Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019



бет14/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим

Реактивтер мен құралдар
Қымыздық қышқыл аммоний ((NH4)2C2O4) ертіндісі, қан сарысуы, 2% аммиактың судағы ертіндісі, 0,01н КМnО4 ертіндісі, центрифуға (1500 айн/мин), су моншасы, пипеткалар (2 мл, 1 мл, 5 мл), микробюреткалар (2 мл)м, шыны таяқша.
Жұмысты орындау тәртібі
Центрифуға пробиркасына 2 мл дистилденген су, 2 мл кан сарысуын және 1 мл қымыздық қышқыл аммоний құйыгі, араластырып 15 мин уақытқа қалдырады. Екінші пробиркаға кан сарысуы орнына 2 мл дистилденген су алып салыстырмалы тәжірибені катар жүргізеді.
Пробиркаларды 5 мин 1500 айн/мин жылдамдықпен центрифуғада айналдырғанда, қан сарысуымен жүргізген тәжірибеде тұнба пайда болады. Пробиркалардағы сұйықты төгіп, орнына 4 мл 2 % NH4ОН ертіндісін құяды да, 5 мин центрифуғада айналдырады.
Аммиак ертіндісімен пробиркаларды 3 рет жуады. Әр жуғаннан кейін центрифуғада айналдырып, сұйыктықты төгіп отырады. Соңғы рет жуғаннан кейін пробирканы сорғыш кағазбен құрғатады.
Екі пробиркаға да 2 мл 1 Н Н2SО4 ертіндісін құйып шыны таяқшамен араластырып, 2 мин қайнап тұрған суы бар стаканға салып қояды.
Ертіндіні ыстық күйінде 0,0І Н КМпО4 қызғылт түске енгенше титрлейді.
Кальцийдің мөлшерін формула бойынша есептейді.
х = (a-b) × 0,2×100/2 = мг % Са, мұнда,
а - қан сарысуымен жүргізілген төжірибеге кеткен КМпО4 көлемі /мл/
b - салыстырмалы тәжірибеге кеткен КМпО4 көлемі /мл/


Қосымша нұсқау
Қымыздық қышқыл калий тұнбасын жуған кезде тұнбаны жоғалтпау керек.
Проблемалық сұрақта
1. Кальций тұздарының орғанизмдегі биологиялық қасиеттері.
2. Кальций тұздарын реттеуге қатысатын витаминдер мен гормондар.
3. Кальций тұздары алмасуының патологиясы.


14 – зертханалық жұмыс
Коратиннің бағытын анықтау
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді хроматография мен фотоэлектроколориметрлеу тәсілімен таныстыру.
Әдіс принципі. Каротиннің мөлшерін анықтау оның өсімдік материалынан органикалық еріткіштерімен(бензол,петролей эфирі және т.б.)шығарып, сосын бірге жүрген заттардан(хлорофилл,ксантофил,липокаин), магний оксидіндегі хроматографиялық адсорбция тәсілімен тазартуға негізделген.Тазартылған ерітіндідегі каротин фотоэлектроколориметр құралының көмегімен белгілі бір жарық толқыны ұзындығында анықталады.
Реактивтер мен құралдар
1.Бензол
2.Магний оксиді немесе алюминий оксиді.
3.Қыздырылған натрий сульфаты (Na2SO4)
4.Жуылған таза құм
5.Мақта
6.Екі рет қайта кристалданған калий бихроматы K2Cr2O7
7.ФЭК
8.Фарфор табақшасы мен келсап.
9.Хроматографияға арналған колонка
10.Соруға арналған колба.
11.25мл өлшегіш цилиндр
12.стакандар
13.воронка
14.шыны таяқша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет