К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе


ТҮЙІНДЕМЕ    Мақалада  педагогтың  кәсіби  құзіреттілігінің  құрылымы  туралы  айтылады



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  педагогтың  кәсіби  құзіреттілігінің  құрылымы  туралы  айтылады. 
 
SUMMARY 
 
The article talks about the structure of the professional competence of the teacher 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
68 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Тайтелиева Л.Р - п.ғ.м., оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Бәсеке   басы – білім деген.  Ендеше ұстаздар 
қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, 
Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-қуатымызды жұмсағанымыз жӛн.  
Қазіргі талап - әрбір балаға  сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектепке 
дейінгі  ұйымдарда    оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  әртүрлі  педагогикалық  әдіс-
тәсілдермен  жүйелі  түрде  балалардың    шығармашылық  ойлауын  дамытып,  ғылыми 
кӛзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру.   Мектепалды даярлық сынып балаларына 
білім беру субъектісі ретінде, балаларды  ойын технологиялары арқылы дамыту, білім 
беру,  тәрбиелеу.  Тұлға  педагогикалық  субъект  ретінде  меңгерілетін,  қалыптасатын, 
білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі.   
Білім беру саласында   балалардың  білімді игеруге деген құлшынысын арттыру 
үшін  жаңа  педагогикалық  технологияны  тиімді  пайдалану  қажет,    себебі  жаңа 
технологияларды 
қолдану 
тәрбиешілер 
мен 
балалардың 
мүмкіндіктерін 
кеңейтіп,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттырады.  
Баланы дамытатын, ӛсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. 
Ойын-баланың  алдынан  ӛмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық  қабілетін 
оятып,  танымдық  қасиеттерін  дамытады.  Ойын-  баланың  ӛмір  тынымының  алғашқы 
қадамы. 
Ойын-сабақ,  ойын-жаттығу,  сергіту  ойындары,  дидактикалық  мақсаттағы 
ойындар,  сӛздік  ойындар,  логикалық  ойындар,  ұлттық  ойындар  баланы  жан-жақты 
дамиды.  Ойындар  баланың  зейінін,  есте  сақтау  қабілетін,  ауыз  екі  сӛйлеу  мәдениетін 
дамытады. 
Ал,  шығармашылық  дегеніміз-адамның  ӛмір  шындығына,  ӛзін-ӛзі  тануға 
ұмтылуы,  ізденуі.  Ӛмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  дұрыс  ой  түйіп,  ӛздігінен  сапалы, 
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. 
Ойын адамның ӛмір танымының алғашқы қадамы. Ойын ӛмірде ӛте ерте жастан 
басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа 
технологияның маңызды бӛлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде ӛмір сүруіне оның тілімен 
қатар  салт-дәстүрлердің,  әдет-ғұрыптарының  маңызы  айрықша.  Қазақтың  мақал-
мәтелдері  жас  ұрпақты  ибалы  болуға,әдептілікке,мінезін  жақсы  қасиеттер  арқылы 
имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың кӛркем шығармалары 
эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.  
Абай  Құнанбаевтың  он  тоғызыншы  қара  сӛзінде  жас  кезінен  жақсы  сӛз  естіп 
ӛскен  бала  кейін  есті  адам  болады:  «Адам   ата-анадан  туғанда  есті 
болмайды,естіп,кӛріп,ұстап,татып  ескерсе.  Дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы, 
сондайдан  білгені,  кӛргені  кӛп  болған  адам  білімді  болады.Сондықтан  балаға  жас 
кезінен  бастап  ойын  арқылы  тәрбиелік  маңызы  жоғары  халық  ойларының  кәусар 
бұлақтарымен сусындату қажет. 
Балалар  ойындарының  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келе,  А.С.Макаренко 
былай  деп  жазды:  «Бала    ӛмірінде  ойынның  маңызы  зор,ересек  адам  үшін  еңбектің, 
жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы  болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында 
қандай  болса,  ӛскесін  жұмыста  да  кӛп  жағын  сондай  болады.Сондықтан  келешек 
қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». 
Ғалымдар  ойынды  балалардың  іс-әрекеті  ғана  емес  танымдық  әрекет  деп 
қарастырған,  ойынды  оқушының  ізденіс  –  шығармашылық  құралы  ретінде  зерттеген. 
Ғалымдар  рольдік,  шығармашылық  ойындардың  теориясын  талдай  келіп 
(Л.С.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев, 
А.И.Фрадкина, 
А.П.Усова, 

69 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Д.Б.Эльконин,  Р.И.Жуковская,  Т.А.Маркова  т.б.)  ойынды  және  ойын  элементтерін 
педагогикалық  процестің  негізі  әсіресе  дидактикалық  және  қозғалыс  ойындарының 
ерекшіліктері,  оның  алатын  орны  және  маңызына  тоқталған.  (Е.А.Радина, 
А.И.Сорокина,  Е.И.Удальцова,  Э.М.Богусловская,  В.Н.Аванесова  т.б.)  ал  әдіскер 
ғалымдар  балалардың  кӛркемсурет  тәрбиесіндегі  ойынның  маңызын  анықтауға 
бағыттауға  арналған  еңбектер  (Н.А.Ветлугина,  Н.П.Сакулина,  Н.В.Аванесова  т.б.) 
жазған. 
Заман талабына сай әр тәрбиеші  ӛзінің оқу іс-әрекетін   жаңаша ұйымдастырып, 
шығармашылық  ізденіспен    ӛткізеді.  Білім  беру  субъектісі  ретінде  баланы  қалай 
дамытамын?  Не  арқылы  дамытамын?  деген  сұрақ  туындады.  Әрі  білім  беру 
құрлымында  жаңа  технологиялар  ӛмірге  келді.  Сол  технологиялардың  бірі  -  ойын 
технологияларын сабақтарда тиімді пайдалана білу.  
«Шығармашылық    миниатюра»   немесе   «шығармашылық  ойын»   оқутудың  
педагогикалық   үдерісін   психологизациялауға   және   оған   ойындық   сипат   беруге   
кӛмектеседі.  Атақты   оқымысты    А.В.Запорожец    ӛзінің    зерттеулерінде   қозғалыс  
сезінерлік   және   байыпты,  тиянақты    болғанда   ғана     ерікті    және    басқарылатын  
болуы  мүмкін  деп  кӛрсетті.  
Сергіту  сәттері, жаттығулар, «шығармашылық  миниатюрлер»   тек  қана  әрекет  
түрлерін  ауыстыруға  ғана  кӛмектесіп  қоймай, сонымен   бірге  олардың  барлығы  ең  
бастысы   шығармашылық   елестетуді  дамытуға  бағытталған.  
  «Сиқырға    айналу»,   «ертегі   терапия»  -  бұл   балалардың   ӛздерінің   үйренген, 
бақлағандарының   нәтижелерін   қозғалыс   және   танымдық   әрекеттерінде   кӛрсетуге  
кӛмектесетін   ойындық   тәсілдер.  Ойын   дегеніміз  –  ұшқын,  білімге   құмарлық   пен  
еліктеудің   маздап   жанар   аты.  Ойын   баланың   алдынан   есігін   ашып,  оның  
шығармашылық   қабілетін   оятып,  танымдық   қасиеттерін   дамытады.  Дене   қозғалыс  
пен   танымдық   байланысты,  баланың   ой  –  ӛрісін   дамытады,  сӛздік   қорын  
молайтады.  адамгершілік   қаситтерін   қалыптастырады,  қиялдау,  ойлау,  есте   сақтау 
қабілеттерін  жетілдіреді.  
Олар   баланың   сол   және   басқа   да   кейікерлерді   кӛз   алдына   елестетуге, 
олардың  әрекетін  ӛздерінің  қимыл – қозғалысы, дыбыс  және  кейіптендіру  арқылы  
«сипаттауға»   кӛмектеседі.  
 «Сиқырға   айналу»,   «ертегі   терапия»-  бұл   әдіс   балалардың   ертегі  
кейіпкерлердің   эмоциясы  мен  тебіреніс  сезімін, сонымен  бірге  ӛзін  кӛнілді  кӛжек, 
епсіз   қонжық,  желдің   ұйытқуынан   ағаштар   сияқты   және   жапырақтарға   ұқсап  
жеңіл   айналуы,  шуылдаған   және   тез   жаңбыр   тамшылары   сияқты   және   т.б.  
сезінуіне  мүмкіндік  береді.  
 Бала   аюдың, түлкінің, кӛбелектің   қимыл –  қозғаласын   бейнелегенде, әрине, ол 
«түрлерге   енеді».  Оған   сол   қоянның   қимылын   немесе   мысықтың   эрекетін   қалай  
келтіру  екенін  түсіндірудің  қажеті  жоқ.  
  Мысалы:  1. бала   кӛргенін, білетінін   еске   түсіріп, ӛзінің  қиялы   мен   елестету  
арқылы   әдемі   мысық   сияқты   арқасын    күжірейтіп,  еңбектеп   жүріп,  мияулайды.  2. 
«Жалқау   қуыршақтар».  Мұндай   ойындар   жағдайында   бала   ӛзін   еркін   және  
қысылып – қымтырылмай, кӛнілді  сезінеді. Дұрыс  орындалған  қимыл – қозғалыстан  
алған   қанағаттанарлық    сезімі   ғана   емес,  қуанышты   сезінуі   мен   кӛңіл   күйінің  
кӛтерілуі  ӛсіп  келе  жатқан  ағзаның   қозғалысқа  деген  қажеттілігіне  сәйкес  келеді.  
Қорыта  келгенде,  ойын  элементтерін  тиімді  қолдану  мектепке  дейінгі  топтарда 
ӛте  тиімді  деп  ойлаймын,  себебі  тез  жазу,  оқу,  мазмұндау  дағдылары  қалыптаспаған 
балаларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше 
пәнді  сүюге,  қызығуға  ықпал  жасайды.  Балаларды  мектепке  даярлауда,  олардың  жан-
жақты  үйлесімді  дамуында  ойын  маңызды  орын  алады.  Қай  заманда,  қай  халықтың 
ӛмірінде  болсын  бала  мүмкіндігіне,  шамасына  қарай  ойын  ойнайды.  Халық  мектепке 
дейінгі жастағы баланы «ойын баласы» деп тегін айтпаған. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
70 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан  халқына жолдауы  «Егемен Қазақстан» 28.01.11ж.   
2.Ахметов  С.  Балабақшада  білім  берудің  тиімділігін  арттыру  жолдары.-А: 
Рауан,1994-84с. 
3.Елубаев  С.,  Елубаева  С.  Дидактикалық  ойындар  мен  логикалық  есептер-
«Бастауыш мектеп»,2005 -№9-10. 17-35   
4.Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям дошкольников. –М: 1985. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье говорится о возможностях формирования творческих способностей детей 
дошкольного возраста. 
 
SUMMARY 
The  article  talks  about  the  formation  of  the  creative  abilities  of  children  of  preschool 
age. 
  
 
 
БАСТАУЫШ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР МЕН ОЙЫНДАР 
 
Текесбаева А.М.– п.ғ.к., доцент. (Алматы қаласы ҚазмемқызПУ) 
 
Бастауыш  мектепте  математика  сабақтарының  нәтижелі  болуы  пайдаланылатын 
кӛрнекіліктер  мен  математикалық  ойындарға  анағұрлым  байланысты  болмақ.  Бұл 
бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліне байланысты. Кіші мектеп 
оқушыларының  абстрактілі  ойлау  қабілеттерінен  гӛрі  конкретті  кӛру  қабілеті  басым 
болып  келеді.  Сондай-ақ,  мектепке  дейінгі  кезеңде  олардың  негізгі  әрекеті  ойын 
болғандықтан  оқу  әрекетіне  біртіндеп  ойын  арқылы  кӛшу  ең  тиімді  жолдардың  бірі 
болып табылады.  
Бастауыш сынып математика сабақтарында кӛрнекілік принципінің алатын орны 
орасан  зор.  Кӛрнекіліктер  оқу  материалын  оқушылардың  кӛзбен  кӛріп,  нақтылы 
түсінулеріне  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  оқушылардың  оқу  материалын  жеңіл  әрі 
терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша 
ақпараттар береді. 
Оқулықтан  басқа  оқу  құралдарына  кӛрнекі  құралдар  мен  техникалық  құралдар 
жатады.  Кӛрнекі  құралдарға:  кестелер,  сызбалар,  суреттер,  альбомдар,  санау 
материалдары,  т.б.  жатады.  Техникалық    құралдарға:  компьютер,  диафильм, 
кинофильм, эпидиаскоп, кодоскоп, бейнетаспа, үнтаспа, теледидар т.б. жатады. 
Кӛрнекі құралдар табиғи және жасанды деп екіге бӛлінеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кӛрнекі құралдар 
Табиғи 
Жасанды 
Қоршаған  ортадан  алынған 
заттар: 
жапырақтар; 
шыбықтар; 
гүлдер, тастар т.б., 
Қолдан жасалған заттар: 

қағаздан 
жасалған 
кестелер, сызбалар, фигуралар; 
- суреттер, альбомдар; 
- диафильм, диапозитив т.б. 

71 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Кӛрнекі  құралдар  ӛзінің  пайдалану  жағынан  жеке  және  жалпы  болып  екіге 
бӛлінеді.  Жеке  кӛрнекілікті  әрбір  оқушы  жеке  ӛзі  ғана  пайдаланады.  Жалпы  кӛрнекі 
құралдар  барлық  сынып  оқушыларына  арналады.  Жеке  және  жалпы кӛрнекі  құралдар 
кӛп жағдайда мазмұны жағынан ұқсас тек кӛлемі жағынан ӛзгеше болып келеді. 
Кӛрнекіліктерге әдістемелік және эстетикалық талаптар қойылады. 
Әдістемелік талаптарға тӛмендегілер жатады: 
қолданылатын кӛрнекі құрал  бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне 
сәйкес келуі керек; 
кӛрнекілік  сабақтың  тиісті  кезеңінде  ретімен  кӛрсетіліп,  ӛз  мӛлшерінде 
пайдалануы тиіс; 
кӛрнекі  құралды  барлық  сынып  оқушылары  кӛре  алатындай  етіп  орналастыру 
қажет; 
иллюстрацияларды  кӛрсету  кезінде  ең  негізгісін,  маңыздысын  айқын  бӛліп 
кӛрсету керек; 
кӛрнекілікпен жұмыс барысында айтылатын ойды нақты, айқын ойластыру қажет; 
кӛрсетілетін кӛрнекі құрал оқу материалының мазмұнымен сәйкес келуі тиіс. 
Эстетикалық талаптарға тӛмендегілер жатады: 
кӛрсетілетін кӛрнекілік таза, әдемі, тартымды болуы керек; 
кӛрнекі  құралда бейнеленген суреттер, кестелер мен сызбалардың түстері  айқын 
болуы тиіс. 
Бастауыш  сынып  математика  сабақтарында  кӛрнекіліктерді  әртүрлі  мақсатта: 
ӛткен  материалды  қайталау  үшін,  жаңа  сабақты  түсіндіру  үшін,  оқушылардың 
математикалық  білім, білік, дағдыларын  бекіту үшін, жаңа сабақты пысықтау, қорыту 
үшін қолданады. 
Бастауыш  сынып  математика  сабақтарында  кӛрнекіліктерді  дұрыс  пайдалану 
оқушылардың  математикалық  ұғымдарды  меңгеруіне,  логикалық  ойлау  қабілетерінің 
дамуына,  математикалық  сӛйлеу  мәдениетінің  қалыптасуына,  нақтылы  құбылыстарды 
қарастыруына,  ой  қырытындысын  шығаруына,  теориялық  білімдерін  практикамен 
ұштастыруына септігін тигізеді. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  математика  пәніне  қызығушылықтарын 
арттыруда  ойынның  маңызы  аса  зор.  Математикалық  ойын  бастауыш  сынып 
оқушыларын  тӛзiмдiлiкке,  қайсарлыққа,  тапқырлыққа,  шығармашылыққа  жетелейді. 
Ойын  оқушының  ойлау  қабiлетiнiң  дамуына,  психикалық  процестердiң  жетiлуiне 
кӛмектеседі.  Ойын  арқылы  берілетін  білімді  оқушы  тез  түсiніп  қабылдайды.  Ойын 
оқушылардың  сабаққа  ынта-ықыласын  арттыру,  математикалық  білім,  білік, 
дағдыларын  қалыптастыру  үшін  қажет.  Сондықтан  математика  сабақтарында  түрлі 
ойындарды пайдаланудың маңызы зор.   
Математикалық  ойындардың негізгі  мақсаты  – бастауыш сынып оқушыларының 
бағдарлама  талаптарында  кӛрсетілген  математикалық  білім,  білік,  дағдыларын 
қалыптастыру,  белгілі  бір  тақырып  бойынша  білім  беру,  пысықтау,  қайталау  немесе 
тексеру.  
Математикалық 
ойының 
міндеттері 
– 
оқушылардың 
математикаға 
қызығушылығын  арттыру,  математикалық  білімдерін  дамыту,  шапшандыққа, 
қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу. 
Ойын  барысындағы  қимыл-әрекет  пен  қуаныш    ӛсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ 
дүниетанымының дамуына, ӛз елінің патриоты болуына тәрбиелейді.  
Ойын  кезінде  оқушы  жылдам  ойланып,  тез  арада  ӛз  бетiмен  шешiм  қабылдауға 
дағдыланады.  Ал  ойын  ережесi  мен  шарты  баланы  тәртiптiлiкке,  жауапкершілікке 
жетелейдi.   
Математикалық ӛлеңдер бастауыш сынып оқушыларына сабақта алған теориялық 
білімдерін  тереңдетіп,  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Оқушылар  сандар  мен  цифрларға, 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
72 
 
 
шамаларға  және  геометриялық  фигураларға  байланысты  түрлі  ӛлеңдерді  жаттау 
арқылы ӛз білімдерін толықтырады.   
Ойынның  маңызы  туралы  кӛптеген  ғалымдар  айтып  кеткен.  Кеңестік  педагог 
А.С.Макаренко:  ―Баланың  ойынға  деген  құмарлығы  бар,  сол    құмарлықты  
қанағаттандыра  білуіміз  керек.  Ойнау  үшін  тек  қана  уақытты  бӛліп  қана  қоймай, 
сонымен бірге баланың барлық ӛміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның 
барлық  ӛмірі  -  ойыннан  тұрады.‖-  деген  екен.  К.Д.Ушинский:  ―Ойын  баласын  ойын 
үстінде үйрет‖ – деп тұжырымдаса, Л.Выготский: ―Ойын бастан кешкендерді жай ғана 
еске алу емес, ол бастан кешкен әсерлерді  жасампаздықпен қайта ӛңдеу: баланы ӛзінің  
қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарына  жауап  бере  алатын  деңгейдегі  қайта 
құрастыру  мен  одан  жаңа  әрекеттер  жасау  болып  табылады‖,  -  деп    санайды.  Ал 
ертедегі  ұлы  ойшылдар  Ж.Ж.Руссо  мен  И.Г.Песталоцци  ойын  арқылы  балаларды 
болашақ ӛмірге  бейімдеу керек деп түсіндірген. 
Ұлы  Абайдың:  ―Ойын  ойнап  ән  салмай,  ӛсер  бала  бола ма?‖ деген  пікірінен  
бала  ӛмірінде  ойынның  маңыздылығын  кӛруге  болады. 
Ойын  -  бала  әрекетінің  бір  түрі,  адамзат    мәдениетінің  қазынасы.  Бала  ойын 
арқылы  ӛмірге  енеді,  табиғатпен,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасқа  түседі,  таным-
түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. 
Ойынның түрлері сан алуан. Мысалы, іскерлік  ойындар, дидактикалық ойындар, 
ұлттық  ойындар,  рӛлдік  ойындар,  сюжеттік  ойындар,  сахналық  ойындар,  қимыл-
қозғалыс ойындар, үстел үстіндегі ойындар, дала ойындары т.б. 
Математикалық  ойын  бастауыш  сынып  оқушыларын  тӛзiмдiлiкке,  қайсарлыққа, 
тапқырлыққа,  шығармашылыққа  жетелейді.  Ойын  оқушының  ойлау  қабiлетiнiң 
дамуына,  психикалық  процестердiң  жетiлуiне  кӛмектеседі.  Ойын  арқылы  берілетін 
білімді оқушы тез түсiніп қабылдайды. Ойын ережесi мен шарты баланы тәртiптiлiкке, 
жауапкершілікке жетелейдi.   
Бастауыш  сынып  математика  сабақтарында  мынадай  ойындарды  пайдалануға 
болады:  «Домино»,  «Сандардың  кӛршісін  ата»,  «Жасырып  сан»,  «Түрлі  түсті 
үшбұрыштар»,  «Ӛрнектерді  құрастыр»  «Үшбұрыштар  еліне»  саяхат,  «Шаршы  
құрастыр»,  «Қызықты  санау»,  «Үздік  есептегіш»,  «Сен  жалғастыр»,  «Қай  сан  қалып 
қойған?»,  «Геометриялық  фигураны  тап»,  «Сан  мен  түстер»,  «Кӛңілді  пішіндер», 
«Шаршыны  толтыру»,  «Аукцион», 
«Кім  жылдам?»,  «Балық  аулау»,  «Гүл  терейік»

«Алтын сақа» т.б.   
Қорыта  айтқанда,  математикадан  кӛрнекіліктер  мен  ойындар  бастауыш  снып 
оқушыларының  білімін  арттырып,  оқу  материалын  тез  әрі  жеңіл  қабылдауға 
кӛмектеседі. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье говорится о роли и значении математических игр и наглядных пособий в 
обучении и воспитании детей младшего школьного возраста. 
 
SUMMARY 
 
The article talks about the role and meaning of mathematical games and Visual AIDS in 
education and upbringing of children of primary school age. 

73 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАС 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОҚУ-ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ЖЕТІЛДІРУ 
 
Тұрысбаева А.Ж. – оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  және  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  қабылдануына  байланысты  ғылым  мен 
білім  беру  жүйесі  ӛзінің  жаңа  даму  кезеңін  және  жаңару  үрдісін  басынан  кешіруде. 
Білім  берудің  ең  негізгі,  ӛзекті  мәселесі  –  адамды  жан-жақты  етіп  тұлғаландыру. 
Сондықтан  бүгінгі  білім  берудің  мақсаты  мен  мазмұны  қазіргі  заман  талабына  сай 
анықталуы  керек.  Ӛзге  мемлекеттер  тәрізді  Қазақстан  да  әлемдік  ӛркениеттер 
қатарынан  лайықты  орынды  иеленуге  ұмтылуы  қажет  екендігі  белгілі.  Мұндай  биік 
мұраттардың  орындалуында  танымдық  құзыреттілікті  дамытудың  атқарар  қызметі, 
қосар  үлесі  зор.  Еліміздегі  білім  беру  бағытының  дамуы  үшін  құзыреттілік  тәсілдің 
қажеттілігі  «Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген [1]. 
«Құзырет»  -  тұлғаның  белгілі  бір  пәндер  шеңберіне  қатысты  білім,  біліктілігі, 
дағдысы  мен  іс-әрекеттері  тәсілінің  ӛзара  байланысқан  сапаларының  жиынтығы. 
Құзыреттілік  білім  шеңберінде  ӛз  орнын  тауып,  жаһандану  ағысына  енген  еліміздің 
алдында  тұрған  міндеттерінің  бастысы  –  білім  беру  жүйесін  жетілдіру,  елдің 
интеллектуалдық  потенциалын  кӛтеру,  қоғамдық  ӛмірдің  салаларында,  соның  ішінде 
білім  беру  саласында  жүріп  жатқан  демократияландыру  мектепті  қазіргі  кезеңдегі 
дағдарыстан  шығаратын  қуатты  талпыныстарға  жол  ашты,  экономикалық,  әлеуметтік 
және  саяси  жедел  жаңару  жолына  түстік.  Қазақстан  Республикасының  президенті 
Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауында  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 
барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі  -  мектеп  қабырғасында  берілетін  білімнің, 
оқытушылардың  кәсіптік  білім  деңгейлерінің  сапасымен  тікелей  байланысты  екенін 
кӛрсетті.  Бұл  еліміздің  тағдыры  және  ұлтымыздың  болашағы  мұғалімнің  қолында 
дегеніміз. Жалпы алғанда, оқу – оқушының ӛзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы 
оқушы  білім  алады,  білік  және  дағдылар  жүйесімен  қаруланады.  Оқу  жас  ұрпақтың 
бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және т.с.с. қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау 
қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың 
міндеті  жас  ұрпақтың  жеке  бас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оны  ӛмірге  баулу, 
ӛндірістегі  еңбекке  дайындау,  қоғамға  пайда  келтіретіндей  практикалық  іс-әрекетке 
үйрету,  сондай-ақ  оның  жан-жақты  дамыған  жеке  бас  тұлғасын  дамыту  болып 
табылады [1, 5, 10]. 
Кӛптеген  мұғалімдер  оқу  үрдісінде  дамыта  оқытуды  (Д.Выготский,  В.Давыдов, 
Л.Занков  негізін  қалаған)  кеңінен  пайдалануда.  Оқыту  дамытудың  алдында 
болатындығы,  яғни  құзыретті  тұлға  қалыптастыруда,  баланы  дамытуға  жетелейтіні 
даусыз.  Мұғалімдер  жеке  тұлғаның  дамуына  кӛп  мән  беруі  және  осыған  сәйкес  оқу 
үрдісін  құруды  ойластыруы  қажет.  Сонымен  қатар  Ш.А.Амонашвилидің  ізгілендіру 
педагогикасы,  В.Ф.Шаталовтың  тірек  сигналдарын,  Ж.А.Қараевтың  саралап-даралап 
оқыту, М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологияларын, «Оқу мен жазу арқылы 
сын тұрғысынан ойлау технологияларын» кеңінен пайдаланудамыз [2]. 
Міндетті  деңгей  –  нақты  меңгеруге  тиісті  және  нәтижеге  жетуге  бағытталған 
материал.  Мүмкін  деңгей  –  оқушылардың  ой-ӛрісінің  кеңеюін,  шығармашылық 
қызметті  ұйымдастыру  арқылы  әр  баланың  қабілетінің  дамуын  қарастырады.  Бұл 
деңгейге әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады [6].  
Бастауыш  мектептегі  тың  ӛзгерістер  әлемдік  білім  беру  тәжірибелерін  зерделей 
отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның ӛзіндік ерекшеліктерін 
ескеру  арқылы  оның  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  жаңа  педагогикалық 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
74 
 
 
технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде кӛрініп отыр. Жаңа педагогикалық 
технологияларды  қолданып  оқытуды  бастауыш  білім  беруді  дамыту  мен  жетілдірудің 
негізгі  құралы  ретінде  қарастыру  керек.  Әр  баланың  кейінгі  және  болашақтағы  білімі 
бастауыш  буындағы  білімнің  сапалылығына  тікелей  байланысты.  Кіші  мектеп 
жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу 
үрдісін әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және 
қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту 
әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс [3, 4]. 
Қоғамдық 
қатынастардың 
жаһандану 
жағдайында, 
құзыретті 
тұлға 
қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың мәні 
жоғарылауда.  Белсенділік,  жүйелілік,  ӛз  бетінше  білім  алуға  бейімділік  басқа  жеке 
тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше қасиеттері болып табылады. 
Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек 
табиғи  қабілеттерін  ашуға  ғана  игі  әсерін  тигізіп  қоймайды,  сонымен  қатар  жеке 
тұлғаның негізгі салаларын әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады [3, 7]. 
Ол  әлеуметтік  тұрғыдан  неғұрлым  жоғары  кӛтерілген  сайын,  оның  жеке  тұлға 
ретінде  құндылығы  ӛсе  түседі.  Жеке  тұлғаның  негізгі  белгісі  –  белсенді,  белгілі  бір 
мақсатты  кӛздеген  әрекеті.  Бұл  әрекет  қоғамды  және  жеке  тұлғаны  ӛзгертуге  және 
жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім 
үшін  маңызды.  Мұғалім  әрекетінің  әр  түрін  оқушыны  дамытудың  мүмкіндіктері  мен 
сол  мүмкіндіктерді  жеке  тұлғаның  оқу-ойлау  қабілеттерін  қалыптастыруды  жүзеге 
асыру үрдісінде дамиды [4]. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңына  сәйкес  «әр  баланың  жеке  бас 
ерекшелігіне  қарай  интеллектуалды  дамуы  жеке  тұлғаның  дарындылығын,  талантын, 
қабілетін  дамыту»  сияқты  ӛзекті  мәселелер  қарастырылып  отыр.  Әр  оқушының 
болашағы  оның  қазіргі  алған  білімінің  сапасына,  кӛлеміне,  дәрежесіне  тікелей 
байланысты.  Сондықтан  мұғалімдер  қауымына  зор  жауапкершілік,  үлкен  міндет 
жүктелді. 
Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде: 
Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі 
тірегі болатындай етіп оқыту. 
Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңарту. 
Оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әр  алуан  құралдарын  қолданудың  тиімділігін 
арттыру. 
Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет [10]. 
Құзыретті  тұлға  қалыптастыруда  бүгінгі  мектеп  ӛмірі,  рухани  байлығы, 
мұғалімнің  еңбегі,  ізденісі,  білімі  мен  қабілеті,  жаңашылдыққа  кӛзқарасы, 
оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  оқу  –ойлау  қабілеттерін 
жетілдіруде  тұлғаның  шығармашылығын  дамыту,  теориялық  ойлау  қабілетін  дамыту, 
логикалық-ғылыми тануға жеткізу арқылы іске асатыны сӛзсіз. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.«ҚР 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». 2002 ж. 
2.Волкова  Г.Л.  «Повышение  уровня  компетенции  пед.коллектива  –  основа 
результативности учебно-воспитательного процесса». Завуч 1999. № 7. 
3.Жанпейісова  М.М.  «Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы 
ретінде». – Алматы, 2002 ж. 
4.Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты – тұлғаның ӛздік дамуында». - Алматы, 
2006.  
5.Нағымжанова Қ.М. «Инновациялы-креативті технологиялар». - Ӛскемен, 2005 ж. 
6.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2008 ж. 
7.«Бастауыш мектеп». 2002. № 12. 
8.Бастауыш сыныпта оқыту. 2006. № 2. 

75 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
9.
 
«ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты».  - Астана 2007.«ҚР Білім 
туралы заңы». 2007. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье говорится о совершенствовании учебных способностей. 
 
SUMMARY 
The article speaks about improving teaching abilities. 
 
 
 
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет