К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Даму 
циклi. 
Дефинитивтiк 
иелер 
(шопандардың 
иттері) 
эксриментерiмен  бiрге  жұмыртқаға  толған  мультицепстiң  толық  жетiлген 
мүшелерiн  бөледi,  олар  суға,  жерге,  шөпке  түседi.  Жұмыртқалары  өте 
тұрақты және сыртқы ортада көпкедейiн сақталады. Аралық иелер жайлауда 
шөппен  немесе  сумен  жұмыртқаларды  жұтып  эақымдалады.  Жануардың 
iшегiнде  жұмыртқаларын  қабығы  және  онкосферасы  бұзылады,  содан  кейiн 
ұрық  iлгектерiмен  iшектiн  қабырғасына  енедi.  Қан  тамырларына  түсiп, 
қанмен  бүкiл  организмге  таралады.  Миға  немесе  жұлынға  жетiп,  ол 
iлгектерiн жоғалтып дамуын бастайды, формасы көпiршiк сияқты личинкаға 
дамиды.  Көпiршiк  баяу  өседi.  Бiр  айдан  соң  ценурдың  iшiнде  сколекстар 
дамиды, ал содан кейiн iлгектер пайда болады. Инвазиялық ценурларды 3 ай 
өткенсоң  табуға  болады.  Иттер,  қасқырлар,  түлкiлер  ценурозбен  ауырған 
қойдың  миын  жеп  зақымдалады.  Соңғы  иелердiң  iшегiнде  неше  көпiршiктi 

 
 
73 
басы  болады,  соншама  паразит  дамиды.  Иттерде  M.  multiceps  40-50  күн 
дамиды, ал күшiктерде бұл цестода тез дамиды. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Ценуроз  ауруы  кең  таралған.  өте  жиi 
солтүстiк  Кавказда,  Оралда,  Қазақстанда,  Орта  Азияда,  сирек  Украинада 
кездеседі.  Ценурозбен  2  жаска  толған  малдар  ауырады,  жиi  қойлар. 
Ценуроздан  малдар  жылдың  әрбiр  мерзiмiнде  өледi.  Негiзгi  ценурозбен 
зақымдану көз-шопандардың иттерi. Азықтандыру жақсы болса қойлар және 
бұзаулар ценурозға бейiмдi болмайды. 
Патогенез. Паразиттер капиллярдан шыққан кезiнде және миға енгенде 
механикалық  зақымдайды,  тағы  өскен  ценурлар  миды  және  бас  сүйектерiн 
қысады.  Ларвоцисталар  көбейгенде  қабыну  процессi  дамиды,  ал  алғашқыда 
мидың атрофиясы байқалады. Ми жарты шары үстiнде орналасқан ценурлар 
бас  сүйегiн  атрофияға  келтiредi.  Ценур  сұйықтығында  болады,  олар  қанға 
енiп улануды шақырады. Бас сүйектiң iшкi қысымы көтерiледi, ол ценурозға 
байланысты. Сол себептi ценурды алып тастаса қойдың жағдайы жақсарады. 
Иммунитет.  Ценурозда  иммунитет  жасқа  байланысты,  сондай-ақ 
қойларда жеке иммунитет болады, сол себептi M. multiceps жұмыртқаларын 
жыртқан  қойлар  барлығы  зақымданып  ауруы  мүмкүн  емес.  Қозылар  ауруға 
өте бейiмдi. 
Клиникалық  белгiлер.  Көпiршiк  мидың  қандай  бөлiгiнде  тiршiлiк 
еткенiн,  көпiршiктiң  санынан  және  олардың  мөлшерiнен,  тағы  да  малдың 
физиологиялық жағдайынан тұрады. Ценуроздың 3 сатысы бар: 
1  сатысы.  6  iлгектi  ұрығы  қой  iшегiнен  миға  түседi.  Қойлар  кейбір 
жағдайда қөзғыш немесе жабырқайлы болады. 
2 сатысы. Ценур өте баяу өседi, ол 6-айға созылады. Клиникалық белгiлері 
көрiнбейдi. 
3  сатысы.  Жалпы  жағдайы  нашарланады,  малдардың  тәбетi  төмендейдi, 
қозғалу координациясы бұзылады. Кейбiр қойларда толық немесе жартылай 
көру бұзылады. Бас терiсiнiң сезiмдiлiгі жоғалады, мал азықтанудан қалады, 
жүдейдi,  әлсiзденедi,  1-2  айдан  соң  өледi.  Мида  бiр  ценур  болса,  осындай 
клиникалық  белгiлер  болады.  Жұлын  зақымдалған  кезде  мал  тәлтiректеп 
жүредi, артқы аяқтардың толық салдануы пайда болады, ал терiсi сезiмдiлiгін 
жоғалтады. 
Патологоанатомиялық  өзгерiстер.  Сойып  қарағанда  қойдың  миында 
бiр  немесе  бiрнеше  көпiршiктер  табылады.  Ми  қысылған,  сол  себептi  нерв 
торшаларының  бұзылуы  және  өлу,  содан  кейiн  бас  сүйегiнiң  атрофиясы 
байқалады. 
Диагнозді клиникалық белгiлерi арқылы  қояды. Перкуссия арқылы бас 
сүйектерiн  зерттейдi,  ценур  орналасқан  жерде  өтпес  дыбыс  шығады. 
Пальпация арқылы бас сүйектерiнiң жұқаруы және майысуы бiлiнедi. 
Тағы да эпизоотологиялық деректерді ескеру керек: ауырған малдың жасын, 
ауру  мерзiмiн.  Ажырату  диагностикасы:  Ценурозды  эстроздан  ажырату 
керек. Бұл ауру өте кең тараған. Эстрозбен барлық жастағы қойлар ауырады. 
Эстроз ауруында мұрын қуысынан кілегей, iрiң және қан бөлiнедi, кейiн олар 
қотырланады,қиналып  демалады.  Одан  басқа  паразитарлық  ауру  iшiнен 

 
 
74 
сетариоз, эхинококкоз, жеке жағдайда - мониезиоз ауруларын, инфекциядан-
листериоз  (орталық  жүйке  жүйесі  зақымдану),  құтұрық,  брадзот,  Ауески 
ауруынан,  жұқпалы  емес  ауруларынан  -  азықпен  уланудан  және  кейбiр 
химиялық  заттардан,  Авитаминоз  және  минералдық,  орта  жүйке  жүйесiнiң 
бұзылуынан, жарақаттанудан ажырату керек,. 
Емi. Оперативтi. 
Алдын  алу  шаралары.  Қой  ценуроз  ауруына  қарсы  вакцина  еңгізу 
керек. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Церебральді ценуроз аурумен  қандай жануарлар аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Аралық иелері кім, паразиттің толық жыныс сатысы қайда мекендейді? 
4 Личинка сатысы қайда мекендейді? 
5 Церебральді ценуроз тірі кезінде диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 24  Қой  мониезиозы 
 Сабақтың  мақсаты:  Мониезиоз  қоздырушылары  құрылыстарымен,  даму 
циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар. 
 
  Қой 
мониезиоздары  -  Мопіеzіа  туыстығына  Апорlосерһаlidае 
тұқымдастығына  жататын  құрттардың  ересек  сатысы  қоздыратын 
гельминтоз. Мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер 
және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиірек төлдер 
ауырады (қозылар, лақтар, бұзаулар). 
Монезия  құрты  ащы  iшектi  мекендейдi.  Олардың  аралық  иелерi 
топырақта тiршiлiк ететiн сауытты орибатид кенелерi. 
Мониезиоз  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  кеңiнен  таралған  және 
жыл сайын пайда болатын зiлдi дерт. Құрттың өсiп, өнуiне қолайлы жағдайда 
немесе  емдеу-сақтық  шаралары  жеткiлiксiз  жүргiзiлген  шаруашылықтарда, 
өлiм  жiтiмге  қозы-лақ    көптеп  ұшырауы  мүмкiн.  Қой  шаруашылықтарында 
қозының  40-80  %-ы    монезиозға    шалдығып,  оның  30-80  %-ы  шығынға 
ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл ұзақ ауырады, өсуi тежеледi. Кейбiр 
деректерге жүгiнсек ауру қозы салмағын 10 % кемiтедi және одан 200 г жүн 
кем қырқылады.  
Қоздырғышы.  Мониезия-тұрқы  2,5  м-ден  10  м-ге  дейiн  жететiн  таспа 
құрт.  Гельминт  бунақтары  жалпақ  келедi,  жыныс  мүшелерi  екi  қатар 
орналасқан.  Буылтықтардың  екi  бүйiрiнен  жыныс  мүшелерiнiң  (еркек  пен 
ұрғашы) тесiктерi ашылады. Мониезиоз дертiн iш құрттың екi түрi тудырады: 
бiрiн Moniezia expansе (Rud.,1810), ал екiншiсiн M.benedeni (Moniez,1879) деп 
атайды.  
M.еxpansе-ұзындығы  6-10  м,  түсi  ақшыл,  бунақ  (проглоттида) 
аралықтарындағы  бездерi  дөңгелене  келiп,  буылтықтың  алдыңғы  жақ 

 
 
75 
шеттерiне  орналасқан.  M.benedeni  –  тұрқы  2,5-4  м,  түсi  күңгiрттеу, 
бунақаралық бездерi көлденең сызықшаға ұқсайды. Мониезия жұмыртқалары 
көп  қырлы,  бұрыштары  көмкерiлген,  түстерi  сұрғылт  болып  келедi. 
Жұмыртқа  iшiндегi  алты  iлгекшесi  бар  онкосферасы  алмұрт  iспеттес 
құрылғымен (аппарат) бекiтiлген.                                     
Өсiп,  өнуi.  Мал  таспа  құрттың  пiсiп-жетiлген  соңғы  буылтықтарын  өз 
нәжiсiмен  бірге  сыртқы  ортаға  шығарады.  Әр  бунақтарда  мыңдаған 
жұмыртқалар  болады.  Қоршаған  ортада  таспа  проглотидалары  үзiлiп, 
iшiндегi  жұмыртқалары  шашылады.  Кенелер  өсiмдiктердiң  түбiнде 
органикалық  қалдықтармен,  мал  тезегiмен  қоректенiп  жүріп,  құрт 
жұмыртқасын  қоса  жұтады.    Кене  денесiне  енгеннен  кейiн,  гельминт 
жұмыртқасынан онкосфера бөлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаң құрттың 
келесi  сатысы  цистицеркоидқа  айналады.  3-5  ай    аралығында  цистицеркоид 
өсiп  жетiлiп,    инвазиялық  сатыға  жетедi.  Мал  жайылымда  шөппен  бiрге  
мониезиоз  құртымен  залалданған  орибатид  кенелерiн  жұтып,  ауру 
жұқтырады. Қозы мен бұзаудың iшегiне түскен мониезия құрты тез өсiп, 37-
50  күн    аралығында  жетiлiп,  ересек  таспаға  айналады.  Бұл  паразит  ақтық 
иесiнiң iшiнде 2 айдан 6 айға дейiн тiршiлiк етедi.  
Эпизоотологиясы. Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы құрттың 
аралық  иесiнiң  тiршiлiгiне,  малдың  төлдеу,  отардың  жаппай  өрiске  шығу 
мерзiмiне, ауа райы жағдайларына тiкелей байланысты. 
Мал  бұл  дерттi  қора  төңiрегiндегi  қи,  тезек  шашылған  жерлерден 
жұқтырады,  өйткенi  өте  ұсақ,  жай  көзге  жөнді  байқалмайтын  сауытты 
кенелер-орибатидтер  шiрiген  органикалық  заттары  мол  топырақ  қабатында 
өмiр сүредi. Топырақ кенелерi жер бетiнде бiркелкi тарамаған. Олар далалы, 
таулы алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиiрек, ал шөбi шүйгiн, ылғалы 
мол жайылымдарда, жазық сазды жерлерде   азырақ кездеседi.  
Мониезиоз  құрты  малға  өрiске  шығысымен  жұға  бастайды,  ал  төл 
арасында  аурудың алғашқы клиникалық  белгiлерi 15-20 күн  өткеннен  кейiн 
байқалады.  Қазақстанда  бұл  гельминтоз  2-3  айлық  қозыларды  едәуiр 
дәрежеде  шығынға  ұшырататын  iндет  болып  саналады.  Сонымен  қатар  ол 
тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседi. 
Iшқұрт  ауруы  қоздырғыштарының  өздерiне  тән  айырмашылығы  бар. 
Мысалы,  жаз  ортасына  дейiн  негiзiнен  алғанда  M.  еxpansa,  ал  күзге  қарай 
M.benedeni  кездеседi.  Құрттың  бiрiншi  түрi  көбiнесе  жас  қозыларды 
зақымдаса, ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды. 

 
 
76 
 
 
 
 
Қой  мониезиозы  Қазақстанның  барлық  территориясына  тараған. 
Аурудың  шығу  мезгiлi,  қозыларды  жайылымға  шығару  уақытымен  тығыз 
байланысты. Оңтүстiкте әдетте бұл мерзiм сәуiрдiң бас кезiне тура келедi, ал 
орталық  және  солтүстiк  аймақтарында  iндеттiң  жұғу  уақыты  бұдан  гөрi 
кейiнiрек.  Қазақстанның  оңтүстiгiнде,  Оңтүстiк-шығысында  мониезиоз  жыл 
бойы  кездеседi,  бiрақ  аурудың  үдемелi  кезеңi  жас  төлде  жаз,  тоқты  мен 
ересек қойда көктем мен күз айларында өршидi. 
Лақтар  қозыларға  қарағанда  бұл  ауруға  сирек  шалдығады.  Бұзаулар 
өрiске  шығысымен  мониезиоз  қоздырғыштарын  жұқтыра  бастайды.  Тамыз 
айында  инвазия  өзiнiң  жоғарғы  деңгейiне  дейiн  көтерiлiп,  қыста  күрт 
төмендейдi. Түйенiң мониезиозға  шалдыққанын  З.В.Шумилина (1955) Орал 
аймағынан байқаған.  
Аурудың өрбуi.  Зақымданған мал iшегiнде  таспа құрттың жалпы саны 
жүзге дейiн баруы ықтимал. Құрт созылмалы денесi арқылы малдың қоректiк 
затарын  сорып,  сколекске  орналасқан  төрт  сорғышымен  iшекке  жабысып, 
кiлегейлi  қабығын  жаралайды.    Кейде  паразиттер  iшек  iшiне  толып,    азық 
жүргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады, 
бара-бара  iшектiң  түйiлуiне  немесе  ыдырап,  үзiлiп  кетуiне  ұшыратады. 
Гельминттерден  бөлiнiп  шыққан  уыты  қан  арқылы  дене  мүшелерiне 
жайылады, жүйке жүйесiнiң қызметiн бұзады, бүкiл мал денесiн уландырады. 
Соның  салдарынан  төлдiң,  кейде  ересек  малдың  iшi  кеуiп  өтедi,  нәжiс,  зәр 
шығару кезiнде мал қиналады, бұлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады. 
18-сурет. Moniezia sp.  таспа құртының даму сатылары 

 
 
77 
Сонымен  бiрге  басқа  инфекциялық    iндеттерге  қарсы  малдың  төзiмдiлiгi 
төмендейдi. 
Ауру  малдың  тәбетi  нашарлап,  тез  жүдейдi,  көбiнесе  жата  бередi, 
ақырында өлiм-жiтiмге ұшырайды.  
Сырт белгiлерi. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал организмiнiң 
шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы iшегiне енген 
ондаған  немесе  жүздеген  таспа  құрт,  ауруды  тым  үдетiп  жiбередi.  Малдың 
жем-шөпке  зауқы  бәсеңдейдi,    шөлiркеп  iшi  өтедi,  сұйық  нәжiсiне  шырыш 
және  қан  араласады.  Төлдiң  арты  үнемi  былғанып  жүредi,  ал  кейде  көтен 
iшектен таспа құрттар үзiндiлерi салбырап тұрады. 
Жүрек  қантамырлары  қызметiнiң  нашарлауынан  дененiң  әр  тұсынан, 
әсiресе  алқымынан,  сирақ  буындары  маңайынан,  т.б.  жалқаяқты  iсiктер 
байқалады. Егер iшек қуысы құрттармен бiтелiп қалса, онда жануар мойынын 
бүйiрiне  қарай  қайырып  тыпыршып  мазасызданады.  Ал  жүйке-жүйесiнiң 
қызметi  бұзылған  шақта  денеге  дiрiл  пайда  болып,    төл  бiр  орында  тұрып 
өзiнен  өзi  айнала  бередi,  аяғымен  жер  тепкiлеп,  тыпырлап,  құлап  түседi. 
Жалпы  малдың  күйi  төмендеп,  етi  қайтады,  көтеремдiктен  және  iшегiнiң 
бiтелуi себебiнен өледi. 
Өлекседегi  өзгерiстер.  Мониезиоздан  өлген  немесе  онымен  ауырған 
қозылар  мен  қойды  сойып  қарағанда,  олардың  етiнiң  қашқаны  көрiнедi. 
Кiлегей  қабықтары  бозарыңқы,  терi  астынан  жалқаяқтар  байқалады.  Iшiн 
жарып  қарағанда  құрсақ  қуысынан  сарқылма  сарысу  көрiнедi.  Ащы  iшектiң 
кiлiгей қабығы жарақаттанған нүкте тәрiздi қанталаған.  
Анықтау,  емi,  сақтандыру.  (қараңыз:  Аноплоцефалездарды  анықтау, 
емдеу және алдын-алу). 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Монезиоз ауруына толық сипаттама беріңіз 
2 Қоздырғыштарын атаңыз 
3 Клиникалық белгілері қалай өтеді? 
4 Қай жерлерде кездеседі? 
5 Диагноз қалай қояды? 
 
Тақырып 25 Тизаниезиоз 
Сабақтың  мақсаты:  Тизаниезиоз  қоздырушысы  құрылысымен,  даму 
циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар. 
 
Тизаниозбен  күйiстi  малдардың  көбi  ауырады.  Бiздiң  елiмiзде  аурудың 
қоздырғыш  құрты  қойдан,  ешкiден,  iрi  қарадан  және  кейбiр  жабайы  аңнан 
табылған. Паразит аталған малдардың ащы iшегiне орналасып, тiршiлiк етедi. 
Қоздырғышы  -  ақ  түстi  таспа  құрт  -  Thysaniezia  giardi(Moniez,1879)  
ұзындығы 1-4,5 м, енi 1 см-ге дейiн жетедi. Бунақтарының енi ұзындығынан 
едәуiр  асады,  ал  оның  монезиядан  айырмашылығы  -  әр  бунақта  бiр  ғана 
қызтекелiк жыныс мүшесi бар. Сондықтан  жыныс тесiктерi буылтықтың бiр 

 
 
78 
ғана  бүйiрiнен  кезек-кезек  ретсiз  ауысып  проглатиданың  не  оң,  не  сол 
жағынан  ашылады.  Жатыры  сан  бұралған  түтiкше  секiлденiп  көлденең 
жатады.  Жұмыртқаларының  алмұрт  секiлдi  құрылымы  жоқ.  (қараңыз:  ХХI  
сурет). 
Өсiп, өнуi. Тизанезий iшек құртының биологиясы әзiрге зерттелген жоқ, 
алайда  оның  аралық  иесi  –  омыртқасыз  хайуанаттар  болуы  мүмкiн. 
М.И.Кузнецов  (1962-1963)  шөп  қоректi  жәндiктер  (олардың  денесiнен 
тизаниезия  цистицеркоидтары  табылған)  малға  iшқұрт  ауруын  жұқтыруы 
ықтимал  деген  пайымдау  жасады.    Ал  топырақ  кенелерi  аталған  құрттың 
аралық иесi деген пiкiрдi көп ғалымдар қолдамауда. 
Эпизоотологиясы.  Тизаниезиоз  Қазақстан  мен  Орта  Азия  респуб-
ликаларында  кең  таралған.  Қазақстанның  Оңтүстiк-Шығысында    бұл  дерт 
жыл бойы тiркеледi. Гельминтозға қозылар 5 айлығынан бастап шалдығады. 
Ауру тоқтылар мен ересек қойларда жиi кездеседi. Наурызда туған қозыларда 
iшқұрт ауру белгiлерi тамыз, қыркүйек айларында бiлiне бастайды. Қарашаға 
дейiн  паразиттiң  жұғу  деңгейi  көп  емес,  ал  қысқа  салым  ауруларға 
шалдыққан жануар саны арта түседi. 
Аурудың  өрбуi.  Iшек  құрттарының  механикалық  әсерiнен  iшектiң 
кiлегей қабығы қабынып, жарақаттанады, iшек қуысы паразиттермен  бiтелiп, 
кейде жарылып та кетедi. Мұндайда ауру өлiм-жiтiммен аяқталады. Құрттың 
уыты  бүкiл  денеге  тарап,  малды  уландырады,  асқорыту  жүйесiнiң  қызметi 
бұзылады, патогендi микробтардың мал денесiне енуiне жол ашылады. 
Сырт  белгiлерi.  Тизанезиоз  мониезиоздың  клиникалық  белгiлерiне 
ұқсас келедi. Көзге шалынатын кiлегей қабықтары бозарып, аузынан сiлекей 
ағады, орталық жүйке жүйесiнiң зақымдануына байланысты еттерi өздiгiнен 
жиырылып тартылады, мал тәлтiректейдi, iшi өтедi, ауа жетiспегендiктен мал 
демiгедi. 
Өлекседегi  өзгерiстер  мониезиозбен  өлген  малдыкiне  ұқсас.  Өлексе 
арық, құрсақ қуысы сарқылма суға толған, iшектiң iшi, әсiресе тизаниезиялар 
жайғасқан  жерлерi  сұрғылт  түстi  тұтқыр  қою  сұйыққа  толы,  iшкi  қабаты 
қанталаған және таспа құрттарға толған. 
Анықтау,  емi,  сақтандыру  (қараңыз:  Анаплоцефалиоздарды  анық-тау, 
емдеу және алдын алу).  

 
 
79 
19-сурет. Аноплоцефалята таспа құрттарының бунақтар құрылымы:  
1 – Moniezia expansa; 2- M. benedeni; 3 – Thysaniezia giardi;  
4 – Avitellina centripunctata; 5- Stilezia globipunctata. 
 
 
 

 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1Тизаниезиоз ауруымен көбіне қандай малдар ауырады? 
2 Қоздырғыштарын атаңыз? 
3 Малдардың қай жерінде мекендейді? 
4 Даму биологиясы қалай өтеді? 
5 Тизаниезиоз ауруына диагноз қалай қойылады? 
 
Тақырып 26 Авителлиноз 
Сабақтың  мақсаты:  Аветеллоз  қоздырушысы  құрылысымен,  даму 
циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар  
 
Авителлинозбен  күйiс  қайыратын  мал  ауырады.  Үй  жануарларының 
iшiнде  бұл  гельминтозға  жиi  қой  шалдығады.  Ауру  қоздырғыш  құрты  ащы 
iшекте  күнелтедi.  Iш  құрттың  аралық  иесi  –  Entomobrya  туысындағы  уақ 
алтыаяқты  жәндiктер.  Авителлинозға  шалдыққан  малдан  алынатын  ет,  сүт, 
жүн  өнiмдерi  сан,  сапа  жағынан  төмендейдi,  көптеген  жағдайда  мал  өлiмге 
ұшырайды немесе лажсыз сойылады. 
Қоздырғышы  -  сұрғылт  түстi  таспа  құрт  -  Avitellina  centripunctata 
ұзындығы  1-3  м-дей,  ал  енi  3  мм  шамасында.  Стробиласы  жiңiшке  жiпке 
ұқсайды,  бас  жағындағы  бунақтары  байқалмайды,  соңғы  буылтықтары 
тiзiлген  ақ  тастардай.  Жыныс  тесiктерi  бунақтардың  бiр  ғана  бүйiрiнен 

 
 
80 
ашылған.  Пiсiп-жетiлген  бунақтарда  қалтамен  қоршалған  50-ге  жуық 
жұмыртқалары бар.  
Өсiп,  өнуi.  Авителлина  құртының  даму  айналымы  1988  жылы  ғана 
шешiмiн  тапты.  Аралық  иесi  алтыаяқты  жәндiктер-коллембола  екенiн 
П.Т.Твердохлебов  және  т.б.  анықтаған.  Қой  және  басқа  да  күйiс  қайыратын 
мал бұл дерттi авителлина цистицеркоидымен зарарланған алтыаяқтылар бар 
жайылымдарда  жұқтырады.  Мал  денесiнде  құрт  цистицеркоиды  бiртiндеп 
өсiп-жетiлiп, 40 күн шамасында ересек құртқа айналады. 
Эпизоотологиясы.  Авителлиноз  елiмiздiң  Оңтүстiк  аудандарында  
кеңiнен  тараған.  Бұл  цестодоз  кейбiр  жылдары  қой  малын  өлiм-жiтiмге  көп 
ұшыратады. Елiмiздiң Оңтүстiк-Шығыс өңiрiнде бұл дерт сирек кедеседi. 
Авителлинаның  жұмыртқалары  монезиялардың  жұмыртқаларына 
қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне, әсiресе ылғалдың аздығына 
төзiмдiрек  келедi.  Себебi  құрт  жұмыртқасын  қоршап  тұратын  “жатырға 
ұқсас”  мүшесi  қорғаныштық  қасиет  көрсетедi.  Авителлина  құртының 
жұмыртқалары көктем мен күздiк жайылымда 35-60 күнге дейiн тiршiлiк ете 
алады. 
Авителлинозға  қозы  6-7  айлығынан  бастап  шалдығады.  Ауру  ересек 
қойлар  арасында  жиi  кездеседi.  Жазғытұрым  туған  төлде  цестодолар 
алғашқы рет тамыздың аяқ шенiнде байқалады. Күзде паразиттердiң жұқтыру 
қабiлетi  өсе  түседi.  Тоқтылар  мен  сақа  мал  дертке  көктем  мен  күзде  көп 
шалдығады.  Ешкiлер  қойлармен  салыстырғанда  таспа  құртпен  аз 
зарарланады.  С.Д.Ульяновтың  (1961),  А.Ақаевтың  және  т.б.  (1973) 
мәлiметтерi  бойынша  авителлиноздың  таралуына  қарақұйрық  себепшi 
болатындығы анықталған.  
Аурудың  өрбуi.  Қой  iшегiндегi  құрт  малдың  қоректiк  заттарын  сорып 
пайдаланады, ағзалардың қызметтерiн әлсiретумен бiрге, уыттарын шығарып 
малды  уландырады.  Бұл  аурумен  малдың  жүйке  жүйесi  жиi  зақымданады. 
Малдың  ас  қорытуы  жүйесi  бұзылады,  iшi  өтедi,  қаны  төмендейдi.  Құрттар 
өздерiнiң  сколекстерiмен  iшектiң  iшкi  қабатын  жаралап,  патогендi 
микробтардың  мүшелер  мен  ұлпаларға  енуiне  жағдай  туғызады.  Осының 
салдарынан мал жұқпалы дерттерге ұрынуы ықтимал. 
Сырт  белгiлерi.  П.П.Вибе  (1970)  авителлиноздың  клиникалық 
белгiлерiн екi түрге бөлiп көрсетедi. 
Субклиникалық  (бiлiнбейтiн)  түрi.  Паразиттiң  өсiп  дамуына 
байланысты, ас қорыту жүйесiнiң бұзылуы айқын аңғарылады, малдың күйiс 
қайыруы  тоқтайды,  iшектiң  жиырылып-созылуы  күшейедi,  нәжiсi  сұйылып, 
шырыш  араласып  шығуы  байқалады.  Таспаның  пiсiлiп-жетiлген  бунақтары 
сыртқы ортаға нәжiспен бiрге шығады. 
Жiтi  түрi.  Ауруға  шалдыққан  қой  отар  соңында  қала  бередi, 
жайылмайды,  су  iшпейдi.  Бағытсыз  тәлтiректеп  жүрiп,  басын,  кеудесiн  бiр 
затқа  тiреп  ұзақ  тұрады.  Көзiнiң  кiлегей  қабығы  қанталайды.  Жүйке 
жүйелерiнiң  бұзылуы  салдарынан  оқыс  қимыл,  жата  берушiлiк,  басын  әр 
жаққа сiлкiлей беру, көз қарашығының ұлғаюы, тiсiн қайрап демiгуi, бұлшық 

 
 
81 
еттерiнiң  дiрiлдеуi,  құлап  жатып  аяқтарын  сермей  беруi  жиiлейдi.  Ауру  6 
сағатқа, кейде бiр тәулiкке дейiн созылады, ақыры мал өлiп тынады. 
Өлекседегi өзгерiстер. Авителлиноздан өлген қойды жарып қарағанда, 
ащы  iшектiң  iшкi  қабатының  iсiнiп  қанталағанын  және  iшек  iшiнен 
құрттарды көруге болады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Авителлиноз ауруына сипаттама беріңіз 
2 Қоздырғыштарын атаңыз 
3 Даму биологиясы қалай өтеді? 
4 Қандай елді мекендерде көп кездеседі? 
5 Өлекседегі өзгерістері қалай болады? 
 
Тақырып 27 Нематодалар және нематодоздар 
Сабақтың  мақсаты:  Нематодалардың  жүйесін,  құрылысын  және 
биологиясын зерттеу. Нематода подотрядтарымен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар 
 
Нематодаларда  негізінен  ұзынша  ұршық  тәрізді  денесі  болады. 
Нематодалардың  ұзындығы  1  миллиметрден  1  метрге  дейін  болады. 
Сыртынан  нематоданың  денесі  кутикуламен  қапталған,  оның  астынғы 
эпителиальді  және  бүлшықетті  қабаттары  тері-бүлшық  қапшықты  құрайды, 
соның қуысында барлық ішкі мүшелері орналасады. Кутикуланың беті тегіс 
емес, әртүрлі бағытты сызықтар білінеді, нематодалардың кейбір түрлерінде 
кутикулярлы қосымшалар болады, солар арқылы бекітіледі. 
Нематодалар – бөлек жынысты гельминттер. Аталықтар аналықтармен 
салыстырғанда,  ереже  түрінде,  кішкентай  болады.  Жұмыр  құрттар  имаго 
және  личинка  сатыларында  өз  иелерінің  әртүрлі  мүшелерінде  және 
үлпаларында мекендейді. Оларда төрт: жүйке, бөлу (экскреторлық), асқорыту 
және жыныс жүйесі болады. 
Жүйке жүйесі құрделі және көп санды ганглийлардан турады, өнештің 
манында жүйке сакинасын құрайды, сол жерден алға және артқа қарай жүйке 
бағанасы басталады. 
Бөлу  (экскреторлық)  жүйесі  дененің  артқы  жағында  екі  латеральді 
каналдардарымен  білінеді  және  вентральді  бетінде  экскреторлық  тесікпен 
бітеді. 
Асқорыту  жүйесі  өнештен,  ол  ауыз  тесігімен  басталады  және  дененің 
бойына созылған ұзын ішектен тұрады, ішек анус пен бітеді. 
Нематодалардың  мөлшері,  пішіні,  еріндердің    саны  әртүрлі:  аскаридата 
тұқымдасында  үш  ерін,  ал  спирурата  тұқымдасында    -  екі  ерін  болады. 
Кейбір  гельминттерде  ерін  бүкіл  болмайды,  ал  ауыз  тесігі  сезімдік 
емізіктермен қапталған (стронгилята, филяриата). Ауыз тесігі ауыз куысына 
ашылады,  онын  ішінде  кескіш  пластинкалары  мен  тістері  болады.  Әртүрлі 
нематода  өнешінің  пішінінде  және  құрылысында  айырмашылығы  бар. 
Өнештің артқы жағында шар тәрізді кеңею – бульбус болады. 

 
 
82 
Аталықпен  аналықтың  жыныс  жүйесі  трубка  тәрізді.  Аналық  жыныс 
мүшелері  екі  иілінген  жұмыртқалықты  екі  жатырмен  трубка  тәрізді 
яйцепроводпен  бірлестіреді.  Шағылысқан  жұмыртқалар  жатырға  түседі, 
соның  ішінде  жұмыртқаның  қабығы  құрылады  да  эмбрион  дамиды.  Жатыр 
вагина мен бірігеді. Вульва дененің алдынғы, ортанғы немесе артқы жағында 
ашылады. 
Аталықтың жыныс жүйесі бір енімен (жінішке иілген трубка). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет