К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе


АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚШАДАН



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚШАДАН 
 
Кайбульдаева Г. – п.ғ.к., доцент 
 
Адам  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  сіңісуі  тәрбиеге,  ӛскен  ортаға 
байланысты деп түсінген халық: «Қарағайға қарап тал ӛсер, қатарына қарап бала ӛсер», 
«Тәрбиесін  тапса,  адам  болар,  оқуын  тапса,  білім  қонар»  деп  тәлім-тәрбие,  оқу-білім 
мәселелеріне үлкен мән берген. Бүгінгі  жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы оның  
туған ұясына, оқыған-ӛскен ортасына, кӛрген тәрбиесіне тікелей байланысты. 
Президенттің  балабақша    жайын  тілге  тиек  етуі,  мектепке  дейінгі    тәрбие 
саласындағы  күні  бүгінге    дейінгі  қордаланып    қалған    біраз    ӛзекті  мәселенің    оң 
шешімін  табуына  жол  ашты.«Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  -  деп  ұлы  жазушымыз 
М.Әуезов  айтқандай,  тәрбие  тал    бесіктен  басталуы  тиіс.  Тек  отбасында  ғана    емес, 
балабақшада  тіл  үйреніп,  халқымыздың  салт  –  дәстүрін  бойына    сіңіріп,  құнарлы  бай 
әдебиетімізден нәр алып ӛскен  баланың болашағы қашанда  жарқын  болары сӛзсіз. 
Түбегейлі  ӛзгерістерге  бет    бұрған  жаңа  қоғамда  тек  білімді    болу    жеткіліксіз, 
сондықтан  әрбір    жеке  тұлғаның    бойында  адамгершілік,  ізгілік,  кішіпецілдік, 
қайрымдылық,  батырлық,  отансүйгіштік,  т.б.    қасиеттер    болуы  керек.  Ол    үшін    жас 
ұрпаққа  тәрбие  беруде ар – ұят, адалдық, руханият, адамгершілік, ізгілік мәселелерін  
қатар  қою  қажет. 
Қазіргі таңда «Халықтық тәрбие тағылымын игерген, рухани  бай, ӛресі  жоғары,  
білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға  қалыптастыру» деген мәселемен  жұмыс істеліп 
жатыр. Педұжым  білім берумен қатар   тәрбиеге ерекше  кӛңіл бӛледі.  Жас ұрпақты  
тәрбиелеуде  халқымыздың  сан  ғасырлық    тәжірибесі    бар,  сол  мол    тәжірибені 
пайдалануға  тырысып, ең бірінші  жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты, халқына 
пайдасын  тигізетін  адам  тәрбиелеудімақсат  етіп    жүрміз.  Себебі,  ұлы  бабамыз  Әл  – 
Фараби:  «Тәрбиесіз  қолға    білім  салма»  деген  екен.  Ал  ғұлама  ғалым  Ахмет 
Байтұрсынов:  «Біз  әрқашанда  білімге  ұмтыламыз.  Негізінде  ең  бірінші    тәлімге 
ұмтылуымыз керек.  Бізге тәлімді  рух, тәрбиелі   білім қажет. Тәрбиелі  білімдар......... 
міне адам! Міне тұлға»деп білімнен бұрын тәрбиеге кӛңіл аудару керектігін, тәрбиесіз 
адамға  берілген  білімнен  ешқандай  пайда  жоқтығын  баса  кӛрсеткен.  Біз  осы    бір 
қағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен таза жанды, иманды, 
арлы,  намысты,  ұлтымен  ұлттық  құндылықтарды  сүйетін    тұлға  тәрбиелеуге 
ұмтылуымыз керек. 
Қазақ халқының рухани зор байлықтың мүрагері екенін бәріміз білсек керек. Ұлы 
бабамыз  Әл  –  Фарабиден  бастап  ӛшпес  мұра  қалдырған  ойшылдарымыз  Қашқари, 
Ясауи,  Хорезми,  Дулати,  т.б  еңбектері-қазіргі  ұрпақ  тәрбиесі  үшін  теңдесі  жоқ 
қазыналар.  Ал  Асан  Қайғы,  Ақтамберді,  Майлықожа  сияқты  ақын  –  жыраулардың 
толғаулары мен  дана ӛсиеттерінің қазіргі жастар тәрбиесі мен біліміне  берер пайдасы, 
қосар үлесі  қаншама! Ал Абай мұрасының, оның педагогикалық кӛзқарастарының алар 
орны тіпті ерекше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбырайлармен қатар ХХғ. Басында  
тәлімдік  ой  –  пікірлерімен    барша  қазақ    даласын  дүр  сілкіндірген  Шәкәрім,  Ахмет, 
Мағжан,  Жүсіпбек,  Міржақыптардың  педагогикалық,  психологиялық  тұжырымдары 
қазіргі  заман    талабымен    үйлесіп  жатыр.    Біз  тәрбие    жұмысы    барысында  ауызекі 
сӛйлеу тілімізде  де әдеби тілімізде  де «рухани - адамгершілік», «рухани бай», «рухани  
байлық»,  «рухани  дүниесі»,  т.б,  сӛздер  мен    сӛз  тіркестерін  жиі  пайдаланамыз.  Бірақ 
кӛпшілігіміз  сол  «рух»  деген  сӛздің    түпкі  мағынасына  мән    бермейтін  сияқтымыз. 
Сонда    рух  деген  не?  «Хижра»  сүресінің  29-  аятында  ұлық  Алла  «Мен  сол  адамның  
денесіне  ӛзімнің    рух  деген  нығметімді  үрледім»  дейді.  Рух  –  таза    және  пәк  әлемнің 
тамшысы.    Оны  Ананың  құрсағында  жатқан  сәбидің    денесіне  әкеп  салады.  Денесіне 
рух салған сәби ана  құрсағында сол сәттен бастап қимылдай  бастайды. Ендеше адам 
боп  жаратылған  әр  пенде  рух  әуелден    болады.  ол  адамның    жүрегін  мекендейді.  Әр 

37 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
адамда екі  қуат  бар: бірінші – тән, екінші – рух. Біз кӛбінде тәніміздің  қажеттіліктерін 
ӛтейміз  де,  рухтың    қажеттілігіне  назар    аудармаймыз,  оны    ӛсіру,  дамыту  керектігін  
тіпті білмейміз де. 
Рухани  –  адамгершілік  тәрбиеіснде  алдымен    баланы  тек    жақсылыққа- 
қайрымдылыққа, мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат  тұтса, ұстаздың, ата – 
ананың  да болашағы  зор болмақ. «Мен  үш  қасиетімді  мақтан тұтам» депті Ақан сері. 
Олар : жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. 
Бұл үш қасиет әркімнің ӛз құдайы. «Ӛз құдайынан айрылған адам бос кеуде, ӛлгенмен  
тең» деген екен. Шындығында  бұл ақиқат. Олай болса,  жеке тұлғаны қалыптастыруда, 
олардың    жан    дүниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс  -  әрекетіне  мақсат  қоюға, 
жоспарлауға,  оны  орындауға,ӛзіне  -  ӛзі  талап  қоя  білуге  тәрбиелеу  -    адамгершілік  
тәрбиенің  басты  мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін. 
Ондай  қасиеттерді  бала  бойына  жаскезінен  бастап  қалыптастыру    жеке  тұлғаны  
қалыптастырудың негізін қалайды. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  рухани  –  адамгершілік  тәрбие  беру  -  қазіргі 
заманның ең маңызды міндеттерінің  бірі.  Бұл заңды  да, ӛйткені, біздің қоғам ӛмірінде 
адагершілік  бастамаларының  рӛлі  барған  сайын  артып,  моралдық  фактордың  ықпал 
аясы  кеңейіп  келеді.  Осы  бағытта  балабақша  аясында  тәрбиелік  іс  –  шаралар 
ұйымдастырылып тұрады. 
Рухани – адамгершілік  тәрбие  беруде  алдымызға мына мақсаттарды қоюымыз 
керек: 
Халықтың ғасырлар бойы  жинақталып, іріктеп алған озық  
тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған 
ортадағы қарым- қатынасын,  дүниетанымын, ӛмірге  кӛзқарасын және  оған сай мінез - 
құлқынқалыптастыру. 
Жас ұрпаққа халқымыздың асыл  дәстүрімен салтынан  мағлұмат 
бере  отырып,  денісау,  ұлттық  сана-  сезімі  оянған,  рухани  ойлау    дәрежесі  биік, 
мәдениетті,  парасатты,  ар  –  ожданы  мол,  еңбекқор,  бойында  басқа  игі    қасиеттер 
қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Ұлттық мәдени байлығымызды танып – білуге  тәрбиелеу. ӛз 
Отанының және халқының мәдени мұраларын  игерту. 
Рухани – адагершілік  тәрбие - ӛзін - ӛзі  дұрыс  ұстау дағдыларының, ұйымдағы 
қарым  –  қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке  адамның 
адагершілік  санасының    дәрежесі  оның  міне  –  құлқы  мен  іс  -  әрекетін  анықтайды. 
Сананың  қалыптасуы  бала  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы 
ұғымдарының  қалыптасуынан,  жақын  адамдардың  ӛзара  қатынасынан  басталады. 
Баланы  жақсы  адагершілік  қасиеттерге,  мәдениетке  тәрбиелеуде  тәрбиелі  адаммен  
жолдас  болудың  әсері  күшті  екенін  халқымыз  ежелден  бағалай  білген.  «Жақсы  мен 
жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман 
дос  жолдасын  жолға  қалдырар»  деген  мақалдардан  кӛруге  болады.  мақал  –  мәтелдер, 
жұмбақ, айтыс, ӛлеңдер адагершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді свйлау адамгершіліктің  
бір негізі.  Адами  құндылықтар бала бойына іс  -  әрекет барысында,  әртүрлі ойындар, 
хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.  
Адамгершілік  –  бұл  сӛздің  қорымыздағы  рӛлі  ерекше,  мәні  мәңгілік 
айқын,салмағы  пара-парсыз  парасатты  сӛз.  Сӛз  ғана  емес,  адамның  ең  асыл    қасиетін 
анықтайтын  бірден  –  бір    аяулы  ұғым.  Ұғым  ғана  емес  тіршіліктің  мәнін,    дүниенің  
тәнін  тӛрт  тағандап  ұстап  тұрған    ұлы  принцип.  Адамгершілікке  негізделген    жерде 
ғана  не    нәрсеге    де  құдірет    тұтатындығы  мәлім.  Осы  ұлы  күш-  адамгершілік 
қасиетжеке адамның ғана  басындағы емес, жалпы қоғамның да  қордалы байлығы. Ал, 
оның  белгілі  бір  адамдар  бойындағы  аздығынан  айналасындағы  адамдарға  ғана 
емес,қоғамға да тиетін кесірі кӛл – кӛсір. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
38 
 
 
Демек,  адамгершілік    тәрбиесі  дегеніміз  –  тәлім  тәрбиенің  ықпалды  әсерімен, 
адамгершілік  сананы  қалыптастырудың,  этикалық  білімділік,  адамгершілік  сезімді 
дамытудың  сара  жолы.  Абай  ақыл,адамгершілік,  жоғары  саналылық  еңбектің  еңбек 
тәрбиесіне  негізделуін  ӛзінің  ӛлең    -  жырларының  ғақлималарының  арқауы  етті. 
Мвсалы, «Ақыл  бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке  жан – жақты болып  жетлуі 
тіреледі еңбекке» - деп  жырлауы соның айғағы. 
Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, ӛмірдегі келеңсіз құбылыстарды анықтап, 
айғақтап  беруарқылы  жамандықтан  сақтандырудағы  әрі  онымен    күресуге  үндеудегі 
педагогиканы  және  әдебиеттің,  ондағы  тәрбиелі  образдың  рӛлі  айрықша.  Бұл    жалпы 
әдебиет  атаулының  адам    тәрбиесіндегі    және  адамгершілік  рухани    байлықты 
молайтудағы  ең  негізгі  эстетикалық,  этикалық  міндеттерімен  тікелей  байланысты. 
Демек,  қоғамдағы  орны  бӛлек  орта,  дүние  –  адамгершілік  рухани    ұлы  күш    тәрбие  
болып келген. 
Адам  бойындағы  адамгершілік  байлықтың  –  шын  мәніндегі  ең  үлкен    қоғамдық  
рухани    байлықтың  азая  бастауын  ешбір    табиғи  қазына    байлықтың  молдығына 
алмастыруға  болмайды.  Бұл  жердің  үлкендігі  халықтың  рухани  мәдениеттің 
үлкендігіне  кепіл  бола  алмайтындығына  немесе  халықтың  ұлылығы  сананың  аз  – 
кӛптігімен ӛлшенбейтіндігіне ұқсас нәрсе. 
Адамгершілік  –  адамның  рухани  байлығы,  болашақ    ұрпақты  ізгілік    бесігіне 
бӛлейтін руханият  дәуіріне  жаңа  қадам. Адамгершілік тәрбиенің  нәтижесі адамдық 
тәрбие    болып  табылады.  Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттері  мен  сапалары, 
қарым  –  қатынастарында  қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты 
белгіліерінің    бірі    болғандықтан,адамдардың  мінез  –  құлқы,  іс  -  әрекеті,  қарым  – 
қатынасы, кӛзқарасымен сипатталады. Олар:  адамды құрметтеу, оған  сену, әдептілік, 
кішіпейілділік, 
қайырымдылық, 
жанашырлық, 
ізеттілік, 
инабаттылық, 
қарапайымдылық,  т.б.  Адамгершілік  -  ең  жоғары  құндылық    деп    қарайтын  жеке 
адамның  қасиеті,  адамгершілік    және  психологиялық  қасиеттерінің  жиынтығы. 
Адамгершілік  тақырыбы  мәңгілік  ол  ешқашан  ескірмек  емес.  Жас  ұрпақтың  бойына 
адамгершілік    қасиеттерді  сңіру  –  ата  –  ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті. 
Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл    қасиеттер.  Оның    қайнар    бұлағы  –  халқында, 
отбасында,  олардың  ӛнерінде,  әдет  –  ғұрпында.  әр  адам    адамгершілікті  күнделікті 
тұрмыс- тіршілігінен, айналадағы табиғаттан бойына  сіңіреді 
Кӛрнекті педагог В. Сухомлинский: «Егер балаға  қуаныш пен бақыт бере білсек, 
ол бала   солай   бола  алады»  дейді. Демек,   шәкіртке  жан  – жақты терең білім беріп, 
оның    жүрегіне    адамгершіліктің  асыл    қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі 
азамат,  жеке  тұлғаның  ӛзіндік  кӛзқарасының  қалыптасуына,  айналысымен  санасуына 
ықпал  етері сӛзсіз.    
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 
1. Жұмаханов Ә. Жас жеткіншектерді комплексті тәрбиелеу. Алматы, 1981. 
2.  Қазақстан  Республикасының  этникалық  мәдени  білім  беру  тұжырымдамасы. 
Алматы, 2003. 
3. Тәрбие құралы // Даярлық тобында ауыз әдебиетін үйрету» №6, 2008ж.  
4. Бала тәрбиесі // Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері 2001. № 6. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье раскрываются содержание нравственного воспитания в детском саду
 
SUMMARY 
The article reveals the contents of moral education in kindergarten. 

39 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ІС - ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ 
 
Карсыбаева Р.К. -  п.ғ.к.,  аға оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің 
басты міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде  жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға 
бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті  жағдайлар жасау:  оқыту  технологияларын 
енгізу, білім беруді ақпараттандыру,  халықаралық, ғаламдық коммуникация желілерге 
шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі  тереңдету міндеттерін кӛздейді. 
 
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымдарының,  әр  мұғалімнің  күнделікті 
ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық 
іс - әрекетке, жаңа қарым-қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды. Оқушылардың ой-ӛрісін, 
ұлттық  мәдениетін,  ұлттық  рух  пен  саналы  сезімін  дамытып,  алғыр  тұлғаны 
қалыптастыруда педагогикалық технологияның бірнеше бағыттары саралануда. Қазіргі 
заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер  негізінде 
жасалған дамытушы, тұлғалық-бағдарлы және мақсатты нәтижеге бағытталады. 
Қазақстанды жан-жақты  модернизациялаудың  он жетінші бағытында: бастауыш 
және орта білім  жүйесін  жақындату,  сонымен қатар  мамандарды  әлемдік стандарт 
деңгейіне    сай  қайта  даярлау  туралы    мәселе  кӛтере  отырып,    шет  тілін  барынша  
жоғары  деңгейде    пәрменді  оқыту,  осы  тұрғыда    ақпараттық  технологияны  қолдану  
мүмкіндіктерін басым түрде   пайдалану туралы айтты. Әлемдегі бәсекеге қабілетті  елу 
елдің  қатарына кіру талабы ағарту саласына  да ерекше мақсаттар  жүктейді. 
Осы  мақсатқа  жету  барысында  білім  беру    жүйесінде  педагогикалық  
технологияларды    жан-жақты  саралап,  тиімді  қолдану  қажеттігі  туындап  отыр.  Білім 
беру  жүйесіндегі    педагогикалық  технологиялар  –  бұл  оқыту  үдерісінің  тиімділігін 
арттыруға  әсерін  тигізетін, оқу пәні мазмұнын  терең ұғынуға ықпал ететін құралдар 
мен әдістердің  жиынтығы, оқыту технологиясы – оқу үдерісін барынша оңай басқаруға 
жол ашады.   
Іс - әрекет жеке тұлғалық, әлеуметтік – топтық және жалпы адами құндылықтарға 
бейімделу  адамның  мақсаттарына  жетуіне  себепші  болады  және  мақсаттардың 
шындыққа  айналуы  іс  -  әрекетпен  тығыз  байланысты.  Еңбек  әрекеті  –  жеке  тұлғалық 
және  қоғамдық  сананың  дамуының  алғышарты,  адамның  шығармашылық  әрекетінің 
негізі.    Ғылыми  гносеологияда    қарама-қайшы  да  үйлесімді  бірлестікте  рухани  және 
еңбек әрекеті ӛзара байланысады. 
Әрекет принципі таным теориясына тәжірибені енгізудің себебі ретінде екінші ең 
маңызды  принцип  болды;  ол  қазіргі  гносеологияны  метафизикалық  материализмнен 
бӛледі.  Онда  рухани  және  материалдық  қайта  құрудың  субъектісі  –  адамның 
шығармашылық белсенді табиғаты кӛрініс табады. 
Тәжірибе  –  адамның  саналы,  мақсатты,  нысаналы,  сезімдік  нақты  қызметі. 
Тәжірибелік  іс-әрекет  табиғи  ортаны  ӛзгертуге  бағытталады.  Ол  ең  алдымен  ӛзінен 
бұрынғы  процестердің  мәнін  ашып,  олардың    мұқтаждық  қажеттілігіне  орай  жаңа 
ортаны құрады. Жаңа ортаны құру арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізеді. 
Рухани қызмет – сол ӛмірдің бейнесін жасайтын, сол бейнені ӛзгертіп отыратын 
процесс. Бейнелеу – ойлау тәжірибелік қызметтің ӛзара іс-қимылынан күрделі  қарама-
қайшылықты шешетін адамның сыртқы дүниеге енжар бейімделмей, оған ықпал ететін, 
оны  ӛзгертетін  және  ӛзінің  мақсаттарына  бағындыратын  процесс.  Идеялық  тұрғыда 
ӛзгерту  ӛмірде  бұрын  болмаған  жаңа  нәрсені  бейнелік  түрде  жасау.  Адам  қиялы 
ӛмірінде  бұрын  болмаған,  бірақ  болуы  мүмкін  нәрселерді  талғампаздықпен 
құрастырып,  ӛңдеп,  түзеп  жатады,  әркім  даму  деңгейіне  қарай  ӛзінің  ӛзгеше  рухани 
әлемін  дамытады.  Тәжірибелік  іс-әрекет  пен  рухани  қызметтің  ӛзара  байланысының 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
40 
 
 
нәтижесінде  танымдық  іс-әрекет  шығармашылық  іс-әрекетке  ұласатын  процесс  деп 
санаймыз. 
Философиялық  сӛздікте:  Іс-әрекет  адамның  дүниемен  істестігі,  қарым-қатынас 
тәсілі  ―Заттық  іс-әрекет‖  деген  анықтама  берілген.  Іс-әрекет  барысындағы  адам 
табиғатты  шығармашылық  тұрғыда  ӛзгертеді,  сӛйтіп  ӛзін  іскер  субъект  ретінде 
қалыптастырады, ал ӛзі игерген табиғат құбылыстарын іс-әрекет объектісі етеді. 
Шығармашылық дегеніміз – адамның ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға ұмтылуы, 
ізденуі болып табылады. Ӛмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, ӛздігінен 
саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Шығармашылық іс-әрекет – 
оқушының  ӛзі  жеке  шығармашылық  қажеттігіне  және  шығармашылық  ӛнім,  нәтиже 
туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз. 
әл-Фарабидің  философиялық  мұрасынан  шоқтығы  биік  негізгі  үш  мәселені 
ерекше бӛліп кӛрсетуге болады. Олар: дүниенің мәңгілігін тану; детерменизм – зерттеу 
принципі,  яғни  себептілік  сыр-сипатын  ашу,  ғылым-білімнің  қайнар  кӛзі;  адам 
жанының  ӛшпейтіндігін  теріске  шығарған  ақыл  туралы  ілім.  Ғұлама  ғалым 
философияны  екі  түрге  бӛледі.  Оның  бірі  теориялық,  екіншісі  практикалық  немесе 
азаматтық  деп  аталады.  Теориялық  философияда  дүниеде  бар  заттарды,  адам  әрекеті 
арқылы  танып,  ол  туралы  ғылыми  негізде  түсінік    аламыз.  Екінші  түрі    адам  әрекеті 
арқылы  заттардын қасиетін танып, сол арқылы білім аламыз. 
Абай    ―Жас  бала  да  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады.  Біреуі  –  ішсем, 
жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй 
бола алмайды, hәм ӛзі ӛспейді, қуат таппайды. Біреу білсем екен демелік... Мұның бәрі 
жан  құмарлығы  –  білсем  екен,  кӛрсем  екен,  үйренсем  екен  деген....  Философияның 
басты  мәселесінің  бірі  осы  дүниетаным.  Абай  оны  ӛлеңдерінде  дүние  кӛркі  деп  те 
атайды. Дүниенің кӛркін сезіну, білу, тану адамның ӛзіне нұр, кӛрік беретін қуат. Абай 
айтқан  адамның  асыл  қасиеттерінің  бірі  –  нұрлы  ақыл  да  осыдан  шықпақ.  Ақылдың 
нұрлы  болуы  мақсатында  атқарылатын  іс  –  дүниені  танымақтық,  -  дейді.  Адам 
танымын Абай ӛте күрделі процесс деп қарайды.  
Бүгінгі  таңда,  қазіргі  қоғамдағы  білім  беру  процесінің  дамуы,  педагогикалық 
инновация    бойынша  жинақталған  тәжірибе,  авторлық  мектептер  мен  жаңашыл 
мұғалімдердің жүргізген психологиялық- педагогикалық зерттеу нәтижелеріне қарасақ 
ӛзгеріс жүйелілік пен жалпылауды қажет етеді. Осы мәселені шешу жолдарының  бірі 
жаңа  технологияны  білім  беруге  енгізу,  яғни  «технология»  ұғымын  педагогикалық 
процесте қолдану. 
Технология  ұғымына,  алдымен  қоршаған  орта  мен  материалдық  не  рухани  
құндылықтар,  қоршаған  ортаны  ӛзгерту  мақсатында  адам  баласы  қолданған  ғылыми 
дәйектілік, тәжірибиеде  негізделген жүйе ретіндегі ұғым есебінде  талдау жасауды жӛн 
кӛрдік.  
Білім  беру  жүйесіне  педагогикалық  технологияны  ендіру  оқу  процесінде  нақты 
жаңалықтар  енгізу  арқылы  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізудің  тиімділігін  арттыру 
ретінде    қарастырылады.  ЮНЕСКО-ның  1986  жылғы  ресми  құжаттарында  оқыту 
технологиясына  білім беру түрлерін айқындау міндетін жүзеге асыратын, техникалық 
және  адам  ресурстарын  ескере  отырып,  оқыту  және  білім  беру  процесін  анықтайтын, 
қолданылуы мен құрылымын  қарастыратын әдістер жүйесі ретінде  анықтама берілген. 
Оқыту технологиясына оқу ақпараттарын ұсыну, ӛзгерту, таныстыру және ӛңдеу 
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде, ал екінші жағдайда қажетті техникалық 
және  ақпараттық  құралдарды  пайдалана  отырып  оқыту  процесіндегі  оқытушының 
оқушыларға  ықпал  ету  әдістері,  –  деген  анықтама  беруге  болады.
 
