К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе


ӨМІРГЕ  РУХАНИ  САНАМЕН  КЕЛГЕН  БАЛАЛАР



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ӨМІРГЕ  РУХАНИ  САНАМЕН  КЕЛГЕН  БАЛАЛАР 
 
Майғаранова Ш.-  п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазір Жер ғаламшарында күрделі  ӛзгерістер жүріп  жатыр. Жердегі  тір шіліктің  
сақталуы, адамзат  санасының   рухани  деңгейге кӛтерілуін  талап  етеді.  Жаратылыс  
заңдылығына  байланысты қазіргі   дүниеге  келіп  жатқан балалардың  рухани санасы  
жетілген, жаңаша  ойлайтын парасат  иелері. Олар бұрынғы  ұрпақпен салыстырғанда 
ӛзгеше  психологиялық  сипаттарымен  және  әрекеттерімен  ерекшеленеді.  Мұндай  
балалармен  жұмыс  жүргізу  үшін  ата-аналар  мен  ұстаздар  олармен қарым-қатынас 
жасау  және  әрекеттесу    тәсілдерін    ӛзгертулері    тиіс.  Үлкендер  олардың      әрекет 
үлгілерін  қабылдамау  салдарынан,  психологиялық    ауытқуларға  ұшырап,  ойлау 
жүйесіне  нұқсан    келеді.    Ӛмірге  рухани,  жаңа    санамен  келген    балалар    «Индиго»  
немесе      «Жарық  балалары»,  «Жаңа    санадағы    балалар»  деп    аталады.  Бұл  ұғымды  
ХХ1  ғасырдың  басында американдық зерттеушілер ғылыми  айналымға  енгізген  еді. 
Осындай  балалар    жайындағы    зерттеулер  Ресейде    де      жүргізілуде.  Мұндай  
балалар  Әлемнің    барлық    жерінде  дүниеге    келуде.  Олар    кімдер,    олардың  
ерекшеліктері  неде? Адамның  физикалық  денесінен  басқа,  жай  кӛзге  кӛрінбейтін 
түрлі-түсті      қуаттық    қабаттары    бар.  Индиго    балаларының  қуаттық    қабаттарында,  
яғни  аурасында «қою кӛк  түс – «индиго» басым болғандықтан,  солай  аталады. Ресей  
ғалымдары  оларды «Жарық  балалары», «Жаңа  санадағы  балалар»  деп  атайды. Олар  
үшінші    мыңжылдықтың    ӛкілдері,    олардың    саналық  және    қуаттық  деңгейлері    ӛте  
жоғары,    жүректері    ашық,    мейірімді,  дүниені    ӛзгертуге    келгендер.  Кӛк  және    сия  
түстес    сәулелердің  толқындары  қысқа,    бұлар    ең    жоғары  ғарыштық    таза      қуатты  
сипаттайды. 

99 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Жер  бетіне Жаңа  Санамен  келгендер Нәзік  Әлеммен  байланыстарын  үзбеген,  
жағымды  ой, жаңа  кӛзқарастағы  балалар – келешектің  тірегі. Жер  ғаламшары  мен  
адам    санасының    эволюциясы  бір-бірімен    тығыз    байланысты.  Жерді      ғаламдық  
апаттан  сақтап  қалу міндетін  атқаратын жаңа  саналық  деңгейдегі  ұрпақтың дүниеге  
келуі  –  Ғарыштық    Сана    талабы.  Қазіргі      тіршілік    еткен    адамдардың    бес    сезім  
мүшесі  болса,  жаңа    санадағы    балалардың  алтыншы,    жетінші  сезімдері    дамыған  
болашақтың  ұрпақтары. 
«Индиго»    балаларына    тән    сипаттар:  ӛмірге    ерекше    қызмет    атқаруға 
келгендіктен  ӛздеріне    лайықты  әрекет    етеді.  Олар  «осы  дүниеде  болу  қажеттігін»  
сезінеді  және  айналасындағы  адамдардың  олардың    ойлау  ерекшелігін 
қабылдамайтынына    таңырқайды.  Кейде    ата-аналарына  «ӛздерінің    кім    екенінен» 
мағлұмат береді.  «Жарық  балалары» үшін  абсолютті  беделділер  жоқ, ӛз  әрекеттерін  
түсіндіруді  қажет  санамайды және тек  ӛз  қалаулары бойынша  әрекет  етеді.  Кейбір  
нәрселерді қабылдамайды және  кезек  күтіп  тұра  алмайды. Консервативті жүйеге  тап 
келсе, қолайсыздық  сезініп, шығармашылық ойды ұстанады.  Үйлері мен  мектептегі  
әрекеттерінде  тиімді тәсіл  қолдануға  бейім, бірақта  айналасы  оған «ережені  бұзды», 
«ортаға    бейімделгісі    келмейді»    деген    айдар    тағады.  Индиголар    ӛздерінің    ойлау  
жүйесіне сәйкес  емес  ортадағы  қарым-қатынасқа  бейімсіз  кӛрінеді. Ӛздерінің  ойлау  
жүйесіне  сай  келетін біреу  болмағандықтан, ӛздерін  ешкім  түсінбейді деп санайды. 
Сондықтан    оқу      барысында  әлеуметтік  байланыстар    орнату,    олар    үшін    күрделі  
болады. «Тәртіп  бұзушы» деп, ӛзіне  таңылған айдарды  қабылдамайды,  оны  қаперіне 
да алмайды. Олар  ӛз  қажеттіліктерін ешбір  қымсынбастан ашық  айта  алады. 
Нэнси  Энни  Тэп  1970  жылдың  басында  «Индиго»  құбылысын  байқағанын 
«Осознание    жизни      через    цвет»  деген  кітабында  (1986)  баяндайды.  Оның 
пайымдауымша  10  жасқа    дейінгі  балалардың  90  пайызы  «Индиго»    балаларына  
жатады.  
Ли  Керрол    мен  Джен    Тоубер  (2007)  «Индиго»  құбылысын  тӛрт  түрлі    жүйеде 
қарастырады.  Гуманистер.  Олар    кӛпшілікке    қызмет    ететін    болашақ      мұғалім, 
дәрігер, заң  қызметкері, кәсіпкер, саясаткер,  теңізшілер. Ӛмірде ӛте  белсенді, қарым-
қатынасқа бейім, кіммен  болса  да  тез достық  қарым-қатынас  орнатып, тіл  табыса  
алатындар.  Олардың    сенімі    мықты.  Физикалық    тұрғыдан    икемсіз,    аса    белсенді 
болғандықтан,    ӛзін    тежеп    ұстай    алмай    сүрініп,    шалынып    жүреді.  Балалық  
шақтарында  бір  ойыншықпен  қалай  ойнауға  болады деп  таң  қалады. Кез  келген  
затты мұқият зерттеп,  онымен  айналысуы да және   айналыспауы  да  мүмкін. Оған  ӛз  
орнын    жиыстыруды    тапсырсаңыз,    ойы  шашыраңқы    болғандықтан,    тапсырманы 
орындамайды. Әрине,  ол орнын  жиыстыра  бастаған сәтте,  кӛзіне  кітап  түссе,   соған  
назары  ауып, сол   кітапты  оқуға беріліп, бәрін  есінен  шығарады. 
Тұжырымдамашылар.  Олар    ӛз    ойларын  іске    асыратын    болашақ    сәулеткер, 
дизайнер,  астронавт,  ұшқыш,  әскерилер.  Денелері    икемді  және    мығым,  адамдарды 
басқаруды  ұнатады. Егерде  ер  бала  болса, олардың  басқару  обьектісі - анасы,  қыз  
бала  болса - әкесі. Ата-аналарынан  ерте  айырылса,  ӛмірілерінде  күрделі мәселелерге 
тап болады. Осы   типтегі   «Индиго»  балалары   теріс әдеттерге  бой  алдырып, әсіресе  
жасӛспірім    шақтарында    нашаға  әуес  келеді.    Ата-аналары    мұндай    балаларды  
бақылауда  ұстаулары  тиіс.    
Суреткерлер.  Бұл  типтегі   балалар  ӛзге   типтегілерге  қарағанда ӛте  сезімтал.  
Дене  түзілісі  нәзік  болуы  мүмкін,  түрлі    ӛнерге    әуес    келеді.  Бұлар    болашақ   
мұғалімдер  мен  суретшілер.  Адам    әрекетінің    қай    түріне    болмасын  
шығармашылықпен  қарайды. Егер  олар  медицина  саласына  барса,  олардан  жақсы  
хирургтер  немесе  ғалымдар  шығады. Егерде  ӛнерге  бой  ұсынса,  кӛрнекті   актер  
болады. 4-10 жас  аралығында түрлі  шығармашылық әрекеттер  атқарады, не  нәрсеге 
кӛңілі    түсіп  әуестенеді,  соңында    онан    қол    үзеді.  Ӛнерпаз  бала    4-5    музыкалық  
аспапта    ойнай    алады,    жасӛспірім    шаққа      жеткеннен  кейін,  таңдаған    саласында  

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
100 
 
 
үлкен    жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Әр  ӛлшемде  ӛмір    сүретіндер.  Бұлардың    дене 
түзілісі  ірі. Олар 1-2   жасқа  толғанда,  сіз  оған  ештеңе  дей  алмайсыз. Оның  беретін  
жауабы:  «Мен    бәрін    білемін,    бәрі  ӛзімнің    қолымнан    келеді»  дейді.  Бұлар    ӛмірге 
жаңа    оймен  келетіндер.  Олардың    денесі    ірі    болғандықтан,    қимыл-қозғалыс 
бейімділіктері  тӛмен болады. 
Адамның  физикалық    денесінің    сыртында  түрлі  түстер  орын    алады,    ол   
физикалық  кӛзге  кӛрінбейді,  оны    техникалық  құрал  арқылы  тіркеуге  болады. Ол 
түстер адам  денесінің  қуаттық  қабаттарын  сипаттайды,  оны   «аура»  деп  атайды.  
Адамның    омыртқа    діңгегінде    осы    қуаттық  иірімдер  орналасады.  Құймышақтың  
ұшында  қызыл, қуықтың  тұсы  қызыл сары,  кіндіктен  екі  еле  жоғарыда  сары,  тӛс 
сүйектің  орта  тұсында  жасыл,  кеңірдек    шұңқыры  тұсында  кӛгілдір,      маңдайдың 
ортасында  кӛк,    тӛбеде    сия    түстес  қуаттық    иірімдер  болады.  Осы    қуаттық  
иірімдердің жиынтығы, адам  денесінің сыртында жұмыртқа қабыршағы  тәрізді ақшыл 
қабық  түзеді,  ол  физикалық  дененің  сыртында  орналасады. Адамның   бас  сүйегі  
мен    омырқа    діңгегіндегі    иірімдер    Ғарыштан  келетін    қуатты  осы    арна  арқылы 
қабылдап Жерге,  ал  Жерден Ғарышқа   ӛткізеді.  Адам   денесінің  ӛткізгіштік  қасиеті  
бар.  «Жарық  балаларының» соңғы  20 жылда  физикалық денесіндегі  қызылдан  басқа  
түстері    жоғалуы    мүмкін.  Тек    менталдық    түстер:  алтын    түс,  сары  және    жасыл,  
сонымен  қатар  рухани  түстер:  кӛгілдір  және сия  тәріздес түстер байқалады. Тіпті  
осы  түстердің  кейбіреулерінің  ығысуы да  мүмкін.  Гуманист-индиголар  «сары»-ның 
орнына  келеді. Тұжырымдамашыл-индиголар алтын  және  жасыл  түсті  ығыстырады. 
Суреткер-индиголар  кӛк  түсті,    жартылай    сия    тәріздес  түстің    орнын    басады.  Әр  
ӛлшемде    ӛмір    сүретіндер  сия    тәрізді    түсті    алмастырады.  Сонымен,    Индиго    түсі 
барлық  деңгейдің  орнын  басады.  
Индиго  балаларымен  қарым-қатынаста үлкендерге тән  қатынас  жасаған  абзал. 
Оларды  тыңдай  білсеңіз, ойын бүкпесіз ӛзі  айтып  береді, беделмен  ықпал  етпеген  
жӛн.  Оларға  кейбір    тілектерін    орындамаудың  себебін    түсіндіру    қажет.    Индиго  
балаларының    зияттық  коэфиценті  IQ:  110-119  –  орта    деңгейден    жоғары;  120-129  - 
жоғары;    130  –  ең    жоғары  деңгей.    Олар  адам  санасын    Шексіз    Санамен  үйлесімге 
келтіруге  қызмет    етіп,    арнайы      сәлем    жеткізушілер,    дарындық    қабылеттерге  ие. 
Олар  осы  ӛмірге  не  үшін  келгенін анық  білетіндер. 
Сонымен, қазіргі  педагогтар  бүгінгі ұрпақтың рухани санасының эволюциясын 
түсініп,  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбиеде,  рухани    заңдылықтарды  басшылыққа  алу 
арқылы,  жалпы  адамзаттың рухани  саулығын және  Жер  ғаламшарының экологиясын  
сақтатаудың  маңызын    жадыда    ұстауы    шарт.    Жер    бетіндегі    тіршілікті    сақтау 
адамзаттың  рухани    санасының  дамуын    қажет    етеді.  Осыған    орай  гуманистік  
педагогика  жас    ұрпақты    дамытуда  «Мен    кіммін?»,  «Мен    осы    дүниеге    неге  
келдім?»,  «Осы    дүниедегі    басты  құндылықтар  не?»,  т.б.    мәселелерге  рухани  мән 
беріп,  жаңа    санадағы  балаларды    тәрбиелеуге    байланысты    рухани    таным  
қалыптастыруды нысанаға  алуы  қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Майғаранова    Ш.  Рухани    дамыту    мәселелері//ҚазмемқызПУ  Хабаршы. 
Педагогика  сериясы. № 4, 2009. 45-50 б. 
2. Ли  Кэррол,  Джен  Тоубер. Дети «Индиго» Новые  дети   уже  пришли /Перев. с  
англ. –М.: ООО Издательство «София», 2007. 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются проблемы  духовного развития учащейся  молодежи и 
установления гуманистических отношений с детьми нового  мышления. 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the  problem  of  the  spiritual  development  of  young  people  and 
establish humanistic relations with new thinking. 

101 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
ПЕРСПЕКТИВЫ, ПРОБЛЕМЫ ПОДГОТОВКИ  КАДРОВ В СИСТЕМЕ 
ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Мельникова К.С., - преподаватель английского языка и спец. дисциплин  
(Алматы қ., АГГПК № 2) 
 
Конкурентноспособный  специалист  –  это  специалист  с  высоким  интеллектом, 
который  способен  быстро  адаптироваться  в  сложных  условиях  современной  жизни  и 
найти  свое  рабочее  место.  В  условиях  рыночной  экономики  изменились  отношения 
между  обучаемым  и  педагогом.  Основной  целью  учебного  процесса  должно  стать 
создание  такой  структуры,  которая  была  бы  направлена  на  всестороннее  развитие 
личности,  а также, чтобы  учебный процесс был направлен на поиск путей и  условий 
для  непрерывного,  динамического,  многогранного  развития  личности.  Для  этого 
необходима целая система подготовки выпускника педагогического колледжа, которая 
складывается из модулей: 

модуль 
конкурентноспособного 
специалиста 
– 
это 
организация 
профориентационной  службы,  социально-психологические  исследования  по  каждому 
обучающемуся. 
Для  этого  необходимо  проводить  профориентационную  работу  в  школах  и  с 
будущими  выпускниками  в  течение  года,  и  как  можно  подробнее  знакомить  их  с 
выбором  специальности,  чтобы  выпускник  школы  уже  осмысленно  и  с  желанием 
поступал учиться в педагогический колледж по избранной специальности. В процессе 
обучения  целесообразно  проводить  психологическую  диагностику,  которая  выявляет 
адаптацию выпускника к изменяющимся условиям рынка. 
2  модуль  –  составление  прогнозирующей  личностно-профессиональной 
программы, включающей следующие направления:  
- образовательно-профессиональное;   
-социально-психологическое;  
-инновационное;  
-спортивно-оздоровительное;  
-культурное наследие и гуманизация; 
-экологическое; 
-самоуправление и общественное. 
Образовательно-профессиональное  направление  включает  профессиональную  
компетентность  по  выбранной  специальности,  самообразование,  основной  мотив  – 
способность к учебной деятельности. 
Социально-психологическое направление включает межличностные отношения в 
семье, с учащимися, педагогами, психологическое состояние, уверенность в себе. 
Инновационное  направление  –  это  готовность  к  творческому  труду,  анализ 
ситуации, рационализм, умение использовать новшества, практический опыт. 
Культурное  наследие  и  гуманизация  –  это  уровень  знаний  исторических 
ценностей, уровень воспитания. 
Экологическое  – понимание взаимосвязи человека и окружающей среды, знание 
глобального характера воздействия общества на природную среду. 
Самоуправление  –  это  уровень  самостоятельности,  самопознания,  способность 
оценить свое место среди других. 
Все  указанные  показатели  оцениваются,  и  устанавливается  рейтинг  в  конце 
каждого семестра по результатам тестирования или анкетирования. 
3  модуль  отражает  организацию  маркетинговой  службы  в  колледже,  которая 
устанавливает  потребности  рабочих  мест  и  профессий,  диагностирует  желающих 
обучаться, изучает новые технологии во всех отраслях, связанных со специальностью. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
102 
 
 
Маркетинговую  службу  колледжа  можно  представить  в  виде  схемы,  по  которой 
выявляется  потребность  рынка  в  специалистах,  и  определяется  квалификационная 
характеристика конкурентноспособного специалиста. 
План подготовки ----Исследование рынка---- Оценка рынка --- Постановка цели ---
-Выявление потребителей (школы, детские сады). 
Более  30  лет  наш  колледж  готовит  учителей  начальных  классов,  физической 
культуры, воспитателей дошкольных учреждений, преподавателей английского языка и 
информатики.  В  Алматы  количество  школ  и  детских  садов  увеличивается,  и  поэтому 
наши выпускники востребованы на рынке труда. Но ни для кого не секрет, что школе 
сегодня нужны активные, творчески работающие учителя, и наша задача – подготовить 
таких специалистов. 
Наши  будущие  педагоги  после  прохождения  практики  в  базовых  школах  и 
детских садах имеют высокую оценку работодателей и по окончанию колледжа многие 
из них остаются работать там, где проходили практику. 
4  модуль  подготовки  конкурентноспособного  выпускника  включает  структуру 
образовательных услуг. 
Необходимо  составить  такие  учебные  планы,  которые  давали  бы  возможность 
овладеть  не  только  основной  специальностью,  но  и  дополнительной  специализацией. 
Например,  наши  будущие  учителя  начальных  классов  овладевают  дополнительной 
специализацией «Психология», а учителя физической культуры специализируются еще 
и  в  качестве  массажистов.  Таким  выпускникам  будет  легче  трудоустроиться  после 
получения диплома. 
5 модуль конкурентноспособного выпускника – это самообучение, выбор форм и 
методов, разработка методического материала. 
Этот модуль включает в себя: - методику ведения занятий
-организацию учебного процесса; 
-базу для проведения занятий; 
-личность педагога; 
6 модуль – это система тестирования по трудоустройству выпускника. 
Вместе с направлением на практику наши учащиеся получают анкету «будущего 
учителя»,  которая  заполняется  педагогами-наставниками  базовых  школ  по  окончании 
практики,  по  ней  дается  аннотация  на  каждого  учащегося.  По  такой  анкете  можно 
установить рейтинг будущего специалиста, одновременно она может являться отзывом 
о прохождении практики. 
Если учащийся проходит практику в одной и той же школе несколько раз, то по 
такой  анкете  можно  составит  диаграмму  роста  или  спада  его  мастерства,  овладения 
специальностью по соответствующей шкале баллов. 
Вышеперечисленные 
модули 
в 
совокупности 
составляют 
модель 
конкурентноспособного  выпускника  педагогического  колледжа,  в  основе  которой 
должно  быть  состояние  учебного  заведения,  соответствующее  следующим 
требованиям: 
Отработанный учебный план. 
Кадровый потенциал. 
Статус учебного заведения. 
Постоянство контингента. 
Многопрофильность. 
Широкое использование педагогических и информационных технологий.  
Можно  без  преувеличения  сказать,  что  по  возросшему  интеллектуальному 
потенциалу  выпускники  колледжа  мало,  в  чем  уступают  выпускникам  ВУЗа.  Это 
подтверждается тем, что все чаще школы нашего города (работодатели) запрашивают 
именно выпускников педагогического колледжа. 
 

103 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.  Щукин  А.Н.  «Обучение  иностранным  языкам.  Теория  и  практика»  -  М., 
Филоматис., 2004. 
2. Селевко Г.В. Современные образовательные технологии. - М., 2008. 
3. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. - М., 2010. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Бұл  мақала  мазмұнында  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  қасиеттерін  оқыту 
технологиясының ролін қалыптастыру проблемалары қарастырылған. 
 
SUMMARY 
 
This article discusses the problems of training in technical and vocational education. 
 
 
 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ОҚУ ҮДЕРІСІН 
ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ  КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Мұратбаева Г.А. – п.ғ.д., доцент; Қонырбаева С.С. – п.ғ.к., доцент м.а. 
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Білім  беру  жүйесінде  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  бүгінгі  таңда  жаңаша 
педагогикалық,  инновациялық  технологиялар  пайдалану  проблемалары  жаңа 
талаптарға  сай  қайта  қарастыруды  қажет  етеді.  Себебі,  заманауи  білім  беру  үдерісі 
жаңа  ақпараттық,  коммуникативтік  технологияларды  жүйелі  түрде  қолданумен 
ерекшеленеді. 
Жоғары  оқу  орындарында  ақпараттық  ресурстарды  сабақ  құрылымында 
пайдалану  кӛзделеді.  Болашақ    маман  оқу  үдерісінде  заманауи  білім  беру 
технологияларын орынды пайдалану нәтижесінде   халықаралық деңгейдегі іс-шаралар  
мен  телеконференцияларға    қатынасып,        дискуссия  жүргізуге  дағдыланып,  ғылыми 
жобаларға  ӛз  үлесін  қоса  алады.  Соңғы  уақытта  тақырыптық  ақпарат  блоктар  мен 
википедиа  пайда  бола  бастады.  Бұл  тәрізді  ақпарат  алу  мүмкіндігі  студенттер 
қауымының мамандығына байланысты туындаған мәселелер тӛңірегінде пікір алмасуға 
жағдай  жасайды.  Виртуалдық  түрде  әр  адам  белгілі  бір тақырыпта байланыс  жүргізіп 
отырады.  Осындай  білім  беру  технологияларының  формаларын  кеңінен  пайдалануға 
тірек  болатындай  үлгілер  студенттерге  туындаған  түрлі    мәселелер  тӛңірегінде    пікір 
алысуға ыңғайлы[1]. 
Болашақ  мұғалім    мамандарының    жоғары  кәсіби  білім  сапасын  талап  ететін 
психологиялық-педагогикалық  үдерістің  мақсатына  жету  үшін  оқытудың  ең  тиімді 
дидактикалық  негіздерін  сұрыпталуы  керек.  Қазіргі  мамандарды  даярлау  жүйесінде 
технологияландыру  проблемасын  шешу  үшін  кейбір  кәсіби  іс-әрекет  түрлері  жүзеге 
асырылуы  тиіс.  Атап  айтатын  болсақ,  іскерлік,  рольдік,  имитациялық  ойындар,  пікір-
талас,  конференциялар  әрбір  маманның  жеке  шығармашылығын  дамыту  және  оның 
болашақ кәсіби мамандығына даярлығын қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламаларында 
студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  ӛздік  жұмыстары  шеңберіндегі 
тапсырмалар бірізділікте болып, соның негізіндегі ӛндірістік тәжірибеде жүйелі түрде 
іске асуы қадағаланады.  
Жоғарыда атап ӛткеніміздей,  мұғалім  мамандарына кәсіби білім беру саласында 
кез келген педагогикалық үдерістің кӛпнұсқалығы ӛз нәтижесін береді. Айталық: 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
104 
 
 
 кәсіби  жоғары  мектепті  бітірушілерді  қоғамдық  мүддені  қоюға  тәрбиелеу 
оқытушылар  мен  студенттерді  тұлға  ретінде  қалыптастыру  қажеттіліктері    және  осы 
бағыттағы педагогикалық ізденістер; 
 кәсіби білім беру мазмұны мен міндеттері  және оның нәтижесінің шарттылыққа 
тәуелсіздігі; 
 педагогикалық  мақсаттың  мазмұны  мен  нақты  жағдайға  педагогикалық  әдіс-
тәсілдердің қатысы; 
 оқудың және оқытудың ӛзара байланыстылығы; 
 білім беру мазмұнының оның мақсатына тәуелділігі; 
- оқытудың тәсілдері мен әдістерінің мақсаты мен мазмұнына тәуелділігі; 
-  оқытуды  ұйымдастыру  түрінің  кәсіби  білім  беру  мақсатына,  мазмұны  мен 
әдісіне тәуелділігі. 
Дегенмен  де,  болашақ  маман  даярлау  барысында  педагогикалық  үдерістерде 
кейбір  қайшылықтарының  болуы  заңды.  Бұл  ретте  В.Д.Шадриков  [2]  ӛз  зерттеуінде 
кәсіби  білім  берудің  кейбір  қарама-қайшылықтарын  атап  ӛтеді:  маманның  тұлғалық 
дамуын  мен  мүмкіндігінің  арасындағы  қарама-қайшылық;маманның  кәсіби 
даярлығының  болжамды  деңгейі  мен  оны  ӛндірісте  жүзеге  асыру  мүмкіндігі 
арасындағы  қарама-қайшылық.  Жеке  оқу  орындарының  ішкі  қарама-қайшылықтарын 
былайша белгілейді: педагогтың кәсіби білім деңгейі мен оқу орнындағы материалдық-
техникалық база мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылық; оқу орнының дидактикалық 
және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық. 
Бұл  қарама-қайшылықтардың  маңыздылығын  айта  келе,  В.Д.Шадриков  үздіксіз 
кәсіби  білім  беру  мәселелерін  оның  жалпы  маманның  тұлға  ретінде  кемелденуінен 
ойлаудан тыс қарау мүмкін емес деген пікірді ұстанып, келесі даму сатылары бойынша 
ӛз ой-пікірлерін ұсынады: 
жан-жақты  және  терең  білім  алуға  қажетті,  жеткілікті,  тӛмен  деңгейдегі, 
маманның  алғашқы  білім,  білік,  дағды,  дүниетаным,  мінез-құлық  сапалары 
қалыптасатын қарапайым сауаттылыққа жету баспалдағы; 
қоршаған дүние туралы адамға қажет жалпы білімге алу баспалдағы; 
тұлға және қоғамға маңызы бар адамның еңбек әрекетінің нақты түрлерінде ӛзін-
ӛзі  толық  жүзеге  асыра  алатын,  мамандарға  жалпы  білім  беру  базасында  нәтижелі 
кәсібі білім алу баспалдағы; 
кең ұғымдағы мәдениетке ие болу баспалдағы; 
тұлғаның дара болмысын қалыпттыру баспалдағы  [2]. 
Жоғарыда  маманның  тұлғалық  дамуын  қарастыра  отырып,  кәсіби  білім  берудің 
мәнін  түсінуде  жалпы  білімнің  жаңа  түсінігіне  сәйкес  жаңа  кӛзқарастардың  болуы 
шарт. Мәселен, егер ол жақында ғана жүйеленген білім мен біліктілік және дағдыларды 
қалыптастыру  мақсатында  болашақ  маманның  тәжірибесі  жинақталса,  бүгінгі  таңда 
кәсіби  білім  беру  үдерісінің  нәтижесі  маманның  тұлғалық  дамуы  және  кәсіби 
қалыптасуы деп түсіндіріледі. 
Осыған орай біз зерттеп отырған мәселемізге сәйкес А.М.Новиковтың [3] кәсіби 
білімнің жалпы мақсатын үш топқа бӛліп қарастыруын негізге аламыз. Бұл мақсаттар 
тӛмендегідей: 
 Адамды  оның    ынтасы  мен  қабілетіне  сәйкес  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  тарту 
үшін кәсіби іс-әрекетті меңгеруіне, мамандық алуына және жаңа мамандықты игеруіне  
жағдай жасау. 
Бұл орайда кәсіби білім беру үдерісінің маңыздылығы әр маман үшін: 
тұлғаның  кәсіптік  еңбекте  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуі,  ӛзін-ӛзі  танытуы,  ӛз  ойын  жүзеге 
асыруы болып табылады; 
еңбек  нарығында  адамның  нарықтық  экономика  жағдайына  бейімделуі  оның  , 
әлеуметтік қорғанысы, тұрақтылыққа қол жеткізуі болып табылады. 

105 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Қазiргi  қоғам  ӛмiрiндегi  бүгiнгi  ӛзгерiстерге  технологиялық  детерминизм  деп 
атауға  болады.  Технологиялық  детерминизм  бұл  –  қоғамдық  дамудағы  техниканың 
анықтаушы  рӛлi  туралы  кӛзқарастардың,  түсініктердің  жиынтығы.  Шындығында  да, 
қазiргi ӛмiрде техника мен технологияның маңызы орасан зор. 
Техника мен технология бүгiнгi қоғамның жедел дамуының маңызды факторына 
айналды.  Техника  ықпалын  тигiзбеген  адам  ӛмiрiнiң  бiрде-бiр  саласы  қалмады. 
Техниканың  еңбек  ӛнiмдiлiгi  жедел  қарқындап  ӛседi.  Оның  мазмұны  ӛзгередi. 
Қоғамның  әлеуметтiк  құрылымы  ӛзгередi.  Оның  үстiне  адам  да  ӛзгередi.  Қазiргi 
техника тiптi  адамның тереңдегі  тылсым  әлеміне де ықпалын тигiзедi. Егер ертеректе 
адамның  табиғаттағы,  әлеуметтiк  саладағы  ӛзгерістерге  бейiмделуi  үшiн  жеткiлiктi 
дәрежеде  уақыты  болған  болса,  ал  қазiр  табиғат  пен  қоғамдағы  техника  мен 
технологияның  ықпалымен  болатын  ӛзгерiстердiң  жылдамдығы  сонша,  қазiргi  адам 
ӛмiр  ӛзгерістеріне  бейiмделiп  те  үлгiре  алмайды  және  оның  алдында  қашан  да 
таусылмайтын  жаңа  мәселелер  үнемi  туындап  отырады.  Техника  адамның  барлық 
күнделiктi ӛмiрiн ӛзгертіп отырады.  
Технологияландыру проблемасы, біріншіден, ғылыми бағытта, екіншіден, ақпарат 
түрлерімен жұмыс істеудің нақты құралдары арқылы ӛз шешімін табады.Сонымен бірге 
белгілі  ақпаратты жинақтау, зерттелетін объектіні  танып-білуге кӛмектесетін білімдер 
жиынтығы ретінде қабылданады. 
Замануи білім беру технологиялары арнайы бағдарламалар мен құралдарды (кино, 
аудио – бейне, телекомуникациялық құралдар) пайдалануды кӛздейді. 
Болашақ мұғалім мамандарын даярлауда ақпараттық білім беру технологияларын 
оқу үдерісіне жүйелі түрде кеңінен енгізу қажет. 
Біріншіден, білім беру үдерісінде автоматтандырылған оқыту жүйесін кәсіби және 
жалпы білім беру пәндер мазмұнына енгізу кӛзделеді.  
Автоматтандырылған  оқыту  жүйесі  оқу-әдістемелік  кешендердің  (практикалық, 
теориялық,  демонстрациялық  бақылау)  құрамды  бӛлігіне  айналды.  Әсіресе, 
информатика  пәнінің  мүмкіндігі  ақпараттық  технологиялар  негізінен  басқа  да  оқу 
пәндерін  меңгеруде  ӛз  нәтижесін  бере  алады.  Лекция  және  практикалық    сабақтар  
құрылымында электрондық жүйеде тӛмендегідей оқу-әдістемелік кешенді пайдалануға 
болады: 

иллюстрациялы түрде слайд арқылы презентация жүргізу; 

электрондық сӛздік-анықтамалар  мен оқулықтарды тиімді пайдалану; 

практикалық  сабақтардың  кейбір  элементтерін  компьютерлік  бағдарламалар 
арқылы беру; 

дӛңгелек үстел, тренинг жүргізу жоспарын құру; 

тест тапсырмаларын электронды жүйеде даярлау. 
Автоматтандырылған  оқыту  жүйесі  компьютерлік  бағдарламалар  кешенін  тиімді 
пайдалануда мынадай мүмкіндіктер береді: 

оқытушының  түрлі  ақпаратты  (теориялық  және  демонстрациялық  материал, 
практикалық 
тапсырмалар, 
тест 
сұрақтарын 
бақылау) 
жүйелеу 
негізінде 
шығармашылық сабақтар жүргізу сценариін құрастыруы;  

студенттің құрастырылған сценарий бойынша оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс 
жасауға бағдар алуы; 

оқу  материалын  меңгеру  үдерісінің  автоматтандырылған  түрде  бақылауға 
алынуы; қорытындылануы. 
Мысал  ретінде  педагог-психолог  мамандары  кәсіби  пәндер  негізінде  белгілі 
тақырыптағы  әлем  кинофильмдеріне  шолу  жасап,  оған  талдау  жүргізеді.  Осы  орайда 
олардың  бірнеше  кинофильмдерден  алынған  үзінділерді  алдын-ала  даярлап, 
практикалық, теориялық сабақ уақытын үнемдеуге толық мүмкіндігі бар. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
106 
 
 
Оқыту  саласында  Windows  операциялық  жүйесінің  жаңа  интерактивтік 
бағдарламаларын ұсынуға болады.  
Ӛнертану  мамандарына  кәсіби  және  жалпы  білім  беру  пәндері  аясында  оқу 
материалдарын  берген  кезде  сурет,  диаграмма,  фотосуреттер  пайдалану  арқылы 
студенттің ойлау қабілетін дамыту, берілген тақырыпты түсінуге септігін тигізеді.  
Соңғы  онжылдықта  инновациялық  технология  мүмкіндіктері  білім  беру 
үдерісінде техникалық жаңалықтарды игеруге жол ашты. Компакт – диск – СD – ROM 
ақпаратты  жинақтауға,  оқу  материалы  бойынша  қосымша  дайындық  жұмыстарын 
жүргізуге бағдар алды.  
Заманауи  білім  беру  технологиялары  оқу  үдерісінде  мәтінді,  бейнежазба, 
мультипликация,  қойылым  үлгілері  мен    «Қазақфильм»  туындыларын  экран  арқылы 
кӛруге мүмкіндік береді. 
Айталық,  география  мамандары    ғасырлар  бойы  сақталып  келе  жатқан  әсем 
ғимараттар,  күмбезді  сарайлар  мен  тас  мүсіндер  туралы  құнды  деректермен  танысып,  
зерттелген  еңбектерге сраптама жасайды. 
Айталық,  тіл  мамандарын  даярлауда    «Қазақ  және  әлем  әдебиеті»  пән 
бағдарламасы  бойынша  «Орхон  Енисей  ескерткіштері»  атты  тақырыбындағы  лекция 
сабағы  кӛне  ескерткіштерді,  түрік  жазбаларының  әдеби  кӛріністерін  зерделейді.  Бұл 
арада  оқытушы  мультимедиялық  технологияны  тиімді  қолдана  отырып,  студенттерге 
экран арқылы ұсынылған бейнежазба үзінділері арқылы тақырыпты жан-жақты, терең, 
кӛңілге қонымды етіп түсіндіре алады (Қосымша А «Орхон Енисей ескерткіштері»).  
Бұл қосымша арқылы студенттер түркітануда бүгінгі Монголия жеріндегі Орхон 
Енисей  ескерткіштері  туралы  кӛптеген  мәліметтер  алады.  Бейнежазба  арқылы  Орхон 
алқабы  сан  мыңдаған  тарихи  ескерткіштерге  аса  бай  ӛлке  екендігіне  кӛз 
жеткізеді.Сонымен  қатар,  Орхон  ескерткіштерінің  Алтай,  Қаңлай,  Соян,  Кеңтай  тау 
жоталары,  Гоби  шӛл  даласы  және    осы  таулы,  жоталы,  далалы  алқаптағы  Керумен, 
Хобда  ӛзендерінің  бойында  Қырғыз,  Қарасу,  Қобсы  кӛлдерінің  жағауларына  дейінгі 
ӛңірде  сақталғанын  тамашалайды.  Орхон  ескерткіштері  кӛшпелі  этносаяси 
бірлестіктерінің  Қаған,  Яңлу,  Чур,  Тархан  және  т.б.  түрік  бекзаттарына  арналып 
жасалғанын  біледі.  Бұл  арада  қарапайым  халықтардың  тұрмыс-тіршілігіне  арналған 
ескерткіштер  де  аталған.  Олар  алғаш  табылған  жер,  су  атауларымен  аталып,  ғылыми 
айналымға  енген  екен.  Сӛйтіп,  әрі  қарай  студенттер  келтірілген  деректермен, 
мысалдармен танысады. Айта кететін жай, студенттер бейнежазба кӛріністерінен әрбір 
ескерткіштер  кешені,  тас  үйіндісі,  тастарда  қашалған  таңбалар,  мәтіндер  мазмұны 
туралы толығырақ мәлімет алады. 
Айталық,  Күлтегін  ескерткіш  кешені  жалпы  Күлтегін  ӛмірбаянына  құрылған  68 
жол мәтіннен тұрады. Ал енді Білге қаған ескерткіш кешені қамал туралы да қызықты 
деректер  келтірілген.  Білге  қаған  құрылысының  ішкі  қабырғаларында  суреттер 
салынған. Деректерге қарағанда, бұл суреттердің ӛзіндік мәні бар кӛрінеді. Осы қамал 
құрылысының  сыртқы  кенересі  бойымен  100-ге  55  метр  су  ағарлар  салынған. 
Ескерткіш  кӛгілдір  мәрмәр  тастан  жасалынған.  Білге  қаған  ескерткіші  тасбақа  үстіне 
орнатылған.  Оның  тӛбесінде  үш  қос  айдаһар  бейнелеген.  Бір  жақ  қапталындағы 
үшбұрышты  шаршысында  қаған  таңбаларын  білдіретін  марал,  елік,  киік  бейнелері 
ӛрнектелген. 
Сонымен қатар, студенттер Шивээт, Хүйіс Толгой, Ел етміш, Тұнық-ұқ, Күлі-чұр, 
Алтын  Тамған,  Тархан,  Чойр  ескерткіштері  туралы  алған  мәліметтерін  ой  елегінен 
ӛткізіп, олардың тарихи маңызына ой жібереді. 
Гипертекстік  оқыту  жүйесінде  арнайы  даярланған  мәтін  немесе  графикалық 
кӛрініс арқылы студенттер белгілі маршрут бойынша қосымша мәлімет алады.  
Гипертекстік  оқыту  жүйесінде  болашақ  маман  мәлімет  алуымен  қатар,  алдағы 
уақытта атқарар жұмыстарын жобалауға мүмкіндік алады. 

107 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
Электрондық 
басылымдардағы 
түрлі 
ақпарат 
технологияларының 
(автоматтандыру,  мультимедия,  гипертекст)  дәстүрлі  сабақ  әдістерінен  гӛрі 
дидактикалық мүмкіндіктері мол екендігі кӛрінеді: 
-
 
автоматтандырылған оқыту жүйесі оқу-әдістемелік кешендер құралдарын жүйеге 
келтіреді; 
-
 
мультимедия  технологиясын  қолданған  кезде  студенттердің  пәнге  деген 
қызығушылығы арта түседі; 
-
 
студенттер белгілі тақырыптар тӛңірегінде қосымша мәліметтер жинақтайды; 
-
 
оқу  материалын  меңгеруде  гипертекст  оқыту  жүйесі  жаңашылдығымен 
ерекшеленеді. 
-
 
Болашақ  мұғалім    мамандарын  даярлауда  оқу  үдерісін  технологияландыру 
проблемасын  шешуде  телеконференция,  телемарафон,  телефестиваль  ӛткізу 
тәсілдерінің орны ерекше. 
Ал  интернет  технологиясы  болашақ  ӛнертану  мамандарының  кәсіби  біліктілігін 
арттыруда ӛнердің барлық салаларымен байланыс жасауға мүмкіндік береді: 
-
 
педагогика ғылым саласынан түрлі бағытта мәлімет жинақтау, іріктеу, талдау; 
-
 
ғылыми, ғылыми-шығармашылық орталықтарымен байланыс жасау; 
-
 
мәдени орындармен, мұражай, кӛрмелер салондарымен байланыс жүргізу; 
-
 
орталық кітапхана, ТМД елдерінің ӛнертану салаларымен байланыс; 
-
 
ірі кітап дүкендерімен байланыс; 
-
 
ұйымдастырылған телеконференция, телемарафон, фестиваль студенттердің ӛнер 
саласындағы сұраныстарына жауап бере алады. 
Әрине, бұл арада материалдық қамтамасыз ету жағдайын ойластыру қажет. 
Дистанциялық оқыту жүйесі оқу мазмұны құрылымымен тікелей байланысты. 
Мұнда ара қашықтықта лекция мазмұнын, семинар сұрақтарын, студенттердің ӛз 
бетінше  орындалатын  тапсырмалар  кешенін  беруге  болады.  Сондай-ақ,  әдістемелік 
орталықтар, оқу студияларын, арнайы курс бағдарламаларын ұйымдастыруға болады.  
Заманауи  білім  беру  технологиясы  кӛпқызметті,  ол  –  маманның  кәсіби  тұрғыда 
тиімді іс-әрекет таңдауына, білім беру жүйесін жетілдіруге септігін тігізеді. 
Сондықтан  да,  жоғары  оқу  орындарында  әр  маманның  қабілетіне  қарай  кәсіби 
білім  беру,  оны  шығармашылыққа,  ізденімпаздыққа  бейімдеп,  кәсіби  шеберлігін 
арттыруда  жаңаша  бетбұрыс  жасау  қажет.Технологияландыру  проблемасы  –  қазіргі 
жоғары  мектептегі  білім  беру  үдерісінің  негізгі  аспектілерінің  бірі.  Олай  болса, 
технологияландыру  проблемасын  кәсіби  білім  беру  үдерісінде  жаңалықтар  ойлап 
табуға, оларды іс  жүзінде тиімді пайдалануға бағыттау керек. 
Әлемдегі жоғары кәсіби білім алуға қатысты жай-күйі біздің елімізге де ӛз әсерін 
тигізетіні  сӛзсіз.  Бүгінгі  таңда  республикамызда  жоғары  білім  берудің  стратегиясы 
жасалды.  Қазақстан  Республикасында  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясында  адам, 
қоғам,  табиғат  қатынасын  үйлестіруге  бағытталған  жүйелі  ойлау,  дүниетаным 
мәдениетін  қалыптастыру,  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін,  шығармашылық  іс-
әрекетін  меңгеруді  бағалау,  білім  берудің  инновациялық  тенденцияларын  белгілеу  
туралы айтылған. Республикамызда жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары 
мыналар деп атап кӛрсетіледі: 
болашақ маманның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту; 
қоғамымыздың  әлеуметтік,  қоғамдық-саяси  ӛмірінде  мәдениеттің  үстемдік 
құруын қамтамасыз ету; 
қоғамның  рухани  сауаттылығына  қолдау  кӛрсетудің  маңызды  тетігі  ретінде 
эстетикалық тәрбие беру жолдарын жақсарту; 
ұлттық мәдениетті зерттеу және насихаттау, оны дамытуды ынталандыру.  
Бүгінгі таңда әрбір студентті болашақ маман иесі етіп даярлап шығу ісінде, жеке 
тұлға етіп қалыптастыруда  педагогтар қауымы ӛз педагогикалық шеберліктерін қайта 
жетілдіріп,  шығармашылық  тұрғыда  ізденуі  керек.  Сондықтан  да,  отандық  заманауи 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
108 
 
 
білім  беру  саласында  білім  беру  мазмұнын  жаңарту,  инновациялық  технологиялар 
негізінде  кәсіби  маман  даярлаудың  сапасын  арттыру  негізгі  бағыт  болып  есептеледі. 
Білім  берудің  жаңа  технологиялары  студенттерден  ізгілік,  демократияландыру, 
интеграциялау  принциптерін  мақсатты  түрде  жүзеге  асыруды  талап  етеді.  Ӛйткені, 
қоғамның  болмысына  ӛз  әсерін  тигізетін  ӛнер  адамзаттың  эстетикалық,  адамгершілік 
тәрбиесін,  рухани  байлығын,  оның  әлемдік  деңгейде  шығармашылық,  технологиялық, 
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда маңызды орын алады[4]. 
Сабақтың  мақсатына  орай  оқу  материалын  меңгерту,  берілетін  тақырыптың 
мазмұнына бойлау, оқу үдерісін ұйымдастыру, білім беру тәсілдері, кӛрнекі құралдары, 
сабақтың  нәтижелі  болуын  қамтамасыз  ету,  оны  бағалай  білу,  осы  айтылған 
ӛлшемдерді  кешенді  түрде  қолдану  –  оқу  үдерісінің  құндылығын  анықтайтын 
технологияландыру  проблемалары болып табылады
 Сондықтан  да,  болашақ  ӛнертану  мамандарын  даярлаудағы  оқу  үдерісінде 
кӛрнекіліктерді,  мәліметтерді  ӛңдеу  –  техникалық  құралдарды  тиімді  пайдалану 
негізінде технологияландыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.   
Білім  беру  жүйесінде  кәсіби  шеберлікке  баулу,  нәтижесінде  студенттердің 
шығармашылықпен  ойлау,  мәселе  қоя  білу,  шешім  қабылдай  білу,  ұжымдық  ойлау 
қабілеттері  дамиды. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.Назарова  И.С.  Формирование  основ  опыта  профессионально-педагогического 
саморегулирования у будущих учителей музыки: автореф. ... канд.пед.наук.:13.00.08. – 
Кострома, 2000. – 24 с.  
2.Щадриков  В.Д.  Психология  деятельности  и  способности  личности:  учебное 
пособие. – М., 1996. – Вып. 2. – 320 с. 
3.Новиков  А.М.  Профессиональное  образование  на  смене  эпох  //  Специалист.  – 
М., 1997. – № 6. – С. 2-4. 
4.Мұратбаева  Г.А.  Болашақ  ӛнертану  мамандарын  даярлаудағы  оқу  үдерісін 
технологияландыру: оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: Жания-Полиграф, 2003. – 25 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассмотрены  вопросы  технологизации  учебного  процесса  в 
подготовке будущих учителей различного профиля. 
 
SUMMARY 
This article describes how technologization of the educational process in the preparation 
of future teachers of different profile. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет