Тәжірибе сабағында студент: Студенттер минералдық заттарды түрлерімен таныса алады.
Керекті құрал жабдықтар: плакаттар, суреттер
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері: 1. Гликолиз
2.Лимон қышқылының циклы, оның биологиялық мағынасы, аминқышқылдардың биосинтезімен байланысы.
Үй жұмысының тізімі мен түрлері: 1.Тотыға фосфорлану.
2.Метаболизм процестерін реттеу жалпы принциптері
Бақылау сұрақтары: Зат алмасуының биохимиялық жұйелерінің өзара байланысы.
II. нұсқа (күрделі емес) Тыныстану тізбегі, оның қызметі.
Тыныстану тізбегінің ферменттік жұйелері.
III. нұсқа (күрделі) Мыс алмасу
Натрий және калий алмасу
Темір алмасу
№7. Тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: Липидтердің химиясы. Қарапайым липидтер
Сабақтың жоспары: «Липидтер құрылымы мен жіктелуі» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім.
Липидтер жөнінде жалпы түсінік.
Липидтердің жіктелуі.
Липидтердің құрамы және қасиеттері.
.Сабақтың мақсаты және міндеті, қабілеттілігі, бейімделуі, құзыреттілігі: Лилидтердің алмасу зандылығын түсіндіру, қарапайым және күрделі липидтер , олардың өзара байланысы туралы толық мәліміт беру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:
Химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Протоплазманың, вакуоляның, плас тидтердің, ядро мен басқа да органеллалардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тəрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Белоктар мен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар – липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді. Липид – гректің Lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер барлық тірі жасушаларда кездеседі жəне тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер атқарады: 1. құрылымдық (белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді); 2. регуляторлық (кейбір гормондардың липидтік табиғаты болады); 3. қорғаныш (жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштығын қамтамасыз етеді); 4. жануарлар ағзасы үшін су көзі; 5. энергия қорының бір түрі (1 г май тотыққанда 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді) жəне тірі ағза үшін көміртегі атомдарын беруші. Липидтер құрамына, құрылысына жəне ағзада атқаратын рөліне қарай жіктеледі (36-сурет): Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық жасушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 пайызы тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативтік ағзаларда да түзіледі, бірақ ол мұнда аз болады.
Пальмитин – (С16 ) CH3 (CH2 )14COOH,
Стеарин – (С18 ) CH3 (CH2 )16COOH,
Олеин – (С18 ) CH3 (CH2 )7 CH=CH(CH2 )7 COОH,
Линол – (С18 ) CH3 (CH2 )4 -CH=CH-CH2 -CH=CH(CH2 )7 -COOH, Линолен – (С18) CH3 CH2 CH=CHCH2 CH=CHCH2 CH=CH-(CH2 ) 7 COOH Арахидон – (С20) СН3 (СН2 ) 4 –СН=CH–CH2 –CH=CH–CH2 –CH=CН– - CH2 ּCH=CH – (CH2 )3 – COOH қышқылдарын жиі кездестіруге болады. Құрамына кіретін май қышқылдарының жұп санды көміртек атомдары бар тармақталған тізбектер кездеседі. Тармақталған немесе тақ санды көміртек атомдары бар май қышқылдары өте сирек кездеседі. Сондай-ақ үш байланысты жəне радикалдары циклді құрылысты болып келетін май қышқылдары да сирек кездеседі. Май қышқылдары қаныққан (пальмитин, стеарин) жəне қанықпаған (олеин, линол, линолен) май қышқылдары болып бөлінеді. Майлардың қасиеттері май қышқылдарының сапалық құрамына байланысты. Қанықпаған май қышқылдары цис-изомер түрінде кездеседі, ал транс-изомерия түрі өте сирек. Қанықпаған май қышқылдары қалыпты температурада сұйық күйде болады. Линол, линолен, арахидон қышқылдары жануарлар мен адам ағзасында син тезделмейді, олар ағзаға тек тағам арқылы енеді, бұларды ауыстырылмайтын май қышқылдары деп атап, Ғ витамин комплексі тобына біріктіреді. Қарапайым липидтер. Бұлар негізінен екі компонентті заттардан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі – глицериннен жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) – жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады. Қарапайым липидтер тобына негізінен кəдімгі майлар жатады, оларды бейтарап майлар немесе глицеридтер деп атайды. Бұл нейтралды майлар, олардың негізгі құрамы – глицериннің күрделі эфирі мен жоғары май қышқылдарынан тұрады. Липоидтар тобына жататын заттар адам, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында, майлардың химиялық құрамына тəуелсіз болады.
Қарапайым липидтер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қарапайым липидтер бір-бірінен иісі, түсі, қаттылы ғы жағынан əртүрлі болады, қарапайым липидтердің əртүрлілігі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұқымдарына, қорек заттарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Қарапайым липидтердің құрамына кіретін органикалық қышқылдардың 238 қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қатты жəне сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте қарапайым липидтер түзілетін негізгі заттар – көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұқым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді. Ағзада қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2,6% крахмал кездеседі. Қарапайым липидтер молекуласындағы қышқылдарының санына байланысты моно-, ди- жəне триглицеридтер болып бөлінеді. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксилдік тобынан құралса, ол – моноглицерид, құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, диглицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксилдік тобының үшеуі де этерленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі. Қарапайым липидтер немесе майлар екі топқа бөлінеді: балауыз жəне стеролдар мен стеридтер. Балауыз дегеніміз - əдеттегі температурада қатты, май тəрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапырағын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады жəне қорғаныш қызметін атқарады. Балауыз су құстарына, жануарларға қажет, ол құстардың қауырсынына, жануарлардың терісіне су жұқпайтын қасиетті береді. Балауыз түрлері: ара балауызы, ланолин, спермацет, карнаубы балауызы, монтанн балауызы т.б. Стеридтер немесе бейтарап липидтер табиғатта көп таралған. Стеридтер жоғары май қышқылдар мен полициклдік спирттердің (стеролдар) күрделі эфирлері. Стеридтер табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек – циклопентанпергидрофенантрен немесе стерин болып табылады.