К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Жыртқышты  және  паразиттi  бiрлестiретiнi  паразиттiк  тұрмыс  қалпы. 
Олардың  айырмашылығы  неде?  Жыртқыш,  жөн  бойы  өз  олжасынан  күштi 
болады, ол оны тез өлтiрiп жартылай немесе түгел жейді (арыстан және қоян). 
Паразит өз иесiнен едәуiр әлсiз болады, сондықтан жануар жиi өлмейдi, бiрақта 
ауруды тудырады. 

 
 

Паразит  иенi  көпсанды  қоректену  үшiн  пайдаланады  (жиi  өмiр  бойы). 
Кейбiр  кезде  артықпаразитизм  кездеседi,  онда  бiр  паразит  екiншiнiн  дене 
үстiнде немесе iшiнде тiршiлiк етiп паразиттiк өмiр сүредi. 
Сирек жағдайда – псевдопаразитизм (жалған паразитизм) болуы мүмкін 
бұл кезде  тiрi  жәндiк ойламанған жерден  жануар организмiне  түседi,  мысалы, 
жауын құрттар мал iшегiне. 
 
1.2 Паразиттердiң түрлерi 
 
Паразиттер  тiршiлiк  ететiн  уақытына  (мерзiмiне),  локализациясына 
(мекендейтің  жеріне)  және  иелерiне  байланысты  арнайы  барысына  қарай 
топтарға боледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
          Уақытына  қарай  тоғышар  тiршiлiк  ететiң  паразиттердi  уақытша  және 
стационарлық паразиттерге бөледi. 
Уақытша  паразиттер  сыртқы  ортада  өнiп-өседi  және  өмiр  сүредi,  ал 
жануарларға коректену үшiн ғана жабылады (соналар, сар масалар және т.б.). 
Стационарлық  паразиттер  ие  организмнiң  iшiнде  немесе  сыртында  коп 
уақыт  (кейбiр  кезде  өмiр  бойы)  тiршiлiк  етедi.  Бұларға  гельминттердiң  коп 
түрлерiн, соналарды, биттердi, қышыма кенелерді және т.б. жатқызуға болады. 
Стационарлық паразиттердi тағыда екi топқа бөледi – тұрақты және кезеңдi. 
Тұрақты  паразиттер  бүкiл  өмiр  сатысын,  туғаннан  өлгенге  дейiн  ие 
организмiнде өткiзеді (биттер, жүн жегiштер, қышыма кенелер және т.б.). 
Кезендi  паразиттер  көп  уақыт  ие  денесiнiң  iшiнде  өмiр  сүредi  (толық 
жыныс  сатысында  немесе  личинка  сатысында).  Мысалы,  жануар  денесiнде 
соналар  личинка  сатысында  тiршiлiк  етедi,  ал  гельминттердiң  көбiсi  –  толық 
жыныс сатысында. 
Паразиттердi  локализация  байланысына  қарай  эндопаразит  және 
эктопаразитке бөледi. 
Эндопаразиттер,  немесе  iшкi  паразиттер,  олар  иенiң  iшкi  мүшелерiнде 
және улпаларында мекендейдi (гельминттердiң көбiсi эндопаразитке жатады). 
Паразиттердiң
 
түрлерi 
 
Уақытшылық
 
Стационарлық
 
тұрақты
 
кезеңдi
 

 
 
10 
Эктопаразиттер,  немесе  сыртқы  паразиттер,  олар  ие  дененiң  сыртында 
уақытша  немесе  тұрақты  омiр  сүредi  (сар  масалар,  соналар,  биттер,  қышыма 
кенелер). 
 
1.3 Паразитарлық аурулардан экономикалық зияны 
 
Инвазиялық ауруларының қоздырушылары иелердiң әртүрлi мүшелерiнде 
және  үлпаларында  мекендеп  залалды  әсер  етедi.  Бұл  әсерi  кейбiр  кезде  әрен 
дегенде  бiлiнедi,  көбiсiне  мүшелердiң  және  ұлпалардын  терең  қызметтiк 
өзгерiстерi байқалады. 
Мал  шаруашылығына  келтiрiлген  экономикалық  зиянын  (ЭЗ)  астында 
мал ауруынан шығынға ұшырауын әкеледі (ақша түрiнде бiлдiрiлген). ЭЗ келесi 
көрсеткiштерден тұрады: 
1) жануарлардың, құстын, балықтын, араның өлiмiнен; 
2) инвазиямен зақымдалған мүшелердi, ұшаларды бракқа шығару; 
3) өнiмдiлiгiн жоғалту. 
Көп  гельминтоздар кезiнде  ауырып  жазылған  төлдер  өсу-өнуден  қалады 
және ауру малдын репродуктивтiлiк сапасы төмендейдi – iш тастау және қысыр 
қалу көбейеді. Жаңа туған төлдердiң салмағы және табиғи резистенттiгi төмен 
болады.  Мысалы,  аскаридозбен  аурған  торайлардың  салмағы.  Аскаридозбен 
және  гетеракидозбен  зақымдалған  тауықтардың  жұмыртқа  өнiмi  15-20% 
төмендейдi, ал простогонимоз ауруымен зақымдалған кезiнде жалпы айтқанда 
тоқталады. 
Таза  емес  шаруашылықта  жылда  гиподерматозбен  аурған  сиыр  50-80  л 
сүт бермейдi. 
Көп  қансорғыш  жәндiктер  және  өрмекшiтәрiздiлер  жануарлардын  және 
адамның  инвазиялық,  жұқпалы,  вирустық  аурулар  қоздырушыларының 
тасымалдаушылары  болады.  Күресу  жолында  емдеу-алдын-алу  шараларын 
ұйымдастыруына көптеген қаражаттар бөлiнедi. 
Соңында, инвазиялық аурулар антропозооноз болып саналады, сондықтан 
паразиттермен  келтiретiн  зияны  ауыл  шаруашылығында  экономикалық 
шығыны өшiрiлмейдi, соған қоса әлеуметтiк мағынасына ие болады. 
 
1.4 Инвазиялық аурулардын химипрофилактикасы 
 
Инвазиялық аурулар кезінде өткізетін профилактикалық шаралары індетті 
аурулар  кезінде  өткізетін  профилактикалық  шараларымен  салыстырғанда 
айырмашылығы  өте  көп.    Індетті  ауруларға  профилактика  өткізу  үшін 
вакцинация,  серотерапия,  дезинфекция  және  карантиндік  шаралар  кен 
көлданылады,  ал  инвазиялық  аурулар  кезінде  вакцинация  мен  серотерапияны 
әлі  кен  тәжірибелік  қолдануға  жол  тапқан  жоқ,  дезинвазияны  барлық  аурулар 
кезінде өткізбейді. Паразитарлық аурулардың толық бір қатарында карантиндеу 
мен  шектеу  қойылады.  Адамдармен  жануарлардағы  қоздырушылары  бір 
инвазияларды    антропозооноздар  деп  атайды.  Адамның  инвазиялық  және 

 
 
11 
індетті  ауларының  көп  тасымалдаушылары  малда  да  паразиттейді,  сондықтан 
ең негізгі шара оларды мал үстінде жоюы. 
Инвазиялық  аурулардың  коздырушыларына  қарсы  профилактикалық 
шараларының  негізі  -  биологиялық  және  химиопрофилактикалық  әдістер,  осы 
шаралар  арқылы  аурулардың  пайда  болуын  және  де  сақтандыру  мақсатында 
жүргізіледі.
 
Эктопаразиттермен  шақырыланған  ауруларға  қарсы  әртүрлi 
препараттарды  қолданады,  оларды  инсектоакарицидтер  деп  атайды. 
Жануарлардын  терi  үстiне  жағылғанда  олар  кенелердi  және  паразиттiк 
жәндiктердi  жойады.  Белгiлi  уақыт  бойы  олардың  көрiнуiн  ескертедi.  Иксод 
кенелермен күресу үшiн акарицидтердi қолданады. 
Биологиялық  әдістеріне  жатады:  қиды  биотермиялық  залалсыздындару, 
жайляуды    айыру,  мелиорациялау  және  айырбастау,  су  қоймаларың  құрғату, 
көп мәдениетті жайляуды құру. Барлық жағдайларда паразиттер және олардың 
аралық  иелері,  тағыда    тасымалдаушылары  да  жойылады.  Мысалы,  Оңтүстік 
Кавказда  жайляудың  бір  айыруы  жануар  үстінде  Boophilus  calcaratus  кенесін 
жойылуына келтірді. 
Гельминтоздар  кезінде  сыртқы  ортада  және  жануар  организмінде 
гельминттердің  барлық  сатылары  дамуы  жойылуына  бағытталған  емдеу-
профилактикалық шаралар комплексі өткізіледі. 
Жалпы  шараларға жатады:  малды  толық  азықтандыру  және  жақсы күту, 
ветеринарлық-санитарлық    ережесін  қатаң  сақтау,  табиғи  жайлауды  жақсарту, 
гигиеналық  су  қоймасын  ұйымдастыру,  қиды  биологиялық  домдау,  малды 
шаруашылықтан  әкету  алдында  гельминтоздарға  тексеру,  шаруашылыққа 
барлық  жаңа  түскен  малды  карантиндеу  және  гельминтокопрологиялық 
тексеру, міндетті түрде оларға дегельминтизация жасау. 
Жайляулық  профилактика  шараларына  жатады:  малды  құрғақ  жайляуда 
бағу,  бағатын  жайляу  бөлімшелерін  уақытында  айырбастау,  төлдерді  ересек 
малдан бөлек бағу. 
Малды  қорада  ұстау  көп  гео-  және  биогельминтоздардан  сақтайды.  Ол 
үшін    қораны  жүйелі  түрде,  қора  маңайын,  қиды  тазарту  және  дезинвазия 
өткізу,    химиялық  және  биологиялық  әдістері  арқылы  гельминттердің  аралық 
иелерімен күресу. 
Гельминтоз 
ауруларына 
қарсы 
малдың 
азығына 
арнайы 
химиопрепараттарды  беру  ұсынылады.  Олар  ие  организмiнде  личинкалардың, 
құрттардын немесе гельминттердiң дамуын тоқтатады. 
Кейбiр  протозойлық  ауруларды  алдын-алу  үшiн  малдың  қанына  немесе 
терi  астына  белгiлi  препараттарды  еңгiзедi,  олар  қоздырушыны  жояды  немесе 
белсендiлігiн 
шектейдi. 
Химиопрепараттардың 
әсерiнен 
паразиттiң 
биологиялық  белсендiлігi  төмендейдi  және  стерильдi  емес  иммунитет,  немесе 
премуниция сатысына өтеді.
 
Жануарларды  күту  және  азықтандыру  жағдайын  жақсарту  өте  маңызды, 
өйткені  олардың  организм  резистенттiгi  күшеюiне  мүмкiндiк  жасайды  және 
ауру  қоздырушыларына  тұрақтылығын  көтереді.  Арық  немесе  азықтармен 
нашар  күтiлген  жануарлар  сау  жануарлармен  салыстырғанда  ауру 
қоздырушыларына өте бейiмдi болады, қатты аурады. 

 
 
12 
Гельминттоздарға 
қарсы 
шараларының 
ең 
негiзгi 
жолы 
– 
дегельминтизация,  яғни  химиопрепараттарды  қолдану  арқылы  организмдi 
гельминттерден босату. 
Негізінен дегельминтизацияның эффективтігі жақсы және сапасы жоғары 
антгельминтиктерге  байланысты  болады.  Олардың  сапасын  келесі  талаптар 
анықтайды: 
а) дозировкасы аз және толық дамымаған гельминттерге әсер ету кезінде 
препараттың жоғары эффектівтілігі; 
б) у болмауы немесе өте төмен болуы
в)  экономикалықтығы  –
 
препараттын    өзінің    және  бір  мал  басының 
домдаулылығының  арзандылығы  (препарат  өз  өзімен  арзан  болуы  мүмкін, 
бірақта  жануарларға  дегельминтизация  жасаған  кезде  оның  биік  дозалары 
қымбаттайды); 
г) күрделі емес қолдану техникасы
д) көп  уақыт сақтағанда  тұрақтылығы  және  сақтандырылуы өз  сапасын 
жоғалтпайдындылығы; 
е)  препараттың  органолептикалық  қасиеттері  мал  тобына  бос  беруіне 
келеді (жаман иісі және дәмі жоқтылығы, суда тез ерітінділігі және т.б. ) 
Өз  тағайындау  және  қолдану  нәтижесі  бойынша  дегельминтизацияның 
келесi  түрлерi  болады:  шарасыз,  профилактикалық,  преимагинальдiк  және 
диагностикалық; 
Шарасыз  дегельминтизацияны  инвазиялық  аурудың  тұтануы  кезiнде 
емдеу және мал өлiмiн алдын алу үшiң жылдың әрбiр уақытында өткiзедi. 
Профилактикалық 
дегельминтизацияны 
гельминтоздардың 
эпизоотологиялық  ерекшелiктерiң  және  гельминттердiң  биологиясын  есепке 
алып белгiлi мерзiмдi күнi бұрын дайындаған жоспар арқылы өткiзедi. 
Бүкiл  жануарларға  дегельминтизация  жасайды.  Дегельминтизацияның 
мақсаты  –  жануарларды  гельминттерден  босату  және  инвазияны  таратудан 
ескерту  (сақтау).  Бұл  дегельминтизацияны  малды  қорада  бағу  кезеңiнде 
өткiзедi,  осы  уақытта  антгельминтиктердiң    әсерiнен  бөлiнген  гельминттердiң 
жұмыртқалары мен личинкалары сыртқы ортада дамымайды. 
Преимагинальдiқ  дегельминтизацияны  мал  организмiнде  гельминттер 
толық  жынысына  жетпей  және  жұмыртқаларын  немесе  личинкаларын  сыртқы 
ортаға бөлмейтiн кезеңде өткiзедi. 
Диагностикалық  дегельминтизация  гельминтозды  анықтау  үшiн 
өткiзiледi. 
Дегельминтазация  өткiзу  кезiнде  диетаның  белгiлi  шарттарын  және 
азықтандыру, 
суарту 
режимiн 
сақтау 
керек. 
Осылай, 
көп 
iшек 
гельминтоздарында  антгельминтиктердi  беру  алдында  12-18  сағат  бойы  аш 
ұстау  керек.  Дегельминтизацияны  арнайы  бөлiнген  қорада  немесе  жайляуда 
өткiзедi. Препаратты бергеннен кейiн жануарларды 3-5 күн сабыр ұстайды осы 
уақытта нәжiспен бiрге бөлiнген гельминттердi жинап жойады. 
 
 

 
 
13 
1.5 Паразиттердiң ие түрлерi 
 
Ие деп паразиттiң уақытша немесе тұрақты тоғышар (арамтамақ) тiршiлiк 
етiтiн және сол арқылы қоректенетiн организмдi айтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ие  түрлерi:  дефинитивтiк,  аралық,  қосымшалық,  резервуарлық, 
облигаттiк және факультативтiк. 
Соңғы немесе дефинитивтi ие деп айтылады, егер оның денесiнде паразит 
толық  жыныс  сатысына  дейiн  жетсе.  Паразиттiң  аралық  даму  сатылары  ие 
организмнiң аралық ие денесінде личинка сатысы дамиды. 
Кейбiр гельминттердiң екi аралық иесi болады. Екiншi иенi қосымша деп 
айтады,  оның  денесiнде  паразиттiң  личинкасы  инвазиондық  сатысына  жетедi. 
Аралық ие денесiнде паразиттер жыныссыз жолмен өнiп-өседi. 
Паразит  қысқа  мерзiм  iшiнде  толық  жыныс  сатысына  жетедi,  үлкен 
мөлшерiне өседi, ұзақ өмiр сүредi және көп жұмыртқалары мен личинкаларды 
бөледi. Сондықтан, осындай иелердi облигатты деп айтады. 
Факультативтiк  иелер  –  олардың  денесiнде  паразиттер  дамиды,  бiрақта 
өмiр сүру үшiн қолайлы жағдай таппайды. Мысалы, эхинококка ит – облигаттiк 
ие, ал түлкi – факультативтiк. 
Резервуарлық  ие  –  бұл  иенiң  денесiнде  гельминттердiң  инвазиондық 
жұмыртқалары  мен  личинкалары  жиналады,  бiрақта  өсiп-өңбейдi.  Мысалы, 
жауын  құрттар  жердi  жеген  кезде  шошқаның  және  тауықтын  аскарида 
жұмыртқаларын жұтып, резервуар болады – шошқалардың, құстардың жаппай 
зақымдалу көзi. 
 
1.6 Иенiң организмiне паразиттiң әсер етуi 
 
Ие  организмiне  паразиттiң  жаңға  бататын  әсерi  паразиттiң  түрiне,  оның 
санына,  мекендейтiн  жерiне  және  өнiп-өсу  жолына,  иенiң  физиологиялық 
жағдайына  және  көп  басқа  факторларға  байланысты.  Келесi  жаңға  бататын 
Ие 
түрлері
 
Қосымшалық
 
Аралық
 
Резервуарлық
 
Облигаттi
к
 
Факультативтi
к
 
 
Дефинитивтік
 

 
 
14 
факторларды  бөлу  қажет  –  механикалық,  аллергиялық,  токсикалық, 
трофикалық, инокуляторлық. 
Ие  мүшелерiнде  және  ұлпаларында  ересек  гельминттердің,  кенелердің 
және  жәндiктердiң  личинкалары  тiршiлiк  етiп  миграция  жасайды,  сол  кезде 
механикалық  әсерi  зор.  Сол  нәтижеде  қан  тамырлар  бұзылады  және  iшек 
бекiтiледi, тәртiптей сияқты, олардың қызметтерi бұзылуына келтiредi. 
Паразиттердiң  аллергиялық  әсерi  мынадан  қортындылады,  олар 
өмiрқызметтiк  процесi  бойы  метаболизм  азықтарын  бөледi.  Аллерген 
қасиеттерiмен  иеленген  осылардың  әсерiнен  аллергиялық  реакция  пайда 
болады. 
Паразиттiк организмдерiнiң токсикалық әсерi әлсiз зерттелген. Осы күнге 
дейiн  гельминттердiң  токсиндерiн  бөлiп  шығару  мүмкiн  емес.  Бiрақта,  кейбiр 
гельминтоздар  кезiнде  ауру  малдардың  жалпы  жағдайы  нашарланады,  тәбетi 
төмендейдi,  iшек-қарын  жолының  қызметi  бұзылады,  эритроцит  және 
гемоглобин саны төмендейдi. Кейбiр гельминтоздар кезiнде токсикоз бiлiнедi. 
Мысалы,  iрi  қараға,  жылқыға  жаппай  шiркейлер  жабылғанда 
гемолитикалық у әсерiнен симулиотоксикоз шақырылады. 
Паразиттер  мал  организмiнде  өмiр  сүрiп,  солардын  қанымен,  сөлiмен 
коректенедi.  Осындай  iрi  гельминттер,  аскаридалар,  iшек  цестодалар 
сияқтылар,  биомассасы  үлкендiгiнен,  ие  организмнен  азықтын  көп  бөлiгiн, 
микро-  және  макроэлементттерiн,  витаминдерiн  сорады  да  трофикалық  әсер 
етедi. 
Көп 
гельминттердiң 
(диктиокаулюс, 
аскарида, 
стронгилоидес) 
личинкалары  немесе  жас  фасциолалар,  парамфистомдар  миграция  жасаған 
кезде иенiң көп мүшелерiне және ұлпарына, микробтардың әр түрлерiң тасиды. 
Көп  екi  қанатты  жәндiктер  қанды  сорған  кезде  сау  малға  сiбiр  жарасы, 
бруцеллез  және  басқа  жұқпалы  ауру  қоздырушыларың  еңгiзедi,  осыны 
паразиттiң инокуляторлық әсерi деп айтады. 
 
1.7 Жануарлардың зақымдалу және тарату көзi 
 
Инвазиялық  ауруларының  эпизоотологиясында  екi  түсiнiктi  жақсы  білу 
керек:  тарату  көзi  және  зақымдалу  көзi.  Бұл  түсiнiктер  аймақтық,  мерзiмдiк, 
жануар жасы және т.б. факторлармен тығыз байланысады. Инвазияның тарату 
көзi  –  ауру  малдар  және  паразит  тасымалдаушылар,  олар  сыртқы  ортаға 
жұмыртқаларын немесе личинкиналарын бөледi. 
Қоздырушының  түрiне  қарай  геогельминтоздар,  эймериоздар,  кезiнде 
тарату  көзi  сыртқы  орта  (топырақ,  шөп,  су  коймасы),  биогельминтоздар  және 
пироплазмидоздар,  кезiнде  (жәндiктер,  шаянтәрiздiлер,  ұлулар)  және 
резервуарлық иелер болуынын маңызы өте үлкен. 
Жануарлардың  инвазиялық  қоздырушыларымен  зақымдалу  жолдары 
әртүрлi  болады.  Көбінесе  жануарлар  алиментарлық  жолмен  өте  кен 
зақымдалады. 
Жануарлар  жайляуда  немесе  қорада  азықпен  және  сумен  инвазиондық 
сатыдағы  жұмыртқаларды  жұтады.  Кейбiр  жағдайларда  олар  аралық  иелердi 

 
 
15 
жұтып  зақымдалады.  Осылай,  иттер  инвазиялық  бүргелердi  жұтып 
дипилидиозбен зақымдалады, ал қойлар – кенелердi жеп мониезиозбен аурады. 
Контакты  жолы  –  паразиттер  ауру  малдан  сау  малға,  бiр-бiрiмен  араласқанда 
(контакт)  немесе  атсайман,  күту  заттары,  қызмет  көрсету  адамдармен, 
кемiрушiлер  арқылы  жұғады.  Бұл  жолмен  жануарлар  қышыма,  трихомоноз, 
биттеу ауруларымен зақымдалады. 
Терi  арқылы  –  анкилостоматида  және  бөгелек  личинкалары  белсеңдi 
енедi,  қансорғыш  бунақаяқтылар  арқылы  пироплазмида,  трипаносома, 
парафилярий және басқа паразиттердi жұқтырады. 
Жәндiктер  кеңсiрiк  қуысы  және  көз  арқылы  эстроз,  ринэстроз,  телязиоз 
және басқа инвазиялық ауруларымен зақымдалады. 
Қарын  іші  (внутриутробный)  –  кейбiр  паразитарлық  аурулардың 
ұрықтары  (мысалы,  неоаскаридоз,  токсокароз)  плацента  арқылы  аналық 
организмнен iштегi төлге енедi. 
Трансовариальдi  жолы  немесе  инвазияны  жыныс  торшалары  арқылы 
жұқтыру  –  бiрiншiден  алғашқы  ие  ұрығына  дейiн  жұмыртқалар  арқылы 
жұқтыру;  осылай  иксод  кенелер  денесiнде  ауылшаруашылық  жануарлардың 
көбі пироплазмида қоздырушыларын жұқтырады. 
 
1.8 Инвазиялық (паразитарлық) аурулары 
 
Жануарлардың,  құстардың,  балықтардың  және  аралардың  жұқпалы 
аурулары  инфекциялық  және  инвазиялық  ауруларына  бөлiнедi.  Жалпы 
заңдылық  дамуы  бiрдей  болса  да,  бiрақта  көп  белгiлерiмен  және  барыс 
мiнезiмен ерекшеленедi. 
Инвазиялық ауруларды (латын сөзiнен аударғанда invasio – ену, шабуыл 
жасау)  жануарлардан  пайда  болған  (қарапайымдылар,  гельминттер, 
шаянтәрiздiлер  және  жәндiктер)  қоздырушылар  тудырады.  Жұқпалы  аурулар 
(латын  созiнен  аударғанда  infectio  –  зақымдалу)  өсiмдiк  организмден  пайда 
болған (вирустар, микробтар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар). 
Инвазиялық  ауру  –  жануар  организмiне  паразит  –  қоздырушының 
патогендiқ әсер ету нәтижесi. 
Паразиттiң патогендiк әсерi бiрнеше факторлардан тұрады: механикалық, 
аллергиялық,  токсикалық,  паразит  санынан,  ену  жолдарынан,  мекендейтiн 
орнынан,  даму  биологиясынан  (личинкалардың  миграциясы,  организмде  өніп-
өсу қабілеттілігі). 
Паразиттiк  организмнiң  ауру  тудырушылығы  –  ол  қатан  жеке 
генетикалық  көрсеткіш  ауру  тудыратын  процесi.  Жеке  организмдердiң 
арасында  паразиттiң  бiр  түрiнiң  штаммдары  өздерiне  ғана  тән  қасиеттерiн 
белгiлейдi.  Мысалы,  Қазақстанда  эхинококкустың  бiр  штаммы  қойлар  мен 
иттерде  тiршiлiк  етедi  (қой  –  ит  –  қой),  ал  Белоруссияда  –  басқа  штамм 
мекендейді, ит – шошқа – ит жүйесiнде. 
Вируленттiк  –  паразиттiң  ерекше  сапасын  сипаттайды,  оның  ең  айқын 
икемділігі  белгілі  бір  нақты  жағдайларда  ие  зақымдалуында  патогендігін 
көрсету. 

 
 
16 
Қарым-қатынас процесстердің кешеніне байланысты инвазиялық аурулар  
жіті түрде – ауру белгілері жақсы көрінеді, созылмалы түрде – белгілер дұрыс 
білінбейді  және  субклиникалық  өтуі  мүмкін,  кейбір  кезде  аурудың  белгілерін 
тағайындау өте киын. 
 
1.9  Инвазиялық  аурудың  барысы.  Инвазияның  экстенсивтiгi  және 
интенсивтiгi 
 
Инвазиялық  аурулардың  барыс  мiнезi  көп  факторларға  –  паразиттiң 
түрiне,  биологиясына,  инвазияның  интенсивтiгiне,  жануардың  физиологиялық 
жағдайына тәуелдi болады. Сондықтан, осы көрсетiлген себебтерге байланысты 
паразитарлық  аурулар  жiтi  айқын  клиникалық  белгілері  көрсетілуімен  және 
субклиникалық (белгiлерi айқын көрiнбейтiн), ауру белгілерін анықтауға қиын. 
Күйiстiлердiң  iшек  нематодоздары  кезiнде  инвазияның  латенттiк  (latentis  - 
жасырын)  барысы  орналасқан.  Осылай,  семiздiгi  жақсы  қозылардың  күзде 
диктиокаулюс  личинкаларымен  зақымдалуы  шажырқай,  сөл  бездерiнде 
паразиттiң  тоқтауы  мен  бiтедi.  Бiрақта,  ерте  көктемде  сапалы  азықтын 
жоқтығынан,  өтпе  желден  және  тағы  басқа  терiс  факторлардан  личинкалар 
иенiң  нақты  барьерлар  арқылы  еркiн  өкпеге  өтiп  диктиокаулез  ауруын 
тудырады. 
Биязы  жүндi  қойларда  қышыма  күз-қыс  кезенiнде  жiтi  түрде  дененiң 
үлкен  бөлiктерiн  зақымдаумен  өтедi,  бiрақ  та  жазда  жақсы  жайляу  болғаннан 
және күн сәулесi молшылығынан бұл инвазия жасырын ағады. 
Көп  паразиттарлық  аурулар  айқын  емес,  клиникасы  белгiсiз,  созылмалы 
түрде өтедi. Жануарлардың паразиттермен зақымдалуы туа біткен немесе жүре 
пайда болған иммунитетке, табиғи резистенттiгiне, түрiне, тұқымына, жасына, 
бағу  және  азықтандыру  жағдайына  байланысты  болады.  Жануарлар  бiр 
жайляуда  әрбiр  мерзiмде  паразиттiк  организмдерiмен  бiрдей  емес  санымен 
және  түрiмен  зақымдалады.  Сол  үшiн  паразитологияда  келесi  тусiнiктердi 
қолданады. 
Инвазияның  экстенсивтiгi  (ИЭ)  –  бүкiл  зерттелген  мал  басынан 
зақымдалған  жеке  организм  саның  пайзбен  есептен  көрсетiледi,  мысалы, 
гельминтокопрология  кезiнде  100  мегежiннiң  онында  ғана  аскарида 
жұмыртқалары табылады, ендеше ИЭ 10 % тен болады. 
Инвазия  интенсивтiгi  (ИИ)  жануарды  сойып  ашып  паразиттiн  белгiлi  түрi 
санын  айқындау  және  данамен  бағалау.  Осылай,  iрi  қараның  бауырын  сойып 
ашып қарағанда 10 фасциола табылса, немесе ИИ 10 % болады. 
 
1.10 Академик Е. Н. Павловскийдің трансмиссивтік ауруларының табиғи 
ошақтығы туралы оқу 
 
Инвазиялық және жұқпалы аурулардың қоздырушылары ауру малдан сау 
малға  тасымалдаушылармен  (бунақ  аяқтылармен)  жұқтырылады,  сондықтан 
трансмиссивтік (трансмиссия - беру) деп айтылады. 1939 жылы академик Е. Н. 
Павловский трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағы туралы оқу дайындады. 

 
 
17 
Трансмиссивтіқ аурулардың табиғи ошағы – кұбылыс, қашан қоздырушы, оның 
арнайы  тасымалдаушысы  және  жануар  (қоздырушының  резервуары)  өздерінің 
ұрпақтары ауысу бойы шексіз көп уақыт табиғи жағдайда адам қызметіне және 
үй жануарлары тәуелсіз өмір сүреді. Табиғи ошақты ауруларға жатады: кенелік 
энцефалит,  лейшманиоз,  туляремия,  трихинеллез,  альвеококкоз  және  тағыда 
басқа  аурулар,  олар  адамдарға  және  ауыл  шаруашылық  жануарларға  қауіп 
төндіреді. 
Табиғи  және  синантропты  ошағының  және  инвазиялық  аурулардың 
ошағы таралуын анық ажырату керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет