ПОИСК И ВНЕДРЕНИЕ НОВШЕСТВ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ
УЧРЕЖДЕНИЯХ
Есеева М.Т. – к.п.н., ст.преподаватель (Алматы қ., КазгосженПУ)
Одной из ключевых задач Государственной программы развития образования
Республики Казахстан является модерн системы образования с широкои освоением
инновационных технологий.
В современном мировом пространстве роль образования как важнейшего фактора
формирования инновационной экономики и общества возрастает вместе с ростом
влияния человеческого потенциала.
В настоящее время ситуация в инновационной сфере Казахстана характеризуется
воздействием ряда отрицательных факторов, препятствующих формированию
инновационных процессов. Основным из них является наличие недостаточно развитой
научно-методологической базы развития казахстанской инновационной системы. Еще
одной
причиной
является
несоответствие
управления
инновационной
предприимчивостью специалистов в современных условиях, которое зачастую не
согласуется с динамично развивающимися требованиями современного рынка
образовательных услуг.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
90
Сложившаяся ситуация требует поиска новых и совершенствования имеющихся
методов управления инновационной активностью образовательных структур с целью
поддержания и развития их конкурентоспособности.
Инновационнная деятельность не только способствует конкурентоспособности
того или иного учреждения на рынке образовательных услуг, но и определяет
многофункциональную задачу: подготовку квалифицированных специалистов
соотвествующего уровня и профиля, конкурентоспособных на рынке труда,
компетентных, свободно владеющих своей профессией на уровне мировых стандартов.
В связи с этим весьма актуальной задачей для исследователей является поиск и
внедрение инноваций и в образовательных учреждениях. При этом необходимо
ответить на вопросы: «Какая идея лежит в основе нового внедрения, имеет ли она под
собой научные основы?»; Какова потенциальная эффективность?»;
За последние десять лет ведущие мировые державы пришли к совершенно новой,
так называемой интеллектуальной экономике, в основе которой лежат три
основополагающих элемента: инновации, коммуникации и образование.
Сущность и содержание инноваций и инновационной деятельности в системе
высшего образования нашли свое отражение в работах С. Винтера, Р. Данкана, Р.
Фостера, Д. Хейга, Б. Твисса, Е.В. Буртовой, Т.В. Матвеевой, И.И. Ганчеренок, Н.
Сорокиной, Е.А. Лурье, С.Д. Нифагина, С.В. Худякова, И.Е. Задорожнюка, В.Е.
Лепского, И.Э. Смирновой, Ю.С. Тюнникова, Т. Ворониной, О. Молчановой, А.
Абрамешина и др.
Анализ трудов ученых дает возможность выявить, что одним из основных
вопросов, касающихся динамики развития инновационного процесса в системе
высшего образования, является сокращение временного промежутка между появлением
новой формы знания, ее использованием и внедрением.
Эти вопросы в настоящее время очень актуальны, поскольку от времени
внедрения нового знания в практику деятельности существенно зависит эффективность
всей инновационной системы.
На наш взгляд, сутью инновационной деятельности является максимизация
получения социально-экономического эффекта за счет повышения оптимального
использования интеллектуальных ресурсов. При этом в обобщенном виде
инновационный процесс представляет собой структурно-последовательный процесс. В
ходе инновационного процесса на основе результатов фундаментальных и прикладных
исследований и соответствующем ресурсном обеспечении осуществляется создание
высоких технологий, организация производства и реализация наукоемкой продукции.
В процессе осуществления и распространения инноваций в сфере образования
формируется и развивается современная образовательная система – система открытого,
гибкого, индивидуализированного, уровня знания, непрерывного образования личности
в течение всей его жизни. Эта система представляет собой единство:
производственных инноваций в сфере образования, а именно технологические
инновации, инновации в системе образования;
управленческих инноваций, включая экономические механизмы в сфере
образования (экономические инновации) и институциональные формы в области
образования (организационные инновации).
В Казахстане проблемами инновационных процессов как процессов изменения в
системе образования на основе внедрения различных педагогических новшеств
занимались и занимаются ряд ученых: Ш.Т. Таубаева, С.Н. Лактионова, А.К.
Р.Р.Масырова, Д.Р. Принбекова, М.Д. Муканова и др.
Отечественные
разработки осуществлялись с учетом теоретическимх
исследований российских ученых, в последние десятилетия активно разрабатываются
теоретические основы педагогической инноватики в работах А.А. Абдуллиной, Е.В.
Бондаревской, В.И. Загвязинского, В.С. Ильина, Н.М. Кан-Калика, В.А. Беспалько В.П.
91 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
В принятой Правительством Государственной программе развития образования
Республики Казахстан на 2011-2020 годы акцентируется внимание на эффективности
механизмов определения, поддержки и распространения образцов инновационной
образовательной деятельности.
Как один из основных неблагоприятных для инновационной деятельности
факторов, отмечается явное противоречие между возможностями и реальным
состоянием педагогического сообщества в освоении и оценке нового. При этом,
существенным торможением инноваций является пресловутый «человеческий фактор»,
так как необходимость существенных системных перемен не всегда принимается
профессиональным педагогическим сообществом и в силу этого не реализуются в
необходимой мере. В этих условиях действия коллектива должны быть направлены и
на создание новых преимуществ через освоение выгодных рыночных позиций, и на
развитие внутренних возможностей, повышения результативности своей деятельности.
Проведенный
анализ
позволяет
сделать
следующие
выводы:
ареал
распространения потенциально эффективных новшеств невелик и изменяется
медленно; основные ограничения для повышения интенсивности инновационной
деятельности в системе высшего профессионального образования, по оценкам
экспертов, состоят в том, что субъекты этой деятельности не владеют
соотвествующими технологиями и отсутствуют полноценные условия для преодоления
этого ограничения. Для организации инновационной деятельности можно
выделить следующие педагогические условия: инновационная деятельность должна
быть организована на основе специально разработанной программы; отношения между
участниками инновационного процесса строятся на принципе сотрудничества; участие
педагогов в инновационной деятельности должно быть обусловлено положительной
мотивацией, готовностью к позитивным переменам в образовательном процессе.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1.Государственная программа развития образования на 2011-1020 гг., Астана,
Акорда, от 7 декаюря 2010г.- № 1118.
2.Ы.А. Наби. Инновационное управление как условие повышения качества
образования.
Материалы
международной
научно-практической
конференции
«Перемены в образовании: новы границы и приоритеты» 10-11 июня 2011 Г.Алматы
3.Муканова С.Д. Управление инновационными процессами в условиях
стандартизации среднего общего образования//Автореф. Дисс. ... д.п.н. Караганда,
2008г.
4.Скок Г.Б., Лебедева Е.А. Методика оценки качества учебного процесса и
деятельности преподавателя.- М.: ИЦПКПС, 2003.
5.Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. М.:
Магистр, 1997. 224 с.
6.Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М., 1995.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада білім беру мекемелеріндегі жаңалықтар туралы айтылады.
SUMMARY
The article speaks about innovation in educational institutions.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
92
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ
АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСҚА БАУЛУ
Қалдыбаева Г. А. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Егеменді еліміздің қоғамдық, мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық
деңгейін жетілдіруде маңызды рӛл атқаратын болашақ шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру негізі қойылып отырған талап. Ендеше жас ӛспірімдердің
шығармашылық қабілетін қалыптастыруда бейнелеу ӛнерінің оқыту немесе
шығармашылық еңбекке баулу талабын баса ату қажет.
Осы ретте, мектеп оқушыларының кӛркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ
халқының бейнелеу ӛнеріне, соның ішінде-пейзаж жанрына деген қызығушылықты
дамытып, халқымыздың бейнелеу ӛнеріндегі жинақталған кұнды шығармаларды
қастерлеуге, оларды бағалап, қадір тұтуға талпындыру, білім беру ісінің кӛкейкесті
мәселелерінің бірі болып табылады.Осы мәселелердің орындалуына мектепте ӛтілетін
пәндердің арасынан себебін тигізетін пәннің бірі , бейнелеу ӛнері сабағы мен кӛркем
үйірмелерде оқушыларды пейзаж жанрна баулу.
Қылқалам шеберлері, ақын-сазгелер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген
сезімлерін ӛлең, ән, сурет мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Табиғаттың
кӛркемділігі, кӛңіл күйге терең әсерлі бейнелеу ӛнеріндегі пейзаж деп аталатын
жанрды туындатқан. Нағыз суретші туған табиғатын жазған сайын, оның отанға, еліне
деген сүйіспеншілігі арта түседі.
Сондықтаноқушыларды мүмкіндігінше табиғат аясында сурет салуға баулу қажет.
Сонда олар табиғат пен қоршаған ортамен тікелей араласады, белгілі әсер алу арқылы
дағды қалыптастырады. Жалпы табиғат кӛрінісін бейнелеуде оқушыларды ең алдымен
түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау керектігін
үйрету. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау,тау бӛктеріне қарағанда басқа жер
жарығырақ болып кӛрінеді. Ӛйткені, күн кӛзінің сәулесі тау бӛктеріне қарағанда басқа
жерге тура әрі тіке түседі. Оқушыларға табиғат кӛрінісін тұтас бейнелеуді үйреткенде,
оның жеке бӛлшектерінен қысқа мерзімді этюд жасауға жаттықтыру керек. Табиғаттың
жеке бӛлшектерін қысқа мерзімді этюдтер салып үйрену арқылы табиғат кӛрісін
тұтастай бейнелеуге дағдыланады. Әртүрлі сипаттағы табиғат бӛлшектерін салмас
бұрын, оларды бүтін форма ретінде кӛріп тану керек. Табиғат кӛрінісін бақылап, оның
ішінен ең басты кӛрінісін сала білу алғашқы ықпал болып табылады. Табиғат кӛрінісін
бейнелеуде алғашқы есте сақтап, дәл кӛрсете білу оқушы үшін табылмайтын асыл
қасиет. Табиғаттың сұлулығын іздеуде кӛптеген суретшілер табиғат аясында жүріп,
сурет салуды ұнатады. Ол-барлық суретшілерге тән нәрсе.(С.Келденова. /13бет/.)
Орта мектептегі бейнелеу ӛнері сабағында немесе үйірме жұмыстарында гуашь,
акварель, майлы бояулармен қатар, кӛмір, соус, түрлі түсті қарындаштар, сангина
сияқты материалдар қолданылады. Оқушыға мұғалім әр түрлі материалдардың
технологиясы мен техникасын жауапкершілікпен үйретуі қажет.
Табиғатта жұмыс істеу оқушылардың шеберхана қабырғасынан алған білімдерін
әрі қарай жетілдіруге септігін тигізеді.
Табиғаттағы әр түрлі құбылыстарды беру арқылы оқушы түстерді ажырата, сезіне
білуге дағдыланады. Бұл сол бір жазылған пейзаждың бейнелік шешімін табады.
Практикалық жұмыстар кезінде оқушылар табиғаттағы құбылыстарды табиғат
жаратқан формаларға, түстік келбетіне кӛп кӛңіл бӛліп, дағдыланады.
Табиғат кӛрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат – кеңістіктегі сұлу табиғаттың
кӛзбен кӛріп, кӛңілмен қабылдаған кӛріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат
кӛрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап кӛруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан
құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат кӛрінісін сәтті
бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі
93 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі
серуендегенде оны кӛзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан ӛзін
қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, кӛркем бейнелеуге тырысады. Табиғат
құбылысы үнемі ӛзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды.
Этюд. Табиғат кӛрінісін қас қағым сәтте бейнелеу « этюд » деп аталады. Этюд
жазу барысында оқушы табиғат кӛрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге
тырысады. Этюд орындау үш топқа бӛлінеді.
1.Табиғат кӛрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу.
2.Табиғат кӛрінісіндегі сюжеттік кӛріністің композициялық құрылымын дұрыс
орналастыру.
3.Түстік бояу шешімін табу.
Табиғат кӛрінісін бейнелеуде түстік бояу құрылымын қарастыруды шартты түрде
екі буынға бӛлуге болады. Біріншіден, табиғат кӛрінісін бейнелеуде жылы және суық
түстердің ара-қатынасының басты ерекшелігін таба білу. Екіншіден, табиғат кӛрінісіне
байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Табиғатта зат неғұрлым қашық болса,
ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді.
( Волков Н.Н. Түс және живопись. М., 1985).
Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат кӛрінісі бейнеленген кӛркем
шығармаларды талдау жасауға оқушыларды үйрету. Табиғат кӛрінісін бейнелеуде
оқушылар жарық күшінің ӛзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік
және реңдік қатынасының ашық немесе солғын бояуын кенепте жазып кӛрсету.
Таңертеңгі немесе кешкі мезгілде бейнеленген табиғат кӛрінісінен гӛрі тал түсте
орындалған кӛркем шығарманың түстік реңі ашық болатындығын,ал бұлтты күні
бейнеленген кӛркем шығармада түстік рең солғын болатындығыныңайырмашылығын
түстермен кӛрсетіп,оқушыларға түсіндіру қажет. Пейзаж жанрын жан-жақты игерген
оқушы эстетикалық тәрбие жағынан да жақсы жетіледі. Ӛйткеніпейзаж жанры жас
ӛспірім балалардың психикалық қалпын, ой-ӛрісін, мінез –құлқын орнықтырудың
басты құралдарының бірі болып табылады. Эстетикалық тәрбие арқылы келешекте
кӛркемдік талғамдарының биік сатыға кӛтеріліп, саналы да мәдениетті болып ӛсулеріне
игілікті әсерін тигізеді.
Бейнелеу ӛнеріндегі пейзаж жанрының адамзат ӛмірінде, тарихында үлкен роль
атқаратын ӛрісі кең, ұшы-қиырсыз, қиын да қызықты жол. Ӛнер шынайы талант,
шындық, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой, кӛркемдік
сұлулықты талап етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Келденова С.К. (Пейзаждық живопистің негіздері).
2.Волков Н.Н.( Түс және живопись. М., 1985).
РЕЗЮМЕ
С помощью творчества жанра пейзаж улучшить навыки учеников школы,
сформирование вкусов учеников, проявление интереса к пейзажу .
SUMMARY
By means of work of genre landscape to improve skills of students of school,
сформирование tastes of students, professing interest to landscape
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
94
РУХЫ БИІК ҰРПАҚ БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кенжан А. - п.ғ.к., доцент м.а (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс
танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім
нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты,
жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді.
Ӛмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман
қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы
елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан
басталып әрі қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын үрдіс.
Егеменді елдің болашақ негізін жасаушылар ең алдымен оның қандай мемлекет
екенін, оның рәзімдеріндегі белгілердің нені білдіретінін, мәні мен мазмұнын білгені
парыз. Рулық, тайпалық заманда да, әр қайсысының ӛзіне тән таңбалары, тулары болған
. Олар ең қасиетті, ер ардақты дүниесі болған. Соның рухы оларды істерге кӛтеріп қана
қоймай, шабытта берер үлкен күш болғаны аян. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері елдің елдігін білдіретін, азаматтарына қуат-күш, ел азаматы
екенін сезіндірер ұлы күшке ие нышан. Сондықтан, оның әрбір белгісінің нені
білдіретінін терең түсініп, қастерлеу борыш екенін білдіру мұғалімнің, ата-ананың
қасиетті парызы. Ұрпақтан ұрпаққа аманаттайтын асылы. Мемлекеттік рәміздің арқылы
патриоттық сезімді тәрбиелеуде ең басты сақсат мемлекеттік рәміздің мәнін қабылдау
мен түсіне білу болып табылады. Осы орайда оқушы мемлекеттік рәміздегі әрбір
белгінің мәнінен үңілуі қажет.[1]
Мемлекеттік ту- зерен кӛк түсті, тік бұрышты мата. Ені ұзындығының
жартысына тең, ал тудың сабын бойлай тігінен алтын зерлі ұлттық ӛрнек тартылған.
Зерен кӛк түс тудың негізгі нышандық белгісі ретінде тегін таңдалмаған. Ол
адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Халқымыз үшін адалдық,
тазалық, сенім адамның ең тамаша кемелденуге лайықты қасиеті беп санайды. Адалдық
пен тазалық бар жерде ғана адамдардың ӛзара ынтымақтастығы, берекесі мен бірлігі
орнайды. Адам бағытты ӛмірге жете алады. Ал осындай ұстанымды, зайырлы,
құқықтық, демократиялық және әлеуметтік бағыт алып отырған ел саясатына сенім
арта отырып ел болашағына күресуім ортақ іс.[2]
Тудың ортасына жан-жағына нұрын шашқан күн бейнесі мен қанатын қағып,
самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті салынған. Бұл киелі түс - бірлік пен
ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен
береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең.
Аспан кӛк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады.
Кӛшпелілер үшін табиғат қашанда тек тіршілік ұясы ғана емес, олардың бүкіл
ӛмірінің ажырамас бір бӛлігі болған. Тӛбесіндегі кӛк аспан, айнала қоршаған алып
таулар, мӛп-мӛлдір ӛзен суы, кӛкжиекпен астасқан сағым дала - бәрі-бәрі қазақы
дүниетанымда тек кӛкшулан түсті болып келеді.
Кезінде Түрік қағанаты, Хазар қағанаты, Ұлы селжүк қағанаты, Ақсақ Темір
Кӛреген мемлекеті, Қазақ хандығы, бірқатар хандар мен батырлары кӛк асаба кӛтерген.
Қазақ КСР-інің Мемлекеттік жалауында да шағын кӛк жолақ республиканың тӛл
болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылды. [3]
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол
Қазақстанның егемен ел ретінде біртұтастығын паш етеді.
«Кӛк» сӛзінің кӛне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген
ұғымға сәйкес келеді. Яғни тудың түсінен белгілі бір нақты жағрапиялық ақпарат та
алуға болады. Ол геральдика (елтаңбатану) тілінде бүкіл әлемге Қазақстанның жер
95 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала ӛркениетінен бастау алатын,
тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің ӛкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Оның графикалық кӛрінісіне айналған
шеңбер - адамзат тіршілігінің, ӛмірдің символы.[3]
Далалық ӛркениет дүниетанымында қасиетті аспан шырағы - Күн аса маңызды
бағдарлық мәнге ие. Кеңістік және уақыт ұғымдары, мысалы, номадтар ӛміріне күн
қозғалысын бақылау тәжірибесі арқылы енген.
Мемлекеттік рәмізіне күн бейнесін салу арқылы қазақ елі ӛзінің жалпы
адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың
айнымас бір бӛлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт - биліктің, кӛрегендік пен дарқандықтың нышаны. Әдетте
рәміздерге суретін салған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызғар шашып тұрған
сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен қуат
артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем
жаңа кӛркемдік шешімін тапқан. Біріншіден, суреттен салмақтылық, бейбіт аңсар
аңғарылады. Екіншіден, ол күннің астында орналасқандықтан, ӛз қанатының үстінде
Прометей отын, Бақыт шырағын алып ұшқандай әсер қалдырады. Үшіншіден, ол
қозғалыс үстінде бейнеленген - биік мұратқа құлаш ұрып, самғап барады. Бұл -
қазақстандықтардың бақыт пен байлыққа, ӛркениет шыңына ұмтылысының белгісі.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік,
бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек
тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
Қазақы ою-ӛрнек-дүниені қазақ халқының ӛзіне тән ӛзгеше эстетикалық
талғамына сай ерекше кӛркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі. Оласа күрделі
астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде
адамның ішкі жан дүниесін айрықша ашады. Ұлттық ою-ӛрнектердің айшықтары
қоршаған ортадағы нақты заттарға және сан алуан табиғи құбылыстарға негізделеді.
Егемен ел туындағы әсем ӛрнек - қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл
арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеяның жүзеге
асқандығының тағы бір жарқын айғағы.
Мемлекеттік елтаңба- күн сәулелі уықтарын қос мүйізді, қанатты пырақтар
бейнесі кӛмкерген шаңырақ бедерлі күрделі сәулеткерлік (архитектуралық) туынды.
Елтаңба ӛрнектері орналасқан шеңбер рәміздің басты нышандық белгісімен - күн
сәулелі уықтар кӛмкерген шаңырақ бейнесімен бірге дӛңгеленген дүние космосы
тәрізді. Ортақ үй - киелі қара шаңырақтағы ортақ тағдыр, қауымдасқан тіршілік, ӛмір
(шеңбердің нышандық мәні) туралы ойларға жетелейтін де осындай образдық астарлар
мен кӛркемдік қисындар.
Кӛшпелілер мәдениетінде шаңырақ образының пайда болу себебін олардың
қоршаған ортаға қатысты дүниетанымынан және соған сәйкес ойлау жүйесінде
орныққан ұғымдардан іздеу керек.
Елтаңба астарына - зерен кӛк түс, бедеріне - сары алтын реңк пайдаланылып.
Оның күмбезді кӛк аспанға ұқсайтындығы кездейсоқ емес. Ол адамдар санасында
сәулеленуі жӛнінен де тіршілікке қажетті бірегей болмыстардың біріне жатады.
Шаңырақ - туған үйдің, атамекеннің, әріден тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі -
айдай әлемнің символы.
Шаңырақ бейнесі - Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ үйінің бейнесі.
Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің
бақыты да оның тұрғындарының талайлы тағдырына тікелей байланысты.
Әпсаналық арғымақтар - қанатты һәм мүйізді пырақтар образы батылдық,
тектілік және ерік-жігер күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады.
Жалпы, жылқы - номадтардың жан серігі. Кӛшпелілердің бүкіл шаруашылық
ғұмыры мен рухани ӛмірі осы бір асыл текті жануарлар тіршілігімен етене жақын.
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
96
Жылқы - қазақтардың ұлттық дүниетанымының маңызды бір белгісі. Оған сонау
кӛне замандардан бері келе жатқан «Қазақ жылқы мінезді» деген қазақ мәтелі де айғақ.
Бұл ұлттық мінез астарындағы жылқы табиғатымен үндес ұқсастықтарға меңзейді. Ол
ұқсастықтардың ӛзегі - стихия ортақтастығы. Ең алдымен, еркіндікке, қозғалыс пен
жылдамдыққа деген құштарлық. Қазақ ӛз жанының қалауы мен жүрегіне жақынның
бәрін құндыз жалды, құралай сұлу, мінезіне күші сай, желден жүйрік текті тұлпар
бойынан табады.
Қанат болса - қуатты, кӛркейген мемлекет құру жӛніндегі асыл арман нышаны.
Оны, сол сияқты, қоғамда келісім, береке-бірлік салтанат құрып, табиғатпен және
әлемдік ӛркениет мұраттарымен жарасымға қол жеткізуге және ӛсіп-ӛркендеуге
бағытталған ізгі ойлар мен ұмтылыстардың кӛрінісі десе де болады.
Дамудың тӛменгі сатысынан бастап жоғарғысына дейін ӛрлеу - әлемдік ӛркениет
кредосы. Елтаңбада қанаттардың рәміздік сипаттарын пайдалануды мемлекет идеясына
қатысты, асқақ армандар мен ізгі мұраттарға қатысты адам баласының табиғи
құштарлығының кӛрінісі деп қабылдаған жӛн.[3]
Қазақ тілінде «мүйіз» деген сӛз - күш-куат, ерлік, батылдық деген ұғымдардың
баламасы. Мүйізге ұқсас түрлі бейнелер мен заттар ертеде дәстүрлі салт-жоралғыларда
кең пайдаланылған, әскери байрақтардың тұтаяқтарының ұшар бастарындағы киелі
белгілер ретінде ұсталған. Аспан құтының, ӛсіп-ӛнудің және жолы болудың нышаны
саналып, биікке қойылатын. Ол кӛшпелілер дүниетанымындағы «әлем шоқысы» (миро-
вая гора) ұғымына қатысты салт болса керек.
Елтаңбада қос қанатты тұлпар бейнелері бар. Олар киелі қара шаңырықты екі
жағынан бірдей қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй - туған Отанға адал қызмет ету
идеясының жарқын кӛрінісі. Туған елді кӛздің қарашығындай сақтап, оған бар жан-
тәніңмен беріле қызмет ету -әпсаналық пырақтар образындағы алтын ӛзек, асыл желі,
міне, осы.
Бесбұрышты жұлдызды биліктің, бұралаң ӛмір жолындағы адастырмас жарық
сәуле - ӛзгеше рухани темірқазықтың, асқақтық пен мәңгілікке деген айрықша
құштарлықтың белгісі ретінде қолдану - адам баласы ықылым замандардан бері берік
ұстанып келе жатқан елтаңбалық дәстүр. Символизм салты бойынша ол
микрокосмостық, ғаламдық бейнеге жатады, адам формуласы деп дәріптеледі. Қазақ елі
елтаңбасының маңдай тӛріне қойылған кӛркем жұлдыз да - қазақстандықтардың
кӛкейкесті мақсат-мүдделерінің айнасы. Ол болмысы бӛлек беделді егемен мемлекет
ретінде осы заманғы ӛркениетті елдер кӛшінен ойып орын алып, болашакқа батыл
қадамдар жасау ниетін паш етеді. Жұлдыздың бес бұрышы - бес құрлыққа бірдей
айқара ашықтықтың, барлық әлем мемлекеттері мен халықтары тарапынан ізгі ниетті,
ӛзара пайдалы қарым-қатынастың қай-қайсысына да әрдайым әзір екендіктің белгісі.
Елтаңба шеңбер ішіне ойып жасалған белгінің тӛменгі жағында ел аты -
«Қазақстан» деген жазу бар. Ол осы мемлекеттік атын айшықтап тұр.
Қазақстан дегенде ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан үш бірлік, үш негіз:
«Жер, Ел және Тіл» кӛңіліңе ұялайды. Бұл үш құндылық қазақтың барлық бірлігі мен
байлығын кӛрсетеді. Ел ұлт үшін мақтан етер мәдениеті.
Ел – ұлттық дүниетанымдағы ұлы ұғымдардың бірі. Ел сӛзі қазақ халқының арғы
қазақтан бүгігі қазаққа дейін «қағанат», «ел - жұрт», «отан», «мемлекет», мағынасында
қолданылып келеді. Ел сӛздің ұғымы – елдік мінез, едік дәстүр, елдік мұрат, елдік
намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді құндылықтар оның ӛзегі болады .[3]
Мемлекеттік әнұран - ел егемендігінің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Тәуелсіз
қазақ елінің бойтұмар әнұраны «Менің Қазақстаным» деп аталады. Бұл, тіпті де,
кездейсоқ емес. Атау астарында рәмізбаян құпияларына жетелейтін терең де ғажайып
сыр жатыр.
97 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(40), 2012
Менің Қазақстаным! Бұл сӛзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес
десе де болады. Оны айтқанда бойынды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын
сәуле жалт еткендей әсерге бӛленесің.
Оны естігенде ел менен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған
топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан
ӛміршеңдік пен ӛрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды
азаматтық рух сезіледі.
Менің Қазақстаным! Бұл - жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі
сӛздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның ӛткенімен,
бүгінімен және ер-теңімен тәңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың еске
түседі.
Оны айтқанда ӛзіңді Алатауға арқаңды тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді,
алдыңда Сарыарқаның сары жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін,
ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тындағанда құлағыңа киелі кӛк берінің тау мен тасты күңіренткен салқар
сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының
дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естіген-дей боласың. Қарлы шыңнан қияға
кӛз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы кез алдыңа
келеді.
Менің Қазақстаным! Бұл - қазақ деген кӛнбіс те қайсар халықтың жүрек сӛзі.
Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын
құдайындай сыйлайтын, «кӛрші хақы - тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса -
жүрегі керінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.
«Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ізгі де асқақ
афоризмді ӛмірлік кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей - ол атаңның құлы емес,
шалқайғанға шалқай - ол құдайдың ұлы емес» дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар
онда. Менің Қазақстаным! Бұл - азаматтық позиция, елжандылық философиясы.
Менің Қазақстаным! Бұл - отандастық формуласы. Кең байтақ елімізде қатар
ғұмыр кешіп жатқан жүздеген ұлт ӛкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының қайнар
кӛзі Қазақстанды ортақ шаңырақ, ортақ ұямыз деп сезінуде жатқаны белгілі. Оны
ӛмірдің ӛзі дәлелдеп келеді.
Тек ел деп сокқан жүректер ғана елдіктің туын бірлесе кӛтеріп, ортақ мақсатқа
бауырласа жұмылатынын қазақстандықтар жақсы біледі. «Бірлік бар жерде - тірлік
бар» деген ӛміршең мәтел халқымыздың тағдыр мұхитына түскен талайлы кемесінің
желкенін жықпауға себепкер болып келе жатқан арғы қазақ конституциясының ең
жарқын тағлымы болуы да кездейсоқ емес.
Осы терең ұғымның Қазақстан Республикасының жаңа гимнінің ӛзегіне,
мағыналық лейтмотивіне айналуы - тәуелсіздік идеясының логикалық арнасында
жатқан, азаттық аңсарларымен әуендес әлеуметтік-саяси әрекет. Еркіндікке қолы
жеткен егемен елдің қоғамдық санасындағы сілкініс тәуелсіздік рәмізі табиғатын
айқындауға себепкер болуы -заңды құбылыс. Ұлттық рәміздің ұлт жанының жалауына
айналуының басқа жолы да жоқ.
Әдетте гимн-әнұранды тек салтанатты әуен, мадақ жыр деп қана қабылдаушылар
аз кездеспейді. Бұл - қате пікір. Әдетте әнұранды тек кӛпшілік болып, қосылып айтар
жеңіл, кӛңілді әуен, тез жатталар тәтті жыр деп қана қабылдайтындар да баршылық.
Бұл да - қате пікір. Әнұран - ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Оны елдің рухы
ел тӛріне кӛтерген жалпының жан жалауы десе де болады. Әдетте әнұранды гимн
ететін - халықтың ӛз тағдырына деген жауапкершілігі. Дәлірек айтқанда, бұл дегеніңіз -
әуен мен мәтін болмысында ерекше музыкалық-поэтикалық эмблема тілінде елдің ең
асыл арманы, ең биік мұраты, ең ауыр кӛз жасы мен ең батыл сенімі кӛрініс табуы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні - бойға зор патриоттық сезім
ұялататын асқақ та сыршыл әуен. Онда ел деп соққан жүректердің дүрсілі бар. Оның
Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012.
98
ӛн бойынан ӛміршең оптимистік рух лебі еседі. Музыкалық табиғатының марш
жанрына жақындығы дауыс ырғағының екпінін арттырып, оған ерекше ӛршілдік қуат
беріп тұр.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030».
2.Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. –
Алматы: Қазақстан, 1993
3.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан республикасы туралы мемлекеттік туы- Алматы
1992.
4.Қазыбеков Н.Аңызға айналған жеңімпаздар. А.1984.
5.Жарықбаев Қ. Б., Қазақтың тәлім – тәрбиелік ой – пікір антологиясы. –
Алматы, 1998 .
РЕЗЮМЕ
В статье автор рассматривает вопросы патриотического воспитания
подрастающего поколения с помощью государственных символов Республики
Казахстан.
SUMMARY
In the article the author considers the ways of patriotic education of the younger
generation by means state symbols of the Republic of Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: |