Оқыту 
технологиясында  оның  мазмұны,  әдістері  және  құралдары  ӛзара  байланысты  әрі 
сабақтас болып келеді. 
Шетел  мамандары    оқыту  технологиясының  дамуын  бірнеше  кезеңдерге  бӛліп 
қарастырады. Алғашқы  кезеңде – оқу құралдарынсыз оқытушы оқыту процесін жүзеге 

41 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
асыруы  тиіс  болды,  екінші  кезеңде  оқыту  барысында  түрлі  дидактикалық 
материалдарды  пайдаланғанын,  үшінші  кезеңде  оқытуда  техникалық  құралдарды 
кеңінен қолдануға баса кӛңіл бӛлінгенін айтады.    Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, 
оқыту  технологиясын  тәжірибеге  енгізу  –  педагогикаға  жүйелі  ойлау  әдісін  енгізу 
болып  табылады.  Алайда,  білім  беру  және    педагогикалық  үдерістерді 
технологияландыруды әмбебап жүйе ретінде қарастыруға болмайды, ол тек педагогика, 
психология,  әлеуметтану,  әлеуметтік  педагогика,  саясаттану  тағы  басқада  ғылым  мен 
тәжірибе бағыттарын  толықтыру үшін ғана қажет деген тұжырым жасаған. 
Соңғы  кезеңдерде  оқыту  үдерісін  технологияландыру  мәселелері  педагогика 
ғылымы  мен  тәжірбиесінің  ең  басым  бағыттары    ретінде  саналып  отыр.  Оқыту  мен 
тәрбиелеу  саласында технологияны қолдану   кӛптеген  күрделі  мәселелердің  оңтайлы 
шешімдерін  табуға    мүмкіндік  береді.  Оқыту  технологияларын    қолданудың  ең 
маңызды тұсының бірі  білім беру сапасының тиімділігін арттыру. Оқыту технологиясы 
ӛзара  байланысты  екі  үдерісті  қарастырады:  бірі  –  оқушылардың  оқу  әрекетін 
ұйымдастыру,  екіншісі  –  осы  әрекетті  бақылау.  Бақылау  нәтижесі  бойынша    келесі 
басқару  бағытындағы  істердің  мазмұнын  айқындап  алуға  болады.  Оқыту 
технологиясын  дидактиканың  заңдары  мен    қағидаларын,  қажетті    техникалық  
құралдар  мен  оқыту  түрлерін  қолдана  отырып,  оқытудың  және  білім  берудің    тиімді 
әдістеріне айналдыру  міндетін кӛздейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Алматы: Юрист, 2007. –16б. 
2.  Құнанбаев А. Шығармаларының екі  томдық  толық  жинағы.  –  Алматы, 1995. – 
Т. 2. – 335 б. 
3.  Есім  Ғ.  Абай  туралы  философиялық  трактат.  –  Алматы:  Қазақ  университеті, 
2004. – 83б. 
4. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы: Ғылым, 1994. – 360б. 
5.  Нысанбаев  Ә.,  Әбжанов  Т.  Қысқаша  философия  тарихы.  –  Алматы,  1999.  – 
272б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  говорится  о  роли  педагогических  технологий  в  организации 
самостоятельной деятельности учащихся  
 
SUMMARY 
The  article  talks  about  the  role  of  educational  technologies  in  the  Organization  of 
independent work of students 
 
 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚ 
ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ 
 
Қоқумбаева Т.И.- п.ғ.к., доцент  (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Мектептегі  оқыту  процесінде  халық  педагогикасының  үлгілерін  орынды 
пайдаланудың маңызы зор. 
Халық  педагогикасының  негізгі  салалары:  ауыз  әдебиеті  және  ұлттық  салт-
дәстүрлер. 
Салт-дәстүрлер  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуымен  бірге  дамып  келе  жатқан 
тарихи  және  кӛне  процесс.  Ол  ұрпақ  тәрбиесінен,  мәдени  тұрмысы  мен  шаруашылық 
тіршілігінен кӛрініс беретін құбылыс. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
42 
 
 
Әдептілік негіздері – дәстүрлер мен әдеп – ғұрып, салттар.  
Дәстүр,  әдет-ғұрып  пен  салт-сана  қоғамдағы  әлеуметтік  қатынастар  түрлерін, 
қоғамның  мәдени  денгейін  кӛрсетумен  қатар,  тәрбие  талаптарының  негізін  құрайды, 
адамдардың қоғамдасып ӛмір сүруінің және ұйымдастыруының маңызды формаларын 
кӛрсетеді. 
Бастауыш  сыныптарда  ұлттық  тәлім-тәрбие  беруде  ―Әдеп  әліппесі‖  пәнінің 
маңызы зор. Осы пәннің алғашқы бағдарламасы және оқулықтарын  дүниеге келтірген 
ғалым-педагогтардың С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б. еңбегін ерекше атап ӛту жӛн. 
Олардың пікірі бойынша, ―Әдеп әліппесі‖ пәнінің мақсат міндеттері мен мазмұны 
мынадай бағытта болуға тиісті. 
―Әдеп  әліппесі‖  пәні  жас  ұрпақтың  есті,  еңбек  сүйгіш,  адал,  әділ,  ізетті  де 
шабытты азамат болып ӛсуіне игі ықпалын тигізетіні бақылау нәтижесінде анықталады. 
Алайда,  аталмыш  пен  мазмұны  арқылы  ХХІ  ғасырда  ӛмір  сүріп,  еңбек  ететін  саналы 
азамат  тәрбиелеудегі  қоғамдық  сұраныс  толық  орындалмайды.  Сондықтан,  ата 
дәстүріміз  кешенді  түрде  жаңғыртып,  бүгінгі  педагогикалық  талаптарға  сай  қолдану 
ләзім. Ол үшін, мектептегі барлық пән мазмұнына мүмкіндігінше халық педагогикасын  
ықшамдап орынды енгізу. 
Халқымыздың ұлдары мен қыздарының санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, 
әдет-ғұрпын  кеңінен  қолдануға  үйрету  үшін  әр  сабақта  тиісті  жерінде  пайдалана 
отырып қалыптастыруымыз керек.  
Оқушы ӛзінің жеті атасын біліп, оған қосымша атаның ӛсу, ӛмір сүру жолын, елді 
қорғаған  қазақ  батырларының  ерлік  жолын,  халықтың  әні  мен  күйін,  термешілерін 
білуге тиіс. 
Осы  мақсатқа  орай  4-сыныптың  қазақ  тілінен  ӛткізілген  «Мақал-мәтел» 
тақырыбына  оқушыларға  тӛрт  түлік  малға,  достыққа,  бірлікке,  еңбекке  байланысты 
мақал-мәтелден  білетіндерін  айтқыздым,  мағынасын  түсіндірдім.  Ӛтілетін  тақырыпқа 
байланысты оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, оны дәптерлеріне жазып, жаттап 
келу тапсырылды.  
Тӛрт түлік туралы ӛлең-жырлар, мақал-мәтелдерді кӛп айтқан қатардың жеңімпаз 
болатындығы  ескеріліп,  ол  малдардың  бізге  қандай  пайдасының  барын,  олар  туралы 
жұмбақтар шешілуі айтылды.  
Арнаулы «Білім мен салт-дәстүр сыны» атты жасалған қалталардан оқушылардың 
ӛз  қалауы  бойынша  карточкалар  алынып,  бірі  –  сабақтың  негізгі  тақырыбына 
байланысты сұрақ та, екіншісі – халықтық дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.   
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді десек, солардың 
әрқайсынының  ӛзіне  ғана  тән  әдет  –  ғұрыптары,  салт  –  дәстүрлері  бар.  Олар  халық 
мәдениетінің  аса  мәнді  құрамдас  бӛлігі,  одан  сол  халыққа  жататын  адамдар 
мәдениетінің  денгейі,  рухани  байлығы,  басқа  ұлттар  мен  ұлыстардан  ,  халықтардан 
айырмашылығының  барлық  белгілері  айқын  танылады.  Сонымен  қатар  салт  –  сана, 
дәстүр    қатып  –  сіңген,  мәңгі  ӛзгермейтін  нәрселер  емес,  елдің  экономикасының, 
мәдениетінің  ӛркендеуімен  бірге  олардың  озықтары  одан  әрі  дамып,  жаңғыра  түседі, 
тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді. 
Дәстүр ұғымы барлық халықтарда бар. Ол тарихи негізінде қалыптасып, ұрпақтан 
– ұрпаққа берілетін әдет – ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдет - инабат нормасы болып 
табылады.  Дәстүр  ӛзінің  негізі  мен  қалыптасуы,  ӛмір  сүру  жағынан  барынша  ұлттық 
сипатта болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне санасымен үлес қосады.  
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы ӛркендеп 
және ӛзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру болып табылады. 
Тұрақтылық  болмаса,  даму  да  болмайды.  Демек,  дәстүрсіз  қоғамдық 
қатынастардың  қалыптасуы,  дамуы,  ӛзгеруі  мүмкін  емес.  Тұрақтылықты  реттей 
отырып,  дәстүр  қоғамдық  болыстың  ең  маңызды  негізін  түзеді.  Қоғамдық  қатынастар 
тарихи  дамудың  әрбір  жаңа  сатысында  сақталып  қана  қалмастан,  ӛзгеріп,  жаңара 

43 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(40), 2012 
 
 
береді.  Сӛйтіп,  дәстүрлер  арқылы  қайта  жаңғыру  пайда  болады,  ескі  қатынас 
түрлерінен  қазіргі  және  болашақтағы  қатынас  түрлері  келіп  шығады.  Соның 
нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ ӛткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған ӛндіріс 
тәсілдері мен оған сәйкес келетін ӛндірістік қатынастарды реттеу формалары ғана емес 
сонымен бірге қоғам мүшелерін ӛзімшілдіктен, томаға тұйықтықтан құтқаратын құрал 
деп есептейді. 
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Бұл жерде дәстүр әлеуметтік бірлікті 
қалыптастырудың  құралы  және  ұйытқысы,  ережесі  сипатында  кӛрінеді.  Мұның 
тарихтағы  айқын  мысалдарының  бірі  –  рулық  қауымдастықтар,  олардың  ауыз  бірлігі, 
тұтастықтарын  ақтауға  ұмтылушылық.  «Кімнің  жерін  жайлайсың,  соның  жырын 
жырлайсың»  деген  мақал  соған  байланысты  айтылған.  Шынында  да,  дәстүр 
жақындастырады,  араластырады,  біріктіреді.  Сонымен  қатар  оның  қоғамилығы  кейде 
тікелей емес, сырттай, жанамалай да кӛрініс береді. 
Дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып – жалпының ортақ игіліктері. Ӛйткені ӛз елінің , 
халқының  ортасында  ӛмір  сүре  отырып,  оның  салт  –  сана,  әдет  –  ғұрыптарынан 
тысқары тұратын адам жоқ. Тегінде осындай адам бола қалғаның ӛзінде оның басқа бір 
халықтың дәстүрімен тоқайласуына, яки санасуына тура келеді. Ӛйткені адам қоғамда 
ӛмір  сүреді,  ол  қоғам  оған  ӛзінің  әдептілік-тәрбиелік  қағидаларын,  кӛнеден  орныққан 
жол-жосынды орындауды, сақтауды талап етеді.  
Егеменді  ел  жастарының  санасын  ұлттық  ұлағатты  қасиеттерді  сіңіре  білу 
дәстүрінің  мәні  зор.  Ақынжанды,  ақжарқын,  шешен,  ӛнерпаз,  ӛнегелі  халқымыздың  
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  таным-тәрбиелік  әдеттері  мен  ережелері,  рәсімдері  мен 
салт-саналық  дәстүрлерді  жас  ұрпақтың  жас  жүесіне  әсер  етіп,  санасына  сіңсе,  ол 
ұлттық  мәдениетті  игереген  иманжүзді,  инабатты,  жалпы  адамзаттық,  асыл 
қасиеттерге, ие болады. 
Әдептілік,  имандылық,  мейірімділік,  қайырымдылық,  ізеттілік,  ілтипаттылық, 
қонақжайлық  құлықтары  қалыптасқан  халқымыздың  осы  асыл  да  абыройлы 
қасиеттерін  жас  ұрпақтың  ақыл-парасатына  азық  ете  білу  үшін  әрбір  тәрбиеші,  ұстаз 
халық  педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт-дәстүрлі, әдіп-ғұрыптарды жан-
жақты  терең  біліп,  іс-қимыл  жасауға,  ӛркениетті  ӛмірмен  байланыстырып,  тәлім-
тәрбиеге пайдалана білуге, халық ана алдында борышты. 
Әрбір  халықтың  рухани  азығының  қайнар  бұлағы  –  оның  халық  педагогикасы, 
яғни  ауыз  әдебиеті  мен  ұлттық  салт-дәстүрлі  болып  табылады.  Тән  азығы  мен  жан 
азығының  тепе-тендігін  сақтап,  әсіресе,  жан  азығына  баса  кӛңіл  бӛлген  халқымыз 
ӛміртануды дүптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан 
мақұрым  қалған  адамның  адамдық  қасиеті  жойылып,  оның  айюанға  айналатынын 
ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді 
әуенмен  беруден  бастайды,  жас  балдырған  жеке  сӛздерді  ұғына  бастағандай-ақ  оған 
жақсы  мен  жаманды  ажыратып,  түсіндіреді.  Ол  үшін  тақпақ,  санамақ,  жанылтпаш, 
жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып ойын дамытады. Жас 
баланың нәресте, балдырған, бӛбек кезіндегі адам болып қалыптасуы 2-5 жастың арасы 
десек, 6-10 жаста әдептілік негіздерін үйреніп, оның тектік қасиеттерді қалыптасады.  
Адам  ӛмірінің  «адам  бесігі»  -  мектептің  есігін  ашқан  балдырған  жарығы  мол 
жаңаша  ӛмірді  бастап,  адамның  асыл  қасиеттерді  қастерлеп,  ӛмір  заңдылықтарын 
үйрене  береді.  Балалар  ӛмірінің  қызықты  да  қымбатты  кезеңіне  лайықтап,  ұлттық 
тәлім-тәрбиенің бір нұсқау ретінде  «Әдеп әліппесі» тақырыбына бағдарлама жасалып, 
ұлттық дәстүр мен мәдениет негіздерін бастауыш мектеп оқушыларына үйрету мақсаты 
қойылып отыр. 
РЕЗЮМЕ 
В статье говорится о национальном воспитании учащихся начальных классов. 
SUMMARY 
The article talks about the national education of pupils in primary classes. 

Казахский государственный женский педагогический университет.Вестник№ 4(40),2012. 
44 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет