М.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ
ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Утеева Қ.Ж. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Ендігі біздің басты міндетіміз осы
мемлектіміздің ӛсіп ӛркендеп, халқымыздың әлеуметтік, экономикалық, жағдайын
кӛтеру. Қазақстандағы саяси экономикалық тұрақтылықтың қалыптасып, дамуына
кӛбірек мән беру қажет.
Бүгінде, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің ӛзекті тақырыбына айналып отыр және де
шешімін табудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Білім беру және тәрбие саласындағы
маңызды ӛзгерістер мен болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығына күрделі де нақты
талаптар қойылып, іске асырылуда қатаң бақылау кӛзделуде. Сондықтан, болашақ
ұстаздардың ғылыми негізделген педагогикалық кӛзқарас жүйесін қалыптастыру үшін
басты педагогикалық ұғымдарды және педагогика тарихында меңгерту қажет.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі ӛркениетті елдермен терезесі
тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа ілесіп, саяси экономикалық
мәселерді ұлттық мүддеге сәйкестендіре отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп
келеді. Демек бүгінгі таңда оқу білім саласындағы, оның ішінде қоғамдық
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
132
гуманитарлық ғылым майданында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуші ғалымдар
халқымыздың мыңдаған жылдық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім тәрбие,
психология, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты асыл қазыналарын жоғары теориялық
талғаммен қарастырып, зейінді түрде зерделей білгені жӛн.
Сан ғасырлық тарихымыздағы осынау асыл дүниелерімізді кӛпшілік қауымның
кәдесіне жарату еліміз егемендік алғалы бері ғылыми үрдіске айналған заңды құбылыс
екені сӛзсіз.
Бүгінгі заманның талаптарына сәйкес тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына
түсуіне байланысты ізгілікті, тәлімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуде ұлы, аспантаудай
ақиық ақын М.Мақатаев шығармаларындағы педагогикалық асыл мұраларының тәлім
тәрбиелік мәнінің бағаланып, қаралып, зерттелуі ӛте қажет болып отыр.
Осы тұрғыдан педагогика ғылымы тарапынан бүгінгі күннің талаптарына сәйкес,
соған сай шешу халықтың ықылым заманнан келе жатқан бай мәдени мұрасын
педагогикалық ой пікірлер саласында жинақталған, барлық құнды идеяларды
зерттеудің және оны пайдаланудың маңызы ӛте зор. Ӛсіп келе жатқан жас ұрпаққа, ұлт
ӛмірін ӛркендетуші, саналы да салауатты, ұлтжанды, білімді, тәрбиелі де ӛнегелі тәрбие
беру басты міндеттеріміз.
Ұлттық сана-сезiмнiң дамуына орай адамгершілік, имандылық, елжандылық,
ұлтжандылық тәрбиенiң тәлiм -тәрбие шараларында, оқу -тәрбие үрдiсiнде
пайдалануды жетiлдiру қажеттiгi туындайды. Осы бағытта жастарды адамгершілік пен
имандылық қасиеттерге тәрбиелеуде М.Мақатаевтың кӛптеген педагогикалық ойлары
бар.
Оқушыларды, жасұрпақты ұлттық тәрбие, имандылық қасиеттердi бойына
сiңiруге, жақсы мiнез-құлыққа бой ұpyғa, жаман мiнезден аулақ болyға және әpкiмнің
ӛзiнiң мiнезiн тәрбиелеуде оның "Мiнез" деген ӛлеңiнде былай делiнген:
Қайтейiн мiнезiндi жарқылдаған,
Жақсылық бiр ӛзiңнен артылмаған.
Heciнe кӛздi кӛрiп кӛлгiрсисiң,
Жiгiтiм, белгiлi ғой артың маған - деп, жасұрпақты, оқушыларды жаман мiнезден
аулақ болyға ұлттық тәрбие, uмандылық қасuеттердi бойына сiңipyгe, жақсы мiнез –
құлыққа бой ұруға және әpкімнің ӛзiнiң мiнезiн тәрбиелеу жолдарын айтады,
түсiндiредi. Мiнез туралы ұғымда, оның мiндерi бар eкенін бiлемiз: ұятсыздық пен
арсыздық пайдакүнемдiк, екі жүздiлiк, жарамсақтық, күншілдік, сараңдық, ӛсекшілдік
т.б. ал, М.Мақатаевтың педагогикалық ойларында мiнездiң қоғамдық қатынастарға
және адамдардың ӛзара қарым - қатынасына байланысты екендiгi және жеке адамның
мiнезi мен epiк сапалары, бағыты айтылады.
Халқымыздың әр заманда ғұмыp кешкен ғұламалары әл-Фараби, Абай Құнанбаев
т.б ойшылдарымыз бен ғұламаларымыздың еңбектерiнде мiнездiң педагогикалық,
психологиялық жақтары бар екендiгiн бiлемiз. Miнe, зерттеліп отырған
тақырыбымыздың негiзгi болған М.Мақатаев шығармаларындағы педагогикалық
ойлардың барлығы дерлік жасұрпақтың келешегiне берер тағылымы, тәлiм -тербиесi
маңызды болмақ.
Қазақ халқының біртуар, данышпан ұлы М.Мақатаев шығармалары
философиялық педагогикалық психологиялық ойға толы және қай ӛлеңiн алсақ та
ӛсиет-ӛнеге, жасұрпаққа арналған ақыл- кеңеске толы. Ол ӛз халқының аңсаған арманы
мен үмiт-тiлегiн жан -тенімен жырлады.
Мұқағали Мақатаев ӛзінің әлеуметтік-саяси кӛзқарастарына прогресіл бағытта
болды. Замандастарын, жасұрпағын мейiрiмдiлiкке, бiлiмге, елжандылыққа,
ұлтжандылыққа шақырды. М.Мақатаевтың шығармалары терең философиялық түйiндi
пікірлермен айқындалады. Оның шығармалары философиялық, педагогикалық және
психологиялық кӛзқарастары терең мағыналы негiздерге лайықты құрылған.
133 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
Мұқағали - қазақ халқының тек ұлы ақыны ғана емес, сонымен бiрге ұлы ойшыл.
Мұқағали түсінігінде, табиғат бiздiң санамыздан тыс және бiзге бағынбай ӛмip сүредi.
Терең философиялық дүниетанушылық күші бар гуманизм мен ағартушылық идея
Мұқағали поэзиясының ең негiзгi, бастапқы сипаты болды.
Ол қазақ халқының саяси –экономикалық және мәдени артта қалушылығы-оның
отаршылдық феодалдық - патриархалдық ӛндiрiс тәсiлдерi бар, рулық талас-
тартыстары бар кӛшпелi тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары
екендiгiн терең түсiнедi. Ақынның педагогикалық кӛзқарасын зерттеудiң теориялық
негiзiн анықтауда, ӛзі ӛмір сүрген жылдардың қоғамдық қатынасы мен кӛзқарасының
дәрежесiнен аспай қалған кездерi де болды, яғни белгiлi дәрежеде тарихи
шектеушiлiктен де құралақан болмады. Сол жылдардағы философия, этнография
тарауларындағы "халықтық мәдениет", "дәстүрлi мәдениет" жӛнiндегi кӛзқарасы,
тәрбие қызметiн халықтық мәдениеттің маңызды компонеттерінің бiрi peтіндe
қарастырудағы ықпалдылығымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде тәлiм -тәрбие халық
ӛмірінің барлық саласымен кӛрініс табатын материалдық және рухани мәдениетпен
астасып жатқан күрделі тарихи қоғамдық құбылыс.
Қоғам дамуының алғашқы сатысында тәрбие ӛзiндiк кӛзқараста болғандығын,
мақсатқа сай тәрбиелеудiң жолдарын ойлағандығын мәлiмдейдi. Тәрбие ғылым
аргументтерi мен дәлелдеулерi емес, icәрекеттiң қисынымен, тәрбиеленушiнiң жан
дүниесiне ықпалының нәтижелiгiмен құнды. Жасұрпақтың бойына әке-шеше, ру, тайпа,
халық, ұлт қалаган қасиеттердi саналылықпен сiңiру тәрбиенiң жемiсi. Бұл халық
кӛзқарасында адамның қоғамдағы орны, оның қалай тәрбиеленгендiгiмен
ӛлшенетiндiгiнiң белгiсi.Отаншылдық сезімді тәрбиелеу мәселесі білім берудің барлық
ұйымдарында кӛкейкесті болып табылады. Жастарды Отанды, туған жерді, ӛзінің
халқын сүюге тәрбиелеу – аға ұрпақтың аса маңызды әрі жауапты да қадірменді
парызы болып саналады. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке
тәрбиелеудің ӛзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық",
отансүйгіштік", "патриотизм", ұғымдары ӛмір сүріп отырған заманның наным -
сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің
темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып табылады. "Қазақстандық патриотизм"
ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сӛз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік
ахуалдың ерекшелігін білдіреді. Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті ӛмірде
жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне
келер болсақ, ол Қазақстан азаматтарын патриоттық рухта тәрбиелеумен тығыз
байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен
азаматтық ерлік, ӛнеге кӛрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел
игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнаумен анықталады. Ӛз елінің ӛткенін, тілін,
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм ұғымының
құрамын белдіреді. Патриотизм идеясының дамуы ежелгі ойшылдар Аристотель,
Платон, Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. ―Ең мәртебелі ой-
толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ‖, -дейді Цицерон ―Мемлекет туралы
диалогінде‖.Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс
философтарының да қосқан үлесі мол екені белгілі. Шығыс ойшылдары Жүсіп
Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б.
еңбектерінде де келелі, пікірлер айтылған.Қазақ даласының мақтаныштары Асан
Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Ӛтемісұлы да ӛз шығармаларында Отанға
деген ыстық сезімдерін ӛз шығармаларында арқау еткен. Патриоттық сезімді қазақ
ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға
болады. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы
ӛмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси, әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, ӛз тілі мен мәдениетіне,
ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, ӛзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
134
пайымдайтын сезім кӛрсеткіші болып табылады. Осыған орай президентіміз
Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен
қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.Егемендік алған күндерден бері
патриотизм ұғымы, оның мазмұны тӛңірегінде пікірталас жүріп келді. Сонымен қатар
"ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны
белгілі. Бірақ, ӛсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі
ұғымның қайсысын ұстанған жӛн? Олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-
тұжырымдар жүйесінен тұрады? Бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге
бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма? -
деген секілді кӛптеген тартысты сұрақтар туындап отыр.Бүгінгідей демократиялық
бағыт ұстанып отырған қоғамда, жастардың тағдыры ӛздеріне, отбасының материалдық
ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау
басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен
жастардың тағдыры ӛздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып
отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені
даусыз.
Біздің пікірімізше, ӛсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек ӛз мәдениетін ғана
танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.
Жастар қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, ӛз болмысында еш бұрмалаусыз
танып, білуі шарт. Жоғары оқу орны студенттерінің бойында патриоттық сезімді
қалыптастыруда шетел тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін
жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер
Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа,
адамгершілікке, елін сүюге шақырған ӛлең жырлары, шешендік сӛздері бастауыш
сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы ӛте зор.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар кӛзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер,
табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған ӛлкедегі тамаша
киелі орындар. Олардың адам кӛкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді
ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар кӛзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің
арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге ӛзінен - ӛзі келмейтін баланың бойында
біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін
кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған
ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық
ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.
Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы ӛсіп жетіліп патриоттық сана түрінде
қалыптасатындығы мәселесі кӛптеген ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болған.
Атап айтқанда, С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова және т.б.
мектептегі іс-тәжірибелеріді зерттеп, бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын
патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын келесідей топтастырған: педагогикалық
практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке
тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік
жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас
буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық,
ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану
жолдарына мүмкіндік жасау. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелерін
зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылай келе жастарға патриоттық тәрбие
беруде оқушылардың нақты іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт
беруді негізге алу керек. Патриоттық тәрбие беру үдерісінің танымдық мәнін естен
шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір тұлғада патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан, оқытушылар ӛз
135 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, ӛз халқына деген
сүйіспеншілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау.
Адамгершілікті, ӛркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен,
тәжірибесімен үндестікте болуы тиіс. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір
формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
―Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға ӛте кӛп нәрсе кіреді деген
қарапайым ойды қалыптастыру керек‖ – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сӛзі терең
ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Патриоттық
тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бӛлігі және жастардың патриоттық, жоғары
азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және
басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады. Патриоттық
тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін
кӛрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек
және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып
табылады. Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекет түрлері тәрбие үдерісінің
нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс,
ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, кӛркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Студенттің патриоттық іс-әрекетке дайын болуы оның ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзіндік
таныту шегіне кӛтерілуімен де анықталады. Бұл іс-әрекеттердің жүзеге асуы
оқытушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық кӛзқарас тұрғысынан келуімен
тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс
тәрбие жұмыстарының бірлігінде, жастардың дербес ерекшеліктерін есепке ала
отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі технологияларын мақсатты түрде таңдап,
олардың уздіксіз ӛзгеруі мен күрделенуінің, кеп түрлі болуының нәтижесінде ғана
жүзеге аспақ.
Олай болса ӛсіп келе жатқан жас буындардың бойында Мұқағали ӛлеңдері
арқылы қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру міндетіміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-
2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің
Жарлығы
Астана,
Ақорда,
2006
ж.
қазанның
10-ы.
№200
2. А.Қ.Құсайынов Білім және Реформа. Алматы 2006.
2.Шет тілі сабағы арқылы отаншыл бағыттағы тұлғаны қалыптастыру. //«Орталық
Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» атты Орта
Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. IV
бӛлім. – Түркістан, 2006.
3.Жастарға отаншылдық тәрбие берудің кейбір ӛзекті мәселелері. //Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2006.
4.Мұқағалитану дәрістерінің бағдарламасы.// Қазақ тілі мен әдебиеті және
Ұлағат жабық акционерлік қоғамының ай сайын шығатын ғылыми –педагогикалық
әдістемелік журналы . 5- саны . 2000 жыл, 26-30 беттер. 6- саны, 2000 жыл , 26 – 29
беттер.
5.Жылап қайтқан ӛмірдің базарынан Құрастырған А.Әбдіқалов.
6.Мұқағалидастан (Ақын шығармалары туралы ойлар, зерттеулер. Алматы:
Шартарап- 2001 жыл - 78-84 б.
7.Ӛтеев Жұмаш. Жыр жампозы // Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті. Халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары, 24-25
наурыз, 2005 жыл, 303-307 бет.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
136
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о патриотическом воспитании молодежи через произведения
М.Макатаева.
SUMMARY
The article talks about the patriotic education of young people through the works of
M.Makatayev.
МАГИСТРАТУРА
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚПАРАТҚА
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алимбекова А.А. – магистрант (Алматы, ҚазмемқызПУ)
Қазақстан ХХІ ғасырда ғылым-техникалық жетілудің негізгі кӛрсеткіштерінің
бірі қоғамды ақпараттандыру мәселесін шешуде ӛз алдына кӛптеген міндеттер қойып
отыр. Қазіргі кезде ақпараттандыру мәселесі елдің экономикасының, ғылымның,
мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Ақпаратқа қызығушылық мәселесін
шешуді осыдан екі-үш жыл бұрын бастауыш мектептен бастау керек десе, қазір оны
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үдерісінен бастау ӛзекті мәселеге айналып отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың дамуына қойылатын жалпы
талаптардың бірі танымдық құзыреттілік қалыптастыруға бағытталған. Танымдық
құзыреттілік бағытында: бірінші қарапайым математикалық ұғымдар; екінші іздеу және
экспериментальды іс-әрекет; үшінші ақпаратпен жұмыс бӛлімі берілген. Осы
ақпаратпен жұмыс бӛлімінде баланың 1жасынан 3жасына дейін түрлі ақпарат
кӛздеріне қызығушылық білдіретіндерін, 3 жастан 5жасқа дейін жаңа ақпарат алудың
қажеттілігін түсінетін, ал 5жастан 6 жасқа дейін жаңа ақпаратты қалай ұсыну
керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінетіндерін кӛрсеткен. Осыған байланысты
Л. Выготскийдің: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр,
оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін
барлық күшті салатынын және бала ӛзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол
әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек» деген пікірінен кӛруге болады.
Қызығу сӛзі латын тілінде interest – қазақшаға аударғанда мәні бар, маңызды
деген ұғымды білдіреді. Қызығушылық – танымдық қажеттіліктің кӛріну формасы. Ол
тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттарын мағаналы сезінуге тұлғаның бағыттылығын
қаматамасыз етеді және сонымен бірге бағдарламаға, іс-әрекетті толық және терең
бейнелейтін жаңа деректермен танысуға жәрдем етеді. Р.М. Қоянбаев қызығушылық
ұғымна анықтама бере отырып оның екі түрін кқрсетеді: бірінші объектінің
тарымдылығынан туындайтын тікелей және іс-әрекеттің мақсатына жетудегі құралы
ретінде. Екінші объект – дәнекер ретінде. Осыдан біз педагогикада қызықтыру оқуға,
білуге деген танымдық белсенділіктің қозғаушы күші екенін білеміз.
Қызығулар ӛзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық саяси,
кәсіби, спорттық, танымдық, т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы ӛз алдына бірнеше
түрге бӛлінеді. Мысалы: таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, кәсіби қызығулар
сан – салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино, музей,
театр, музыка, бейнелеу ӛнеріне, т.б. жатады.
137 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
Адамның қажеттіліктері негізінде қызығулар мен бейімділіктер пайда болады,
бұлар едәуір дәрежеде жеке адамның бағыт – бағдарын анықтайды.
Жеке адамның қасиеті ретінде қызығулар адамдарда әртүрлі болады да, адамның
ӛмірі мен қызметіне сан алуан әсер етеді. Қызығулардың ерекшеліктері адамның
ерекшеліктерін де сипаттайды. Қызығулардың мазмұны адамның бағыт – бағдарын,
оның ӛмірде алдына қойған мақсаттарын білдіреді. Қызығулардың тереңдігі адамның
жалпы дамуыммен, ақыл – ойымен тығыз байланысты. Қызығулардың ӛсіп – дамуы
мүмкін, егер адамның қайсыбірі пайдалы нәрсеге, мысалы, кӛркем әдебиетті оқуға,
ӛнерге ынтасы жеткілікті болса, қызығуы бірте - бірте ӛсіп, тереңдей түседі. Бірақ адам
бұларды
қолдап
отырса,
оған
қамқорлық
жасамаса,
оларды
негізінде
қанағаттандырмаса, қызығулар бірте – бірте нашарлап, соңында мүлде жоғалып кетуі
ғажап емес. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін, бірақ олардың ішінде
басты біреуі, ең басыңқы қызығу болады. Мұндай қызығулар, күшті, тұрақты,
мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріп, білімді терең алуына кӛп жәрдемдеседі. Оқу
қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Ал ақпарат - информация латын тілінде informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар
ету деген мағананы білдірді. Демек істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе
біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.
Қазіргі уақытта ақпарат, ақпараттық үдеріс адам ӛмірінің құрамдас бӛлімі болып
табылады және ол ақпараттық қоғамның пайда болуына әкеліп отыр. Осыған
байланысты жаңа ақпараттық тұрмыс қалыптасып, оның барлық жақтары адамның
ақпараттық іс - әрекеті арқылы ӛтеді.
Қазіргі ақпараттық технологияларға негізделіп адамның бағалы құндылықтары,
қызығулары, қажеттіліктері ӛзгеріп отыр. Бүгінгі күнде мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың негізгі бағыты бала дамуына қажетті кеңістікті және баланың дара дамуына
кешенді жетекшілік жағдайын туғызумен байланысты болып отыр.
Қазіргі кезде адамдар әсіресе жасӛспірім балалар мен тіпті кішкентай балалар да
барлық жаңалықтарды интернет кӛзінен және теледидар арқылы білуге құмар.
Комьютермен жұмыс істеудің ӛзі баланы оқуға, сызуға, жазуға, құруға үйретеді.
Сонымен қатар интернеттен ӛзіне керекті материалды үйінен шықпай табуға
болатын мүмкіндік береді. Қазір балаға интернет арқылы әлемдік ақпарат қорларына
жол ашық. Дегенмен комьютердің пайдасымен бірге зияны да жеткілікті. Ол
комьютердің алдында бірнеше сағат бойы отыру тәуелділігін қалыптастырады, ол
баланың ағзасының дұрыс жетілуіне кедергі болады: омырытқасының қисаюы, кӛруінің
нашарлауы, нерв жүйелерінің зақымдалуы, мінез-құлқының ӛзгеруі т.б. Ал теледидар
баланы кітап оқудан алшақтадады. Қазір біз қазір ақпарат сӛзін естісек оны тікелей
комьютерлік технологиямен немесе БАҚ байланыстырамыз. Бүгінгі күні баланың
ақпаратқа қызығушылығын арттыру және қалыптастыруды ауызша, жазбаша және
қимыл-қозалыс түрінде де бере алатынымызды ұмытпауымыз керек. Баланың не
естігенін, не кӛргенін сұрап, оның білмеген сұрақтарына жауап беру бұл да оны
ақпараттандырған болып есептеледі. Қазіргі кезде балалар теледидардан ешқандай
тәрбиелік мағанасы жоқ хабарларды қызығушлықпен кӛріп отырғандарын байқауға
болады.
Кӛптеген ата-аналар баласының әр сұрақтармен мазасын алып, үйде белсенділік
танытқанынан кӛрі, тып-тыныш отырып, теледидар кӛргенін немесе комьютермен
шұғылданғандарын қалайды. Олар педагог-психолог мамандардың балаға әр түрлі
жаңалықтарды кітап арқылы алуға бейімдеу керек деген сӛзді сондай қиын
мәселелердің қатарына қояды мысалы: «кітап оқыту бұл азап», «таяқтап оқытпасақ
кітап оқымайды», «кітап оқыту бұл ата-аналардың жүйкесін тоздырудың бір жолы» т.б
кӛпеген сылтаулар айтады.
Ал ақылды ата-аналар баласының кӛптеген ақпаратты кітап оқу арқылы алуын
қалыптастыру мақсатында: «кел мен саған мына ертегіні оқып берейін», «мынаны
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
138
маған оқып берші, мен тамақ жасай берейін», «мына сӛздің мағанасын түсінбей
отырмын, сӛздіктен кӛріп берші немесе энциклопедияда қалай берілген екен» деген
сияқты балаға тапсырма береді. Бұл кезде біріншіден баланың анасының немесе
әкесінің ӛзінен кӛмек сұрап отырғанынан беделі кӛтеріледі және бірте-бірте ӛзбетінше
материалды игеруге дағдыланады. Қазір сатылымда баланың әр түрлі ақпаратты
ӛзбетімен игеріп білімдерін кеңейтуге керекті шет ел және Қазақстан басылымдарынан
шығып жатқан кітаптар аз емес. Сондықтан ата-аналар үйінде баланың жеке
кітапханасының болуын қамтамасыз ете отырып, ондағы кітаптармен жұмыс істеуді
балаға үйретудің әдіс-тәсілдерін игеруді қола алулары керек. Ол үшін ата-аналардың
білікті мамандармен бірлескен іс-әрекетін мектепке дейінгі мекемелерден бастап
ұйымдастыру керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы үкіметінің қазіргі заман
кезеңінде негізгі міндеттері болып отырған, балалардың интеллектуалдық және жеке
тұлғалық дамуын, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету,
жалпы адами және ұлттық құндылықтарға баулу негізінде қабілеттіліктерін дамыту,
балалардың белсенділіктерін, білім құмарлықтарын, еріктілік пен шығармашылық
танытуға қабілеттіліктерін мектепке дейінгі жастан бастап дамыту сапалы жүзеге
асатынына күмән жоқ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту негізгі ережелері. Астана, 2009
2.Қоянбаев Р.М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Педагогикалық сӛздік. Түркістан, 2006.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы формирование интерес
детей дошкольного возраста к разной информации
SUMMARY
This article discusses some of the challenges of building concern pre-school children to
different information
Достарыңызбен бөлісу: |