К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе


САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Ұлтарақова З.Р. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстары  сыныптағы  сабақтың  заңды  жалғасы.  Сабақтан 
тыс  тәрбие  жұмыстарын  ӛз  дәрежесінде  жүргізе  білгенде  ғана  біз-студенттердің 
сабақ  үстінде  алған  білімдерін  іс-жүзінде  дұрыс  асырып,  ӛмірде  орнымен 
қолданып, керегіне жарата алуына жол ашамыз. 
Іс  жүзінде  мынадай  тақырыпта  ӛткізілген  диспуттар  студенттердің  қатты 
назарын аударады. 
Қандай қазақтың салт-дәстүрін жақсы білесің? 
"Адам-адамға дос, жолдас, бауыр".(Әдеби шығармалармен 
байланыстырып, пікір айту керек). 
"Қазақ қызын қалай тәрбиелеген?" 
"Шешендік сӛздерден аларың бар ма?" 
"Атаңа қарап ұл ӛсер, Анаға қарап қыз ӛсер" дегенді қалай түсінесің? 
Мәселен, "Қазақ қызын қалай тәрбиелеген?" деген пікірталас ӛте қызу түрде әрі 
тартымды  ӛтеді.  Онда  студенттер  атамыз  қазақ  "Қызға  қырық  үйден  тыю"  дей 
отырып аулының кӛркі қыз баланың ибалы да инабатты, сыпайы да сүйкімді, мейірімді 
де қайырымды,  ақылына кӛркі сай болып ӛсуіне қатты мән бергендігін салыстырмалы 
түрде екі тілде  түсіндіреді. 
Қыз бала ертеңгі отбасының тірегі. Сондықтан олардың бойына абзал аналарға тән 
қасиеттерді  осы  бастан  сіңіре  беруіміз  қажет.  Халық  ауыз  әдебиетіндегі  Қыз  Жібек, 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
116 
 
 
Баян  сұлу,  Айман-Шолпан,  Құртқа,  Гүлбаршын,  Кенжекей,  Қарашаштар 
сұлулық  пен  әдеміліктің  ғана  биік  шыңы  емес,  қазақ  отбасындағы  бүгінгі 
қыздарымыз  бен  жас  аналарға  үлгі  болар  алып  тұлғалар  жиынтығы  іспеттес.  Қазақ 
қыздары  қандай  болу  керек  дегенде,  біздің  үлгі  тұтар асылымыз осы аналарымыз 
болмақ. 
Тақырыбы: «Батамен ер кӛгерер» 
Мақсаты:  Халқымыздың  ӛте  ертеден  келе  жатқан  кӛне  бата  беру,  ізгі-тілек 
білдіру  сияқты  ұлттық  салт  дәстүрінің  мәнін  аштыру  арқылы  студенттердің 
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Халқымыз  қазынаға  бай  халық.  Сондай  асыл  қазыналарымыздың  бірі-бата-тілек 
сӛздері. Біз бүгінгі ӛнеге сағатымызда осы бата-тілек сӛздерінің мәнін ашып, құдіретіне 
үңілмекшіміз. 
1-студент Халқымыздың ӛте кӛп ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрінің бірі 
бата  беру,  ізгі  тілек  білдіру.  Ол  тәрбиелік  мәні  айырықша  байырғы 
мұрағаттарымыздың бірі. 
2-  студент:  Бата  берудің  де  ӛзіндік  орындалу  рәсімі,  шарты,  жүйесі  бар. 
Біріншіден, бата беретін адам елге сыйлы, қадірлі дуалы ауыз  адам болуы тиіс. Жолы 
жағынан ондай адаммен ешкім таласпаған. Екіншіден, қазақта күйеуге бата бергізбеген. 
Яғни,  туыстық  қарым-қатынасқа  да  кӛңіл  бӛлінген.  Үшіншіден,  бата  беретін  адам 
батагӛй  атанып,  тӛр  жақта  отырған.  Батагӛй  қария  қолын  жайып,  ӛзінің  жақсы 
ниетін  білдіріп  бетін  сипағанда,  жиналған  жұрт  та  жақсы  ниетке  тура  тілегіміз 
қосылсын  дегендей  қол  жайып,  бет  сипаған.  Тӛртіншіден,  бата  сұраушы  батагӛйдің 
алдында бір тізесін бүгіп,  жүрелей  отырады,  бата  сӛзі  қашан  аяқталғанша  екі  қолын 
кетеріп, алақанын жайып тұрады. 
3-  студент:  Бата сӛзінің мазмұны ақ тілеу, жақсы ниетке меңзейді.  Мұны ақ бата 
дейді.  Кейде  ел  ішінде  ежелгі  дәстүрді  бұзып,  ата-бата  салтын  аттаған,  әрекетін 
құптамаған ел үлкендері шектен шыққан  жанға  теріс  бата  берген.  Теріс  бата  беру 
салты,  жалпы  сирек  те  болса,  жыр  мұраларында,  байырғы  әдебиет  үлгілерінде 
кездесіп  отырады.  Теріс  бата  алған  жанның  жолы  болмайды.  Мысалы,  "Қыз  Жібек" 
жырында Тӛлегеннің айдалада мерт болуы әкесінің оң бата бермеуінен дегенге саяды. 
Оқытушы: Қане, балалар, батаның түрлерін атай аласыңдар ма?  
4-  студент:  Ел  арасында  аса  кең  тараған  баталардың  бірі-ас  қайыру  батасы. 
Қазақтың  ойын-тойы,  жиылған  дастарханы  батасыз  ӛтпеген.  Бата  сӛзінде  дастархан 
иесіне,  сол  үйдің  шаңырағына  небір,  жақсы  тілектер  айтылады.  Мұның  ӛзі,  бір 
жағынан,  үй  иесіне  ілтипат  кӛрсету  болса,  екінші  жағынан  нанды  қадірлеу,  ас-суды 
құрметтеу нышанын білдіреді. 
5-  студент:  Ел  арасында  кең  тараған  баталардың    бірі-жол  батасы.  Ұзақ  жол, 
қиын  сапарға  аттанарда  үй  иесі  құдайы  тамақ  беріп,  жасы  үлкен,  аузы  дуалы 
ақсақалдардан  бата  сұрайды.  Бата беру  рәсімі үстінде "жолың болсын, жолдасың 
Қызыр болсын", "қырық шілтен шылауыңда жүрсін, оралымың тез болсын", "Ораздың 
жолын    берсін",  "бар  пәлекет  тұлпардың  бір  терімен  кетсін,  осы  берген  ақ  батам 
періште  мен  құдайдың  құлағына  жетсін!  Халқымыз  қасиетті  ақ  батасы  арқылы 
елін,  халқын  достыққа,  ынтымаққа,  бірлікке  шақырып,  әркімнің  от  басына 
тыныштық  тілей  отырып,  жеткіншек  жас  ұрпақты  әдепті,  саналы,  сабырлы,  ақыл-ой 
парасаты  жоғары,  арлы  болып  ӛсуге  баулиды.  Дәулетті,  бақытты,  кекшіл  емес, 
кӛпшіл  кешірімді  болуын,  жерін,  елін  қорғауга  ержүрек  азамат  болуын  тілеп,  соған 
үндейді.  Игі  тілек,  бата  беру  халқымыздың  тұрмыс-салты  мен  әдет-ғұрпында  жақсы 
кӛрініс тапқан. Бұл қасиетті дәстүрінсіз халқымыз іс  бастамаған, іс те аяқтамаған. 
Жас  нәрестенің  дүниеге  келуімен  байланысты  туған  шілдехана,  тұсау  кесер, 
сондай-ақ  сүндет  тойларда,  ұзатылатын  қызға,  отау  құрған  жастарға,  құда-
жекжаттарға бата берген. 
 Ән айтылады.  «Шілдехана, бесік той» әні.  

117 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
                       Атамыз қазақ шілдехана тойында: 
Нәрестенің бауы берік болсын
Ата-анасына серік болсын! 
Азамат болып ер жетсін, 
Ақсақал болып тӛрлетсін, 
Азамат болсын кӛрікті. 
Ғұмыры ұзын берікті, 
Қолқанаты кӛп болып, 
Артына ерте берсін серікті, 
Азамат болсын ардақты 
Мінезі болсын салмақты 
Ӛнерлі болсын жан-жақты, 
Осы айтқанның бәрі кеп, 
Алла, берсін зор бақты. 
Әумин! -деп бата берген. Сондай-ақ бесікке салар тойында нәрестенің ата-анасына: 
Құтты болсын бесігің, 
Артық болсын несібең 
Дастарханың жайылып, 
Ашық болсын есігің,- деген тілектерін білдіріскен.  
6-студент: Ертеде қызға тек құда түсіп алған. Қызға құда түсудің  жолдары кӛп. 
Баланы анасының құрсағында жатқанда атастырған-қарын құда, одан кейін-бесік құда, 
қыз  ер  жеткендегі-айттыру  құда,  ескі  жекжаттардың  қыз  алысуы-сүйек  жаңғырту 
құдалығы деп аталған құда түскен қызға ӛзге біреу келіп килікпеген.  
Үлкен адамгершіліктің, адамды қадірлеп-қастерлеудің белгісі.  
Дін-адам  баласын  адалдыққа,  тазалыққа,  имандылыққа,  қайырымдылыққа 
тәрбиелеудің  құралы  дейтін  болсақ,  оны  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  пайдаланудың 
орны  ерекше.  Қазіргі  кезеңде  дін  туралы  жастарға  терең  түсінік  бермеудің 
нәтижесінде, олардың арасында ӛз дінін тастап ӛзге дінге кірушілер, мұсылман дінін 
уағыздаушы Мұхаммед пайғамбар және қасиетті "құран" кітабын, менсінбеушілер бір 
сӛзбен айтқанда, діннен безген имансыздар қатары күн санап кӛбеюде. Осыны ескере 
келе  жастарымыздың  дін  туралы  білімдерін  жетілдіріп,  мұсылман  діні  туралы 
кӛзқарастарын  дұрыс  қалыптастырып,  әрі  имандылыққа,  ар-ұят,  адамгершілікке 
тәрбиелеу мақсатында келеміз.  
Әр  жұма  сайын  мұсылман  діні,  оның  қасиеті  кітабы  "құран",  Алланың  адал 
елшісі  Мұхаммет  пайғамбар,  мұсылманшылықтың  бес  парызы  жайлы  түсінік 
беріліп  отырылады.  "Сен  Алланың  барлығына  сенесің  бе?",  "Мұсылманның  бес 
парызын  орындауды  мақсат  етемісің?",  "Бүгінгі  жастардың  "құран"  кітабын 
оқуын қажет  деп  санайсың  ба?"  деген  тақырыптар  тӛңірегінде  пікірталастар 
жүргізсе ол да ӛте маңызды тақырып болар еді. 
Қазақ  халқының  ағартушы  ғалымдары  Шоқан,  Ыбырай,  Абай  еңбектеріндегі  дін 
мәселесі жайлы "Шоқан Уалиханов дін туралы", "Абайдың дінге кӛзқарасы", "Ыбырай 
және дін" тақырыбында баяндамалар жасалады. 
Сондай-ақ,  студенттер  ӛз  бетінше  іздендіру  мақсатында  реферат  жұмысын 
қорғау  түрінде  ӛткізуге  болады.  Тәрбие  сағатына  даярлық  барысында  студенттердің 
назарына  ұмытылып  бара  жатқан  киелілерімізге  жас  ұрпақтың  назарын  аударып, 
оларды  ӛлі  ӛруақты  қадірлеп,  тірі  жанды  сыйлауға  ұмтылдыру.  Аллаға  сыйыну 
арқылы  адамның  бойына  жат  қылықтардан  жирендіру,  тұрған  ӛлкеге,  қоршаған 
ортаға,  адам  баласына,  жалпы  әлемге  деген  махаббаттарын  ояту,  имандылыққа, 
мейірімділікке, қайырымдылыққа, жетелеу. 
Осы ӛнеге сағатында сӛз болған мәселені тереңдетуді кӛздей келіп,  студенттерге 
ӛзіміздің  Тараз  ӛңіріндегі  әулие-әмбилердің  мазарларына  ойша  саяхат  жасаттық. 
Қарахан баба, Дәуітбек, Тектұрмас ата, Баба әже, Айша бибі туралы сӛз етеміз.  

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
118 
 
 
Ашып  айтсақ,  тіл  білімінің  негізгі  үш  саласы-фонетика,  лексикология, 
грамматиканы оқыту барысында студенттерге ұлттық  
емес  сабақтарды  жүргізудің  әдіс-тәсілдері  кӛрсетіліп,  жоспарлары  жасалынса 
дұрыс болар еді. 
Оқытушылардың  озық  іс-тәжірибелері  арқылы  студенттердің  бойында 
патриоттық, 
елжандылық, 
отансүйгіштік 
тәрізді 
адамгершілік 
қасиеттерін  
қалыптастыруда салт-дәстүрлердің мүмкіндіктері зор екен. 
Халқымыздың  асыл  мұраларын  тек  сабақ  үстінде  пайдаланып  қоймай  сабақтан 
тыс  жүргізілетін  тәрбиелік  іс-шараларға  да  арқау  ету,  тәлім-тәрбиесінде  жақсы 
жетістіктерге жеткізіп, студенттерді  ұлттық рухта тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. 
Олай болса, аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары аудиториядағы сабақтардың заңды 
жалғасы. Сол себепті біз ұлттық қазыналарымызды сабақтан тыс жұмыстарға да арқау 
етуді жӛн деп санауымыз керек. 
Оқытушылардың  озық  іс-тәжірибелері  арқылы  студенттердің  бойында 
патриоттық, 
елжандылық, 
отансүйгіштік 
тәрізді 
адамгершілік 
қасиеттерін  
қалыптастыруда салт-дәстүрлердің мүмкіндіктері зор екен. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.Сарыбеков Н., Сарыбеков М., Сарыбеков Қ-Д. Қазақ халқының 
табиғат қорғау дәстүрлері. - Алматы: Рауан, 1996. 
2. Айтмамбетова Б. т.б. Қазақ педагогикалық энциклопедия 
сӛздігі. - Алматы, 1995. 
3. Оразбекова К. Иман және инабат. - Алматы: Ана тілі, 1993. 
4. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. - Алматы: Білім, 1995. 
5. Боданов Ж.Қ. Отбасы тәрбие бесігі. - Жамбыл, 1996. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  этой  статье  рассматривается    воспитание  студентов  в  духе-национального 
единства и любви к родине  
 
SUMMARY 
 
This  article  discusses  the  education  of  students  in  the  spirit  of  national  unity  and  love 
for the motherland 
 
 
 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ 
БОЛМЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РОЛІ 
 
Усбанов Н.С.– аға оқытушы, Құспанова А.М., Жүрсінбекова Ғ.А.,– оқытушы. 
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2005-2010-жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004-
жылғы    19-шы  наурыздағы    «Бәсекеге  қабілетті    Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті 
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында 
айтқандай,  Қазақстан  Республикасы  әлемдік,қоғамдық,  нарықтық  экономикалы 
мемлекет ретінде танылды. Яғни, «жаңа» қоғамға, «жаңа»  саналы адам керек. Мұндай 
адамды  қалыптастыру  қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған  басты 
міндет.  Әрбір  жеке  тұлғаның,  бүкіл  халықтың,  бүкіл  қоғаның  тағдыры  оқытушының 

119 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
еңбегінің  нәтижесіне  тікелей  байланысты.  Оқытушы  ӛз  қызметін  шығармашылық 
бағытта  ұйымдастыра  білу  үшін  ең  алдымен  ӛз  қызметінің  мәнін  түсіне  алуы    басты 
шарт. 
Оқытушы  қызметінің  негігі  мәні-оқушыны  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  ғана  емес, 
сол үдерістерді басқаруда шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Президенттің  2005-
жылы  18-ші  ақпандағы  халыққа  Жолдауында  «XXI  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған 
елдің  тығырыққа  тірелері  анық»  деген  сӛзі  әрбір  оқытушыны  ойлантуы  тиіс.  Ӛйткені 
мұғалім  еңбегінің  бүгінгі  нәтижесі  ӛандай  болса,  елдің  қоғамның  ертеңгі  болашағы 
сондай болмақ. 
«Жеке  ұрпақты  тәрбиелеу  аса  маңызды  іс.  Ол  ұрпақты  құбылуға  кӛнбейтін 
идеялар  мен  құндылықтарға  сүйенуге  міндетті.  Сондықтан  бүкіл  жүйенің  идеялық 
негізі  ретінде  тәрбие  жұмысы  гуманизмнің  сынақтан  ӛткен  кӛп  ғасырлық  принципі 
алынуға тиіс. Сондай-ақ қазіргі кезде гуманизмді ұғындыруда жеке бастың жан-жақты, 
мақсаты тұлға ретінде қалыптастыруына айрықша кӛңіл бӛледі.» 
Гуманизм  деп  адамды  сүюді,  кӛпшілікті,  ӛзара  кӛмекті,  әрі  әр  адамның  жеке 
мүддесін  қорғауды,  оның  сұранысын  қанағаттандыруды  айтамыз.  Тәрбиеде    алғашқы 
орынға гуманизм ұсынымының қойылуы заңды құбылыс. Ӛйткені баланың ӛзіндік ішкі 
әлемі, қызығушылықтары, қажеттіліктері, қабілеттері, мүмкіндіктері мен ерекшеліктері  
бар  адам  ретінде  ең  басты  құндылық  болып  табылады.  Аксиологиялық  амал 
тұрғысынан  келгенде,  гуманитарлық  адамды  сүюдің  кӛрінісі  ретінде  бұл  кісілік, 
мейірімділік, білімділік, рухани мәдениет, талғампаздық және т.б. болып табылады. 
Жеке тұлға психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент,мінез-
құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат мүдделер.) 
Жеке  тұлғаның  ең  маңызды  белгілері  оның  саналылығы,  жауапкершілігі, 
бостандығы, қадір-қасиет, даралығы. 
Оқушылардың  ақыл-ойы  мен  ойлау  жүйесін,  дағдыларын  меңгеруі  мен  ұстаз-
шәкірт  арасындағы  ӛзара  қарым-қатынастарды  реттеудің  түйінді  мәселелерін  
педагогикалық  психология  қарайды.  Оқу  психологиясы-дидактиканың  психологиялық 
негіздерін,  оқыту  мен  білім  берудің  негізгі  әдістемелік    мәселелерін,  баланың  ақыл-
ойын қалыптастырады. 
Тәрбие  психологиясы    гуманисттік    және  әлеуметтік  тәрбие  мәселелерінің  
психологиясын  зерттеп  оқушылар  ұжымының,  еңбектен  түзету  педагогикалық 
психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қалыптастырады.  
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез ӛсіп бара жатқан жаңа 
блімдер  қарқыны  мен  жеке  тұлғаның  оларды  игерудегі  шектеулі  мүмкіндіктердің 
арасында  бұл  қарама-қайшылық  педагогикалық  теорияны  білім  берудің  абсолюттік 
идеяларын  (жан-жақты  дамыған  тұлға)  бас  тартып,  жаңа  идеяға  адамның  ӛзін-ӛзі 
реттеуі мен ӛздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға кӛшуге мәжбүр етті. 
Оқушылар мен студенттердің  басты мақсаты болып- кӛптеген пәндерден, оларға  
ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. 
XXI ғасыр-адам ғасыры болуы тиіс. Оған кепілдікті тек гуманисттік тәрбие бере 
алады.  Расында  да  қазіргі  қоғамда  шығармашылық    қабілеті  бар,  талантты,  іскер  әрі 
жан-жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру  маңызы.  Ғылымның  қай  саласы  болсын 
ұстаздар  қауымының  алдына  зор  міндет  жүктейді.    Соның  ең  бастысы    сапалы  білім  
және  саналы  тәрбие  беру  барысында  балалардың  шығармашылық  қабілетін,  ақыл-ой 
белсенділігін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  дамуына  үлес  қоса  алады.  Ӛскелең  ұрпақ  ұстаз 
берген  білімнің    іс-әрекет    тәсілдерін  игеріп  қана    қоймай,оны  ары  қарай  ӛзінің 
белсенді,  зерделі  іс-әрекетімен  сабақтастыруы  тиіс.  Дегенмен  де  әр  оқушының  білім 
сапасы мен мәдениеті ұстазға байланысты. А.Уорт айтқандай «Орташа мұғалім айтып 
береді,  жақсы  мұғалім  түсіндіреді,  үздік  мұғалім  кӛрсетеді,  ұлы  мұғалім 
қанағаттандырады, шабыттандырады»-деп дәлел береді. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
120 
 
 
Қазіргі  жас  ұрпақ    ертеңгі  ел  азаматтары  әлемдік  биіктерге  кӛтерілумен  қатар, 
ұлттық игіліктерді  ерекше ескеру қажет екенін сезініп  ӛсуге тиіс. Сондықтан жалпы 
оқу  орындарының  мақсаты  жалғыз    құрғақ  білім  үйрету  емес,  біліммен  бірге  ӛз 
халқының  ғасырлар  бойы  қол  жеткізген  табыстарына    ұшталуға  тәрбиелеу,  түп 
тамырының  үзіле жаздаған ұрпақты ата-баба салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен  табыстыру, 
сүйегіне ұлттық рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығу. Бұл ойға ағартушы педагог 
Ы.Алтынсариннің    мына  сӛзі  дәлел  бола  алады:  «Педагогикалық  іс  ӛте  нәзік,қасиетті 
іс.Ол  ӛте  сезімталдықты,  балаға  деген  ӛлшеусіз  сүйіспеншілікті,  бала  жанын  бірден  
танитын  қырағылықты    қажет  етеді.Шәкірттерді  сүйе  білген  оқытушы  ғана  қатал, 
талапты, ӛнегелі, беделді тәрбиеші бола алады.»  
Баланы  заманына  қарай  икемдеп,  ӛз  заманының  озық  ӛнегесін  оның  санасына 
сіңіре  білу,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту  бүгінгі  күннің  басты 
талабы. 
Қазіргі  білім  саласы  сапасының  қандай  екенін  анықтап,  оған  жаңа  кӛзқараспен 
жауап беруге тура келеді. Қазіргі сапаны анықтау басқа. Ӛйткені білім сапасы әртүрлі 
жағдайларға  байланысты  ӛзгеріп  отыр,  жаңарып  дамып  келе  жатыр.  Біздегі  білім 
ошақтары жастарды ӛздеріне тарту үшін әлем елдерінің білім саласы пайдаланатын әр 
түрлі  жаңа  технологияларды  толық  игерлері  керек.  Әлемдік  білім  кеңістігіндегі 
оқытудың  озық  технологияларын  қамтитын  жаңа  білім  мазмұны  шынай  жарыс,  адал 
бәсекеге бейімделген адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.  
Ӛйткені  білім  саласының  үнемі  дамып,  жаңғырып  ӛзгеріп  тұруы  ӛмір  талабы. 
Қазіргі  кезде  ақпараттық  технологияларға  қоса,  жалпы  білім  саласы  инновациялық  
түрде де дамуы керек. Онсыз білім саласы ӛзінің негізгі міндетін атқара алмайды. Білім 
саласы әлемде қандай жаңа әдістер бар соны толығымен пайдаланып, күнделікті ӛмірде 
ӛзінің  қажеттілігіне  қолдана  алуына  міндетті  деген  сӛз.  Соның  негізінде  балаларды 
оқытуы  керек.  Мысалы:  бұрынғыдай  тақтаға  бормен  түсіндіретін  уақыт  ӛтті.  Онымен 
ешкімді  қызықтырып  немесе  ешкімді  оқыта  алмайсыз.  Қазіргі  пайдаланатын  басқа 
технологиялар  бар.  Оқыту  тек  сабақ  беру  ғана  емес,  оқытудың  басты  міндеті 
мұғалімнің білім беруінен оқушының білім алу қызметінің біріккен үйлескен түрлеріне 
қол жеткізу. 
Мұғалімнің  ең  негізгі  міндеті,  мұраты  оқушының  ӛзін-ӛзі  тануына,  ӛзін-ӛзі 
дамуына  ықпал  жасап  отыру  керек,  әр  оқушының  қоғамға  қызмет  етуі  үшін  ӛз 
бойындағы бар күш жігерін жұмсай отырып оларға барлық мүмкіндікті туғызуы керек. 
Ерінбеген  еңбек  пен  ізденістің,  қажымас  қайраттың  кӛшбасшысы  болған  жерде  ғана  
ұстаздың қолынан шыққан асыл тұлға пайда болатыны сӛзсіз. 
Абай  атамыз  айтқандай  «Ыстық  қайрат,нұрлы  ақыл,жылы  жүрек»  болуы  ӛмір 
сүрудің    басты  заңдылығы  болса,  осы  үш  қасиетті  шәкірттердің    бойына  сіңіру 
ұстаздың міндеті екені даусыз. 
Ыстық  қайрат-дегеніміз  спортқа  баулу,  нұрлы  ақыл-санасына  білім  нәрін  құю, 
жылы  жүрек-эстетикалық  адамгершілікке  тәрбие  бере  отырып,  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы  мақсатымыз:  Жас  ұрпақты  іс-әрекет  пен  қарым-қатынас  арқылы 
баланың  дүние  танымын,  қабілетін,  дарынын  дамыта  отырып,  иманды,  қайрымды, 
білімді  салауатты  Қазақстан-2030  ұрпағын  тәрбиелеу.  Қорыта  келгенде  айтарым  «  Ел 
боламын  десең,бесігіңді  түзе»  деген  пікір  ӛзінің  ӛзектілігімен  құнды.  Шындығында  
Қазақстанды мәдени, рухани жаңа сатыға кӛтеретін ұрпақ тәрбиелеу-аса  ӛзекті мәселе. 
Еліміз дамыған әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына болу үшін, қоғамның әр 
саласында  еңбек  ете  жүріп,  ӛз  елімнің  Отанның  мақсат  мүддесін  қорғайтын,  игілігін 
ойлайтын,  ертеңге  сеніммен  қарайтын,  ерік  жігері  мол  жаңа  буын,  заман  адамын 
қалыптастыру қажет. Сол ұрпақты тәрбиелейтін білікті де білімді ұстаздар қажет. Ол ӛз 
мамандығының  қиындығына  мойымай,  келешек  ұрпақ  тағдырына  жауапкершілікпен 
қарап , олардың бойларына халқымыздың қымбат қазынасын, асыл  қасиеттерін сіңіре 
білу мұғалімнің басты парызы деп түсіну керек.  

121 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.ҚР  білім  беруді  дамытудың    2005-2010-жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. 
2.Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы».-Алматы,1999. 
3.Абдукаримова  Ұ.С.  Мектепті  басқарудың    жүйелі  негіздегі  мақсатты 
бағдарламасы.-Шымкент,2000. 
4.Қазақстан  Республикасы  Жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты. 
5.Ыбырай тағлымы.-1991.-193б. 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматривается  роль  учителя  в  формировании  личностных 
качеств у детей в общеобразовательных школах
 
SUMMARY 
 
In  a  given  article  is  considered  role  of  the  teacher  in  shaping  larval  quality  beside 
children in general school.  
 
 
 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Утегулова З.Н.- оқытушы (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
Қызығушылық  –  кәсіби  қабілеттіліктің  дамуындағы  маңызды  жағдай.  Себебі 
қазіргі білім беру жүйесінің алға қойып отырған мақсаттарының бірі – маманға кәсіби 
білім  беру  және  таңдаған  мамандығы  бойынша  кәсіби  қызығушылығын  арттыру.  Ол 
үшін  маманның  жеке  тұлғасы  мен  кәсіби  қабілеттілігі  ескерілуі  қажет.  Болашақ 
маманның  кәсіби  қабілеттілігі  мамандығын  меңгерудегі  тәжірибе  барысында,  ӛз 
кәсібіне  деген  қызығушылығын  қалыптастырады  деп  ойлаймыз.  Студенттердің 
бойында  кәсіби  қызығушылықтың  болуы  ӛздері  таңдаған  мамандықтарын  ешқандай 
кедергісіз,  толық  түсініп  кетуіне  себебін  тигізеді.  Егер  студент  мамандық  таңдаса, 
таңдаған мамандық  ӛздеріне ұнаса, онда міндетті  түрде білімін жетілдіруге, дамытуға 
және болашақ жұмысында алған білімі мен біліктілігін пайдалануға ұмтылады.  
Дегенмен  де,  кәсіптік  қызығушылықты  студенттердің  бойында  қалыптастыру 
мәселелерін  қарастыруда  бірсыпыра  маңызды  қиындықтар  туындайды.  Бұл  түсінікті 
авторлар әртүрлі жағынан қарастырды. Мәселен, А.Г. Ковалев, В.Г. Петровский кәсіби 
қызығушылықты  қарым-қатынастың  ерекше  түрі  ретінде  қарастырса,  Б.И.  Адаскин, 
А.П. Сейтешов, Н.М. Скородумов бағыт, бағдар ретінде, ал үшіншілері, А.И. Леонтьев, 
А.К. 
Маркова, 
Г.И. 
Щукина, 
кәсіби 
қызығушылықты 
себеп-салдармен 
байланыстырады. А.Г. Ковалев – кәсіби қызығушылықты еңбек іс-әрекетінің қатарына 
жатқызады және кәсіби қызығушылықты қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңызын атап 
кӛрсете отырып, белгілі бір мақсатқа бағытталған оқу, ӛндірістік-тәжірибелік іс-әрекет 
болмайынша  мамандығына  деген  кәсіби  қызығушылықтың  болмайтындығын  атап 
ӛтеді. 
Педагог ғалымдар мен психологтардан басқа да кәсіби қызығушылық ұғымының 
табиғатын физиологияда, медицинада, социололгияда да кеңінен қарастыруда. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
122 
 
 
Атап  айтсақ,  физиологтар  әуестілік,  құмарлылық  арқылы  қызығушылыққа 
бейімділік  пайда  болатынын,  айналадағы  қоршаған  зат  пен  құбылысқа  бейімделу 
барысында адамзат белгілі бір қимыл, іс-әрекетке қызығушылық (тұрақсыз) танытады 
деп есептейді. 
Психологиялық әдебиеттерде кәсіби қызығушылықтың екі құрылымын кӛрсетеді: 
Статистикалық  құрылым – бұл  қызығушылықтың бір-бірімен тығыз байланысты 
бірін-бірі  толықтырып  отыратын  принциптер:  эмоционалды,  интелектуалды  және 
еріктік компонент. 
Динамикалық құрылым – ӛзгермелі жағдайдың бірізділігін қамтамасыз етеді.  
Психолог-  ғалымдар  қызығушылықты  кӛлеміне  және  түріне  байланысты 
топтастырады. Кейбір адамдарда қызығушылық тар кӛлемде болса, ал керісінше кейбір 
адамдардың  қызығушылығы  бірнеше  объектілерге  бӛлінген  кең  кӛлемде  болады. 
Адамдардың  кең  және  тар  кӛлемдегі  қызығушылығы  іс-әрекеттің  мазмұнына 
байланысты. 
Қызығушылықтың  белсенді  және  пассивті  түрі  де  болады.  Пассивті 
қызығушылық  затқа  немесе  құбылысқа  сырттай  қызығушылық,  мәселен,  экскурсия 
кезіндегі  затқа  немесе  құбылысқа  қызығушылықты  айтуға  болады.  Ал  белсенді 
қызығушылық  белгілі  бір  іс-әрекет  арқылы  қызығу  деп  анықталады.  Бұған 
студенттердің  ӛзмамндығын  терең  жете  түсіну  арқылы  мамандығына  деген 
қызығушылығын айтуға болады. 
Ғалымдар  мұндай  қатынастарды  әртүрлі  жағынан  зерттеуде.  Г.И.Щукина  – 
танымдық  қызығушылықтың  теориясына  талдау  жасай  отырып,  оның  педагогикадағы 
орнын  атап  кӛрсетеді.  Оның  кӛзқарасынша,  адамзат  әрекеті  екі  детерминацияға 
бӛлінеді: 
Адамзатты қоршап тұрған объективті әлем детерминациясы; 
Адамзаттың ӛзінің ішкі жан дүниесінің детерминациясы. 
Ғалым-педагог  іс-әрекеттің  мазмұнды  қасиетін  кӛрсетеді.  Қызығушылық  пайда 
болу  үшін  тек  адамның  әрекеті  ғана  емес,  айналадағы  қоршаған  адамдардың  ықпалы 
қажет.  
Б.И.Адаскин кәсіптік қызығушылық немесе мамандыққа қызығушылық бұл ақыл-
ойды  және  ерікпен  сезімді  таңдаған  мамандыққа  бағыттау  деген  аналитикалық 
анықтама  береді.  Кәсіптік  қызығушылық  танымдық  қызығушылық  сияқты  үш  негізгі 
компоненттен тұрады; эмоционалды, интлектуалды, ерікті. 
Қызығушылық (әуестілік, құмарлылық, бейімділік) мынадай жағдайларда кӛрініс 
береді. 
біріншіден, іс-әрекет кезіндегі дұрыс эмоциялық қарым-қатынастың болуы
екіншіден,  эмоцияның  танымдық  компоненті,  яғни  іс-әрекеттің  ӛзіндік 
тартымдылығы. 
Ал,  біздің  ойымызша,  қызығушылық  түсінігі  бұл  адамның  қажеттілігіне 
байланысты  сезімінің  оянуы.  Мамандыққа  деген  қызығушылық  –  тұлғаның 
құндылықты  бағдарлауымен  сабақтас.  Жоғары  білімді  маман  бүгінгі  ӛмірдің  келелі 
мәселелерін,  қазіргі  нарықты  экономика  талап  ететін,  әлеуметтік  және  кәсіптік 
міндеттерді  шешуге  дайын  тұратын,  белсенді  кәсіби  қызметтік  даярлығы  бар  жеке 
тұлға  болып  шығуы  қажет.  Ол  үшін  маңызды  да  ӛзекті  мәселенің  бірі-  болашақ 
маманның  кәсіптәк  қызығушылығын  дұрыс  деңгейде  қалыптастыру.  Студент  жоғары 
оқу  орнында  білім  ала  отырып,  оның  бойында  біртіндеп  ӛз  кәсібіне  деген 
қызығушылығы жандана түседі. Мұның ӛзі педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіріп 
отыруға  негіз  болады.  Сондықтан  студенттердің  бойында  кәсіптік  қызығушылықты 
қалыптастыру  университеттің  тұтастай  педагогикалық  процессінің  ӛзекті  бір  мәселесі 
болып табылады.  
Бүгінгі  күні  педагогикалық  ғылымда  білімге  кәсіби  бағыт  беру  кәсіпке 
бағыттаудың  негізгі  принциптерінің  бірі  болып  табылады.  Білім  берудегі  кәсіби 

123 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
бағыттылық  принципі-  болашақ  маман  иесін  тек  қана  біліммен  қаруландырмай, 
таңдаған  мамандығына  деген  кәсіби  қызығушылық  және  мамандыққа  деген  кәсіби 
құндылығы болу шарт.  
Педагогикалық,  психологиялық  ғылыми  еңбектерде  кәсіптік  қызығушылық 
терминімен  қатар  танымдық  қызығушылық  термині  қатар  жүтетіндігі  белгілі.  Бір 
жағынан  кәсіптік  қызығушылық  –  танымдық  қызығушылықтың  бір  бӛлігі,  ал  екінше 
жағынан  кәсіптік  қызығушылықтың  мазмұнды  элементі.  Бұл  екі  қызығушылықтың 
айырмашылығын  іс-әрекетке  қойылған  мақсаттан  ажыратуға  болады.  Танымдық 
қызығушылық  кӛпшілік  жағдайда  білім  алуға  бағытталады,  ал  кәсіптік  қызығушылық 
кәсіптік  іс-әрекетке  негізделеді,  бірақ  субъектінің  кәсіптік  қызығушылықты 
қалыптастыруда, танымдық қызығушылықтың да рӛлі болады (ақыл-ой, бағыттылығы, 
сезім, ерік т.б.). 
Жоғарыда  аталған  ғалымдардың  таңдауларына  сүйене  отырып,  біз  кәсіптік 
қызығушылықты  қарым-қатынастың  ерекше  түрі  деп  танып,  белгілі  бағыт-бағдар, 
себеп-салдармен  байланыстырамыз.  Білім  беру  жағдайында  студент  әртүрлі  кәсіби 
дағдыны  меңгереді.  Нәтижесінде  жүйелі  қолданылған  білім  беру  барысында  студент 
кәсіби дағдыны ӛңдеп, тәжірибе жинақтайды, таңдаған мамандығына тез әрі нәтижелі 
бейімделеді.  Студенттердің  бойында  кәсіптік  қызығушылықтың  қалыптасу  процесі 
жоғары  оқу  орнындағы  оқытушылардың  бақылауымен,  нұсқауымен  жүргізіледі. 
Сондықта  осы  үрдісті  басқару  мәселесі  тікелей  жоғарғы  мектепке  қатысты.  Біздің 
ойымызша,  басқару  үрдісінде  мынадай  аспектілер  ескерілу  қажет  сияқты  таңдаған 
мамандығына  деген  бастапқы  қызығушылық  деңгейі  анықталуы  керек;  мамандықты 
таңдау  мотиві  кӛрсетілуі  қажет;  студенттердің  және  студенттік  топтардың  жеке  дара 
ерекшеліктері айқындалуы керек. 
Бүгінгі  күнде  қоғам  дамуының  жетекші  бағыттарының  бірі-  білім  беру  үрдісін 
ақпараттандыру.  Болашақ  мамандарды  кәсіптік  даярлаудың  маңыздылығы  маманның 
жеке тұлғасы мен оның қызметіне деген объективті талаптарымен сипатталады. Қазіргі 
заманда  ақпараттық  техникалар  мен  технологияларды  қоғамның  барлық  саласында 
қолдануда.  Сондықтан  қоғам  маманның  кәсіптік  даярлығымен  қатар  ақпаратты 
технологиялық  даярығын  қажет  етеді.  Студенттердің  кәсіби  қызығушылығы  жаңа 
ақпараттық технологияны пайдалану арқылы қалыптасады деп ойлаймыз, себебі: 
жаңа  ақпараттық  технология  студенттердің  ой-ӛрісін  кеңейтіп,  жүйелі 
комбинаторлық,  ойлау  қабілетін  күшейтеді;  танымдық,  тапқырлық,  шапшаңдық 
қасиеттерін  қалыптастырады;  шығармашылыққа  жол  береді;  ӛз  бетімен  жұмыс 
жоспарын  жасай  білуге  үйретеді;  ұжымдық  жұмыс  жасай  біледі  және  оған  талап  қоя 
біледі; электронды оқулықтарды оқи отырып, пәнге деген ынтасы, қызығушылығы арта 
түседі; ӛз мамандығының қажетті сапаларын меңгереді. 
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 
 
1.Ковалев А.Г. «Психология личности»; М., «Просвещение», 1970. 
2.«Психологический словарь». Под ред. А.В.Петровского 
3.Щукина  Г.И.  «Проблемы  познавательного  интереса  в  педагогики».  М., 
Педагогика 1971. 
4.Адаскин Б.И. «Воспитание у молодых рабочих интереса к профессии» М.,1977. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Профессиональный  интерес  направлен  на  профессиональную  деятельность,  хотя 
при его формировании субъект, возможно занят приобретением знаний, он выражается 
в  направлении  ума,  чувств,  воли  к  определенный  производственной  деятельности  к 
овладению необходимыми знаниями, прочными навыками и гибкими умениями в этой 
деятельности. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
124 
 
 
SUMMARY 
 
Professional  interest  is  focused  on  professional  activities,  although  its  formation  of  a 
subject  may  be  busy  acquiring  knowledge,  it  is  expressed  in  the  direction  of  the  mind, 
feelings,  will  to  a  certain  productive  activities  to  master  necessary  knowledge,  strong  skills 
and flexible skills in this activity. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет