Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл, бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, тербеледі (33-сурет).
Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы дыбысының орнына I айтылады. Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады.
34-сурет. Шпательдің
көмегімен Ы
фонемасын кою
Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу.
Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже береді.
Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді, балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады.
Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп, онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ыдыбысына ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми, фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет).
Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда, механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек.