Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019


Тақырыбы; Қан сарысуындағы холестеролды илька әдісімен анықтау



бет11/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим

Тақырыбы; Қан сарысуындағы холестеролды илька әдісімен анықтау.
Жұмыстың мақсаты. Холестеролды анықтау тәсілі Либерман Бурхаод реактивімен көкшіл - жасыл түсті ертінді түзуіне нсгізделген. Ертіндінің қамықтығы холестерол мөлшеріне сәйкес болады.
Кажетті реактивтер мен құралдар
1.Либерман - Бурхард реактиві (мұзды сірке қышқыл сірке альдегиді және концентрлі күкірт қышқылының 1:5:1 қатынасындағы қоспасы)
2.Пробирка.
3. 2 мл пипетка
4. 0,1 мл пипетка
5. Фотоэлектроколориметр
Жұмысты орындау тәртібі.
0,1 мл қан сарысуымен 2 мл Либерман - Бурхард реактивінің қоспасын мұқият араластырып 20 мин қараңғы жерде ұстайды.
Ерітіндіні қызыл светофильтр арқылы 5 мл Либерман - Бурхард реактивімен салыстырып колориметрлейді.
Холестерол мөлшерін колибрлеу графигі арқылы анықтайды.
Қосымша нұсқау.
Пипетка мен пробиркалар құрғақ және таза болу қажет.
Бақылау сұрақтар.
1. Неліктен холестерол стеройдтар алмасуында маңызды орын алады?
2. Организмге холестеролдың артық мөлшері қандай зиянды әсерін тигізеді?
3. Холлестерол формуласын және оның пальтимин қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
4. "Д тобындағы дәрумендер ", "Стеройд гормондары", "Өт қышқылдарының қасиеттері» деген тараулар мен толық танысыңдар


Пайданылған әдебиеттер.

1.Сейітов 3. «Биологиялык химия » А; Қайнар1992ж


2.Березов Т.Т., Корковкин Б.м. Биохимия. М.: «медицина»1982
3.Чечеткин А.В. Биохимия животных. М: «Высшая школа», 1982
4.Ленинджер А. Основы биохимия. 3 томдык. М: «Мир. 1 980.
5.Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных
жмвогных. М.: «Колос». 1984.
6.Стайер Л. Киохнмня 3 томлык.К4.: «Мир». 1981.


10-зертханалық жұмыс
Несеп құрамындағы патологиялық заттарды анықтау


Жұмыстың мақсаты. Студенттерді биологиялық сұйықтықтарды клиникалық зерттеу әдістерімен таныстыру.
Жұмыстың әдістемесі.Әдіс ақуыздардың тұнбаға түсу реакциясына,глюказаның Фелинг сұйығымен әрекеттесіп мыс шала оксидінің тұнбасын түзу және ацетоннан йодоформ алу реакциясына негізделген
Қажетті реактивтер мен құралдар
1.Несеп
2.Концентрлі азот қышқылы
3. Сульфосалицил қышқылының 20%-ті ерітіндісі.
4.Фелинг сұйықтығы
5.10%-ті Натрий гидрооксидінің ерітіндісі
6.Натрий нитропруссидің жаңа дайындалған 10%-ті ерітіндісі
7. Люголь ерітіндісі
8.Концентрлі сірке қышқылы
9.2мл пипеткалар/несеп үшін
10. 1 мл пипеткалар

Жұмыстың орындалу тәртібі


1.Несептегі ақуызға сапалық реакция
а/белокты концентрлі азот қышқылыменмен тұнбаға түсіру.Пробиркаға 1мл концентрлі NNO3 құйып үстінен пробирканың қабырғасымен,1мл несеп құяды. Егер несептің құрамында ақуыз болса,екі сұйықтың шекарасында ақ сақина пайда болады.
Б/ақуызды сульфасалицил қышқылымен тұнбаға түсіру 1мл несепке 2-3 тамшы 20%сульфосалицил қышқылымен ерітіндісін құяды.
Егер несепте ақуыз болса,ол ақ тұнба күйінде түседі.
2.Несептегі глюказаға сапалық реакция.
Пробиркаға аз ғана несеп құйып,оның үстіне сондай көлемде Фелинг сұйықтығын құяды. Қоспаны қайнағанға дейін қыздырады. Егер несепте глюкоза болса,мыс гидрооксидінің сары тұнбасы немесе мыс оксидінің қызыл тұнбасы түзіледі. Неліктен? Реакция теңдеуін жаз.
4. Несептегі кетондық заттарға сапалық реакция
А/Либен тәжірибесі.2мл несепке 3-4 тамшы 10%-тік натрий гидрооксиді қосады.Ерітіндінің түсу солғын сары болғанша Люголь ерітіндісін тамшылатып құяды.Несепте ацетон болса,сұйық лайланып йодоформның солғын сары тұнбасы түзіледі.
CH3-C-CH3+3I2+4NaOH-----CHI3+3NaI+3H20+CH3-COONa
Ацетон йодофарм
Б/натрий нитропруссидімен реакция.Пробиркада 10 тамшы несепті,3тамшы жаңа дайындалған 10%-ті натрий нитропруссидінің ерітіндісін,5 тамшы 10%-ті натрий гидрооксидінің ерітіндісін араластырады.Егер несепте ацетон болса,қоспа қызылға боялып, ал сірке қышқылын қосқаннан кейін күрең қызыл түске айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет