К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ CӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ CӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІНІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Асилбаева Ф.Б - п.ғ.к., аға оқытушы  (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қоғам  дамуы  барысында  адамдар  арасындағы  қалыптасып,  ӛркендеп,  ӛзгеріп 
отыратын  және  ондағы  тұрақтылықты  ретке  келтіріп  отыратын  қоғамдық  құралды 
"Сәндік-қолданбалы  ӛнер"  дейміз.  Қоғамның  қай  саласында  болмасын  тұрақтылық 
болмаса  даму  да  болмайтыны  сияқты,  сәндік-қолданбалы  ӛнерсіз  жаңа  нәрсенің 
қалыптасуы мүмкін емес. 
Егер қоғамдық қатынас сатылы дамиды десек, сәндік-қолданбалы ӛнер әрбір жаңа 
сатыда  сақталумен  қатар,  ӛзгеріп,  жаңарып  отырады.  Сәндік-қолданбалы  ӛнерлер 
арқылы  қайта  жаңғырту  пайда  болады.  Ол  арқылы  заманы  ӛтіп  бара  жатқан  ескі 
қатынас  түрлерінен  ӛз  заман  талап-тілектерін  қанағаттандыратын  жаңа  формалар 
жүйесі қалыптасып, болашақтағы қатынас түрлеріне жаңаша қуат беріледі. 
Сәндік-қолданбалы  ӛнердің  мағынасы  мен  адам  дамуындағы  маңызы  ол 
руханилықтың  иесі  болып  табылатын  жанды  тұлғаның  ӛздігінен  ізденуіне,  жаңарып 
отыруына, ӛз ӛмірін шығармашылыққа айналдыруға мүмкіндік береді. 
Сәндік-қолданбалы ӛнер арқылы адамдар ӛткен дәуірлердегі құндылықтар туралы 
тек  біліп  қана  қоймай,  оның  маңызды  және  қажетті  деген  элементтерін  ӛз  бойына 
сіңіріп,  ӛзінің  рухани  мұратына,  мақсатына  айналдырып  отырады.  Осындай  жағдайда 
ғана нағыз рухани сабақтастық болуы мүмкін. Рухани Сәндік-қолданбалы ӛнер адамды 
қайта түлетуі қажет. 
Сәндік-қолданбалы  ӛнер  жеке  адамдардың  жан  дүниесіне,  кӛңіл-күйіне  де 
жағымды  әсер  етіп,  қуанышқа  бӛлейді,  оларды  қоғамдық  талаптарға  ұжымдастырып, 
рухани бірлестіктерге ынталандырады. сәндік-қолданбалы ӛнер адамдардың қоғамдағы 
ӛзара  қарым-қатынастарына  әсер  етіп,  ондағы  әлеуметтік,  психологиялық  ахуалдың 
жақсаруына жәрдемдеседі. Тарихи, рухани сабақтастық –жалпы дамудың, соның ішінде 
ғылыми,  эстетикалық  дамудың  да  объективті  заңдылығы  болып  табылады.  сәндік-
қолданбалы ӛнер мен жаңаның арасындағы сабақтастық жоқ жерде ілгері ӛрлеу, даму 
болмайды. Ӛйткені адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен кӛркем 
ӛнерді,  ғылыми  жетістіктерді  қайталамайды,  керісінше  жаңаша  қалыптастырып, 
ӛзгертіп, жетілдіріп отырады. 

17 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Сонымен  бірге  сәндік-қолданбалы  ӛнер  шектеуші  қызметін  атқарады.  "Сәндік-
қолданбалы  ӛнер  –  адамдардың  қоғамнан  даяр  күйінде  алатын,  ӛздерінің  тәртіптерін 
жӛнге  түсіріп  және  әрекетке  келтіріп  отыратын  тетік  болып  саналады.  сәндік-
қолданбалы  ӛнерді  бұзғаны  үшін  берілген  жаза  тайпалардың  бірлігін  сақтауға 
кӛмектесетін қорғаушы құрал болып табылады" (20, 55 б). 
Адам  тек  зерделі  тіршілік  иесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  бойында  қасиетті 
рух  бар.  "Руханилық  –  бұл  сыртқы  болмыс  универсумын  тұлғаның  ішкі  ғаламына 
этикалық  негізде  айналдыру  қабілеті,  сол  ішкі  әлемді  құрау  қабілеті  арқылы  үнемі 
ӛзгеріп  отыратын  жағдайдың  алдында  адамның  ӛзіне  сәйкестігі  мен  оның  еркіндігін 
жүзеге  асыра  білуі.  Руханилық  ақыр  аяғында  ӛзіндік  мағыналық  космогонияға,  әлем 
образының тұлғаның адамгершілік заңымен бірігуіне әкеледі". 
Ӛзгелер сияқты бүгінгі таңда қазақ халқы да ӛзінің рухани-әлеуметтік тіршілігінің 
ӛн  бойында  фольклорлық  мұраларды  дүниеге  әкелу  үстінде.  Ондай  мұраларды 
тіліміздің  даму  процесінен,  қол  ӛнері  мен  бейнелеу  ӛнерінен,  сәндік-қолданбалы 
ӛнерімізден,  музыкамыздан,  сӛз  ӛнерімізден,  ойын-сауықтарымыздан  мол  ұшыратуға 
болады. Қысқасы, халық ӛзінің барша болмысында бір сәт шығармашылық тұғырынан 
таймақ емес. Халық бар жерде фольклорлық мұраның жасалу процесі тоқтамайды. Ал 
енді  халықтың  сол  шығармашылық  ұмтылыстары  тудырып  жатқан  айғақтар  бірыңғай 
асыл ма немесе жасық па, оны іріктей, жіктей тану біздің эстетикалық талғамымыздың 
мәселесі. 
"Қазақтың  аса  бай  ән-күйі  шындықты  кӛркем  бейнелеуде  адамгершілік  нәзік 
сипатымен,  саф  тазалығымен,  ӛмірге  құштар  кӛтеріңкі  лебімен  және  тіршілікпен 
қойындасып  жататын  шынайылығымен  –  халық  жаратылысын  ерекше  асқақ 
адамгершілікпен  толғаған,  терең  философиялық  синтезге  толы  әсерге  бӛлейді",-  деп 
кӛрнекті  музыка  зерттеушісі  Б.В.Астафьев  жазған  болатын.  Эпостарымыз  бен  сәулет 
ӛнері,  сын  тастар  мен  петроглифтеріміз,  ән-күйлеріміз,  қол  ӛнеріміз  бен  сәндік-
қолданбалы  ӛнеріміз  тарихи  ескерткіштер  ғана  емес,  ол  біздің  ӛмірбаянымыз  бен 
тарихи  құжатымыз.  Сонымен  бірге  бүгінгі  заманымыздағы  рухани  ӛрістеріміздің 
баршасына  тӛлтума  қасиет  дарытатын  қайнар  бұлақ.  Бүгінгі  болмысымыздың  асылы 
мен  жасығы  –  неғұрлым  артқа  шегініп  қарасақ  айқын  кӛрінеді.  Қазіргі  рухани 
толысуымызға  ғасырлар  қабатын  зерделей  қарай  білуіміз  керек.  Мәдени  үрдіс  жаңа 
сапаға кӛтерілерде ӛзінің бастау тегіне ұдайы шығармашылықпен қарауды қажет етеді. 
Жалпы  алғанда  баланың  шығармашылық  іс-әрекетін  дамыту  бұрынғы  мектепке 
бейнелеу  ӛнерінің  негізінде  іске  асып  келді.  Әрине,  біз  күні  кешеге  дейін  сәндік-
қолданбалы  ӛнердің  бейнелеу  ӛнерінің  кӛлеңкесінде  қалып  келгенін  байқасақ  та  оған 
белгілі  дәрежеде  мән  бермей  келдік.  Бұл  кемшілігімізге  қазірге  дейін  ұсынылып  келе 
жатқан  кейбір  бағдарламалар  куә.  Ал  кезінде  біздің  сәндік-қолданбалы  ӛнерімізге 
еуропалық  зерттеушілер  үлкен  қызығушылық  танытқаны  белгілі.  Киіз  үйдің  кейбір 
үлгілері  Батыс мұражайларында сақтаулы болса, кезінде алтынмен аптап, күмістелген 
киіз үй 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдық мерекесіне сыйға тартылғандығы 
белгілі. 
Қазақ халқының cәндік-қолданбалы ӛнерінің ертеден келе жатқан ежелгі тарихы 
бар, ӛнегелі дүниетанымдық түсініктері бар, басқаға ұқсамайтын ӛзіндік ерекшеліктері 
мол. 
Кез-келген  ӛнер  секілді  ою-ӛрнектің  де  мазмұны  бар  екендігі  белгілі.  Тек  қана 
оның астарлы мазмұнының жан-жақты және терең мәтіндері бізге жетпей қалды. Оған 
70  жыл  бойы  "халықтық  ӛнер  –  кертартпа  ӛнер"  деп  жар  салып  келген  социалистік 
идеология  да  кінәлі  екендігін  айтуымыз  керек.  Егер  бұл  ӛнердің  мазмұны  болатын 
болса,  оның  тақырыбы,  қозғайтын  мәселелері  және  белгілі  бір  сюжеті  болуға  тиіс. 
Ондай  сюжеттер  кейде  халық  арасынан  алынады,  кейде  жазушылар  ӛз  қиялынан 
құрастырып  жатады.  Оқушылардың  эстетикалық  талғамы  мен  дүниетанымын 
қалыптастыруда зергерлік ӛнердің рӛлі үлкен. Қазақ он саусағынан ӛнер тамған адамды 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
18 
 
 
"ісмер", "зергер", "шебер", "дархан", "ұста" деп атайды. Ӛнер текті, арқасы бар адамға 
ғана беріледі деп, халық оларды аса құрметтеген. 
Халық  нанымына  байланысты  зергерлік  бұйымдар  адамды  пәле-жала,  қауіп-
қатерден  сақтайды  және  адамның  іс-әрекетінің  сәттілігіне  игі  әсерін  тигізеді  екен. 
Мысалы,  күмістен  жасалған  бұйымдар  тазалықтың  кепілі.  Сондықтан  оны  аластатуға 
да  пайдаланады.  Әдетте,  бой  жеткен  қыздың  мойнына,  омырауына  алқа  таға  отырып, 
ата-анасы  оны  әдептілікке,  жүріс-тұрысындағы  қыздарға  тән  сыпайыгершілікке 
үйреткен. 
Сӛйтіп  қазақ  халқының  кӛркем-эстетикалық  талғамы  әуел  бастан  зергерлік 
бұйымдарда оның формасынан, түзілімдік сипатынан кӛрінді. Олар бұрынғы кезде  де, 
қазір  де  ӛзінің  әсемдік,  эстетикалық  сипатын  жоғалтқан  жоқ.  Дегенмен  осы 
эстетикалық  түзілім  оның  дүниетанымдық  мағынасымен  ұштасып  отырғандығы 
белгілі. 
Дегенмен  балалар  үшін  киіз  үйдің  дүниетанымдық  және  эстетикалық 
мүмкіндіктерін  де  меңгеру  маңызды.  Кӛшіп-қонған  қазақ  киіз  үйдің  тігілуін,  ондағы 
алдымен  керегелері  жайылып,  оның  үстіне  уығы  мен  шаңырағы  қондырылып,  оған 
жабындары жабылып, тұтас үйге айналуын халқымыз "қазша қанатын жаяды, үйрекше 
мойнын созады, құсша қонады" деп жұмбаққа айналдырған. Қорыта айтқанда, баланы 
жан-жақты,  тәрбиелі,  тұтас  құзыретті  етіп  тәрбиелеуде  сәндік-қолданбалы  ӛнердің 
алатын орны ерекше.  
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Қасиманов С. Қазақ халқының қолӛнері.  - Алматы, 1995, 240  
2.Қаратаев М. Әсемділікке үйрететін ұстаз. - Алматы, 1965 
3.Тайжанов  А.,  М.Әуезов  халықтық  педагогика  мен  ұлттық  тәрбие  туралы 
//Ақиқат, № 3, 1994, Б. 89-94. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  особенности  народного-прикладного  искусства  и  его 
влияние на воспитание детей младшего школьного возраста 
 
SUMMARY 
This article discusses the features of folk-applied art and its influence on the upbringing 
of children of primary school age 
 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
ӨЛШЕМДЕРІ 
 
Байназарова Т.Б. – п. ғ.к., аға оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  таңда  еліміздегі  оқу-тәрбие  үрдісінде  болып  жатқан  жаңартулар  білім 
мен  тәрбие  жұмысын  қайта  қарауды  талап  етіп  отыр.  Жас  ұрпаққа  тәрбие  берудің 
сапасын  кӛтеріп,  сұлулықты,  әсемдікті,  әдемілікті  сезіну  қабілетін,  эстетикалық 
талғамын дамыта отырып, ӛз ісіне деген шығармашылық талабын арттыру – бүгінгі 
күннің ӛзекті мәселелерінің бірі. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  қабылдауы  мен  дамуының  және 
ӛмірге  деген  адамгершілік-эстетикалық  қарым-қатынастарының  қалыптасуының 
шешуші кезеңі.  
Эстетикалық  тәрбиеде  қол  жеткен  нәтижелерді  салыстыратын  ӛлшем 
кӛрсеткіші  ретінде  эстетикалық  тәрбие  ӛлшемі  алынады.  Бастауыш  сынып 

19 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
оқушыларының  психологиялық  ерекшеліктері  мен  эстетикалық  тәрбие  беруінің 
ӛзіндік  белгілеріне  сай  эстетикалық  тәрбиеліліктің  деңгейін  сипаттайтын 
эстетикалық тәрбие берудің кӛрсеткіші анықталуға тиіс. 
Кӛптеген  авторлардың  ғылыми  еңбектерінде  эстетикалық  тәрбие  беру  деңгейін 
анықтау  ӛлшемдері  сараланған.  И.П.Подласыйдың  анықтауы  бойынша,  эстетикалық 
тәрбиеліктің кӛрсеткіші ретінде эстетикалық мәдениет алынады. Эстетикалық мәдениет 
рухани мәдениеттің қосымша бӛлігі  ретінде тек қана ӛмірде ғана емес, мәдениетте де 
әдемілікті кӛріксізден, жағымды нәрсені жағымсыздан айыра білу болып табылады [1].  
А.В.Елисееваның  зерттеулерінде  эстетикалық  талғамның  ӛлшемі  ретінде 
тӛмендегідей белгілер алынған: 
-  сезімталды  ықыластылық  –  адамның  ішкі  жан-дүниесін  қанағаттандыратын 
эстетикалық сезімнің тереңдігі мен біртұтастығы; 
-  құндылықтарды  бағдарлау  жүйесі  –  алынған  сан-алуан  мәліметтер  ағысын 
бағдарлай білу, нағыз рухани байлықтарды ажырату; 
-  ӛзін-ӛзі  бағалаудың  объективтілігі  –  ӛзінің  адамгершілік-эстетикалық 
дамуына  қатысты  ӛзін-ӛзі  сынға  ала  отырып,  ӛзінің  жеке  басының  қасиеттерін 
обьективті бағалай білуі [2]. 
И.Ф.Гончаров  оқушыларды  эстетикалық  тәрбие  берудің  нәтижесі  ретінде 
адамның  қоғамдағы  мінез-құлқын,  еңбек  әрекеттерін,  таным  мен  қарым-қатынас 
сапаларын  айтады.  Оның  ойынша,  осылар  эстетикалық  тәрбие  берудің  ӛзегі,  оның 
маңызды  ӛлшемі.  Әсемдікті  терең  сезіну,  эстетикалық  құбылыстарды  түсіне  білу 
қабілеті,  оларды  саралай  және  бағалай  білу,  солардың  негізінде  ой  қорытындысын 
жасай  білуі  мен  эстетикалық  құбылыстарға  нәзік  сезімталдық  реакция,  эстетикалық 
идеаларды  жүзеге  асыруға  негізделетін  ӛмірдің  барлық  саласындағы  белсенді 
шығармашылық  жұмыс  –  осының  бәрі  жеке  адамның  эстетикалық  тәрбиесінің  дәлелі 
[3]. 
О.В.Ковальчук  бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  тәрбиесінің 
мынадай ӛлшемдерін атайды: 
- эстетикалық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасқандығы; 
- эстетикалық сезімдердің дамығандығы; 
- эстетикалық мүдделердің дамығандығы; 

бастауыш  сынып  оқушысына  қолайлы  эстетикалық  шеберліктің 
қалыптасқандығы; 
-  эстетикалық  іс-әрекеттерде  жағымды  мотивтер  кӛрсету,  кез-келген  уақытта 
кӛмекке келу, қоршаған ортаға қатысты жақсылық ойлау, қайырымдылық жасау. 
Қажеттілік,  қызығушылық,  идеал,  эстетикалық  талғам  жинақталып  келіп, 
бастауыш  сынып  оқушыларының  жеке  тұлғалық  мотивациялық  қажеттілігін 
тудырады.  Жеке  тұлғаның  бағыттылығы  деп  нақты  жағдайлар,  ӛзгермелі 
жағдайларға  қарамастан,  оқушының  дүниеге,  қоғамға,  ӛзіне  қарым-қатынасын 
анықтайтын тұрақты және басым мотивтердің жиынтығы кӛрсетіледі. 
Жеке тұлғаның эстетикалық қасиеттерінің кӛрсеткіштері ретінде оның ӛмірдің 
әр  түрлі  қырларына  қызығушылығын,  эстетикалық  әсерленуін,  қоғамдағы  мінез-
құлық,  таным,  қарым-қатынас  пен  еңбек  бағыттылығын  атауға  болады.  Ӛмірдің 
барлық  салаларындағы  белсенді  шығармашылық  іс-әрекет  те  эстетикалық  тәрбие 
берудің  кӛрсеткіші,  ол  эстетикалық  қабылдаудың  дамуына,  эстетикалық 
құбылыстарға  деген  нәзік  эмоциялы  серпіліске,  оларды  тереңнен  түсінуге, 
эстетикалық идеалды жүзеге асырудағы іскерлікке негізделеді .
 
Эстетикалық  тәрбиенің  құрылымын  сипаттау  ӛзара  байланысқан  бірқатар 
компоненттерді белгілеуге мүмкіндік береді, олар: 
эстетикалық тәрбиенің ӛзіндік ерекше міндеттері; 
әр түрлі іс-әрекет түрлері; 
эстетикалық тәрбие міндеттеріне сәйкес тәсілдер; 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
20 
 
 
жалпы тәрбие әдістерінің негізінде арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану; 
эстетикалық  тәрбиеліктің  қалыптасуы  барысында  кӛрінетін  эстетикалық 
тәрбиенің нәтижелері. 
Жоғарыда  айтылған  пікірлер  баланың  әсемдікті  біліп,  оған  сүйсініп,  баға  беріп 
қана  қоймай,  ӛз  қарым-қатынасында,  мінез-құлқында,  еңбекте,  ӛмір  мен  ӛнерде 
әсемдікті жасауға белсенді қатысуына жағдай жасау керектігін кӛрсетеді.  
Психологиялық  тұрғыдан  алғанда  эстетикалық  тәрбие  беруде  баланың 
эстетикалық  санасын  қалыптастыру  үшін,  эстетикалық  сана  эстетикалық  қабылдау, 
эстетикалық  сезім,  эстетикалық  қажеттілік,  эстетикалық  идеалдар  мен  талғам, 
эстетикалық  кӛзқарастар  сияқты  бірнеше  элементтерге  бӛліп  қарастырудың  керектігі 
кӛрсетілген.
 
Осы  тұрғыда  бұл  элементтерді  жеке  қарастыру  қажеттігі  туады.  Кӛркемдік-
эстетикалық  қабылдау  -  ӛнер  мен  қоршаған  дүние  әсемдігімен  қатынастың  бастапқы 
сатысы.  Одан кейінгі  эстетикалық  толғаныс, кӛркемдік-эстетикалық мұрат пен талғам 
қабылдаудың  тұтастығына,  түсініктілігіне,  айқындығы  мен  тереңдігіне  байланысты. 
Кӛркемдік-эстетикалық  қабылдау  адамның  болмыс  құбылыстары  мен  ӛнерден 
эстетикалық  сезім  туғызатын  үрдістерді,  қасиеттерді,  сапаларды  ажыратып  алу 
қабілетінен кӛрінеді.  
Жеке  тұлғаның  эстетикалық  дамуының  негізіне  эстетикалық  қабылдау  жатады. 
Эстетикалық  қабылдау  философиялық  тұрғыдан  алғанда  шындықты  меңгерудің 
эстетикалық формаларының бірі ретінде қарастырылады.  
А.В.Бакушинский зерттеулерінде эстетикалық қабылдаудың үлгісін екі бағытта: 
ерікті кӛңіл күйі басым шығармашылық толғаныс; логикалық ойлау үрдістері басым 
(сана) таным деп қарастырған [4]  
Ал зерттеуші ғалым Б.П.Юсов эстетикалық қабылдаудың компонентті үлгісінің 
құрамдарын ұсынған.Олар: - бірге әсерлену қабілеті, эмоциялы ықыластылық; 
- ӛнер туралы арнайы білім кӛлемі мен ұғымдардың болуы; 
- кӛркем шығармалар түрлерін қабылдау қабілеті; 
- бағалаулар мен кӛркемдік пайымдауларын болмыс құбылыстары мен ӛнердің 
басқа түрлерін қабылдауға кӛшіре білу қабілеті. 
Эстетикалық  қабылдау  біртұтас,  оның  нәтижесі  жеке  қасиеттер  мен 
ерекшеліктер  емес,  бейне  болып  табылады.  Эстетикалық  қабылдау  субъективтік 
сипатта  болады.  Субьективтілік  нысана  толық  та  анық  бейнелеу  дәрежесінде 
кӛрінеді.  Эстетикалық  қабылдаудағы  нысананы  бейнелеудің  толықтығы  мен 
нақтылығы, дәрежесі субъектінің эстетикалық дайындығын ғана емес, сонымен бірге 
оның  объектіні  бейнелеудегі  ынтасына  да  байланысты.  Сондықтан  эстетикалық 
қабылдаудың  субъективтілігі  осы  үрдісті  таңдауда  анықталады.  Авторлар 
эстетикалық  қабылдауды  дамытудағы  ассоциативтік  елестетудің  маңызды  рол 
атқаратынын  атап  кӛрсетеді.  Мұндай  елестету  бұрын  кӛргенді  және  эстетикалық 
әсерді қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ассоциативтік қабылдау табиғат пен оны 
бейнелеу  арасындағы  және  табиғат  кӛз  алдында  жоқ  кезде  оны  жан  күйзелісінен 
ӛткізу  мен  әдемілікті  тікелей  бақылаудағы  әсерлер  арасындағы  желі  болып 
табылады. 
Эстетикалық  қабылдау  бейнелеу  ӛнері  саласындағы  шығармашылыққа  ынтаның 
тууына да байланысты. Табиғат әсемдігі оқушы сезіміне әсер ете отырып, бояулар мен 
сызықтар кӛрсете білу ынтасын оятады. Бала орман, тау, дала мен ӛзендерді бейнелеп, 
ӛз сезімдерін кӛрсеткенде шығармашылық басталады. Мұндай шығармашылық рухани 
ӛмірді  байытады. Табиғат әдемілігі  оларды ерекше әсерлендіргенде олар соған  сәйкес 
бейнелер,  образдар  жасайды.  Тек  қоршаған  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың 
ерекшеліктерін қабылдау арқылы ғана белгілі-бір образдар, олар туралы ұғымдар және 
де  осы  образдарды  елестету  сол  арқылы  олардың  толыққанды  кӛрінісін  құрастыруға 
болады. 

21 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Эстетикалық қабылдауда да танымдық және сезімдік процестердегі сияқты бір 
жағынан  жалпы  ойлау,  ал  екінші  жағынан  кӛңіл  күйге  негізделетін  (эмоция  )  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  болып  келетін  ұғымдар,  түсініктер  жиынтығы  пайда 
болады.  Баланың  қабылданған  заттарды  саралап,  салыстыру  мүмкіндіктері  оның 
бойында сезіну мен белгілі бір заттардың жеке қасиеттерін түйсіну, ажырата білуіне 
қарағанда  анағұрлым  күрделі  әрекеттердің  қалыптасуына  әкеледі.  Қабылдау  әр 
уақытта  бақылауға,  кӛріп  тануға,  кӛргені  мен  естігенінен  әсер  алуға  негізделеді. 
Сондықтан оқушының қабылдауы кӛптеген әрекеттердің нәтижесінде кӛрініп, білім 
беру барысында тез қарқынмен жүзеге асырылады. Себебі, сыртқы дүниені түйсініп, 
миымызда олардың жеке қасиеттерінің бейнесі пайда болса, қабылдау кезінде заттар 
мен құбылыстардың мида тұтас бейнесі бейнеленеді. 
Біз  бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  талғамын  дамытқымыз 
келсе,  алдымен  олардың  сыртқы  дүниені  қабылдауын  күшейтуіміз  керек.  Мәселен, 
күзгі  табиғат  кӛрінісін  қабылдау  үшін  ӛсімдіктердің  кӛрінісін  кӛріп  қана  қою 
жеткіліксіз,  күзгі  аспанның  қалпын,  күзгі  ауа  райын,  ӛсімдіктердің  әр  мүшесінде 
болған  ӛзгерістерді,  құстың  жылы  жаққа  қайтуын  т.с.с.  құбылыстарды  бақылай 
отырып олардың тұтас бейнесі күйінде қабылдануы керек. 
Бастауыш  сыныпта  білімді  меңгеру  қабылдаудың  (перцепция)  деңгейіне 
байланысты. Іс-әрекеттің кейбір түрі (сурет салу, ән айту) жақсы дамыған қабылдаусыз 
мүмкін  емес.  Қабылдаудың  нәтижесі  қабылданған  затар  мен  объектілердің  бейнесі 
болып  табылады.  Бейнені  құру  әртүрлі  кӛрнекілік  материалдардың  кӛмегімен  іске 
асады,  яғни,  объект  балаға  түсінікті  тілге  ауыстырылады.  Перцептивтік  біліктілікті 
дамыту  қабылдауға  кӛмектесетін  құралдарды,  перцептивтік  іс-әрекеттерді,  одан  әрі 
қарай  қабылданған  эталондарды  меңгеруден  тұрады.  Қабылдау  мен  шығармашылық 
ӛзара байланысты ғана емес, кей кездерде эстетикалық  бағалаудың біртұтас үрдісінде 
бір-бірімен  ұштасып  та  жатады;  шығармашылық  шын  мәнінде  қоршаған  дүние 
туындыларын қабылдау кезінен басталатыны анық. 
Эстетикалық  сезім  адамның  шындық  ӛмір  құбылыстары  мен  ӛнер  туындысына 
баға беру қатынасынан туған субьективті эмоциялық күй (қуаныш, таңдану, аяушылық, 
жаны ашу, ортақтасу, т.б.) болып табылады.  
Эстетикалық  қажеттіліктер  кӛркемдік-эстетикалық  құндылықтармен  қарым-
қатынаста  және  рухани-эстетикалық  кӛңіл-күйлерді  бастан  кешіруде  пайда  болатын 
тұрақты  қажеттілік.  Ӛнермен  жиі  кездесуден  туған  қажеттілік  адамды  шаттыққа 
кенелтіп,  ӛнерге  деген  ұмтылысты  тудырып,  рухани  күштерді  жинақтап,  оны 
қабылдауға  деген  даярлықты  тудырады.  Осылайша  қоршаған  дүние  мен  кӛркем  ӛнер 
туындыларын қабылдауға қатысты жалпы ұстаным қалыптасады.  
Эстетикалық  талғам  қабылданатын  обьектінің  сапаларына  ғана  емес,  оны 
қабылдаушы,  бағалаушы,  танушы  адамның  ӛзіндік  ерекшеліктеріне  де  байланысты. 
Адам  қабілетінің  күрделі  иерархиясындағы  эстетикалық  талғам  айрықша,  ӛзекті 
ұстанымды  иеленеді.  Эстетикалық  талғам  бұл  субъектінің  бағалау  типі  ғана  емес, 
адамның тәжірибесіндегі объективті болмысқа қатынасының түрі.  
Эстетикалық  әсерленудің  неғұрлым  қарапайым  формасы  эстетикалық  эмоция. 
Психологияда  эмоциялардың  табиғаты  жайлы  мәселеге  қатысты  екі  тұжырым  бар. 
Кейбір  авторлар  эмоцияларды  адамның  болмысқа,  адамдарға,  ӛз-ӛзіне  қатысты 
әсерленуі  деп  айтады.  Басқа  бір  тұжырым  эмоцияларды  болмысты  бейнелеудің 
ерекше  формасы  ретінде  қарастырады.  Мәселен,  К.Платонов  еңбегінде  эмоциялар 
бейнелеудің  бір  формасы  болып  табылады,  алайда  олар  шынайы  дүниенің  заттары 
мен  құбылыстарын  емес,  әсерленген  адамның  іс  әрекетінің  қажеттіліктеріне, 
мақсаты мен мотивтеріне қатынасын бейнелейді. 
Объектілер  немесе  түсініктердің  эстетикалық  әсерленуі  үшін  олар  бейнелі, 
мәнерлі,  сұлулық  жӛніндегі  «кӛркем»,  «асқақ»,  «үйлесімді»,  «жетілген»  т.б. 
түсініктерге сәйкес немесе кері эмоциялар мен әсерленулерді тудыруы тиіс.  

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
22 
 
 
Эстетикалық  мұрат  кез-келген  іс-әрекет  сапасының  және  шығармашылықтың 
негізі  болуымен  қатар,  ӛмір  мен  ӛнердегі  сұлулықты  бағалаудың  ӛлшемін  кӛрсетеді. 
Жоғарыда  айтылған  эстетикалық  сананың  негізі  бастауыш  сыныптарда  қалыптасады. 
Олай  болса,  бастауыш  сыныптан  бастап-ақ  табиғат  пен  бейнелеу  ӛнерінің  байланысы 
арқылы  талғамын,  оқушының  эстетикалық  сезімін  қалыптастырудың  жолдары  мен 
әдістерін ғылыми тұрғыда тұжырымдауға мол мүмкіндік бар. 
Сонымен,  эстетикалық  тәрбие  оқушының  қабылдау  қабілеттілігі  мен 
шығармашылық  ойлауынан  бастап  қоршаған  орта  әсемдігін  түсіну,  эстетикалық 
қажеттілігі,  қызығушылығы,  эстетикалық  кӛзқарасы,  қарым-қатынасы,  пайымдауы, 
талғамы мен баға беруі, осылардың негізінде рухани дүниесінің тереңдеуіне мүмкіндік 
береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Подласый И.П. Педагогика. – М., 1999. – 255 с.  
2.Елисеева  А.В.  Формирование  и  развитие  нравственно-эстетической  культуры 
младшего школьника Автореф.к.п.н., – Саратов, 1996. – 25 с. 
3.Гончаров  И.Ф.  Эстетическое  воспитание  школьников  средства    искусства  и 
действительности. – М.: Педагогика, 1986. – 126 с.  
4.Бакушинский  А.В.  Исследования  и  статьи:  Изобразительное  искусствоведение. 
тр. – М.: Современный художник, 1981. – 351с.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  критерии  эстетического  воспитания  младших 
школьников. 
SUMMARY 
 
The article describes the criteria of aesthetic education of junior high school students. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет