Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019



бет13/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим

Жұмыстың принципі. Әдіс Кункелдің эффектісіне негізделген, себебі цинк сульфатының қанның сарысуындағы иммуноглобулиндер әрекеттесуі нәтижесінде сұйық лайланады.
Лайдың дәрежесі иммуноглобулиндердің мөлшеріне тікелей байланысты.
Реактивтер мен құралдар
1. Дистилденген сумен 40 есе сұйытылған қанның сары суы (рН - 7.0-7,8)
2. Цинк сульфатының ертіндісі (50 мг ZnSO4´7Н2О 1 л рН-ы 7,0-7,3 дистилденген суда ерітеді).
3. ФЭК.
4. Пробирка - 1 дана
5. Пипеткалар - 1 мл және 5 мл
Жұмысты орындау тәртібі
1 мл сұйытылған қанның сарысуына 5 мл цинк сульфатының ертіндісін құйып, жақсы араластырады да, 60 мин бөлме температурасында қалдырады. Уақыт өткен соң фотометрлейді /ФЭК-56М,540 нм/. Иммуноглобулин мөлшерін таблицаның көмегімен анықтайды.
Есептеу мысалы: ФЭК-тің көрсеткіш-0,230, ол иммуноглобулиннің 1,25 мг/мл тең. Демек, 1,25мг/мл х 40=50мг/мл.
Қосымша нұсқау
1. Қанды сұйылтатын және цинк сульфатын ерітетін дистилденген судың рН-ы 7,0-7,3 болуы керек.
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулықтан «Қанның белоктары» атты тақырыпқа дайындалып келу.


13 – зертханалық жұмыс
Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мөлшерін анықтау

Жұмыстың мақсаты. Қанды клиникалық зерттеу әдістерімен танысу.
Әдістің принципі. Қан сарысуында ерігіш тұз түрінде кездесетін кальцийді қымыздық қышқыл аммониймен тұнбаға түсіреді.
СаСl2 + (NH4)2C2O4) ® CaC2O4 + 2NH4Cl
Тұнбаға түскен қымыздық қышқыл кальцийді қымыздық қышқыл аммонийдің артық мөлшерінен аммиак ертіндісімен жуып, күкірт қышқылында ерітеді.
CaC2O4 + H2SO4 ® H2C2O4 + CaSO4
Бөлініп шыққан кымыздық қышқылын 0,01н КМnО4 ертіндісімен тирлейді.
5H2C2O4 + 2КМnО4 + 3H2SO4 ® К2SO4 + 2МnSO4 + 8Н2О + 10СО2
Қымыздық қышқылын титрлеуге кеткен КМnО4 мөлшері қан сарысуындағы кальцийдің мөлшерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет