Эпизоотологиялық деректер. Бүл мерзімді ауру, жазда әсіресе
маусым – тамыз айларында білінеді. Жануарлар жайляуда немесе су
қоймалары маңайында аралық иелермен кездесіп зақымдалады. Солтүстіктен
басқа, барлық жерде таралған, әсіресе оң түстіктегі бұзауларда кен таралған.
Осыдан басқа, телязийлардың қоздырушылары жылқыларда - Thelazia
lacrimalis, шошқаларда -Thelazia erschovi, иттерде - Thelazia callipaeda
паразиттейді.
Патогенез толық зерттелмеген. Телязийлар конъюнктиваға және көздің
қаса қабағына
механикалық әсер етеді, сондықтан микрофлора ену
нәтижесінен серозды немесе ірінді конъюнктивит дамиды. Зақымдалған
көздің қаса қабағы қабыршықтанады,
ал қабынған конъюнктива ісінеді.
Конъюнктивада эрозиялар пайда болады.
Ауру белгілері 3 сатысымен сипатталады. Ең біріншіден
конъюнктивит, жарықтан қорку, жас ағу, содан кейін аурудың ауыр барысы
байқалады. Көзден ірін ағады, қабағы ісінеді. Аурудың соңғы сатысында көзі
жараланады, көру қызметі бұзылады.
Диагнозды мінезді клиникалық белгілеріне және жылдың мерзіміне
қарап қояды. Нақты диагноз қою үшін көзд жуып – шайып сұйықтықты
телязийларға зерттейді.
Емдеу үшін 2-3 % - тік бор қышқылын, 3% - тік лизол эмульсиясымен
немесе йодтың су ерітіндісімен шаяды.
Thelazia gulosa және Thelazia skrjabini-мен тудырылған телязиоз кезінде 0,015
г/кг тірі салиағына дитразит-цитрат қолданады. Секундарлы микрофлорамен
асқынған кезде симптоматикалық емдеу өткізеді, ол үшін пенициллин,
сульфаниламид препараттарың қолданады.
Алдын-алу және күресу шаралары. Қорада тұрған малдың бүкіл
санына және көктемде масалар ұшу алдында дегельминтизация өткізеді. Бұл
дегельминтизацияны 7-8 күннен кейін қайталайды. Жазда күннің ыстығында
малды қорада ұстау керек.
Бақылау сұрақтар:
1 Жануарларда телязиоздың қандай түрлері кездеседі?
2 Қоздырғыштарын атап берініз?
3 Күйістілердің қандай жасы бейімді?
4 Паразиттер ерекшіліктерің айтыныз?
5 Тірі кезде диагнозды қалай қояды?
100
Тақырыбы 39 Жануарлардың трихинеллезы
Сабақтың мақсаты: Трихинеллез қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою және ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Трихинеллез
–
Trichinellidae
тұқымдасына,
Trichocephalata
подотрядына жататын нематодалар тудырады, аллергиялық құбылыстары
жақсы білінетін, жіті немесе созылмалы өтетін антропозооноздық
инвазиялық ауру. Өте ұсақ паразиттер. Аналықтары тірі туатындар.
Қазіргі уақытта келесі түрлері анықталған: Trichinella spiralis (шошқа
трихинеллалары),
Trichinella
nativa
(Евразия
жыртқыштарының
трихинеллалары), - Trichinella nelsoni (Африка жыртқыш жануарларынаң )
Trichinella pseudospiralis (Дагестандағы енот-полоскуннан). Соңғы түрі келесі
үш түрінен кіші дене молшерлерімен айырласады және личинкалары
бүлшықетте капсула құрмайды. Одан басқа Trichinella pseudospiralis толық
дамуын құстар организмінде (тауық, үйрек,
куропатки, воробьи
) бітіреді.
Толық жынысты трихинеллалар ішектің жіңішке бөлімінде, ал личинкалары
бұлшық етте мекендейді. –. Трихинеллез аурумен үйдегі және жабайы
шошқалар, иттер, мысықтар, аюлар, қасқырлар, түлкілер, тышқандар және
адамдар аурады.
Биология. Трихинеллез кезінде бир жануар немесе адам біріншіден
дефинитивті ие (ішеқ трихинеллары), содан кейін аралық (бүлшықетт
трихинеллары) ие болады. Сондықтан аурудың екі түрі болады: ішекті және
бұлшықетті. Личинкалардың жақсы көретін жерлері – диафрагма
аяқтарының бұлшықеті, тіл, өңеш және басқа бұлшық еттер. 17 күннен кейін
олар инвазиялық сатысына жетеді. Бүлшықеттегі трихинеллалар көп уақыт
сақталады, ал адамдарда 25 жылға дейін сақталады. Адамдар мен жануарлар
зақымдалған етті жеп аурады. Трихинеллез – табиғи – ошақты гельминтоз.
Аурудың негізгі көзі – жабайы жануарлар. Трихинеллалардың личинкалары
сыртқы ортада өте тұрақты.
Клиникалық белгілері. Минезді белгілер - дене температурасы
көтерілуі, іш өту, жүдеу. Бұл белгілердің пайда болуына трихинелла
аналықтары ішектің кілегей қабаттарына енуімен байланысты. Бірнеше күн
өткесін қиын шайнау және жұту пайда болады, қабақтары іседі, эозинофилия
байқалады. Осы белгілер трихинелла личинкалардың бұлшықетте миграция
жасау кезінде патогендік әсері нәтижесімен байланысты.
Адамдарда көрінетін клиникалық белгілері:
лихорадка
, бет ісу, іш өту
және зақымдалған бұлшықеттердің ауырсынуы. Белоруссияда трихинеллез
ауруын «одутловатка» деп атайды.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Трихинеллалар дамудың әртүрлі
сатысында ие организміне антигендік, одан басқа механикалық, токсикалық
және инокуляторлық әсерін тигізеді. Осы гельминттың жануар және адам
организміне ауырсыну деңгейінің әсері инвазияның интенсивтігіне және ие
организмнің резистенттігіне байланысты.
101
Емдеу трихинеллез кезінде жоқ. Осы гельминтоз ауруында
медициналық тәжирібеде ішек және кәрі емес бүлшықетт формаларында
импорттық тиабендазол препаратын қолдана бастады.
Диагнозды қою үшін тірі кезінде аллергиялық әдісті қолданады.
Антигеннің 0,1 мл құлақтың терісіне салады. Өлгеннен кейін
трихинеллоскопия өткізеді.
Алдын-алу негізінен барлық шошқа ошаларын, тағыда жабайы
шошқалардың және аюлардың етін ветеринарлық-санитарлық қарап және
міндетті түрде трихинеллоскопия өткізу керек. Адамдармен жануарлар осы
аурудан сақтау үшін малды үй сайын союдан
.
Запрещение подворного убоя скота играет важную роль в предупреждении
заболевания людей и животных. Нельзя скармливать свиньям и пушным зверям
свиные боенские отходы. Тушки пушных зверей и плотоядных после съема с них
шкурок подлежат обязательной утилизации. Трупы мышевидных грызунов следует
сжигать или уничтожать в бнотермических (пирятинских) ямах. Необходимо всеми
средствами уничтожать крыс, особенно в местах убоя животных и хранения мясных
продуктов и на свинофермах. Широкое внедрение новых систем выращивания и
откорма свиней, повышенно общей культуры свиноводства в промышленных
хозяйствах создают благоприятные возможнос
Бақылау сұрақтар:
1 Трихинеллезбен қандай жануарлар аурады?
2 Қоздырғыштын ерекшілігің айтыныз?
3 Трихинеллездің түрлері қандай?
4 Шошқа қандай иеге жатады ?
5 Тірі және өлген кезде диагнозды қалай қояды?
Тақырыбы 40 Шошқаның трихоцефалезы
Сабақтың мақсаты: Трихоцефалез қоздырушысының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Шошқаның трихоцефалезы – үйдегі және жабайы шошқалардың
ауруы,
Trichocephalata
подотрядына,
Trichocephalidae
тұқымына,
Trichocephalus suis нематода түрімен қоздырылады. Соқыр ішекте
мекендейді.
Қоздырушы. Trichocephalus vutpis және Т. gcorgicus. Алдыңғы ұшы
жіңішке, ал артқы жуандау,ұзындығы 3,8 - 7,5 см. аталықтың құйрығы өткір
емес щенберленген конус сияқты. Спикула біреу, ұзын, дистальды ұшында
өткірлеу, спикулярлы қынап болады, оның сырты тікенектермен жабылған.
Т. gcorgicus спикуласының ұзындығы 2,12—2,86 мм, Т. vulpis 8,31—11.10
мм. Жұмыртқалардың өлшемдері (0,083...0,093)х(0,037...0,040) мм.
102
Даму биологиясы. Трихоцефалюстер — геогельминтер. 25—26
тәуілікте жақсы жағдайлар болса (24—26 °С) жұмыртқада инвазиялық
личинка дамиды. Жұтқан кезде зақымдалады. Ол 30—107 тәуілікте жынысты
сатысына дейін жетеді. Нематодалардың өмір сүргіштігі бірнеше айға
созылады.
Эпизоотологиялық деректер. Нашар зерттелген. Ауру қала және
аулдағы иттерде кездеседі, бірақ көбінесе жастар аурады. Иммунитет
зерттелмеген.
Ауру белгілері. Жүдеу, шаршау, әлсіреу, асқорыту каналының
бұзылуы, іш ауырсынады, жас жануарлардің өсуі тежейді.
Патологоананомиялық өзгерістер. Зерттелмеген.
Диагностика. Тірі кезде нәжісті Фюллеборн әдісі арқылы зертейді,
өлгенде ішектен трихоцефалюстерді тапқанда нақты қояды.
Емдеу. Нилверм, тетрамизол гранулят және т.б. антгельминтиктерді
басқа нематодоздарда сияты сол мөлшерде қолданамыз.
Алдын алу және күресу шаралары. Күтімін, тазалығын және
азықтандыруын қадағалау керек, ал қалғандары басқа нематодоздарда сияқты
шаралар болады.
Бақылау сұрақтар:
1 Трихоцефалездер шошқаның қай жерінде мекендейді?
2 Қоздырғышын атаныз?
3 Шошқаның қандай жасы бейімді болады?
4 Паразиттер мөлшерің айтыныз ?
5 Тірі және өлген кезде диагнозды қалай қояды?
Тақырып 41 Нематодироз
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Қазақстанның кейбiр өңiрлерiнде, әсiресе далалық аймақтарда, қой
шаруашылығына зор зиянын тигiзетiн гельминтоз ауруларының бiрi-
нематодироз.
Қоздырғышы - үй және кейбiр жабайы күйiс қайыратындардың ащы
iшегiн мекендейтiн, жiп тәрiздi Nematodirus туысының әралуан түрлi жұмыр
құрттары. Басы мен өңешiнiң алдыңғы жағында, дөңгеленген жалбағайы
(везикуласы) бар, бүйiрлерiнiң сырты сызықшалармен қоршалған, ауыз
қуысы кiшкентай, жалғыз тiсi көрiнiп тұрады. Еркегiнiң жыныс буылтығы үш
бөлiмнен қалыптасқан: сыртқы екеуi үлкен, олардың арасындағысы
кiшкентай. Кiшiсiнiң өзi де екi бөлiктен құралған. Еркек жыныс мүшелерiне
екi спикула жатады, олар өте ұзын және жiңiшке, орта шенiнен бастап мөлдiр
мембрана арқылы жалғасады, түсi қоңырлау келедi. Спикулаларының
құрылымына қарап, нематода түрлерiн ажыратады. Ұрғашысының құйрық
103
жағы жұмырлау келедi, ұшында бiз тәрiздi өскiнi болады. Біздің елiмiзде қой
нематодирозын қоздыратын құрттардың 11 түрi табылған, солардың iшiндегі
үш түрiне ғана өте қысқаша сипаттама берiледi. N. spathiger - еркегiнiң
ұзындығы 0,8-2,0 мм, спикуласының ұшы домалақ, ұрғашысының ұзындығы
1,2-2,0 мм. N. оiratianus - еркегiнiң ұзындығы- 1,1-1,6 (спикуласының үш
жағы найза сияқты), ұрғашысыныкi – 1,4-1,3 см. N. аbnormalis - еркегiнiң
ұзындығы 1,1-1,3 см (спикуласының бiреуi екiншiсiнен қысқа, сондықтан
оның ұшы бүгiлiп тұрады) ал, ұрғашысыныкi – 1,8-2,5 см.
Эпизоотологиясы. Нематодироз Қазақстанда кең таралған ауру. Одан
қозылардың
өлiм-жiтiмге
ұшырауы
республикамыздың
далалық
алқаптарында байқалады. Бұл гельминтоз Орал, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола,
Кереку және Семей өңiрiнде жиi кездеседi. (Қадыров, 1989; Осипов, 1967;
Қарамендин, 1988 т.б.). Солтүстiк аймақтарда судың тапшылығынан
жайылымдағы мал өріс ауыстырмайды. Мал құдықтан немесе көлшiктен,
жасанды су қоймасынан, кеуiп бара жатқан шағын өзендерден су iшедi. Дәл
осындай жерлерде нематодалардың жұмыртқалары мен жұқпалы
балаңқұрттары көп болады. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аймағында
(Алматы облысы) бұл iшқұрт ауруы жеңiл түрде өтедi. Солтүстiктегідей мал
өлiм-жiтiмге көп ұшырамайды. Оңтүстiк аудандарда жыл сайын мал өрiсі
ұдайы өзгертiлiп тұрады. Малды қыстаудан биiк таулы жазғы жайлауға
көшiрiп әкетедi. Осы кезде қысқы және күзгi жайылымдардағы құрттардың
бiразы жойылады.
Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралатыны байқалған.
Кейбiр ғалымдардың деректеріне қарағанда жас туған қозылардың 2,5-5,8% -
нан нематодирлер табылған. Ауру төлдердiң саны бiрте-бiрте көбейе түседi
де, күз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы
азая бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да, 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi-
жарым гельминттер табылған.
Нематодироз құрттары үй малымен қатар, күйiс қайыратын жабайы
жануарлардың да паразиттері болатыны анықталды. Ешкiден нематодирдiң 7
түрi, iрi қарадан 4 түрi, түйеден 5 түрi табылған. Құрттың ең көп түрi
қарақұйрықта (6) таутеке мен ақбөкенде (5) , елiк пен арқарда (2) кездеседi.
Аталған сүтқоректiлер нематодироз қоздырғыштарын таратуы ықтимал.
104
21 – Nematodirus spathiger:1-бас жағы, 3-еркегiнiң бұлтығы,
2-ұрғашысының құйрық жағы, 4– жұмыртқасы
Аурудың өрбуi. Нематодирлер мал денесiн уландырады (интокси-кация)
және оның қанымен қоректене отырып (гематофагия), анемияға ұшыратады
және қан құрамын өзгертеді. Құрттар iшектiң кiлегейлi қабығындағы жүйке
ұштарын тiтiркендiредi. Ағзаның секроторлық және қозғалыс қызметiн
бұзып, құрылымын өзгередi. Осының салдарынан iшек қабығы қалыңдап,
iсiнiп, қанға толады. Ас қорыту процесi бұзылады, iшектiң перистальтикасы
күшейедi, iшек-қарынның жалпы қызметi нашарлайды. Малдың iшi өтiп,
нәжiсi сұйылады. Организм көп судан айырылады, осыған байланысты су-тұз
алмасу құбылысы бұзылады. Дененiң улануы әсерiнен, ауру мал қанындағы
қышқылдық-сiлтiлiк тепе-теңдiк бұзылып, қышқылдық (ацидоз) реакция
басталады.
Сырт белгiлерi. Нематодироздың тек өзiне тән клиникалық белгілері
жоқ, ал білінген симптомдары, басқа iшек-қарын гельминтоздарының
көрiнiстерiне ұқсайды. Ауру жiтi, созылмалы және жасырын түрде өтедi.
Жiтi түрi 2-6 айлық төлде, көбiнесе кеш туған және жетiм қозыларда
өрбидi. Ауру шiлде-қыркүйек айларында байқалады. Мал тез арықтайды,
тәбетi нашарлайды, көздiң, танаудың, ауыздың кiлегей қабықтары бозарады,
iшi қабысып, бүйiрлерi тартылады, iшектiң жиырылуы күшейедi, iшi өтеді.
Мал шөлдейдi, денесiнiң температурасы қалыпты, қан тамырларының соғуы
жиiлейдi (минутына 140-180 рет). Кейбiр қозылар басын шалқайта жатып,
алдыңғы және артқы аяқтарын серпиді. Нематодироздың жiтi түрiнде малдың
30 % немесе одан да көбi өлiмге ұшырайды.
Созылмалы түрiне тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап,
кiлегей қабықтары сұрғылттанып (анемия) iсiнедi, терiсiнiң кей жерле-рiнің
жүнi түсiп қалады. Ауру бiрнеше айға созылады.
Жасырын түрi ересек қойға тән, оның клиникалық белгiлерi анық
бiлiнбейдi. Мұндай мал нематодироз таратушы болып табылады.
105
22- сурет. Bunostomum phlebotomum 1 – бас жағы; 2 - еркегiнiң құйрық жағы
Өлекседегi өзгерiстер. Қозы өлексесі қатты арықтаған, кiлегей
қабықтары бозарған. Ащы iшегі қалыңдап, кiлегей қабығы қанталап iсiнген
және қатпарланған. Iшек қуысынан 700 - ден 3000 - ға дейiн нематодирлер
табылуы мүмкін. Өлексе iшегiнiң қан тамырлары айқын, iшiндегi
нематодирлер қызыл түстi.
Бақылау сұрақтары:
1 Нематодироз ауруымен қандай малдар ауырады
2 Қоздырғыштарын атаңыз
3 Қай жерлерде көп кездеседі
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді
5 Өлекседегі өзгерістері қалай болады
Тақырып 42 Буностомоз
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Қоздырғышы үй және кейбiр тағы күйiс қайыратындардың ащы iшегiн
мекендейтін - Bunostomum phlebotomum (Railliet,1900) және B.
trigonocephalum (Rud.,1808) деген жұмыр құрттар. Бұлардың бiрiншi түрi
көбiнесе қойда, екiншiсi - iрi қарада ұшырасады. Бұлар iрi гельминттер, басы
кiшкене, жоғары қарай бір жағына қисайған. Тұрқы 1,2-2,5 см-ге дейiн
жетедi. Шар секiлдi ауыз қуысы (капсуласы) түбiнде, екi жақ шетiне таман,
жарты айға ұқсас екi тiсi бар. Жоталы өзекшесi бар. Құйрық буылтығының
үшiншi бөлiгi, қалған екеуiне ассиметриялы болып қалыптасқан, екi тең
спикуласы (гельминттiң бiрiншi түрiнде - жiңiшке де ұзын, ал екiншiсiнiкi –
сәл жуандау, қысқа) бар, рулегі жоқ.
Эпизоотологиясы. Iшқұрт ауруы барлық жерде таралған. Кезiнде ірі
шаруашылықтарда буностомоздан бұзаудың 30 пайызы, қозының 60-80
пайызы өлiмге ұшырағаны мәлiм. Бұл дертке негiзiнен ұсақ тұяқтылардың
төлдері және бұзау мен 1-2 жастағы торпақ-тайыншалар шалдығады. Мал
106
құртты көбiнесе ылғалды өрiсте жұқтырады, өйткені мұндай жерлерде
балаңқұрттар өз тiршiлiгiн 1,5-2 ай уақыт сақтайды. Малдың буностомозбен
зарарлану деңгейi күзге қарай үдейе түседi.
Аурудың өрбуi. Буностомалар өздерiнiң дамыған ауыз қуысымен
iшектiң кiлегей қабығына бекiнiп, тiстерiмен жарақаттайды, қылтамыр-
лардан (капиллярдан) қан ағады, олардың орны жазылмайтын уытты
жараларға айналады. Зақымдалған жарадан зардапты микробтар енедi,
организм жаппай уланады. Ересек құрттар – гематофагтар қан аздықты
(анемия) тудырады.
Сырт белгiлерi айқын емес. Тек, алғашқы клиникалық көрiнiстер
қозыларда ғана айқын. Олардың денелерi қызып, күйi төмендейдi, көзге
iлiнетiн кілегей қабықтары бозарады, мал әлсiрейдi, азыққа тәбетi
төмендейді. Жүрiсi ауырлайды, көп жатады, алқымы мен төсi домбығады, iшi
үздiксiз өтедi, нәжiс түсi шырыш пен қан араласып, қоңыр боп көрінеді,
соңынан мал өлiмге ұшырайды. Ересек сақа малдарда қаназдық, көтеремдiк,
дамылсыз iштiң өтуi (диарея) байқалады.
Өлекседегi өзгерiстер. Өлексе көтерем, iшектiң кiлегей қабығы
қабынған, қаптаған нүктелiк қанталаулар байқалады, кейбiр жерлерiн
күлдiреген жаралар басқан. Ағза қуысы сұйық қан мен құрттарға толған.
Бақылау сұрақтары:
1 Буностомоз ауруына толық сипаттама беріңіз
2 Осы аурумен қандай малдар ауырады?
3 Қоздырғыштарын атап берініз?
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді?
Тақырып 43 Хабертиоз
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Қоздырғышы - Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы
(қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн мекендейтін iрi
құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуандығы
басынан құйрығына дейiн бiркелкi. Басы төмен қарай сәл қисайған, дамыған
ауыз қуысы шар сияқты, көптеген ұсақ тiстерi бар. Ауыз тесiгi екi қатар
орналасқан ұшы үшкiр жапырақшалармен көмкерiлген. Құйрық бұлтығы
қысқа, қоңыр түстi, жолақ сызықты, спикулалары жiптей жiңiшке, рулегі бар.
Эпизоотологиясы. Хабертиоз барлық жерде тараған, бiрақ ол қой
шаруашылығы өркендеген өлкелерде жиi тiркеледi. Хабертиоз көбнесе
Қазақстанның оңтүстiк және солтүстiк-шығыс өңiрлерiнде жиi кездеседi.
Гельминтоз қойдың жасына қарамай, барлығын зақымдайды, бiрақ
клиникалық түрi көбiнесе жас малда байқалады. Қой, ешкi, әсiресе олардың
107
төлi бұл ауруға жаппай шалдығып, шығынға ұшырауы ықтимал. Хабертиоз
ауруының белгiлерi көбiнесе қыс айларында байқалады, ал оның таралуы
көктем шығысымен басталады. Осы кезде төл шығыны көп болуы ықтимал.
Мамырдан бастап паразиттің интенсивтілігі төмендеп, оның жұғу деңгейi де
төмендей бередi. Малға ауру өрiсте жұғады. Жаңбырлы жылдар, сулы,
ойпатты және сазды жайылымдар парзиттің белсенділігін арттырып, оның
малға жұғуын үдетеді. Балаңқұрттар суыққа өте төзiмдi, сыртқы ортада бiр
жылдай тiршілігін сақтауы мүмкiн.
Қой құмалағымен сыртқы ортаға таралған жұмыртқалардан бір тәулікте
балаңқұрт пайда болады және олар инвазиялық сатыға 5 күн ішінде дамиды.
Ақтық иесі организмінде балаңқұрттар 32 – 60 күн аралығында ересек
құрттарға айналады.
Аурудың өрбуi. Ересек құрттар, өзiнiң ауыз қуысымен бүйен мен тоқ
iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды. Жарадан аққан қанмен паразит
қоректенедi, iшек қуысына қан құйылады. Ағзаның зақымданған бөлiктерiне
зиянды
бактериялар
жиналып, көбейе
бастайды.
Микроб
және
нематодалардың тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан
тамырларына енiп, бүкiл денеге жайылады, малды уландырып, шығынға
ұшыратуы мүмкiн.
Сырт белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, малдың дене қызуы көтерiлiп,
тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, мал күйсiзденедi, кiлегейлi қабықтары
бозарады, алқым тұсынан жалқаяқ байқалады, iшi өтедi, құйрығы мен артқы
аяқтары сұйық нәжiспен былғанады, дерт өршiген сайын түлiк етiнен
айырылып, көтерем халге жетеді, өлiмге де ұшырауы ықтимал. Созылмалы
түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып, түскiш
келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, тышқақтайды, азып-тозып, өлiмге
ұшырайды.
Өлекседегi өзгерiстер. Өлексе өте арық, көтерем. Оның кеуде және
құрсақ қуыстарында 2-3 л. сары сұйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк iшек
қатпарлары жуандаған, iшi қоңыр түсті сұйыққа толған, ал оның арасынан
хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған,
қалыңдаған. Кейбiр тұстары ішек бүрлерiнен айырылған, көптеген
қанталаулар, жарақаттар басқан.
108
24 – сурет Oesophogostomum columbianum:
1 – бас жағы, 2 - еркегiнiң құйрық жағы, 3- ұрғашысының құйрық жағы
Достарыңызбен бөлісу: |