Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019


– зертханалық жұмыс Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау



бет8/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
6 – зертханалық жұмыс
Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау

Жұмыстың мақсаты.Студенттерді лактозаны анықтау әдісімен және рефрактометр приборымен таныстыру.
Әдістің принціпі. Сүттің сары суын бөліп алып, оның сыну көрсеткішін анықтайды. Тәжірибені тұрақты температурада жүргізеді.
Реактивтер мен құралдар
Рефрактометр.
4% -ті кальций хлоридінің ертіндісі.
Су моншасы.
Пробиркалар - 2 дана.
5 мл пипетка.
Воронка.
Сүзгі қағаз.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4%-ті кальций хлоридінің ертіндісін қосады.
2. Пробирканы жақсылап шайқап, 10 мин су моншасындағы қайнап жатқан суға салып қояды.
3. Уақыт өткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бөлме температурасында қалдырады.
4. Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.
5. Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің төменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне тегістеп жаяды.
6. Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды.
7. Сыну көрсеткіші бойынша таблицадан лактозаның проценттік мөлшерін анықтайды.
Қосымша нұсқау.
1. Сүзіліп алынған сүт сары суында тұнба болмауға тиіс.
2. «Көмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Көмірсулар» тақырыбына дайындалып келу.
Проблемалық сұрақтар
Әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының сүтіндегі лактоза мөлшері қандай?
Лактозаның мал төлдері үшін қандай маңызы бар?
7– зертханалық жұмыс
Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау

Әдістің принціпі. Майдағы йод саны - 100 г майға қосылатын йодтың мөлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін көрсетеді. Йод санын анықтау тәсілі ғалогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакциясына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет