен қүйдіреді. Қояндарға пиперазинді
қолданып химиопрофилактика өткізеді. Осы мақсатпен аналарынан айырған
көжектерге күн сайын 43-50 күн бойы, дозасы 0,1- 0,15г/кг пиперазин–
адипинатты, топ әдісімен береді.
Бақылау сұрақтар:
1 Пассалуроз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғышын атаныз?
3 Қояндардың шалдығатың жасы?
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ?
5 Диагнозды қалай қояды?
Тақырып 30 Жылқы параскаридозы
Сабақтың мақсат: Параскаридоз қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Жылқы параскаридозы – біртұяқтылардың ауруы Ascaridae
тұқымдасына жататың Parascaris equorum нематодамен шақырылады.
86
Параскаридалар жінішке ішекте, кейбір кезде қарында және бауырдың өт
жолдарында мекендейді. Параскаридоз бүкіл жерде таралған.
Қоздырғыш. Parascaris equorum – ірі нематода, аналығы 18 – 37 см, ал
аталығы 15 – 28 см жетеді. Аталықтың құйрығы иілген, екі бірдей спикуласы
бар. Аналығы піспеген, доңгелек, мөлшері 0,09 – 0,1 мм, қоныр түсті,
сыртынан жуан тегіс қабықпен қапталған жұмыртқаларды бөледі.
Даму циклi. Параскаридалар тік жолмен дамиды. Параскарида
жұмыртқалары сыртқы ортада инвазиялық сатысына 20 - 25°С температура
кезінде 8 -15 күн ішінде жетеді. Қыста жұмыртқалар дамымайды. Жылқы
жұмыртқаны жұтқан күнінен бастап паразиттің толық сатысына дейін 1,5 –
2,5 ай өтеді.
Эпизоотологиялық деректер. Жылқы параскаридозың жиі ауа райы
дымқыл және батпақ райондарында тіркейді. Әсіресе жылқылардың жаңа
туған төлдері, сирек ересек жылқылар аурады. Параскаридтік инвазияның ең
жоғары кезі күз–қыс айларында білінеді, содан кейін төмендеуі байқалады.
Параскарида жұмыртқалары барлық даму кезендерінде төмен температураны
жақсы көтереді (қыста). 25%-дан нәжістің дымқылдығы және 75%-дан ауа
райының дымқылдығы төмен паразит жұмыртқаларының кебуден өлімге
үшыратады. Температура 40°-тан биік болған кезде жұмыртқалар тез
уақытта жаппай өліп қалады.
Жылқылардың зақымдалуы алиментарлы жолмен өтеді, су мен немесе
азықпен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып параскаридозбен аурады;
құлыншақтар анасының сүтін емген кезде зақымдалуы мүмкін. Бағу, суару
және азықтандыру жағдайылары инвазияның экстенсивтігіне және
интенсивтігіне үлкен әсер етеді.
Аурудың патогенезі және клиникалық белгiлері инвазияның
интенсивтігіне, малдың жасына, организмнің резистентігіне және
аллергиялық реакциясына байланысты болады. Клиникалық белгілері өте
жақсы құлыншақтарда білінеді, ал ересек жылқыларда параскаридоз
жасырын
түрде
өтеді.
Жылқыларда
параскарида
личинкалары
зақымдалғаннан кейін бірінші күндерде қанмен миграция жасаған кезде
энтериттер, іш өту, жөтелмен білінетін бронхопневмония, дене
температурасы көтерілуі және мұрыннан бөлінді ағуымен байқалады. Ішекте
параскаридалар болғандықтан қарын-ішек жолы қызметінің созылмалы
бұзылуы байқалады, жылқылар тез жүдейді, шаршайды, шәншу пайда
болады. Кілегей қабаттары бозғылт, қан құрамында өзгерістер байқалады:
эритроциттер мен гемоглобиннің саны азаяды, лейкоцитоз, эозинофилия
білінеді, ЭТР (РОЭ) тезделеді. Кейбір кезде құлыншақтарда жүйке
құбылыстары байқалады (тетаникалық тырысу, құйрықтың парезі).
Диагноз. Тірі кезіндегі негізгі әдісі – жылқылардың нәжісін
Фюллеборн әдісімен зерттеу. Өлген кезде – ішекті сойып, ашып қарап
параскаридтерді тауып нақты диагнозды қояды.
Емi. Жылқы параскаридозы кезінде пиперазиннің тұздарың, эквалан
пастаны қолданады.
87
Алдын - алу шаралары - жылқы параскаридозына қарсы шаралардың
негізі. Жылқыларға күзде және көктемде жоспарлы дегельминтизацияны
өткізеді. Қорадан нәжісті күнде тазартады және биотермикалық
залалсыздындырады, таза сумен суарады. Биелерді құлындарымен
мәдениетті жайляуда бағады.
Бақылау сұрақтар:
1 Параскаридоз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғышын атаныз?
3 Жылқылардың шалдығатың жасы?
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ?
5 Тірі кезде диагнозды қалай қояды?
Тақырып 31 Бұзау неоскаридозы
Сабақтың мақсаты: Неоскаридоз қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Бұзау неоскаридозы – Anisakidae тұқымдасына жататың Neoascaris
vitulorum қоздырушысы, бұзаулардың жіңішке ішегінде мекендейтін
нематода. Неоскаридоз ауруын мемлекеттін оң түстігінде тіркейді.
Қоздырушының морфологиясы. Neoascaris vitulorum – ірі, әкшіл –
сары түсті нематода, аталықтың ұзындығы – 10 – 15 см, аналықтың 15 – 30
см. Неоскарида жұмыртқалары ортанша келген, диаметрі 0,07 – 0,09 мм,
сопақтау, сары түсті: сыртқы қабаты бұдырлы. Сыртқы ортаға піспеген түрде
шығады.
Қоздырушының биологиясы. Неоскаридоздың қоздырушысы
токсокароидтік жол түрімен дамиды. Сыртқы ортаға бөлінген неоскарида
жұмыртқалары қолайлы жағдайда 2 – 3 аптадан кейін инвазиялық сатысына
жетеді. Бұзаулар инвазиялық жұмыртқаларды жұтып неоскаридозбен
зақымдалады.
Бұзаулардың зақымдалуы жиі анасының жатыры ішінде байқалады.
Неоскарида личинкалары миграция кезінде төлдің ағзасына плацентарлық
қан айналым арқылы өкпегу түседі. Бұзау туғасын неоскаридалар ішекке
ауады, 6 аптадан кейін толық жыныс сатысына жетеді.
Эпизоотологиялық деректер. Толық жыныс сатылы паразиттердің
тасымалдаушысы – тек жасы төрт айға жетпеген бұзаулар, содан кейін
паразиттер өз – өзінен ағзадан шыға бастайды, оған малдың жасына қарай
иммунитет тез даму әсері байланысты.
Аурудың патогенезі және клиникалық белгiлері. Неоскаридалардың
механикалық, токсикалық және солардың антигендерінен зақымдалған
бұзауларда ауыр клиникалық белгілері дамиды, сонымен қатар: іш өту, іш
қату, тәбеті бұзылу, бүлшықеттердің жиырлуы, іш кебу, несептің және
шығару ауаның жаман иісі, мазасыздану.
88
Диагнозды малдың тірі кезінде Фюллеборн әдісімен нәжісті зерттеп
немесе толық жынысты паразиттерді тауып қояды. Осымен бірге
гельминтоздың эпизоотологиялық деректеріне және клиникалық белгілеріне
назар аударады. Өлгеннен кейін бұзау ішегінде неоскаридаларды тауып
диагнозды анықтайды. Тағыда етті пісіргенде иісіне назар аударады (эфир,
хлороформ иісіне ұқсатады)
Емi. Неоскаридалар антгельминтиктер және іш айдайтын дәрілер
әсеріне тұраксыз қеледі (ағылшын және глаубер тұзына).
Алдын - алу шаралары негізі – бұзау туратың қораларды күнде тазарта
отыру және дезинвазия жасау керек. 20-күн жасынан бастап бұзауларға
дегельминтизация өткізу керек.
Бақылау сұрақтар:
1 Неоскаридоз аурумен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғышын атаныз?
3 Бұзаулардың шалдығатын жасы?
4 Паразиттер мөлшерін атаңыз ?
5 Тірі кезде диагнозды қалай қояды?
Тақырыбы 32 Шошқа аскаридозы
Сабақтың мақсаты: Аскаридоз қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Шошқа аскаридоз ауруы - Ascaridae тұқымдасына, Ascaridata подотрядына
жататың дөңгелек құрттармен шақырылады. Қоздырушы ащы ішекте және
бауырдың өт жолдарында мекендейді.
Қоздырушы – Ascaris suum – ірі ұршық тәрізді нематода.
Аталықтардың ұзындығы 10-25 см, аналықтардың 20-40 см жетеді. Ауыз
қуысының үш еріні болады шеттері өткір тістерімен қапталған.
Аталықтарының екі қысқа бірдей спикуласы болады. Жұмыртқалары
сопақша келген, мөлшері (0,06-0,08)х(0,04-0,05)мм, қабығы жуан, бұдырлы,
қоныр түсті.
Даму биологиясы. Аскаристар - геогельминттер, иенің ағзасында тік
жолмен дамиды. Толық жынысты аналықтар бір тәулікте 200 мың
жұмыртқаға дейін салады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады.
Температура 24-26ºС және дымқыл болған кезінде жұмыртқада 21-28
тәулікте инвазиялық сатысына дейін личинка дамиды. Шошқалар
инвазиялық жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады.
Шошқаның ішегінде жұмыртқалардан личинкалар шығып қан тамырларға
енеді. Қақпақ вена арқылы бауырға, содан кейін қуысты вена арқылы –
оң
жақ жүрекшеге түседі. Оң жақ жүрекшеден өкпеге, ұсақ капиллярларға,
альвеолаға, бронхиолаға, бронхтарға барады да, кілегеймен қосылып ауыз
89
қуысына түсіп жұтылады. Ішекке түскен личинкалар 1,5-2,5 ай ішінде толық
жыныс гельминттерге жетеді. Нематодалардың тіршілік ұзақтығы 4-10 айға
тең.
Эпизоотологиялық деректер. Аурудың тарату көзі – уақытында
дегельминтизацияны өтпеғен ересек шошқалар. Негізінен зақымдалу
залалсызданған шошқа қорасында өтеді, шошқа торайлары аскарида
жұмыртқаларын азықпен және сумен жұтып зақымдалады. Дұрыс
азықтандырмау (әсіресе витамин А және В жетіспеуі) торайлар ауруларының
таралуына әкеп соқтырады. Аскарида личинкаларының көп саны олардың
организмінде жиналады, сондықтан жауын құрттар резервуар болып
саналады. Аскарида жұмыртқалары сыртқы ауа райының шарттарына өте
тұрақты және өмір қабілеттігін 2 жылға дейін сақтайды (адамның аскарис
жұмыртқалары 6 жылға дейін сақталады).
Шошқа аскаридозымен зақымдалуы жылдың мерзіміне де байланысты.
Патогенез және иммунитет. Патогенез аскаридоз кезінде паразиттің
даму биологиясына байланысты. Личинкалар ішек-бауыр-жүрек-өқпе-ішек
схема бойынша миграция жасаған кезде ұсақ тамырларды, мүшелерді және
үлпаларды зақымдап, қабыну процесстерді және қан құйылуды тудырады.
Миграция жасаған кезде личинкалар үлпалық паразиттер болып саналады,
бірнеше рет түлейді, өсіп дамиды, метаболизм өнімдерін бөліп шығарады,
паразиттердің жартсы өліп қалады. Осы нәтижеден аллергия дамиды. Толық
жетілген аскаристар ащы ішектің кілегейін механикалық зақымдап, кейбір
кезде бекітеді немесе қабырғасын жарады. Аскаридалар бауырдың өт
жолдарына жылжиды да өттін ағымын қинатады. Осы арқылы зат
алмасудың, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, жартылай салдану
және тырысу байқалады.
Жануардың жасы қосылуымен жүре пайда болған иммунитет төмендейді.
Ауру белгілері. Паразиттің даму сатысына қарай аурудың жіті
(миграциондық) және созылмалы (ішектік) түрі болады. Аурудың жіті
түрінде аллергия және бронхопневмония, жүйке құбылыстары (жартылай
салдану,
тырысулар),
тіс
қайрау,
аяқтардың,
қарынның
бөлек
бүлшықеттерінің дірілдеуі, тепе-тендік бұзылуы, жөтел (басында құрғақ,
содан кейін дымқыл), жиі бетті дем алу белгілері білінеді. Дене
температурасы көтеріледі. Торайлар төсеніш астына тығылып өлімге бас
тартады. Торайлардың терісінде 5 - 6 тәуліктен кейін ұсақ, шеттері қара
немесе қоныр бұртпелер, папулалар пайда болады.
Инвазияның созылмалы түрінде тәбеті төмендейді, ішек-қарын жолының
қызметі бұзылады, жануарлар тез жүдейді (заморыш теп атайды). Ересек
шошқаларда ауру белгілері көзге көрінбейді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ларвальді аскаридоз кезінде
өзгерістер бауырда әқ дәкті түрінде және өқпеде қан құйюлылар білінеді.
Аурудың бірінші күндерінде өқпеде ұсақ әқ дақтар және нүкте қан
құйюлылар пайда болады. Сонында өқпе қара-қызыл түсті болады.
Инвазияның имагинальді түрінде бекітілу және жарылуы байқалады. Ащы
90
ішекте катаральді энтерит және ішек қабырғасының атрофиясы байқалады.
Өлекселер арық, ісінген және терісінде бөртпелер бар.
Диагнозды кешенді түрде инвазияның барысын есепке алып қояды.
Жіті аскаридозға соңғы диагнозды қою үшін өлексенің өқпесің кесіп жылы
суда ұсақтап Берман әдісімен зерттейді. Аскарис личинкаларың табады.
Аскаридоздың созылмалы түрің анықтау үшін нәжисті Фюллеборн әдісімен
зерттейді. Ашып қараған кезде гельминттерді және ащы ішектің катаральді
қабынуын байқайды.
Емдеу үшін пиперазин, нилверм, фенбендазол (панакур), фебантел (ринтал)
және т.б. қөлданады.
Достарыңызбен бөлісу: |