Кафедрасы



бет30/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан.
Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.


43-сурет. Ң фонемасының артикуляциялық кескіні



Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет).
Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу
кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің (Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң» дыбысын «Н» дыбысымен алмастырып айту жиі кездеседі. Мысалы, аң-ан, қоңырау-қонырау, менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады. Сирек болса да кездесетін кемшіліктер «Ә» дыбысы «А» дыбысымен ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып сөйлеуде шатастыруы байқалады.

Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың бұзылысын түзету жұмысында Қ.Қ. Өмірбекованың ұсынған төмендегідей тәсілдерін қолдануға болады.
Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл - қозғалыстарына көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз.
Осы кезде, логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен, тілді жұмсақ таңдайға дейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. Балаға М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы, ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, үн-ұң.
Ұқсас бұындарды кезекпен айтқызу әдісімен, басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыруға болады. Мысалы,



қа-ға



та-тә



қо-ғо

па-пә

қу-гу

ба-бэ

қы-ғы

са-сэ

то-те

ты-ті

бо-бе

бы-бі

ко-ке

сы-сі

со-се

мы-мі

мо-ме

ны-ні

Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқан кезде, тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айтуға машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет